О внесении изменений в некоторые приказы Министерства национальной экономики Республики Казахстан Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:
Тармақша 1
1) «Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, оған қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, іске асырылуын мониторингілеу және бағалау және бюджеттік кредиттеудiң орындылығын айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 129 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9938 болып тіркелген, 2014 жылғы 19 желтоқсанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған): көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, оған қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, іске асырылуын мониторингілеу және бағалау және бюджеттік кредиттеудiң орындылығын айқындау қағидаларында: 2-тармақтың 38) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «38) Қазақстан Республикасының немесе жергілікті атқарушы органдар айқындайтын – 2008 жылғы 17 шілдедегі № 693 "Концессия мәселелері жөнінде мамандандырылған ұйым құру туралы" және 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1056 "Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту орталығының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларына сәйкес "Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы" АҚ немесе жергілікті атқарушы органның шешімімен айқындалатын заңды тұлға;»; 18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «18. МИЖ инвестициялық ұсынысының қажетті сараптамаларын жүргізу осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген құжаттарды қарау және ББӘ-нің инвестициялық ұсыныстарына мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның экономикалық қорытынды әзірлеуі болып табылады. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган ББӘ инвестициялық ұсыныстарын экономикалық орындылығы, жоба мақсаттарының Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларында және Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларына белгіленген экономика саласын (аясын) дамыту басымдықтарына сәйкестігі тұрғысынан 20 (жиырма) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарайды және олар бойынша экономикалық қорытындыны ББӘ-ге жібереді. Егер, ББӘ МИЖ-сын бюджеттен төленетін төлемдер сомасы МЖӘ жобалары бойынша жергілікті атқарушы органның мемлекеттік міндеттемелерінің ағымдағы жылға арналған лимитінің 2 (екі) пайызынан асатын жергілікті МЖӘ жобасы, оның ішінде концессиялық жобаны жүзеге асыру арқылы ұсынылса, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган 1 (бір) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде, осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген құжаттарды ББӘ инвестициялық ұсынысына ұсыным тұжырымдау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған заңды тұлғаға жібереді. Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған заңды тұлға ұсынылған деректерді бағалау негізінде 15 (он бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде МИЖ-сын жергілікті МЖӘ жобасы, оның ішінде концессиялық жобаны жүзеге асыру арқылы ұсынылған ББӘ инвестициялық ұсынысына МИЖ-ны МЖӘ жобасы, оның ішінде концессиялық жобаны іске асыру арқылы негізділігі (МЖӘ принциптері мен сипаттамаларына сәйкестігі) тұрғысынан ұсыным тұжырымдап, жергілікті жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға жібереді. Егер ББӘ инвестициялық ұсыныстары бойынша ұсыным тұжырымдау үшін осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген құжаттарға сәйкес жетіспейтін ақпарат қажет болған жағдайда, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған заңды тұлға жетіспейтін ақпаратты беру уақытын көрсете отырып, дербес түрде сұратады және алады. Жетіспейтін ақпарат сұратылған жағдайда, ұсынымдарды тұжырымдау мерзімі олар ұсынылғанға дейін тоқтатылады. Ұсынымдарды тұжырымдауға арналған жетіспейтін ақпарат уақтылы берілмеген жағдайда, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған заңды тұлға ұсынылған деректерді инвестициялық ұсынысқа ұсынымды тұжырымдау мүмкін еместігін көрсете отырып ББӘ-не қайтарады. