О военном положении Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Соғыс жағдайы туралы 📌 Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша «заңнамалық актілерінде», «заң актілеріне» және «заңнамалық актілеріне» деген сөздер тиісінше «заңдарында», «заңдарына» және «заңдарына» деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 11.06.2026 № 306-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. Осы Заң Қазақстан Республикасы азаматтарының, Қазақстан Pecпубликасының аумағында тұратын шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың (бұдан әрi - азаматтар және басқа да адамдар), сондай-ақ мемлекеттiк органдардың, әскери басқару органдарының және меншік нысандарына қарамастан ұйымдардың (бұдан әрi - ұйымдар) соғыс жағдайы кезеңiндегi құқықтық қатынастарын реттейдi. Осы Заңның қолданылуы соғыс жағдайы кезеңiмен шектеледi. Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - ҚР 11.06.2026 № 306-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Бап 1. 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар Осы Заңда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) агрессия - шет мемлекеттің (мемлекеттер тобының не коалициясының) Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне, Егемендігіне, аумақтық қол сұғылмаушылығына немесе саяси тәуелсiздiгiне қарсы қарулы күш қолдануы немесе оған Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Жарғысымен сыйыспайтын қандай да болсын басқадай әрекет жасауы. Соғыстың жариялану-жарияланбауына қарамастан мынадай iс-қимылдардың кез келгенi: шет мемлекеттiң қарулы күштерiнiң Қазақстан Республикасының аумағына басып кiруi, шабуыл жасауы, қарулы күштi қолдана отырып Қазақстан Республикасының аумағын немесе оның бөлiгiн аннексиялаудың кез келгенi; Қазақстан Республикасының аумағын бомбалау немесе шет мемлекеттiң кез келген қаруды Қазақстан Республикасына қарсы қолдануы; шет мемлекеттiң қарулы күштерiнiң Қазақстан Республикасының порттарын немесе жағалауларын қоршап алуы; шет мемлекеттiң қарулы күштерiнiң Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiне, басқа әскерлерi мен әскери құралымдарына, Қазақстан Республикасының теңiзде жүзетiн сауда немесе азаматтық авиация Keмесiне шабуыл жасауы; халықаралық шарт бойынша Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан шет мемлекеттiң қарулы күштерiн халықаралық шартта көзделген талаптарды бұза отырып қолдану немесе халықаралық шарттың қолданылуы тоқтатылғаннан кейiн де олардың Қазақстан Республикасының аумағында болуының кез келген түрде жалғасуы; басқа мемлекеттiң билiгiне берiлген аумақта, сол мемлекеттiң Қазақстан Республикасына қарсы агрессия актiсiн жасау үшiн пайдалануына мүмкiндiк жасаушы мемлекеттiң iс-қимылы; мемлекеттiң немесе мемлекет атынан Қазақстан Республикасына қарсы тегеурiндiлiгi жоғарыда атап көрсетiлген актiлерге пара-пар қарулы күш қолдану актiлерiн жүзеге асыратын қарулы бандалардың, топтардың және тұрақты eмec күштердiң немесе жалдамалылардың жiберiлуi; шет мемлекеттердiң Қазақстан Республикасының егемендiгiне, аумақтық қол сұғылмаушылығына немесе саяси тәуелсiздiгiне қарсы бағытталған өзге де iс-қимылдары, сондай-ақ Бiрiккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының ережелерiне сәйкес Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Қауiпсiздiк Кеңесi агрессия ретiнде белгiлеген актiлер агрессия актiсi болып танылады;
Тармақша 2
2) аннексия - Қазақстан Республикасының аумағын немесе оның бiр бөлiгiн шет мемлекеттiң күштеп қосып алуы, басып алуы;
Тармақша 3
3) әскери цензура - хабарлар мен материалдардың не олардың жекелеген бөлiктерiнiң таралуына шектеу қою немесе тыйым салу мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлар мен материалдарды әскери басқару органдарымен және мемлекеттiк органдармен, лауазымды адамдармен олардың талабы бойынша немесе өзге де негiздер бойынша алдын ала келiсуi, сондай-ақ мемлекеттiк құпиялары бар мәлiметтердiң жариялануы мен әйгiленуiне жол бермеу мақсатында хат-хабар алмасуға, телефон және радио арқылы сөйлесулерге бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 4
4) соғыс жағдайы - Қазақстан Республикасына қарсы агрессияны не оның қауiпсiздiгiне сырттан тiкелей төнген қатердi болдырмауға немесе оларға тойтарыс беруге жағдай жасауға бағытталған саяси, экономикалық, әкiмшiлiк, әскери және өзге де шаралар кешенiн көздейтiн және Қазақстан Республикасының Президентi Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында немесе оның жекелеген жерлерiнде енгiзетiн ерекше құқықтық режим;
