Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей села для участия в сходе местного сообщества Белоградовского сельского округа Тимирязевского района Северо-Казахстанской области Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.03.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Белоградов ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 39-3-бабының 6-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Тимирязев аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Белоградов ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Белоградов ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 3
3. «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Белоградовский ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық мәслихатының 2014 жылғы 28 ақпандағы № 24/4 шешімінің (2014 жылғы 23 сәуірде «Әділет» Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2627 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Белоградов ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары
Тимирязев аудандық мәслихатының 2020 жылғы 17 қыркүйегі № 48/7 шешімімен бекітілген Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Белоградов ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Белоградов ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес әзірленді және Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Белоградов ауылдық округі Белоградовка ауылының тұрғындары бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Белоградов ауылдық округінің аумағындағы Белоградовка ауылының тұрғындары бөлек жергілікті қоғамдастық жиыны (бұдан әрі – бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.
Тарау 2. 2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі
2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі
Тармақ 3
3. Бөлек жиынды Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Белоградов ауылдық округінің әкімі шақырады. Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.
Тармақ 4
4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы аудандық «Көтерілген тың», «Нива» газеттері арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.
Тармақ 5
5. Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Белоградов ауылдық округі Белоградовка ауылының шегінде бөлек жиынды өткізуді Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Белоградов ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.
Тармақ 6
6. Бөлек жиынды ашудың алдында Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Белоградов ауылдық округі Белоградовка ауылының қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
Тармақ 7
7. Бөлек жиынды Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Белоградов ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады. Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Белоградов ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады. Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.
Тармақ 8
8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Белоградов ауылдық округінің Белоградовка ауылының тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Белоградов ауылдық округінің Белоградовка ауылының тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.
Тармақ 9
9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
Тармақ 10
10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Белоградов ауылдық округі әкімінің аппаратына береді.
Басқа 1. Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Белоградов ауылдық округі Белоградовка ауылының жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
Тимирязев аудандық мәслихатының 2020 жылғы 17 қыркүйегі № 48/7 шешіміне қосымша Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Белоградов ауылдық округі Белоградовка ауылының жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы Елді мекеннің атауы Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Белоградов ауылдық округі Белоградовка ауылының тұрғындары өкілдерінің саны (адам) Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Белоградов ауылдық округі Белоградовка ауылының тұрғындары үшін 20