О правилах содержания животных в городе Актау и пригородных поселках Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.10.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ақтау қаласы және қала жанындағы елді мекендерде жануарларды ұстау ережелері туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Ақтау қаласы мәслихатының 2012.04.12 № 2/25 шешімімен. "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы заңының 6 бабы 1 тармағы 8 тармақшасына сәйкес қалалық мәслихат шешім етеді:
Тармақ 1
1. Ақтау қаласы және қала жанындағы елді мекендерде жануарларды ұстау ережелері бекітілсін (жалғанады).
Тармақ 2
2. Осы шешім өз күшіне жарияланған күннен кейін күшіне енеді.
Басқа 3
Ақтау қалалық мәслихатының 15.10.2002 жылғы N 26/242 сессиясының "Ақтау қаласы және қала жанындағы елді мекендерде жануарларды ұстау ережелері туралы" шешімімен бекітілді Ақтау қаласы және қала жанындағы елді мекендерде жануарларды ұстау ЕРЕЖЕСІ
Тарау 1. 1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Тармақ 1
1. Осы ережелер Ақтау қаласындағы, Өмірзақ поселкесіндегі, Маңғыстау, Баянды селоларындағы және Қызылтөбе селолық округіндегі жануарлардың барлық иелеріне, меншік нысанымен ведомстволық бағынысына қарамастан, ұйымдар мен кәсіпорындарға таратылады. 📌 Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Ақтау қаласы мәслихатының 2005 жылғы 30 қыркүйектегі N 19/153 шешімімен.
Тармақ 2
2. Жануарларды ұстауды міндетті шарты болып мыналар табылады:
Тармақша 1
1) ветеринария бөлімінде жыл сайын қайтадан тіркеуден өткізу, ерекше қауіпті жұқпалы ауруларға қарсы вакцинация жасату және паразитарлық ауруларға қарсы жоспарлы алдын алып өңдеу жасату;
Тармақша 2
2) жаңадан алған жануарлар екі апталық мерзімде ветеринария бөлімінде қаралуға және тіркелуге, тіркелу анықтамасын алуға тиіс;
Тармақша 3
3) санитарлық-гигиеналық, ветеринарлық-санитарлық ережелермен нормаларды сақтау.
Тармақ 3
3. Жануарларды қаладан тысқары жерлерге алып кету мен сату, тіркеу куәлігі негізінде, ветеринария бөлімі беретін, вакцинация мен дегельминтизация датасы көрсетілген, белгіленген үлгідегі ветеринарлық куәлік рәсімделген кезде қана рұқсат етіледі.
Тармақ 4
4. Жануарларды теңізге, адамдар дем алатын басқа да табиғи және жасанды суларға түсіруге тиым салынады.
Тармақ 5
5. Мамандырылған коммуналдық кәсіпорындар жануарларды ветеринарлық дәрігердің қорытындысы бойынша алады және оқшаулайды. Оқшаудағы жануарларды ұстауға байланысты барлық шығындар, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 10.07.2002ж. N№339-11 заңына сәйкес, иелері есебінен өтеледі.
Тарау 2. 2. ЖАНУАРЛАР ИЕЛЕРІНІҢ ҚҰҚЫ
2. ЖАНУАРЛАР ИЕЛЕРІНІҢ ҚҰҚЫ
Тармақ 6
6. Кез келген жануар иелердің меншігі болып табылады және кез келген меншік сияқты заңмен күзетіледі.