Тармақша 5
5) интернирлеу – Қазақстан Республикасына қарсы агрессия жасаған мемлекеттің азаматтарын халықаралық құқықтың жалпыға бірдей танылған қағидаттары мен нормаларына сәйкес ұстап алу және арнайы бөлінген қоныстандыру орындарына жабу;
Тармақша 6
6) коменданттық сағат - соғыс жағдайы кезiнде қоғамдық тәртiп пен қауiпсiздiктiң сақталуын қамтамасыз ету, барлаушылық, диверсиялық және басқа да дұшпандық әрекеттердiң жолын кесу мақсатында қолданылу мерзiмдерi мен уақыты көрсетiле отырып енгiзiлетiн, халықтың арнайы берiлген рұқсат қағаздар мен жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тәулiктiң белгiленген уақытында тұрғын үйлерден тыс жерлерде болуына және елдi мекендер арасында жүрiп-тұруына тыйым салатын шара;
Тармақша 7
7) қауiпсiздiкке сырттан тiкелей төнген қатер - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының қол сұғылмаушылығына төнген қатер және Қазақстан Республикасына қатысты күш қолдану қатерi, сондай-ақ шет мемлекеттердiң арнайы қызметтерi мен ұйымдарының, сондай-ақ жекелеген адамдардың барлаушылық, террористiк, диверсиялық және Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiне залал келтiруге бағытталған өзге де әрекеттерi;
Тармақша 8
8) әскери басқару органдары - стратегиялық, жедел-стратегиялық, жедел-аумақтық, жедел-тактикалық, тактикалық және жергілікті әскери басқару органдары;
Тармақша 9
9) астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың қорғаныс кеңесі – соғыс жағдайы кезеңіне құрылатын және әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде мемлекеттік органдарға, ұйымдарға және арнаулы құралымдарға мемлекет қорғанысы мүдделерінде басшылықты жүзеге асыратын әскери басқару органы. 📌 Ескерту. 1-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2005.07.08. N 70; 10.06.2020 № 344-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.11.2020 № 375-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.06.2026 № 306-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 2. 2-бап. Соғыс жағдайын енгiзудiң мақсаты
2-бап. Соғыс жағдайын енгiзудiң мақсаты Қазақстан Республикасына қарсы агрессияның жолын кесу немесе оған тойтарыс беру үшiн жағдайлар жасау соғыс жағдайын енгiзудiң мақсаты болып табылады.
Бап 3. 3-бап. Қазақстан Республикасының соғыс жағдайы туралы заңнамасы
3-бап. Қазақстан Республикасының соғыс жағдайы туралы заңнамасы
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының соғыс жағдайы туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар осы Заңнан басым болады. Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың Қазақстан Республикасының аумағында қолданылу тәртібі мен талаптары Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады. 📌 Ескерту. 3-бап жаңа редакцияда - ҚР 30.06.2025 № 202-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 4. 4-бап. Соғыс жағдайын енгiзу
4-бап. Соғыс жағдайын енгiзу
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасына қарсы агрессия жағдайлары не оның қауiпсiздiгiне сырттан тiкелей төнген қатер Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында немесе оның жекелеген жерлерiнде соғыс жағдайын енгiзу үшiн негiз болып табылады.
Тармақ 2
2. Соғыс жағдайы Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында немесе оның жекелеген жерлерiнде Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлығымен енгiзiледi.
Тармақ 3
3. Соғыс жағдайы енгiзiлген кезде Қазақстан Республикасының Президентi, егер бұрын жарияланбаған болса, iшiнара немесе жалпы мобилизация жариялайды.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Президентiнiң соғыс жағдайын енгiзу туралы жарлығында: соғыс жағдайын енгiзу үшiн негiз болған мән-жайлар; енгiзiлген шаралардың және азаматтар мен басқа тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын уақытша шектеулердiң тiзбесi; соғыс жағдайы енгiзiлетiн аумақтың шекаралары; соғыс жағдайын орнату мен қолдау үшiн тартылатын күштер мен құралдар; соғыс жағдайы қолданыла бастайтын уақыт белгiленедi.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасы Президентiнiң соғыс жағдайын енгiзу туралы жарлығының толық мәтiнi дереу радио мен теледидар арқылы таратылуға, сондай-ақ ресми түрде жариялануға тиiс.
Тармақ 6
6. Қазақстан Республикасының Президентi Қазақстан Республикасының Құрылтайын соғыс жағдайының енгiзiлгенi және iшiнара немесе жалпы мобилизация жарияланғаны туралы дереу хабардар етедi.
