Об утверждении Правил маркировки и прослеживаемости табачных изделий средствами идентификации Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.11.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Темекі өнімдерін сәйкестендіру құралдарымен таңбалау және қадағалау қағидаларын бекіту туралы «Темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттiк реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 5-3) тармақшасына және «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-2-бабы 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Темекі өнімдерін сәйкестендіру құралдарымен таңбалау және қадағалау қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының 2402209000 коды бойынша – 2020 жылғы 1 қазаннан бастап, Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының 2403999009, 2402201000, 2402900000, 2402100000, 2403110000, 2403191000 және 3824999209 кодтары бойынша 2021 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Темекі өнімдерін сәйкестендіру құралдарымен таңбалау және қадағалау қағидалары
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 28 қыркүйегі № 927 Бұйрыққа қосымша Темекі өнімдерін сәйкестендіру құралдарымен таңбалау және қадағалау қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Темекі өнімдерін сәйкестендіру құралдарымен таңбалау және қадағалау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттiк реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 5-3) тармақшасына және «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-2-бабы 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағында темекі өнімдерін сәйкестендіру құралдарымен таңбалау және оларды Қазақстан Республикасының аумағында одан әрі қадағалау тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін мынадай қысқартулар мен анықтамалар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) агрегаттау – құрылатын топтық және (немесе) көліктік қаптаманы ашу қажеттілігінсіз тауар өткізетін тізбек бойынша темекі өнімдерінің қозғалысын қадағалауды қамтамасыз ету мақсатында, темекі өнімдерінің тұтыну қаптамасын (бұдан әрі – тұтыну қаптамасы) темекі өнімдерінің топтық қаптамасына (бұдан әрі – топтық қаптама) және (немесе) темекі өнімдерінің көліктік қаптамасына (бұдан әрі – көліктік қаптама) не топтық қаптаманы әрбір салынған тұтыну қаптамасының сәйкестендіру кодтарының құрылатын топтық және (немесе) көліктік қаптаманы сәйкестендіру кодымен өзара байланысы туралы, сондай-ақ әрбір салынған топтық қаптаманың сәйкестендіру кодтарының құрылатын көліктік қаптаманы сәйкестендіру кодымен өзара байланысы туралы ақпаратты сақтай отырып және топтық қаптамаға тиісті сәйкестендіру құралын немесе көліктік қаптамаға сәйкестендіру кодын енгізе отырып көліктік қаптамаға біріктіру процесі;
Тармақша 2
2) аппараттық-бағдарламалық кешен (бұдан әрі-АБК) – белгілі бір үлгідегі міндеттерді шешу үшін бірлесіп қолданылатын бағдарламалық қамтамасыз ету мен техникалық құралдардың жиынтығы;
Тармақша 3
3) бақылау-кассалық машина – деректерді беру функциясы жоқ фискалдық жады блогы бар электрондық құрылғы, деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы (функциялары) бар (жоқ) аппараттық-бағдарламалық кешен, тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысулар туралы ақпаратты тіркеуді және бейнелеуді қамтамасыз ететін, деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар электрондық құрылғы;
Тармақша 4
4) деректерді беру хаттамасы – ақпарат пакеттерінің құрылымына және деректерді беру желісінің құрылғылары арасында ақпарат пакеттерін алмасу алгоритміне қойылатын талаптардың формаланған жиынтығы;
Тармақша 5
5) ЕАЭО – Еуразиялық экономикалық одақ;
Тармақша 6
6) ЕАЭО СЭҚ ТН коды – ЕАЭО сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының коды;
Тармақша 7
7) жеке кабинет – «Интернет» ақпараттық-телекоммуникациялық желісінде (бұдан әрі – «Интернет» желісі) орналастырылған, айналымның қатысушысына немесе темекі өнімдерінің өндірісі мен айналымын бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органға Оператор ұсынатын тауарларды таңбалау мен қадағалаудың ақпараттық жүйесінің (бұдан әрі – ТТҚ АЖ) арнайы ақпараттық сервисі;
Тармақша 8
8) ЖСН немесе БСН – жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
Тармақша 9
9) импорттаушы – ЕАЭО кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес, ЕАЭО кедендік аумағына темекі өнімдерін әкелуді, сондай-ақ ЕАЭО мүше басқа мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына темекі өнімдерін әкелуді жүзеге асыратын, темекі өнімдерінің айналымына қатысушы;
