Об утверждении Инструкции о проведении государственной аттестации организаций образования Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.07.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аттестациялаудан өткiзу туралы нұсқаулықты бекiту туралы Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Білім және ғылым министрілігінің 2006 жылғы 28 шілдедегі N 415 бұйрығымен . "Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 3 қыркүйектегi N 1305 қаулысымен бекiтiлген Бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аттестациялау туралы ережеге сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса берiлiп отырған Бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аттестациялаудан өткiзу туралы нұсқаулық бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. 2000 жылғы 7 қарашада N 1278 мемлекеттiк тiркеуден өткен "Жоғары кәсiптiк бiлiм беретiн бiлiм беру ұйымдарына мемлекеттiк аттестациялауды жүргiзу тәртiбi жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң 2002 жылғы 18 қазандағы N 1001 бұйрығының күшi жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң "Бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аттестациялаудан өткiзу туралы нұсқаулықты бекiту туралы" 2003 жылғы 28 қаңтардағы N 48 бұйрығы мемлекеттiк тiркеуден өтпеуiне байланысты жойылсын.
Тармақ 4
4. Мемлекеттiк инспекциялау және мониторинг департаментi (Ж. M.Әдiлов) осы бұйрықты белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне мемлекеттiк тiркеуге ұсынсын.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап күшiне енедi.
Тармақ 6
6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзiме қалдырамын.
Басқа 0. Бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттік аттестациядан өткiзу туралы НҰСҚАУЛЫҚ
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрiнiң 2003 жылғы 13 ақпандағы N 79 бұйрығымен бекiтілген Бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттік аттестациядан өткiзу туралы НҰСҚАУЛЫҚ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Білiм беру ұйымдарын мемлекеттік аттестациядан өткiзу туралы осы Нұсқаулық (бұдан әрi - Нұсқаулық) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 3 қыркүйектегi N 1305 қаулысымен бекітiлген Бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аттестациялау туралы ережеге сәйкес (бұдан әрi - Ереже) әзiрлендi. Нұсқаулық ведомстволық бағыныстылығы мен меншік нысандарына қарамастан, мектепке дейiнгi және мектептен тыс білім беру ұйымдарын және жалпы бастауыш, жалпы негiзгi, жалпы орта, кәсiптiк бастауыш, кәсіптiк opтa, кәсіптiк жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсіптiк бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аттестациялауды (бұдан әрi - аттестациялау) ұйымдастыру мен өткiзу рәсiмiнің бiрыңғай талаптарын белгiлейдi.
Тармақ 2
2. Мектепке дейінгi және мектептен тыс ұйымдарды, жалпы бастауыш, жалпы негiзгi, жалпы орта, кәсіптiк бастауыш бiлiм беру бағдарламаларын жүзеге асыратын бiлiм беру ұйымдарын аттестациялауды облыстық, Алматы және Астана қалаларының білiм басқармалары (департаменттерi) iске асырады.
Тармақ 3
3. Кәсiптiк орта, кәсіптiк жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгі кәсіптiк білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарын аттестациялауды білім саласындағы орталық атқару органы (бұдан әрi - Министрлiк) жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының аумағында басқа мемлекеттер немесе олардың заңды және жеке тұлғалары құрған білім беру ұйымдарын және халықаралық бiлiм беру ұйымдарын, шетелдiк оқу орындарының филиалдарын аттестациялау егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда басқаша көрсетiлмесе онда Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарындағы тәртiппен өтедi.
Тармақ 5
5. Бiлiм беру ұйымдарын аттестациялау олардың меншiк түрiне және мемлекеттік қарауына байланыссыз Қазақстан Республикасының мемлекеттiк және/немесе ресми тілдерiнде жүргiзiледi.
Тармақ 6
6. Бiлiм беру ұйымдарының Филиалдарын аттестаттау бiлiм беру ұйымдарының құрамында білім беру ұйымына арналған тәртiппен жүргiзiледi.
Тармақ 7
7. Алғашқы аттестация жаңадан құрылған:
Тармақша 1
1) жалпы бастауыш, жалпы негiзгі, жалпы орта білім беру ұйымдарында төрт жылдан кейiн;
Тармақша 2
2) кәсіптiк бастауыш, кәсiптiк орта, кәсiптiк жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсіптiк бiлiм беру бағдарламаларын жүзеге асыратын бiлiм беру ұйымдарында бiлiм алушылары бiрiншi жылы бiтiргеннен кейiн;
Тармақша 3
3) мектепке дейiнгi және мектептен тыс бiлiм беру ұйымдарында үш жылдан кейiн өткiзіледi.