Тармақ 7
7. Мемлекеттi агрессияға тойтарыс беруге әзiрлеу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Президентi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiлейдi. 📌 Ескерту. 4-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 11.06.2026 № 306-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 5. 5-бап. Соғыс жағдайының кезеңi
5-бап. Соғыс жағдайының кезеңi
Тармақ 1
1. Соғыс жағдайының кезеңi соғыс жағдайы енгiзiлген уақыттан басталады және соғыс жағдайының күшi жойылған уақытпен аяқталады.
Тармақ 2
2. Соғыс жағдайы күшiнде болған кезеңде азаматтардың және басқа да адамдардың, Қазақстан Республикасы Конституциясы 41-бабының 3-тармағында аталған баптарда көзделген құқықтар мен бостандықтарды қоспағанда, құқықтары мен бостандықтарын, ұйымдардың қызметiн шектеу, сондай-ақ оларға осы Заңда белгiленген қосымша мiндеттер жүктеу көзделедi.
Тармақ 3
3. Соғыс жағдайы енгiзiлген жерлерде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әскери басқару органдарының өкiлеттiктерi кеңейтiледi, оларға мемлекеттiк билiк пен басқару органдарының қорғаныс және қоғамдық тәртiптi қамтамасыз ету саласындағы барлық функциялары көшедi.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдары, арнаулы мемлекеттік органдары соғыс жағдайы қолданылатын кезеңде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес агрессияға тойтарыс беру үшiн қолданылады.
Тармақ 5
5. Соғыс жағдайы күшiнде болған кезеңде Қазақстан Республикасының азаматтық қорғанысы мен аумақтық қорғанысы іс-шаралары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргiзiледi. 📌 Ескерту. 5-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.02.13 N 553-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.06.2025 № 202-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.06.2026 № 306-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Тарау 2. 2-тарау. Соғыс жағдайы режимін қамтамасыз ету
2-тарау. Соғыс жағдайы режимін қамтамасыз ету
Бап 6. 6-бап. Соғыс жағдайының шаралары
6-бап. Соғыс жағдайының шаралары
Тармақ 1
1. Соғыс жағдайы енгiзiлген аумақта мынадай шаралар қолданылуы мүмкiн:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары мен өзге де ұйымдарын, сондай-ақ экономикасын соғыс жағдайы талаптарына сай жұмыс iстеуге көшiру;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарының, арнаулы мемлекеттік органдарының жұмылдыра өрістетуін жүргiзу;
Тармақша 3
3) Қарулы Күштердiң мүдделерiне сай мiндеттердi орындау үшiн арнайы құралымдар жасақтау, экономиканың iркiлiссiз жұмысы мен халықтың тыныс-тiршiлiгiн қамтамасыз ету;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының азаматтық қорғанысы мен аумақтық қорғанысы iс-шараларын өткiзу;
Тармақша 5
5) мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарымен операция жүргізу;
Тармақша 6
6) қоғамдық тәртiптiң, сондай-ақ республикалық объектiлер бойынша - Қазақстан Республикасының Үкiметi, коммуналдық объектiлер бойынша - жергiлiктi атқарушы органдар белгiлейтiн тiзбелерге сәйкес мемлекеттiк және әскери объектiлердiң, халықтың тыныс-тiршiлiгiн, көлiк пен коммуникациялардың жұмысын қамтамасыз ететiн объектiлердiң, адамдардың өмiрi, денсаулығы және қоршаған орта үшiн аса қауiптi объектiлердiң күзетiн күшейту;
Тармақша 7
7) көлiк, коммуникациялар және энергетика, сондай-ақ адамдардың өмiрi, денсаулығы және қоршаған орта үшiн аса қауiптi объектiлер жұмысының ерекше режимiн белгiлеу;
Тармақша 8
