Вопросы Представительства Министерства энергетики, индустрии и торговли Республики Казахстан Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі Өкілдігінің мәселелері
Ресей Федерациясымен және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының басқа да елдерімен сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту және нығайту, сондай-ақ беріліп тұратын өнім үшін өзара есеп айырысуларды жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің Ресей Федерациясының Мәскеу қаласында Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің Өкілдігін (бұдан әрі - Өкілдік) ашу туралы ұсынысы қабылдансын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі бекітілген сан мен еңбекке ақы төлеу қоры шектерінде:
Тармақша 1
1) Өкілдік қызметкерлерінің жалпы санын белгілесін;
Тармақша 2
2) Өкілдік туралы ережені бекітсін.
Тармақ 3
3. Орталық атқарушы органдардың қызметкерлері үшін қолданылып жүрген заңдарда көзделген әлеуметтік кепілдіктер мен өтемақылар Өкілдіктің Ресей Федерациясының Мәскеу қаласына ауыстыру тәртібімен көшкен қызметкерлеріне қолданылады деп белгіленсін.
Көрсетілген төлемдер Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің басқару аппаратын ұстауға 1998 жылға арналған шығындар шектерінде ағымдағы ұстауға арналған шығындарды қысқарту есебінен жүзеге асырылсын.
Тармақ 4
4. 4-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 1999.05.27. N 657 қаулысымен.