Тармақ 8
8. Білім беру ұйымдарының келесi аттестациялары бес жылда бiр реттен артық емес мерзiммен өткiзiледi.
Тармақ 9
9. Бiлiм беру ұйымдарын аттестациялаудан өткiзу кезiнде:
Тармақша 1
1) олардың тиiстi деңгейдегi мемлекеттiк жалпы мiндеттi стандарттарды орындауын;
Тармақша 2
2) білiм беру ұйымдарының бiлiм беру қызметiн лицензиялау кезiнде қойылатын білiктiлiк талаптарын сақтауын;
Тармақша 3
3) білім беру ұйымдары өздерінің қызметтерiнде бiлiм саласындағы нормативтiк құқықтық актілер талаптарын сақтауын анықтайды.
Тармақ 10
10. Аттестация өткiзу кезiндегi бiлiм беру саласындағы сәйкестiкке тексеру нысандары:
Тармақша 1
1) берiлетiн білім қызметiнің сапалық деңгейi;
Тармақша 2
2) оқу-тәрбие, тәрбие процесi;
Тармақша 3
3) оқыту және тәрбиелеу әдiстерi мен технологиясы;
Тармақша 4
4) кадрлар бiлiктілігiне талаптар;
Тармақша 5
5) білім беру ұйымдарына талаптар (кадр құрамы, материалдық-техникалық және әлеуметтiк база, оқытудың техникалық құралдары, ақпараттық-кiтапханалық база, ғылыми-зерттеу базасы, педагогикалық және жоғары ғылыми банктi кадрлар дайындау базасы, өндiрiстiк практика өту базалары);
Тармақша 6
6) жұмыс бағыттары (административтiк-ұйымдастыру жұмысы, әдiстемелiк жұмысы, оқу-әдiстемелiк жұмысы, ғылыми-әдiстемелiк жұмыс, ғылыми-зерттеу жұмысы, жоғары бiлiктi ғылыми кадрларды дайындау халықаралық ынтымақтастық, бiтiрушілердi жұмысқа орналастыру жөнiндегi қызметi, кәсiптiк бағдарламалық жұмыс);
Тармақша 7
7) бiлiм алушыларды даярлау сапасын iшкi бақылаудың жүйесi (ағымдық, аралық қорытынды).
Тармақ 11
11. Бiлiм беру ұйымдарын аттестациялау үшiн ақпарат жинаудың негiзгi әдiстерi мен тәсiлдерi:
Тармақша 1
1) материалдық-техникалық базаны және әлеуметтiк қамтамасыз ету нысандарын көзбен көру;
Тармақша 2
2) бiлiм беру ұйымдарының бөлiмшелерiнiң құжаттарын зерделеу (оның iшiнде, ұйымдастыру, бiлiм беру және тәрбиелеу процестерi, ғылыми зерттеу жұмыстарын жоспарлау, қатаң есептегi құжаттарды есепке алу, сақтау және беру студенттер контингентi бойынша бұйрықтар);
Тармақша 3
3) оқу процесiнiң көрсеткiштерiн, білiм беру процесiн ұйымдастыруды, қатаң есептегi құжаттарды есепке алуды, сақтауды және берудi және т.б. талдау;
Тармақша 4
4) бiлiм алушыларды, оқытушыларды, қызметкерлердi және оқушылар ата-аналарын iрiктеп анкеталау;
Тармақша 5
5) оқу сабақтарына қатысу;
Тармақша 6
6) бiлiм беру ұйымында бiлім алушылармен, оқытушылармен және қызметкерлермен әңгiмелесу;
Тармақша 7
7) бiлiм алушыларды бақылау тестiлеуден өткiзу.
Тармақ 12
12. Кәсiптiк бастауыш, кәсiптiк орта, кәсiптiк жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм беру бағдарламаларын жүзеге асыратын ұйымдарды аттестациялау даярлау жүргiзiлетiн мамандықтар мен кәсiптер бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 13
13. Аттестация кезiнде бiтiрушi курста мамандық бойынша студенттердi даярлау болмаған жағдайда Комиссия осы мамандық бойынша бiлiм беру қызметiнiң білім беру қызметiн жүргізу құқығына берiлген лицензияда көрсетiлген талаптарға сәйкестiгiне тексеру жүргiзедi.