Тарау 3. 3. ЖАНУАРЛАР ИЕЛЕРІНІҢ МІНДЕТТЕРІ
3. ЖАНУАРЛАР ИЕЛЕРІНІҢ МІНДЕТТЕРІ
Тармақ 7
7. Жануарлардың иелері мыналарға міндетті:
Тармақша 1
1) оларды биологиялық ерекшеліктеріне сәйкес асырау, жануарларға адамгершілікпен қарау, оларды қараусыз қалдырмау, ауырған жағдайда уақытында ветеринарлық көмек көрсету;
Тармақша 2
2) оларды асырайтын және қыдыртатын жерлерде тиісті санитарлық жағдайды сақтау;
Тармақша 3
3) ветеринарлық мекемелердің талабы бойынша қарау, диагностикалық зерттеу және емдеп алдын алып өңдеу үшін уақытында апарып тұру;
Тармақша 4
4) адамдар мен жануарлардың айналасында қауіпсіздікті қамтамасыз ететін қажетті шараларды алу;
Тармақша 5
5) жануарды одан әрі бағу мүмкіндігі жоқ кезде, оны басқа иегерге немесе ветеринарлық мекемеге тапсыру;
Тармақша 6
6) жануарларды алу, жоғалту немесе оның өлімі туралы тұрғын жері бойынша мемлекеттік ветеринарлық қызмет органына хабарлау;
Тармақша 7
7) жануарлар адамды немесе жануарды қапқан кезде иесі бұл туралы жақын маңдағы медициналық және ветеринарлық мекемелерге хабарлауға тиіс, жануарларды мамандардың қадағалауымен қаралым және карантин жасау үшін ветеринарлық мекемеге жеткізу;
Тармақша 8
8) жануарлардың мүрдесін алып кету және жоқ қылу үшін "Көктем" қалалық коммуналдық кәсіпорнына хабарлау. Оларды лақтыруға немесе жерге көмуге тыйым салынады.
Тарау 4. 4. ИТ ПЕН МЫСЫҚ АСЫРАУ
4. ИТ ПЕН МЫСЫҚ АСЫРАУ
Тармақ 8
8. Мыналарға рұқсат етіледі:
Тармақша 1
1) жануарларды тұрғын орын жайларда, соның ішінде туыстық байланысы жоқ, өзара келісімдері бар, медициналық қайшы көрсеткіштері жоқ екі немесе одан да көп от басылары тұратын пәтерлерде ұстауға;
Тармақша 2
2) жануарларды, жолаушылардың алаңдаушылығын болдырмайтын жағдайды сақтай отырып, көліктің барлық түрлерінде алып жүруге рұқсат етіледі.
Тармақ 9
9. Мыналарға тыйым салынады:
Тармақша 1
1) азаматтарға қоғамдық орындарға итпен торлы ноқтасыз және қарғы баусыз қыдыруға және баруға;
Тармақша 2
2) жануарларды ортақ қолданылатын жерлерде: асханада, дәлізде, баспалдақ алаңдарында, үй шатырларында, төлелерде сондай-ақ балкондарда және лоджияларда бағуға;
Тармақша 3
3) жануарларға подъездерді, баспалдақ алаңдарын, лифтілерді, сондай-ақ спорт, балалар алаңдарын, газондарды, тротуарларды, саяжай аумағын ластатуға. Егер де жануар осы жерлерде қиын тастаған болса, оны иелері жедел алуға тиіс.
Тармақ 10
10. Қоғамдық орындарда, иелері дүкендердің, емханалардың, дәріханалардың, тұрмыстық-қызмет кәсіпорындарының және басқалардың жанына байлап кеткендерден басқа, қасында адамы жоқ иттер мен мысықтар қараусыз деп саналады және "Көктем" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының аулауына жатады. 📌 Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді - Ақтау қаласы мәслихатының 2005 жылғы 30 қыркүйектегі N 19/153 шешімімен.
Тармақ 11
11. Тұрғын үйлер жанында иттерді қыдыртқан кезде олардың иелері тыныштықты қамтамасыз етуі қажет, иттерді үргізбеуге тиіс. Иттерді осындай мақсатқа арнауы бөлінген алаңдарда қыдырту керек. Жол-көлік уақиғасынан қашық болу үшін итті көшеден және үлкен жолдардан өткенде қарғы бауда ұстау керек.
Тарау 5. 5. ҮЙ, АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ ЖАНУАРЛАРЫН, ҚҰСТАР МЕН АРАЛАРДЫ БАҒУ
5. ҮЙ, АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ ЖАНУАРЛАРЫН, ҚҰСТАР МЕН АРАЛАРДЫ БАҒУ
Тармақ 12
12. Селитебті аймақта ауылшаруашылық жануарларын құстарды және араларды бағуға, жайылтуға, айдауға тыйым салынады. Селитебті аймақ қоршаған ортаны күзету басқармасының келісімі бойынша қала әкімінің шешімімен айқындалады.