8) халықты, шаруашылық, әлеуметтiк және мәдени мақсаттағы объектiлердi эвакуациялау, сондай-ақ азаматтарды және басқа адамдарды өмiр сүруге қауiптi аудандардан, уақытша немесе тұрақты тұруы және орналасуы үшiн оларға мiндеттi түрде тұрғын үй-жай және тұрғын үйге жатпайтын үй-жай бере отырып, басқа аудандарға уақытша көшiру;
Тармақша 9
9) жеке және заңды тұлғалардан қорғаныс мұқтажы үшiн қажеттi мүлiктi, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен және жағдайда реквизициялау, оларға реквизицияланған мүлiк құнын мемлекеттiң өтеуi;
Тармақша 10
10) соғыс жағдайы енгiзiлген аумаққа кiрудiң және одан шығудың ерекше режимiн белгiлеу және қамтамасыз ету, сондай-ақ жүрiп-түру еркiндiгiн шектеу;
Тармақша 11
11) Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен ұйымдарды, азаматтарды және басқа адамдарды қорғаныс сипатындағы жұмыстарды орындауға, қарсылас жақтың қару қолдануының салдарын жоюға, зақымданған, қираған объектiлердi, халықтың тыныс-тiршiлiгiн қамтамасыз ету жүйесiн қалпына келтiруге, сондай-ақ өртке, эпидемияға, эпизоотияға қарсы күреске қатысуға тарту;
Тармақша 12
12) соғыс жағдайы енгiзiлген жерде болатын орын мен тұратын орынды таңдауға тыйымдар мен шектеулер белгiлеу;
Тармақша 13
13) бейбіт жиналыстарды, ереуілдерді ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салу немесе оларды шектеу;
Тармақша 14
14) коменданттық сағат белгiлеу және әскери басқару органдары мен мемлекеттiк органдарға Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негiздер бойынша азаматтардың және басқа да адамдардың құжаттарын тексерудi жүзеге асыруына, олардың жеке басына тексеру жүргiзуiне, заттарын, тұрғын үйi мен көлiгiн тексерiп қарауына, сондай-ақ азаматтарды, басқа да адамдарды және көлiк құралдарын ұстап, iркудi жүзеге асыруына құқық беру;
Тармақша 15
15) қару-жарақ, оқ-дәрi, жарылғыш және улы заттар сатуға тыйым салу, құрамында есiрткi және өзге де күштi әсер ететiн заттар бар дәрi-дәрмек пен медициналық препараттар, алкоголь өнiмдерi айналымының ерекше режимiн белгiлеу;
Тармақша 16
16) алынып тасталды - ҚР 2005.07.08. № 70 Заңымен;
Тармақша 17
17) баспаханалардың, есептеу орталықтарының және автоматтандырылған жүйелердiң, бұқаралық ақпарат құралдарының жұмысына бақылау орнату, оларды қорғаныс қажетi үшiн пайдалану, сондай-ақ олардың қызметiн шектеу;
Тармақша 18
18) әскери цензура енгiзу;
Тармақша 19
19) интернирлеу;
Тармақша 20
20) Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелге шығуына тыйым салу немесе шектеу;
Тармақша 21
21) мемлекеттiк органдар мен ұйымдарда құпиялылық режимiн күшейтуге бағытталған қосымша шаралар енгiзу;
Тармақша 22
22) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес соғыс жағдайын қамтамасыз етуге қажеттi өзге де шаралар.
Тармақ 2
2. Соғыс жағдайы кезеңiнде мемлекеттiң қорғаныс мүддесiндегi қажеттерiн, сондай-ақ халықтың мұқтажын қанағаттандыру үшiн қажеттi өнiмдер өндiруге, жұмыстар мен қызмет көрсетулердi жүзеге асыруға арналған жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында экономикалық және қаржылық қызметтi жүзеге асыруға; тауарлардың, ақшаның және қызмет көрсетудiң бiрден бiрге еркiн өтуiне; ақпаратты iздеуге, алуға, беруге, өндiруге және таратуға; банкроттық рәсiмдерiн қолданудың тәртiбi мен шарттарына; еңбек қызметiнiң режимiне арналған уақытша шектеулер қоюға байланысты шаралар қолданылуы мүмкiн, сондай-ақ Қазақстан Pecпубликасының заңдарында көзделген тәртiппен Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында да, оның жекелеген жерлерiнде де қаржы, салық, кеден және банк жүйелерiнiң жұмыс ерекшелiктерi белгiленуi мүмкiн.