Тармақ 14
14. Бiлiм беру ұйымдарын аттестациялауды жүргiзу шығындары білiм беру ұйымдарының құрылтайшылары есебiнен жүргiзiледi.
Тармақ 15
15. Білiм беру ұйымын қайта құрған жағдайда, бiлiм беру ұйымын аттестациялаудың нәтижелерi, жаңа құрылған бiлiм беру ұйымына, егер ол бұрын аттестациядан өткен, қайта құрылған бiлiм беру ұйымының құқықтық мұрагерi болса, қолданылады.
Тарау 2. 2. Аттестациялауды ұйымдастыру және жүргізу
2. Аттестациялауды ұйымдастыру және жүргізу
Тармақ 16
16. Бiлiм беру ұйымдарын аттестациялау аттестация өткiзу кестелерiне сәйкес жүргiзiледi.
Тармақ 17
17. Мектепке дейiнгi және мектептен тыс ұйымдарды, жалпы бастауыш, жалпы негiзгi, жалпы орта және кәсіптiк бастауыш және орта білім беру ұйымдарын келесi оқу жылында аттестациялауды өткiзу кестесін облыстық, Астана мен Алматы қалаларының бiлiм беру басқармалары (департаменттерi) ағымдағы оқу жылының 25 мамырына дейiн бекiтедi және Министрлiкке 01 маусымға дейiн бередi.
Тармақ 18
18. Кәсіптiк орта, кәсіптiк жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсіптiк білім бағдарламаларын жүзеге асыратын бiлiм беру ұйымдарын келесi оқу жылында аттестациялауды өткiзу кестесiн Министрлiк ағымдағы оқу жылының 01 маусымға дейiн бекiтедi.
Тармақ 19
19. Аттестациялауды өткiзу кестесi оқу жылына бекiтiледi және бiлiм беру ұйымдарына аттестацияға үш ай қалғанда жеткiзiледi.
Тармақ 20
20. Бекiтiлген кестелерге мына негiздерде:
Тармақша 1
1) бiлiм беру ұйымдары аттестацияның мерзiмiн кейiнге қалдыру қажеттiгi туралы дәлелдi қорытынды келтiрiлген жазбаша үндеулерi болған жағдайда;
Тармақша 2
2) жаңа заңды тұлғаларды түзеп білiм беру ұйымдарының қайта құрылуына байланысты;
Тармақша 3
3) Министрлiктiң, облыстық, Астана және Алматы қалаларының бiлiм басқармаларының (департаменттерiнiң) тарапынан тиiстi шешiмдер қабылдауларын талап ететiн басқа объективтiк жағдайлардың пайда болуларына байланысты өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн.
Тармақ 21
21. Аттестациялаудың бекiтiлген кестелерiне өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзiлген жағдайда білім беру ұйымдары ол туралы осы Нұсқаулықтың 19 тармағында көрсетiлген мерзiмде хабарлануы керек.
Тармақ 22
22. Аттестацияны өткiзу үшiн Министрлiк, облыстық, Астана және Алматы қалаларының білім басқармалары (департаменттерi) аттестациялау комиссияларын (бұдан әрi - Комиссия) құрады.
Тармақ 23
23. Аттестациялау комиссиясының құрамы бiлiм беру ұйымында аттестациялау басталудан 10 күн бұрын Министрліктің, облыстық, Астана және Алматы қалаларының бiлiм басқармаларының (департаменттерiнің) бұйрықтарымен бекітіледi. Комиссияның төрағасы ретiнде Министрлiктiң, облыстық, Астана және Алматы қалалық бiлiм басқармаларының (департаменттерінің) өкiлдерi тағайындалады.
Тармақ 24
24. Комиссиялардың құрамына:
Тармақша 1
1) бiлiм беру саласындағы тиiстi мемлекеттік органдардың өкілдерi;
Тармақша 2
2) кәсіптiк орта, кәсіптiк жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсіптiк бiлiм беретiн білiм беру ұйымдарын аттестациядан өткiзу кезiнде білiм беру ұйымдары қарамағына қарайтын мемлекеттiк органдардың сондай-ақ құзырына қарай мүдделiк танытушы орталық атқарушы органдардың өкiлдерi;
Тармақша 3
3) білім беру ұйымдарының өкiлдерi және Қазақстан Республикасының педагогикалық жетекшi қызметкерлерi кiредi.