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган экономикалық қорытындыны Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлғаның ұсынымын ескере отырып дайындайды.»; 3 және 3-1 қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын;
Тармақша 2
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Инвестициялық саясат департаменті:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
Басқа 1. Инвестициялық ұсынысқа экономикалық қорытынды
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 24 қыркүйегі № 66 Бұйрығына 1 қосымша Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, оған қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, іске асырылуын мониторингілеу және бағалау және бюджеттік кредиттеудің орындылығын айқындау қағидаларына 3-қосымша Инвестициялық ұсынысқа экономикалық қорытынды 1. Жо­ба бой­ын­ша жал­пы ақ­па­рат 1.1 Мем­ле­кет­тік ин­ве­сти­ци­я­лық жо­ба­ның ата­уы 1.2 Жо­ба­ның қу­а­ты (өл­шем бір­лі­гі) 1.3 Іс­ке асы­ры­лу ке­зе­ңі (жыл) 1.4 Пай­да­ла­ны­лу ке­зе­ңі (жыл) 1.5 Жо­ба­ның іс­ке асы­ры­луын негіз­деу (са­ла­лық са­рап­та­ма қо­ры­тындыс­ы­на сәй­кес) 1.6 Қар­жы­лан­ды­ру те­тікте­рі және кө­ле­мі (пай­да­ла­ну­ға бе­рі­л­ген­ге дей­ін­гі бар­лық шы­ғын­дар) (мың тең­ге) 1) Бюд­жет­тік ин­ве­сти­ци­я­лық жо­ба­ның тех­ни­ка­лық-эко­но­ми­ка­лық негіз­де­ме­сін әзір­леу (тү­зе­ту) құ­ны (мың тең­ге) 2) Жер­ді са­тып алу құ­ны (мың тең­ге) 3) Нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­де бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік мін­дет­те­ме­лер ли­мит­те­рі­нің ше­гін­де мем­ле­кет­тік мін­дет­те­ме­лер­ді қа­был­дау мүм­кін­ді­гі (жо­ба мем­ле­кет­тік-же­ке­ше­лік әріп­те­стік ре­т­ін­де іс­ке асы­ры­л­ған жағ­дай­да) 1.7 Бюд­жет­тік ин­ве­сти­ци­я­лық са­я­сат­тың ба­сым­дық­та­ры­на сәй­кест­і­гі 1.8 Ұсы­ны­л­ған құ­жат­та­ма­ның бо­луы 2. Мем­ле­кет­тік жос­пар­лау жүй­е­сі құ­жат­та­ры­ның ере­же­ле­ріне, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Пре­зи­ден­ті­нің Қа­зақ­стан хал­қы­на жыл сай­ын­ғы жол­да­у­ла­ры­на, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Пре­зи­ден­ті­нің тап­сыр­ма­ла­ры­на сәй­кест­і­гі (құ­жат­тың де­ректе­ме­ле­рін көр­се­ту) 3. Жо­ба­ны бас­қа­ру­дың ин­сти­ту­ци­о­нал­дық схе­ма­сы (іс­ке асы­ры­лу ба­ры­сын­да, сол си­яқ­ты ин­ве­сти­ци­я­лық­тан кей­ін­гі ке­зең­де­гі бар­лық жо­ба­ға қа­ты­су­шы­лар ту­ра­лы ақ­па­рат, олар­дың өза­ра іс -қи­мыл­да­ры) 4. Түп­кі­лік­ті нәти­же­нің өл­ше­не­тін (сан­дық) көр­сет­кіш­те­рі­нің бо­луы 5. Тәу­е­кел­дер­ді ба­ға­лау тұр­ғы­сы­нан жо­ба­ны іс­ке асы­ру мүм­кін­ді­гі 6. Мем­ле­кет­тік ин­ве­сти­ци­я­лық жо­ба құ­нын есеп­те­удің негіз­ді­лі­гі 7. Мем­ле­кет­тік ин­ве­сти­ци­я­лар­дың қа­жет­ті­лі­гіне бай­ла­ны­сты мем­ле­кет­тік ин­ве­сти­ци­я­лық жо­ба­ны іс­ке асы­ру те­ті­гін ба­сым­дық­пен таң­дау негіз­ді­лі­гі Тұжырымдар (Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлғаның ұсынымын ескере отырып мемлекеттік инвестициялық жобаларды бюджеттен қаржыландырудың ықтимал түрі мен тәсілдерін, сондай-ақ мемлекеттік инвестициялық жобаны іске асырудың орындылығын айқындау).