Тармақ 3
3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында көрсетiлген соғыс жағдайы шараларын жүзеге асыруды регламенттейтiн қажеттi нормативтiк құқықтық актiлер соғыс жағдайының күшiнде болу кезеңiнде де, ол енгiзiлгенге дейiн де қабылдануы мүмкiн. 📌 Ескерту. 6-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2005.07.08 № 70; 2012.02.13 № 553-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.05.2020 № 334-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.06.2020 № 344-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.06.2025 № 202-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.06.2026 № 306-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 7. 7-бап. Соғыс жағдайы режимін қамтамасыз ету үшін Қарулы Күштерді қолдану, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды, сондай-ақ мемлекеттік органдарды тарту
7-бап. Соғыс жағдайы режимін қамтамасыз ету үшін Қарулы Күштерді қолдану, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды, сондай-ақ мемлекеттік органдарды тарту 📌 Ескерту. 7-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 10.01.2015 № 275-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
Тармақ 1
1. Соғыс жағдайы режимін қамтамасыз ету кезінде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі бойынша мынадай негізгі міндеттерді орындау үшін:
Тармақша 1
1) соғыс жағдайы енгiзiлген аумаққа кiрудiң және ол аумақтан шығудың ерекше режимiн сақтау, сондай-ақ ондағы жүрiп-тұру еркiндiгiн шектеу;
Тармақша 2
2) халықты құтқару мен эвакуациялауға, авариялық-құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарға, санитариялық-эпидемияға қарсы, эпизоотияға қарсы және басқа да шараларды өткiзуге қатысу;
Тармақша 3
3) күзетілетін адамдар мен күзетілетін объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мемлекеттік және әскери объектілерді, халықтың тыныс-тіршілігін, көлік пен коммуникациялардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін, сондай-ақ адамдардың өміріне, денсаулығына және қоршаған ортаға жоғары қауіп төндіретін объектілерді күзету;
Тармақша 4
4) қоғамдық тәртiп пен қауiпсiздiктi сақтау, соғыс жағдайы шараларын қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шараларды өткiзуге қатысу;
Тармақша 5
5) заңсыз қарулы құралымдардың, террористердiң, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар мен құқық қорғау органдарында, әскери басқару органдарында қызметi Қазақстан Республикасының қорғанысы мен қауiпсiздiгiне нұқсан келтiруге бағытталғандығы туралы анық мәлiметтер бар қоғамдық және дiни бiрлестiктер, шетелдiк және халықаралық ұйымдар әрекеттерiнiң жолын кесу үшiн Қарулы Күштер қолданылады, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, сондай-ақ мемлекеттік органдар тартылады.
Тармақ 1-1
1-1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі жұмылдыру және соғыс жағдайы кезеңдерінде Қазақстан Республикасының қорғаныс жоспарына сәйкес күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін, күзетілетін объектілердің күзетілуі мен қорғалуын қамтамасыз ету мүдделерінде Қазақстан Республикасының басқа да мемлекеттік органдарының қажетті күштері мен құралдарын пайдалануға құқылы. Күзету іс-шараларын өткізу жөніндегі республикалық жедел штабтың басшысы немесе ол уәкілеттік берген лауазымды адам күзет іс-шаралары өткізіле басталғаннан бастап және олар аяқталғанға дейін оларды өткізуге тартылған барлық әскери қызметшілерге, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының қызметкерлері мен мамандарына басшылықты жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Соғыс жағдайы шараларын қамтамасыз ету үшін қолданылатын мемлекеттік органдардың, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. 📌 Ескерту. 7-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 10.01.2015 № 275-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 10.06.2020 № 344-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2022 № 136-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 8. 8-бап. Соғыс жағдайы режимiн қамтамасыз ету кезiнде қару-жарақты, әскери техниканы, арнайы құралдарды, сондай ақ дене күшін қолдану
8-бап. Соғыс жағдайы режимiн қамтамасыз ету кезiнде қару-жарақты, әскери техниканы, арнайы құралдарды, сондай ақ дене күшін қолдану
Тармақ 1
1. Соғыс жағдайы режимiн қамтамасыз ету үшiн тартылып отырған әскери қызметшiлерге және мемлекеттiк органдардың қызметкерлерiне қызметтiк мiндеттерiн орындау кезiнде қару-жарақ, әскери техника, арнайы құралдар алып жүру, сақтау, қолдану, сондай-ақ дeнe күшін қолдану құқығы берiледi. Аталған адамдар дене күшiн, арнайы құралдарды, қару-жарақты және соғыс техникасын қолдануға байланысты келтiрiлген зиян үшiн, егер келтiрiлген зиян төнген қауiптiң сипаты мен дәрежесiне сәйкес болса, жауапты болмайды.