Тармақ 25
25. Бiлiм беру ұйымдарында аттестациялауды өткiзу - 10 күннен аспайтын мерзiмде жүргiзiледi. Министрлiктiң, бiлiм басқармаларының (департаменттерiнiң) шешiмiмен аттестациялау мерзiмi кейбiр жағдайларда 3 күнге дейiн ұзартылуы мүмкін.
Тармақ 26
26. Комиссияның жұмысы туралы хабарлау және тиiстi жазбаша хабарландыруды дайындау бiлiм беру ұйымының басшысына жүктеледi.
Тармақ 27
27. Комиссия төрағасы бiрiншi күнi комиссия мүшелерiнiң алдына бiлiм беру ұйымын аттестациялау рәсiмiнiң технологиясы бойынша мәселелер қояды және олардың арасында бiлiм беру ұйымын қызмет бағыттары бойынша кешендi зерделеу үшiн нақты тапсырмаларды бөлiп бередi.
Тармақ 28
28. Комиссия өзiнiң жұмысында бiлiм беру ұйымдарының қызметiн және бiлiм сапасын мемлекеттiк бақылауды iске асыруды регламенттеушi Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн басшылыққа алады. Комиссияның төрағасы Комиссия мүшелерiн қажеттi нормативтiк құқықтық актiлермен қамтамасыз етуi тиiс.
Тармақ 29
29. Комиссияның мүшелерi Комиссия төрағасына аттестацияның барысы туралы ақпарат бередi және оған бiлiм беру ұйымы қызметiнiң көрсеткiштерiн жан-жақты талдап, анықталған кемшiлiктер мен бұзушылықты нормативтiк құқықтық актiнiң қай нақты нормасы бойынша бұзуға жол берiлгенiне сiлтеме жасап, оларды жою жөнiнде ұсыныстар мен қорытындылар жасап анықтама бередi.
Тармақ 30
30. Кәсiптік орта, кәсiптiк жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аттестациялау кезiнде Комиссия жоғары және бiтiрушi курстарда бiлiм алушыларды тестiлеуден өткiзедi. Мектепке дейiнгi және мектептен тыс бiлiм беру ұйымдарын және жалпы бастауыш, жалпы негiзгi, жалпы орта және кәсiптiк бастауыш бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарын аттестациялау кезiнде жоғары және бiтiрушi сынып оқушыларын тестiлеудi облыстық, Астана және Алматы қалаларының бiлiм басқармалары (департаменттерi) құрған комиссия өткiзедi.
Тармақ 31
31. Бағалау шкаласы (пайыздық қатынаспен) былай анықталады: "өте жақсы" - емтихан сұрақтарының 88-100 %-на дұрыс жауап берiлгенде; "жақсы" - 75-87% -"-; "қанағаттанарлық" - 60-74% -"-; "қанағаттанарлықсыз" - 60%-дан төмен дұрыс жауап берiлгенде.
Тармақ 32
32. Мектепке дейiнгi ұйымдарда тестiлеу қызметкерлер мен ата-аналарды анкеталаумен алмастырылады. Мектептен тыс және арнайы бiлiм беру ұйымдарында (спорттық, әскери, өнер, психологиялық-медициналық-педагогикалық) білім мен машықтарды бақылаудың басқа түрлерi, оның ішінде бақылау жұмысы, тыңдау, байқау, спорттық өлшеулер қолданылуы мүмкін.
Тармақ 33
33. Кешендi тестiлеудiң нәтижесін және білім алушылар мен тәрбиеленушiлердiң бiлiм мен шеберлiктерiн бақылау кесiмiнің басқа түрлерiн, қызметкерлер мен ата-аналарды анкеталауды Комиссия жүргізедi.