Басқа 2. Мемлекеттік инвестициялық жобаны іріктеу әдістемесі
Бұйрыққа 2-қосымша Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, оған қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, іске асырылуын мониторингілеу және бағалау және бюджеттік кредиттеудің орындылығын айқындау қағидаларына 3-1-қосымша Мемлекеттік инвестициялық жобаны іріктеу әдістемесі
Тармақ 1
«1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік (бұдан әрі – МЖӘ) жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды іске асыру үшін басқалардың арасында мемлекет үшін негізгі алғышарттар (өлшемшарттар) жиынтығында мынадай факторлардың болуы болып табылады:
Тармақша 1
1) жоба халық үшін ұзақ мерзімді кезеңге құндылық жасау мақсатында жеке әріптестің (концессионердің) инвестициялар тартуына бағдарланады;
Тармақша 2
2) жобаның мақсаты көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру болып табылады және жоба кәсіпкерлік субъектілері үшін тартымды болып табылады;
Тармақша 3
3) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелер, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелер көлемі (олар қажет болғанда) жекеше әріптес (концессионер) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаға немесе концессиялық жобаға тартатын (жобаны іріктеу сатысында) ақша қаражатының, оның ішінде жекеше әріптестің (концессионердің) меншікті ақша қаражатының сомасынан аспауы тиіс. Бұл ретте, жекеше әріптестің (концессионердің) меншікті ақша қаражатымен қатысуы мемлекеттік-жекешелік әріптестік (концессия) объектісі құнының кемінде он пайызын құрайды;
Тармақша 4
4) жоба, концессиялық жобаларды қоспағанда, валюталық тәуекелдерді бюджет есебінен жабуды көздемейді;
Тармақша 5
5) жоба Қазақстан Республикасының аумағында өнім шығаруды және ресурстардың қазақстандық мазмұны 50% - дан кем емес құрайтын тиісті қызметтер көрсетуді көздейді.».
Тармақ 2
2. Бюджет кірістерін ұлғайту, бюджет шығыстарын қысқарту (ұлғайту емес) үшін салықтардың түсімін арттыру призмасы арқылы бюджет қаражатын тиімді басқару мемлекеттің МЖӘ жобаларына қатысуының негізгі өлшемшарттары, яғни, жобалардың бюджет тиімділігінің өлшемшарты, сондай-ақ МЖӘ тетіктері арқылы мемлекеттік инвестициялық жобаны (бұдан әрі – МИЖ) іске асырудың заңнамалық мүмкіндігі болып табылады.
Тармақ 3
3. Жобаларды алғашқы іріктеу инвестициялар объектісін МЖӘ-ге беру бойынша шектеулердің болмауы, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларға деген қажеттіліктің болу өлшемшарттары сияқты заң өлшемшарттары негізінде жүзеге асырылады. Егер инвестициялар объектісі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 6 қарашадағы № 710 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті іске асыру үшін, оның ішінде концессияға беруге жатпайтын объектілер тізбесіне енгізілсе, онда жобаның бюджеттік инвестициялар арқылы іске асырылуы қаралады. Мемлекеттік инвестициялардың қажеттілігіне байланысты мемлекеттік инвестициялық жобалар мынадай басымдықпен қаралады:
Тармақша 1
1) МЖӘ жобасын іске асыру барысында өндірілетін тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің белгілі бір көлемін мемлекеттің тұтыну кепілдігін көздейтін жобалардан басқа бюджет қаражаты есебінен ақшалай төлемді талап етпейтін жобаның МЖӘ арқылы іске асырылуы қаралады;
Тармақша 2
2) бюджет қаражаты есебінен ақшалай төлемді талап ететін жобаның бюджеттік инвестициялар арқылы іске асырылуы қаралады;
Тармақша 3
3) бюджет қаражаты есебінен ақшалай төлемді талап ететін жобаның МЖӘ арқылы іске асырылуы қаралады.
