Об утверждении перечня социально значимых заболеваний Қолданыста
Басқа 0
Әлеуметтік мәні бар аурулардың тізбесін бекіту туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 1-бабы 1-тармағының 158) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Әлеуметтік мәні бар аурулардың тізбесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Әлеуметтік мәні бар аурулардың тізбесі
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2020 жылғы 23 қырқүйектегі
№ ҚР ДСМ-108/2020
бұйрығына қосымша
Әлеуметтік мәні бар аурулардың тізбесі
№
Аурулары
10-қайта қаралымдағы аурулардың халықаралық жіктемесінің кодтары
1.
Туберкулез
A15-A19
2.
Адамның иммун тапшылығы вирусы (АИТВ) тудыратын ауру
B20-B24
3.
Созылмалы вирусты гепатиттер және бауыр циррозы
В18.0, В18.1, В18.2, В18.8, В19, К74
4.
Қатерлі ісіктер
С00-C97; D00- D 09; D37- D48
5.
Психикалық және мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары)
F00-F99
6.
Жіті миокард инфаркті
(алғашқы 6 айда)
I21, I22
7.
Орфандық аурулар
В55, D56, D56.0-D56.2, D56.4, D57, D57.0-D57.2, D59.5, D61.9, D69.3, D76.0, D80-D84, Е53.1, E74.0, E75.2, E76.0-E76.2, E80.2, E83.0, Е84.8, E85.0, Е88.0, G12.2, G35, G40.4, G93.4, J84, J84.0, J84.1, J84.8, J84.9, I27.0, K50, K51, L10, L13.0, M08.2, М30.3, М31.3, M31.4, М31.8, М32.1, М33, М33.2, M35.2, Q78.0, Q80, Q81
8.
Нерв жүйесінің дегенеративті аурулары
G30-G32
9.
Орталық нерв жүйесінің демиелиндену аурулары
G35-G37
10.
Эпилепсия
G40
11.
Ми тамырларының аурулары (инсульттер) (бір жыл ішінде)
I60-I64
Басқа 2. Күші жойылды деп танылған Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
және әлеуметтік даму министрінің және Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің бұйрықтарының тізбесі
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2020 жылғы 23 қыркүйегі
№ ҚР ДСМ-108/2020
бұйрығына 2-қосымша
Күші жойылды деп танылған Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
және әлеуметтік даму министрінің және Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің бұйрықтарының тізбесі
Тармақ 1
1. «Әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналадағылар үшін қауіп төндіретін аурулардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 21 мамырдағы № 367 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11512 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 15 шілдеде жарияланған);
Тармақ 2
2. «Әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналадағылар үшін қауіп төндіретін аурулардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 21 мамырдағы № 367 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 3 шілдедегі № 451 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15417 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 15 тамызда жарияланған);
Тармақ 3
3. «Әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналадағылар үшін қауіп төндіретін аурулардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 21 мамырдағы № 367 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 31 қаңтардағы № ҚР ДСМ-7/2020 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19966 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде 2020 жылғы 4 ақпанда жарияланған).