Тарау 3. 3. Аттестация қорытындыларын шығару
3. Аттестация қорытындыларын шығару
Тармақ 34
34. Комиссияның төрағасы барлық бөлiмшелердi тексеру нәтижелерiн жинақтайды және мемлекеттiк аттестациялаудың қорытындысы туралы Комиссияның тұжырымдамасын (бұдан әрi - Тұжырымдама) дайындайды. Оған мына бөлімдер кiреді:
Тармақша 1
1) бiлiм беру ұйымының жалпы сипаттамасы;
Тармақша 2
2) кадр әлеуетiн талдау;
Тармақша 3
3) әкiмшiлiк-басқару персоналының қызметін талдау;
Тармақша 4
4) қаржы-экономикалық орнықтылығы;
Тармақша 5
5) оқу-әдiстемелiк жұмысы;
Тармақша 6
6) ғылыми-зерттеу қызметі;
Тармақша 7
7) оқу процесiн ақпараттық және кітапханамен қамтамасыз ету;
Тармақша 8
8) шығармашылық қызметі (өнер саласындағы бiлiм беру ұйымдары үшiн);
Тармақша 9
9) тәрбие жұмысы;
Тармақша 10
10) материалдық-техникалық және әлеуметтiк база;
Тармақша 11
11) мамандықтар мен кәсіптерді аттестациялау;
Тармақша 12
12) білім сапасын басқару жүйесi;
Тармақша 13
13) жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу орталығының қызметі;
Тармақша 14
14) халықаралық ынтымақтастық;
Тармақша 15
15) кемшiлiктер мен ескертпелер;
Тармақша 16
16) қорытындылар мен ұсыныстар.
Тармақ 35
35. Тұжырымдамаға төраға және барлық Комиссия мүшелерi қол қояды. Комиссияның қорытындысымен ойы сәйкес келмейтiн Комиссия мүшесi өз ойын жазбаша түрде жазып, тұжырымдамаға қоса тiркейдi. Комиссия мүшелерiнiң дауыстары тең бөлiнiп, келiспеушiлiк болған жағдайда Комиссия төрағасының дауысы түбегейлi болып саналады.
Тармақ 36
36. Комиссия төрағасы Ғылыми немесе Педагогикалық кеңеске бiлiм беру ұйымын мемлекеттiк аттестациялау қорытындысы туралы ақпарат бередi. Тұжырымдаманың екiншi данасы бiлiм беру ұйымының басшысына берiледi, берiлгенi оның қол қоюымен расталады.
Тармақ 37
37. Комиссия шешiмiн бiлiм саласындағы мемлекеттiк органдардың қайта қарауына болмайды.
Тармақ 38
38. Тұжырымдамаға мыналар тiркеледi:
Тармақша 1
1) бiлiм беру ұйымының қызметiнiң негiзгi көрсеткіштерi;
Тармақша 2
2) білім беру ұйымының оқу және ғылыми бөлiмшелерiнің құрылымы;
Тармақша 3
3) бiлiм беру ұйымының басшылар құрамы туралы мәлiметтер;
Тармақша 4
4) мамандықтар мен оқу түрлерi бойынша бiлiм алушылардың контингентi туралы мәлiметтер;
Тармақша 5
5) білім беру ұйымының профессор-оқытушы, педагогикалық құрамының сандық және сапалық сипаттамасы;
Тармақша 6
6) бiлiм беру ұйымы Жарғысының көшiрмесi.
Тармақ 39
39. Комиссия мынадай дәлелдi шешімдер қабылдауға құқылы:
Тармақша 1
1) аттестатталсын;
Тармақша 2
2) аттестатталмасын.
Тармақ 40
40. Бiлiм беру ұйымы "аттестатталсын" деген шешiм егер:
Тармақша 1
1) білім беру қызметi білім берудiң тиiстi деңгейiнің жалпыға мiндеттi мемлекеттiк стандарттарының талаптарына және бiлiм беру қызметiн лицензиялау кезiнде қойылатын бiлiктiлiк талаптарына толық сәйкес болса;
Тармақша 2
2) кешендi тестiлеудiң нәтижелерi бойынша білім алушылардың 95% қатысқан жағдайда тестiлеуге қатысқандардың 70%-дан артығы оң баға алғанда қабылданады.
Тармақ 41
41. "Аттестатталмасын" деген шешім бiлiм беру ұйымы 40 бапта аталған шарттардың ең болмағанда бiреуiн орындамаған жағдайда қабылданады.
Тармақ 42
42. Комиссияның шешiмi Министрлiктің, облыстық, Астана, Алматы қалалары бiлiм басқармаларының (департаменттерiнiң) бұйрықтарымен ол қабылданғаннан кейiн он күннен кешiктiрiлмей бекiтіледі.