Тармақша 10
10) көліктік қаптаманы сәйкестендіру коды – темекі өнімдерінің әрбір жеке көліктік қаптамасы үшін осы Қағидалардың 6-тарауында көзделген талаптарға сәйкес қалыптастырылатын бірегей символдар комбинациясы;
Тармақша 11
11) қабылдау (беру) актісі – ТТҚ АЖ жеке кабинетінде сәйкестендіру кодтары туралы мәліметтерді сканерлеу, қолмен енгізу немесе файлдан жүктеу арқылы және (немесе) электрондық өзара іс-қимыл интерфейсін пайдалана отырып, осындай мәліметтерді беру арқылы ТТҚ АЖ тауарлардың айналымы туралы мәліметтерді беру мақсатында қалыптастырылатын электрондық құжат;
Тармақша 12
12) қолдану коды – 2 (екі) немесе одан да көп белгіден тұратын, элементтік жолдың басында орналасқан және префикстен кейінгі деректер ашық жолының мақсаты мен форматын нақты айқындайтын префикс;
Тармақша 13
13) өндiрушi – сату үшiн темекi өнiмдерiн өндiретiн жеке немесе заңды тұлға;
Тармақша 14
14) таңбаланған темекі өнімдері – осы Қағидалардың талаптарын сақтай отырып сәйкестендіру құралдары салынған және олар туралы мәліметтер (оның ішінде оларға салынған сәйкестендіру құралдары туралы мәліметтер) ТТҚ АЖ-да қамтылған темекі өнімдері;
Тармақша 15
15) таңбалау коды – осы Қағидалардың 6-тарауында көзделген талаптарға сәйкес тауарды (темекі өнімдерінің тұтынушылық және топтық қаптамасын) сәйкестендіру мақсаттары үшін Оператор қалыптастыратын тауарды сәйкестендіру кодының және тексеру кодының жиынтығы;
Тармақша 16
16) тапсырыстарды басқару станциясы (бұдан әрі – ТБС) – тауарлар айналымына қатысушыға тапсырыстармен жұмыс істеу үшін интерфейс ұсынатын серверлік қосымша. ТБС эмиссияға арналған тапсырмаларды басқаруға және таңбалау кодтарын салуға мүмкіндік береді. Айналымға қатысушылардың өтініші бойынша ТБС Оператор ұсынатын сервис ретінде қашықтықтан ұсынылады;
Тармақша 17
17) тауарды сәйкестендіру коды (тауардың бірегей сәйкестендіргіші) – тауардың әрбір жеке бірлігі (темекі өнімдерінің тұтыну және топтық қаптамасы) үшін бірегей тауар кодының (GTIN) және тауардың жеке сериялық нөмірінің комбинациясы;
Тармақша 18
18) тауардың жеке сериялық нөмірі – тауарлардың номенклатуралық тобы шеңберінде тауар бірлігін (темекі өнімдерінің тұтынушылық немесе топтық қаптамасын) бірегей сәйкестендіретін символдық бірізділік;
Тармақша 19
19) тауарларды таңбалау мен қадағалаудың ақпараттық жүйесі – тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалау процестерін ақпараттық қамтамасыз ету және оларды айналым процесінде одан әрі қадағалау мақсатында әзірленген, ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы белгілі бір технологиялық әрекеттерді іске асыратын және нақты функционалдық міндеттерді шешуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдық-реттелген жиынтығы;
Тармақша 20
20) Тауарларды таңбалау мен қадағалаудың бірыңғай операторы (бұдан әрі – Оператор) – «Тауарларды таңбалау мен олардың қадағалауының бірыңғай операторын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 3 наурыздағы № 95 қаулысына сәйкес айқындалған, Тауарлардың ұлттық каталогын әзірлеуді, жүргізуді және өзектендіруді қоса алғанда, тауарларды таңбалау мен қадағалаудың ақпараттық жүйесін әзірлеуді, әкімшілендіруді, сүйемелдеуді және пайдалануда қолдауды және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын заңды тұлға;
Тармақша 21
21) тексеру коды – тауарды сәйкестендіру кодын криптографиялық өзгерту нәтижесінде Оператор қалыптастыратын және сәйкестендіру кодын бұрмалауды анықтауға мүмкіндік беретін символдардың дәйектілігі;
Тармақша 22
22) темекі өнімдері – шегу, сору, шайнау, иіскеу немесе тұтынудың өзге де тәсілдері үшін, оның ішінде СЭҚ ТН 2402209000, 2404, 2403, 2402201000, 2402900000, 2402100000 және 3824999208 кодтары бойынша темекіні қыздыруға арналған жүйенің немесе кез келген өзге де аспаптың көмегімен пайдаланатындай етіп дайындалған шикізат ретінде темекі жапырағынан және (немесе) темекі өсімдігінің басқа да бөліктерінен толық немесе ішінара жасалған өнімдер;
Тармақша 23
23) темекі өнімдерін айналымнан шығару – «Бақылау-касса машиналарын қолданудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы №208 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16508 болып тіркелген) (бұдан әрі – бұйрық) сәйкес тіркелген, деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машинасы арқылы таңбаланған темекі өнімдерін жеке тұлғаға жеке тұтыну үшін өткізу (сату), темекі өнімдерін алып қою (тәркілеу), кәдеге жарату, бүлдіру, жою, қайтарымсыз жоғалту, кері қайтарып алу, темекі өнімдерінің одан әрі айналымын тоқтатуды көздейтін, өз мұқтажы үшін пайдалану;