Тармақ 4
4. Экономикалық сараптама екі деңгейден тұрады: экономикалық сараптаманың бірінші деңгейі МИЖ-дің Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына сәйкестігін, сондай-ақ жобаны іске асыру жеделдігін бағалаудан тұратын «МИЖ басымдығы» деген көрсеткішті бағалау тұрғысынан жүргізілетін болады. Жобаны іске асырудың жеделдігі болған жағдайда жобаны бюджеттік инвестициялар арқылы іске асыру қаралады. Ойын-сауық қызметтерін көрсетуге, ойын бизнесіне, шаштараз бен косметикалық көрсетілетін қызметтер салондарына, монша-сауықтыру кешендеріне, сауда-ойын-сауық орталықтарына бағытталған жобалар мемлекеттік инвестициялық жобаларды жүзеге асыру арқылы іске асырылмайды. Егер құжаттаманы әзірлеуге және сараптама жасауға жұмсалатын шығындар жобаны іске асыру құнынан жоғары болса, онда МИЖ МЖӘ тетігі арқылы қаралмайды. екінші деңгей, шығындар мен пайданы талдау әдісімен мынадай формула бойынша бюджет тиімділігінің коэффициентін айқындау: , мұнда: Кбэ – бюджет тиімділігінің коэффициенті; ДБбиj – j кезеңінде бюджеттік инвестициялық жоба не мемлекеттің жарғылық капиталға қатысуы арқылы жобаны іске асырудан мемлекеттік (республикалық, сонымен бірге жергілікті) бюджетке түскен түсімдер; РБбиj – j кезеңінде жобаны іске асыруға жұмсалатын қаражат (инвестициялық, сондай-ақ пайдалануға беру кезеңінде); ДБгчпj – j кезеңінде МЖӘ арқылы жобаны іске асырудан мемлекеттік (республикалық, сонымен бірге жергілікті) бюджетке түскен түсімдер; РБгчпj – j кезеңінде МЖӘ жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелер; Ст – дисконттау мөлшерлемесі. Дисконттау мөлшерлемесінің мәнін инвестициялық ұсынысты әзірлеу күніне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің мәніне тең не Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкес болжамдалған инфляцияның орташа мәніне тең таңдау ұсынылады. Егер Кбэ > 0, онда МИЖ-ді бюджеттік инвестициялар ретінде іске асыру қаралады; Егер Кбэ ≤ 0, онда МИЖ ең алдымен МЖӘ жобасы ретінде іске асыру қаралады. Егер МИЖ бюджет тиімділігі коэффициентінің теріс мәні болса және МЖӘ жобасы арқылы қарау қажеттілігі туындаса, жобаның өтімділік мерзімі мына формула бойынша есептеледі: ІC (Іnvest Capіtal) – жобадағы алғашқы инвестициялық шығындар; CFі (Cash Flow) – таза пайда мен амортизация сомасы болып табылатын уақыттың і-ші кезеңінде жобадан түсетін ақша ағыны. Ақша ағынын есептеу үшін мына формулаларды қолдану қажет: немесе CFі = Кіріс – Операциялық шығасылар – Салықтық төлемдер және қарыз капиталы бойынша төлемдер, мұнда: А (Amortіzatіon) – амортизация, шығын болып табылмайтын ақша ағынының түрі; NP (Net Profіt) – инвестициялық жобаның таза пайдасы. Пруденциялық нормативтер не ковенанттар бойынша шектеулер болмаған кезде жоба бюджеттік кредит арқылы қаржыландырылады. 5. Егер МИЖ-ді МЖӘ жобасы ретінде іске асыру қаралмаса, онда қаржыландыру сызбасын айқындау мына алгоритм негізінде жүзеге асырылады: егер инвестициялар объектісі квазимемлекеттік сектор субъектісінің балансында болса, онда жоба заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы не бюджеттік кредиттеу арқылы бюджеттік инвестициялар ретінде іске асырылуы қаралады; егер инвестициялар объектісі мемлекеттік мекеменің балансында болса, онда жоба бюджеттік инвестициялық жоба ретінде іске асырылуы қаралады; тікелей қаржы кірісі болмаған кезде не егер негізгі пайда алушы мемлекеттік мекеме болып табылса, МИЖ БИЖ ретінде іске асырылады; егер жобаның инвестициядан кейінгі кезеңдегі (пайдалану) негізгі кірісі мемлекеттік бюджет есебінен қалыптастырылса, онда жоба заңды тұлғаның жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы (қатысу үлесінің ұлғаюы) арқылы іске асырылады; егер негізгі кіріс мемлекеттік бюджет есебінен қалыптастырылмаса, бірақ заңды тұлғаның мемлекеттік кәсіпорынның не коммерциялық емес акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысаны болса, онда жоба заңды тұлғаның жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы (қатысу үлесінің ұлғаюы) арқылы іске асырылады; жоғарыда аталғандарға сәйкес келмеген жағдайларда заңды тұлғаның қаржылық көрсеткіштеріне қосымша тексеру жүргізіледі. Осылайша, егер заңды тұлғаның пруденциялық нормативтер не бұрын жүзеге асырылған, бірақ өтелмеген қарыздар ковенанттары бойынша шектеулері бар болса, онда жоба заңды тұлғаның жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы (қатысу үлесінің ұлғаюы) арқылы іске асырылады. Пруденциялық нормативтер не ковенанттар бойынша шектеулер болмаған кезде жоба бюджеттік кредит арқылы қаржыландырылады.