Тармақ 13
13. Азаматтарға, кәсіпорындар мен ұйымдарға қаланың селитебті аймағынан тысқары жерлерде үй жануарларын қорада бағуға рұқсат етіледі.
Тармақ 14
14. Қаланың селитебті аймағында жүрген ауыл шаруашылық жануарларын "Көктем" мемлекеттік коммуналдық мекемесінің мамандандырылған қызметі ұстайды. Қараусыз қалған жануарларды ұстау мен кері қайтару Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 246-бабына сәйкес реттеледі. 📌 Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - Ақтау қаласы мәслихатының 2005 жылғы 30 қыркүйектегі N 19/153 шешімімен.
Тармақ 15
15. Үй, ауылшаруашылық жануарлары, құстар мен аралар, қолданыстағы нормаларға сәйкес, дара сектордың тұрғын үйлерінен, стадиондардан, қоғамдық тамақтандыру, сауда, азық-түлік өнеркәсібі кәсіпорындарынан, көп пәтерлі үйлерден, жаппай демалыс орындарынан, сауықтыру балалар лагерінен, демалыс үйлерінен, санаториялардан, табиғи және жасанды сулардан, артезиян құдықтарынан қашықта орналасқан, арнайы жабдықталған жабық орын жайларда ұсталады. Қала маңайындағы поселкелердің бір қабатты үйлерінде бірнеше отбасылары тұрған кезде жануарларды, құстар мен араларды осы үйде тұратын көрші отбасыларының келісімімен, белгіленген ветеринарлық, санитарлық ережелерді сақтай отырып бағуға болады.
Тармақ 16
16. Экзотикалық жануарларды тұрғын үйлерде, жабайы және үй жануарларын мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерінің, мектептердің, оқушылар сарайының, дүкендердің зообұрыштарында, қаланың ветеринарлық бөлімінің рұқсатымен ғана, бағуға болады.
Тармақ 17
17. алынып тасталды 📌 Ескерту. 17-тармақ алынып тасталды - Ақтау қаласы мәслихатының 2005 жылғы 30 қыркүйектегі N 19/153 шешімімен.
Тармақ 18
18. Мал жайланған орын жайды тоқсан сайын әктеу керек және жылына кем дегенде 1 рет дезинфекция жасау керек. Малдың көңін, жемдің қалдығын және қоқыстарды осы үшін арнайы бөлінген жерге уақытында апарып төгуі керек.
Тармақ 19
19. Малды көшелерде, алаңдарда, скверлерде, саяжайларда және басқа да ортақ қолданылатын жерлерде қыдыртуға тыйым салынады.
Тармақ 20
20. Жануарларды алып кету және алып келу тек ғана қаланың бас мемлекеттік ветеринарлық инспекторының немесе оның орынбасарының рұқсатымен ғана жүзеге асырылады.
Тарау 6. 6. ОСЫ ЕРЕЖЕЛЕРДІ БҰРМАЛАҒАНЫ ҮШІН ЖАНУАРЛАР ИЕЛЕРІНІҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
6. ОСЫ ЕРЕЖЕЛЕРДІ БҰРМАЛАҒАНЫ ҮШІН ЖАНУАРЛАР ИЕЛЕРІНІҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
Тармақ 21
21. Осы ережелерді бұрмалаған жеке және заңдық тұлғалар 2001 жылғы қаңтардың 30-ғы 155-11 "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің" (ҚРӘҚБтК) 310,311 баптарына, 2002 жылғы шілденің 10-ғы "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының заңына сәйкес жауапқа тартылады.
Тармақ 22
22. Материалдық зиян келтірілген жағдайда, зардап шегуші оның өтелуі үшін сотқа шағымдануға құқылы. 📌 Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - Ақтау қаласы мәслихатының 2005 жылғы 30 қыркүйектегі N 19/153 шешімімен.