Тармақ 2
2. Соғыс жағдайы режимiн қамтамасыз ету үшiн тартылған әскери қызметшiлер мен мемлекеттiк органдар қызметкерлерi дене күшiн, арнайы құралдарды, қару-жарақты немесе соғыс техникасын:
Тармақша 1
1) мемлекеттiк және әскери объектiлерге, азаматтарға және басқа да адамдарға жасалған шабуылды тойтару үшiн;
Тармақша 2
2) әскери қызметшiлер мен мемлекеттiк органдар қызметкерлерiнiң, сондай-ақ азаматтардың және басқа да адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауiп төндiретiн қарсылықты болғызбау үшiн;
Тармақша 3
3) өздерiмен бiрге қару-жарақты, оқ-дәрiлердi, жарылғыш, химиялық немесе улы заттарды алып жүрген адамдарды, егер олар: қылмыс жасау үстiнде қолға түссе; әскери қызметшiлердiң немесе мемлекеттiк органдар қызметкерлерiнiң заңды талаптарын орындамаса; әскери қызметшiлер мен мемлекеттiк органдардың қызметкерлерiне, өздерiне жүктелген қызметтiк мiндеттердi жүзеге асыруына кедергi келтiрсе, оларды ұстау үшiн;
Тармақша 4
4) күзетiлетiн объектiлер мен әскерлердiң орналасқан жерлерiне заңсыз енiп кету әрекеттерiнiң жолын кесу үшiн;
Тармақша 5
5) кепiлдiкке алынғандарды, басып алынған күзетiлетiн объектiлердi, ғимараттарды, көлiк құралдары мен жүктердi азат ету үшiн, сондай-ақ жаппай тәртiпсiздiктер мен қоғамдық тәртiптi топтасып бұзудың жолын кесу үшiн;
Тармақша 6
6) жүргiзушiсi заңды талаптарды орындамаған көлiк құралын тоқтату үшiн;
Тармақша 7
7) дабыл немесе көмекке шақыру белгiсiн беру үшiн;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де жағдайларда қолдануға құқылы.
Тармақ 3
3. Дене күшiн, арнайы құралдарды, қару-жарақты және соғыс техникасын өкiлеттiктен асыра қолдану Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа апарып соғады.
Тарау 3. 3-тарау. Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдарының соғыс жағдайы кезеңіндегі өкілеттіктері
3-тарау. Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдарының соғыс жағдайы кезеңіндегі өкілеттіктері 📌 Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 10.06.2020 № 344-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 9. 9-бап. Қазақстан Республикасы Президентiнiң соғыс жағдайы кезеңіндегі өкiлеттiктерi
9-бап. Қазақстан Республикасы Президентiнiң соғыс жағдайы кезеңіндегі өкiлеттiктерi
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Президенті соғыс жағдайы кезеңінде:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Жоғарғы Бас қолбасшылығының Ставкасын құрады, соғыс жағдайын қамтамасыз етуді ұйымдастыруға жалпы басшылықты жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Жоғарғы Бас қолбасшылығының Ставкасы туралы ережені бекітеді;
Тармақша 3
3) астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың қорғаныс кеңестері туралы ережені бекітеді;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің соғыс жағдайы кезеңіндегі қызметін ұйымдастыру туралы ережені бекітеді;
Тармақша 5
5) соғыс жағдайы кезеңіндегі өзіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар туралы ережелерді бекітеді;
Тармақша 6
6) мемлекеттiк органдардың келiсімді түрде жұмыс істеуін және өзара iс-қимыл жасауын қамтамасыз етедi;
Тармақша 7
7) соғыс жағдайы шараларын қолдану тәртiбiн, сондай-ақ мемлекеттiк органдардың осы шараларды қамтамасыз ету жөнiндегi өкiлеттiктерiн бекiтедi;
Тармақша 8
8) соғыс жағдайы мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық актiлерді шығарады;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес төтенше мемлекеттiк бюджеттi қабылдап, енгiзедi және бұл туралы дереу Қазақстан Республикасының Құрылтайына хабар береді;
Тармақша 10
10) осы Заңға сәйкес соғыс жағдайын қамтамасыз ету үшін Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды, мемлекеттік органдарды қолдану тәртібін белгілейді және олардың міндеттерін айқындайды;
Тармақша 11
11) бейбіт жиналыстарды, ереуiлдерді ұйымдастыруға және өткiзуге тыйым салуларды немесе шектеулерді белгiлейдi;
Тармақша 12
12) әскери қызмет өткерудiң ерекшелiктерiн айқындайды;
Тармақша 13
13) көлiктiң, коммуникациялардың және энергетиканың, сондай-ақ адамдардың өмiрiне, денсаулығына және қоршаған ортаға жоғары қауiп төндіретін объектiлердiң ерекше жұмыс режимiн белгiлейдi;
Тармақша 14
14) қорғаныс және қауiпсiздiк мәселелерi бойынша консультативтік-кеңесші органдарды құрады;
Тармақша 15
15) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң соғыс жағдайы қолданылатын кезеңдегі құрылымын айқындайды;
Тармақша 16
16) Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Осы баптың 1-тармағы 2), 3), 4), 5), 7), 8) және 10) тармақшаларының ережелері соғыс жағдайы кезеңінде де, ол енгізілгенге дейін де іске асырылуы мүмкін. 📌 Ескерту. 9-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2005.07.08 № 70; 2007.05.22 № 255; 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі); 10.01.2015 № 275-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.05.2020 № 334-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР 10.06.2020 № 344-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 11.06.2026 № 306-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 10. 10-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң соғыс жағдайы кезеңіндегі құзыреті
