Об утверждении перечня профессий для осуществления трудовой деятельности сезонных иностранных работников Күшін жойған
Басқа 0
Маусымдық шетелдік жұмыскерлердің
еңбек қызметін жүзеге асыруы үшін
кәсіптердің тізбесін бекіту туралы
«Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 21-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Маусымдық шетелдік жұмыскерлердің еңбек қызметін жүзеге асыруы үшін кәсіптердің тізбесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі С.Ж. Шапкеновке жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Маусымдық шетелдік жұмыскерлердің
еңбек қызметін жүзеге асыруы үшін кәсіптердің
тізбесі
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты
әлеуметтік
қорғау министрінің
2020 жылғы 25 қыркүйегі
№ 379 бұйрығымен
бекітілген
Маусымдық шетелдік жұмыскерлердің
еңбек қызметін жүзеге асыруы үшін кәсіптердің
тізбесі
Р/с
№
Кәсіптердің атауы
1.
Бағбандар және бақшашылар
2.
Егіншілер және көкөнісшілер
3.
Темекі өнімдерін дайындау жөніндегі жұмысшылар
4.
Өсімдік шаруашылығында біліктілігі жоқ жұмысшылар
5.
Мал шаруашылығында біліктілігі жоқ жұмысшылар
6.
Аралас өсімдік және мал шаруашылығы өнімдерін өндіруде біліктілігі жоқ жұмысшылар