Тармақ 43
43. Кәсiптiк жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк бiлiм бағдарламаларын жүзеге асыратын бiлiм беру ұйымын аттестаттау фактiсi оған мемлекеттік аккредитациядан өтуге мүмкiндiк бередi.
Тармақ 44
44. Тиiстi бiлiм беру деңгейінің жалпы мiндеттi мемлекеттiк стандарттарының орындалмағаны және бiлiм беру қызметiн жүргiзу құқығына берiлген лицензияда қамтылған талаптарды орындамағанын куәландыратын, кәсіптiк орта, кәсiптiк жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптік білім беру бағдарламаларын iске асыратын білiм беру ұйымдарының аттестатталмау фактiсi бiлiм беру ұйымының аттестатталмаған мамандықтары бойынша лицензиясын қайтарып алу және қайтарып алынған лицензиялардың лицензиарға қайтарылған сәтiне дейiн бiлiм беру лицензиясының қолданысын тоқтата тұру үшiн себеп болады.
Тармақ 45
45. Лицензиар бiлiм беру қызметiн жүргiзу құқығына лицензиялардың әсерiн тоқтатқан жағдайда лицензиар тоқтату мерзiмi өткен соң аттестация өткiзу барысында анықталған кемшiлiктердi жою барысын тексеру комиссиясын құрады. Тексеру барысында бiлiм алушылардың аттестация кезiнде алған оң бағалар пайызы шектi деңгейден төмен болған мамандықтар бойынша жоғары және бiтiрушi курстардың бiлiм алушылары қайтадан кешендi тестiлеуден өтедi.
Тармақ 46
46. Кемшiлiктердi жоюды тексерудi өткiзу шығындары бiлiм беру ұйымдарының құрылтайшылары есебiнен жүзеге асырылады.
Тармақ 47
47. Комиссия аттестация барысында анықталған кемшiлiктердi жоюды тексеру қорытындысы бойынша анықтама дайындайды және онда бiлiм беру ұйымдарының кемшiлiктердi жою жөнiндегi iстеген жұмыстары келтiрiледi, тиiстi қорытындылар мен ұсыныстар жасалады.
Тармақ 48
48. Кемшiлiктердi жоюды тексеру жөнiндегi комиссияның ұсыныстары негiзiнде Министрлiк, облыстық, Алматы және Астана қалаларының бiлiм басқармалары (департаменттерi) тиiстi бұйрық шығарады.
Тармақ 49
49. Жеке мамандықтардың лицензиясын қайтарып алу туралы Министрлiктiң бұйрығы шыққаннан кейiн бiлiм беру ұйымы келесi семестр басталғанға дейiн бұйрықтың ескерiлуiмен лицензияның қосымшасын лицензиарда қайта хаттауы керек. Бiлiм беру ұйымы бұл талапты орындамаған жағдайда ол бiлiм беру қызметiн лицензиясыз атқарып жатқан заңды тұлға ретiнде қарастырылады және ол туралы ақпарат тиiстi мемлекеттiк органдарға берiледi.
Тармақ 50
50. Бiлiм беру қызметiн жүргiзу құқығына Министрлiкте берiлген лицензия барлық мамандықтар бойынша қайтарылып алынған жағдайда бiлiм беру ұйымдары меншiк түрiне, ведомстволық бағыныштылығына және мемлекеттiк тиiстiлiгiне байланыссыз белгiленген тәртiппен таратылуы тиiс.
Тармақ 51
51. Егер аттестатталған мамандықтардың саны бiлiм беру ұйымының түрiн анықтайтын бiлiктiлiк талаптарына сәйкес болмаған жағдайда, бiлiм беру ұйымы заңды статусын белгiленген талаптарға сәйкестендiруi тиiс.
Тарау 4. 4. Бiлiм беру ұйымдарының шағым арыздарын қарау
4. Бiлiм беру ұйымдарының шағым арыздарын қарау
Тармақ 52
52. Министрлiктiң жанында аттестацияланатын бiлiм беру ұйымдарының шағым арыздарын қарайтын Республикалық аттестациялық комиссия құрылады.
Тармақ 53
53. Аттестациялық комиссиялардың шешімдеріне білім беру ұйымдары заңнамада белгіленген тәртіпте шағымдануларына болады.