10-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң соғыс жағдайы кезеңіндегі құзыреті
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі соғыс жағдайы кезеңінде:
Тармақша 1
1) соғыс жағдайы кезеңіндегі министрліктер туралы ережелерді бекітеді;
Тармақша 2
2) орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, сондай-ақ ұйымдардың соғыс жағдайы режимiн қамтамасыз ету жөнiндегi қызметiне басшылық етеді;
Тармақша 3
3) Қарулы Күштердiң, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың, азаматтар мен басқа да адамдардың мұқтажын қанағаттандыруға бағытталған шаралардың орындалуын қамтамасыз етедi;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының Президентiне төтенше мемлекеттiк бюджеттi ұсынады және оның атқарылуын қамтамасыз етедi;
Тармақша 5
5) соғыс жағдайы шараларын материалдық-техникалық, еңбек және басқа да ресурстармен қамтамасыз ету жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасы Құрылтайының агрессия жасаған мемлекетпен (мемлекеттер тобымен не коалициясымен) халықаралық шарттардың күшiн жоюы үшiн оларды өз құзыретi шегiнде ұсынады;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтық қорғанысы мен аумақтық қорғанысына басшылық жасайды, жергілікті атқарушы органдарға Қазақстан Республикасының азаматтық қорғанысы, аумақтық қорғанысы іс-шараларын жүргізу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қорғанысы мүддесінде аумақты жедел жабдықтау жөніндегі тапсырмаларды белгілейді;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін мемлекеттік органдарды және ұйымдарды соғыс уақытының құрылымы мен штаттарына көшіруді ұйымдастырады;
Тармақша 9
9) орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарды, ұйымдар мен халықты құлақтандыру жүйесін ұйымдастырады;
Тармақша 10
10) өзіне Конституцияда, осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
Тармақ 2
2. Осы баптың 1-тармағы 1) және 3) тармақшаларының ережелері соғыс жағдайы кезеңінде де, ол енгізілгенге дейін де іске асырылуы мүмкін. 📌 Ескерту. 10-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2005.07.08. N 70, 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР 10.06.2020 № 344-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.06.2025 № 202-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 11.06.2026 № 306-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 10-1. 10-1-бап. Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының құзыреті
10-1-бап. Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының құзыреті 📌 Ескерту. 10-1-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 11.06.2026 № 306-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тармақ 1
1. Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары соғыс жағдайы кезеңінде:
Тармақша 1
1) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында Қазақстан Республикасы орталық мемлекеттік органдары аумақтық бөлімшелерінің және ұйымдарының соғыс жағдайы шараларын орындауын қамтамасыз етеді;
Тармақша 2
2) астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың қорғаныс кеңестерін құрады;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың қорғаныс кеңестері астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың қорғаныс кеңестері туралы ережеге сәйкес қызметін жүзеге асырады және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Жоғарғы Бас қолбасшылығының Ставкасына, Қазақстан Республикасының Үкіметіне бағынады.
Тармақ 3
3. Астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың қорғаныс кеңесіне тікелей басшылық ету тиісті әкімге жүктеледі. 📌 Ескерту. Заң 10-1-баппен толықтырылды – ҚР 10.06.2020 № 344-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 11.06.2026 № 306-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Тарау 4. 4-тарау. Соттар мен прокуратура органдарының соғыс жағдайы кезеңіндегі қызметі
4-тарау. Соттар мен прокуратура органдарының соғыс жағдайы кезеңіндегі қызметі
Бап 11. 11-бап. Соттар мен прокуратура органдарының соғыс жағдайы енгiзiлген аумақтағы қызметi
11-бап. Соттар мен прокуратура органдарының соғыс жағдайы енгiзiлген аумақтағы қызметi
Тармақ 1
1. Соғыс жағдайы енгiзiлген аумақта Қазақстан Республикасының Конституциясында және конституциялық заңында белгiленген соттар жұмыс iстейдi.
Тармақ 2
2. Соғыс жағдайы енгiзiлген аумақтағы прокуратура органдарының қызметi Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
Тарау 5. 5-тарау. Азаматтардың және басқа да адамдардың, ұйымдардың соғыс жағдайы кезеңіндегі міндеттері
5-тарау. Азаматтардың және басқа да адамдардың, ұйымдардың соғыс жағдайы кезеңіндегі міндеттері
Бап 12. 12-бап. Азаматтардың және басқа да адамдардың соғыс жағдайы кезеңiндегi мiндеттерi
12-бап. Азаматтардың және басқа да адамдардың соғыс жағдайы кезеңiндегi мiндеттерi
Тармақ 1
1. Азаматтар және басқа да адамдар Қазақстан Республикасы Конституциясының, осы Заңның, өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң және Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттардың соғыс жағдайы мәселелерi жөнiндегi талаптарын орындауға мiндеттi.
Тармақ 2
2. Соғыс жағдайы енгiзiлген аумақтағы азаматтар мен басқа да адамдар:
Тармақша 1
1) соғыс жағдайын қамтамасыз ететiн мемлекеттiк органдардың, олардың лауазымды адамдарының талаптарын орындауға және оларға жәрдемдесуге;
Тармақша 2
2) тұрып жатқан жерiндегi әскери басқару органдарына және мемлекеттiк органдарға шақырту бойынша келуге;
Тармақша 3
3) мемлекеттiк органдар мен олардың лауазымды адамдарының Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген талаптарын орындауға;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен қорғаныс сипатындағы жұмыстарға, қарсылас жақтың қару қолдануының салдарын жоюға, зақымданған, қираған объектiлердi, халықтың тыныс-тiршiлiгiн қамтамасыз ету жүйесiн қалпына келтiруге, сондай-ақ өртке, эпидемияға, эпизоотияға қарсы күреске қатысуға;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өздерiнiң меншiгiндегi қорғаныс қажетiне керектi мүлiктi беруге;
Тармақша 6
6) өздерiне Қазақстан Республикасының заңдарымен жүктелген өзге де мiндеттердi орындауға мiндеттi. 📌 Ескерту. 12-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.07.08. N 70 Заңымен.
Бап 13. 13-бап. Ұйымдардың соғыс жағдайы кезеңiндегi мiндеттерi
13-бап. Ұйымдардың соғыс жағдайы кезеңiндегi мiндеттерi
Тармақ 1
1. Соғыс жағдайы енгiзiлген аумақтағы ұйымдар соғыс жағдайын қамтамасыз ететiн мемлекеттiк органдардың, олардың лауазымды адамдарының заңды талаптарын орындауға және оларға жәрдемдесуге мiндеттi.
Тармақ 2
2. Ұйымдар соғыс жағдайы кезеңiнде:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өздерiнiң меншiгiндегi қорғаныс қажетiне керектi мүлiктi беруге;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының қорғанысы мен қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында шарттар негiзiнде мемлекеттiң тапсырмаларын (тапсырыстарын) бiрiншi кезектегi тәртiппен орындауға;
Тармақша 3
3) өздерiне Қазақстан Республикасының заңдарымен жүктелген өзге де мiндеттердi орындауға мiндеттi. 📌 Ескерту. 13-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.07.08. N 70 Заңымен.
Бап 14. 14-бап. Қазақстан Республикасының соғыс жағдайы жөнiндегi заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылық
14-бап. Қазақстан Республикасының соғыс жағдайы жөнiндегi заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылық Жеке және заңды тұлғалар соғыс жағдайы жөнiндегi заңдарды бұзған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
Тарау 6. 6-тарау. Қорытынды ережелер
6-тарау. Қорытынды ережелер
Бап 15. 15-бап. Халықаралық мiндеттемелердiң орындалуы
15-бап. Халықаралық мiндеттемелердiң орындалуы Қазақстан Республикасының аумағында немесе оның жекелеген жерлерiнде соғыс жағдайы енгiзiлген ретте Қазақстан Республикасының Президентi Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарынан туындайтын Қазақстан Республикасының мiндеттемелерiне сәйкес шаралар қабылдайды. 📌 Ескерту. 15-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 11.06.2026 № 306-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 16. 16-бап. Соғыс жағдайының күшiн жою
16-бап. Соғыс жағдайының күшiн жою
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының аумағындағы немесе оның жекелеген жерлерiндегi соғыс жағдайы оны енгiзуге негiз болған әрекеттер тоқтағаннан кейiн Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлығымен күшін жояды.
Тармақ 2
2. Соғыс жағдайын қамтамасыз ету мақсатында қабылданған және азаматтар мен басқа да адамдардың құқықтары мен бостандықтарын, сондай-ақ ұйымдардың құқықтарын уақытша шектеуге байланысты нормативтiк құқықтық актiлер соғыс жағдайы енгiзiлген мерзiм iшiнде ғана қолданылады және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен күшiн жоюға тиiс. 📌 Ескерту. 16-бапқа өзгерістер енгізілді – ҚР 10.06.2020 № 344-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 17. 17-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi
17-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi Осы Заң ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.