Тармақша 24
24) темекі өнімдерін сәйкестендіру құралы – темекі өнімдерінің тұтыну және топтық қаптамаларына салу үшін осы Қағидалардың 6-тарауында көзделген талаптарға сәйкес қалыптастырылатын екі өлшемді матрицалық штрих-код түрінде ұсынылған, машина оқитын нысанда темекі өнімдерін таңбалау коды;
Тармақша 25
25) темекі өнімдерінің айналымына қатысушылар (бұдан әрі – айналымға қатысушы) – Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын, темекі өнімдерін айналымға енгізуді, айналымын және (немесе) айналымнан шығаруды жүзеге асыратын, заңды тұлғалар немесе дара кәсіпкерлер ретінде тіркелген жеке тұлғалар;
Тармақша 26
26) темекі өнімдерінің көліктік қаптамасы – темекі өнімдерін тасымалдау кезінде оны зақымданудан қорғау мақсатында сақтау және тасымалдау үшін пайдаланылатын және дербес көлік бірлігін құрайтын тұтыну және (немесе) топтық қаптамада қапталған, темекі өнімдерін біріктіретін қаптама. Көліктік қаптама мөлшері (көлемі) кіші көліктік қаптаманы қамтуы мүмкін;
Тармақша 27
27) темекі өнімдерінің топтық қаптамасы – тұтыну қаптамасының белгілі бір санын біріктіретін, қаптама;
Тармақша 28
28) темекі өнімдерінің тұтыну қаптамасы – темекі өнімдерін тұтынушы сатып алатын темекі өнімдері ең аз бірлігі;
Тармақша 29
29) ТТҚ АЖ-да қатысушылардың тізілімі – ТТҚ АЖ-да тіркелген айналымның қатысушылары болып табылатын тұлғалардың тізбесі;
Тармақша 30
30) фискалдық деректер операторы (бұдан әрі – ФДО) – ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша уәкілетті орган айқындаған, ортақ пайдаланымдағы телекоммуникациялар желілері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына жедел режимде ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз ететін заңды тұлға;
Тармақша 31
31) электрондық өзара іс-қимыл интерфейсі – айналымға қатысушылардың бағдарламалық-аппараттық құралдары мен ТТҚ АЖ өзара іс-қимыл тәсілдерінің сипаттамасы;
Тармақша 32
32) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының тұрақтылығын растайтын электрондық цифрлық таңбалар жиынтығы;
Тармақша 33
33) ASCII – (American standard code for information interchange) – баспа және баспалық емес символдарға сандық кодтар сәйкес келетін ақпаратты кодтау әдісі;
Тармақша 34
34) DataMatrix – мәтін немесе басқа түрдегі деректерді кодтауға арналған, төртбұрыш немесе шаршы түріндегі топта орналастырылған, шаршы немесе шеңбер нысанында салынған, қара-ақ элементтер немесе түрлі жарықтық дәрежедегі элементтерді білдіретін екі өлшемді матрицалық штрих код;
Тармақша 35
35) DataMatrix ЕСС200 – қателерді болдырмау және зақымданған ақпаратты қалпына келтіру технологиясын пайдаланатын, DataMatrix нұсқасы. ECC200 код 30 пайызға дейін зақымданған жағдайда, кодталған ақпараттың барлық дәйектілігін қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Екі өлшемді штрих кодтың бұл нұсқасында қатенің болу жиілігі сканерленген таңбаның 10 миллионының 1-еуінен де аз;
Тармақша 36
36) GS1 – логистикалық бірліктерді есепке алуды стандарттау және штрих кодтау саласындағы халықаралық ұйым;
Тармақша 37
37) GS1-128 – кәсіпорындар арасында жүк туралы ақпаратты беруге арналған GS1 стандарттау жөніндегі жаһандық ұйымның штрих кодының форматы;
Тармақша 38
38) GS1-DataMatrix – стандартталған GS1 DataMatrix екі өлшемді матрицалық штрих кодын іске асыру;
Тармақша 39
39) GTIN (Global Trade Item Number) – GS1 жүйесінің стандарттарында белгіленген қағидаларға сәйкес, оны әлемдік экономикалық кеңістікте бір мәнді сәйкестендіру мақсатында GS1 ұлттық (өңірлік) ұйымы тауарлар тобына беретін жаһандық сәйкестендіру нөмірі. ТТҚ АЖ тауардың коды ретінде пайдаланылады.
Тарау 2. 2-тарау. Темекі өнімдерін сәйкестендіру құралдарымен таңбалану жүзеге асырылатын, айналымға қатысушылар
2-тарау. Темекі өнімдерін сәйкестендіру құралдарымен таңбалану жүзеге асырылатын, айналымға қатысушылар
Тармақ 3
3. Өндіруші Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген темекі өнімдерін осы Қағидалардың талаптарына сәйкес сәйкестендіру құралдарымен таңбалауды жүзеге асырады. Импорттаушы Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлерде өндірілген темекі өнімдерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелгенге дейін немесе темекі өнімдерін ішкі тұтыну үшін шығарунемесе кері импорт кедендік рәсімдеріне орналастырғанға дейін таңбалауды қамтамасыз етеді.
Тармақ 4
4. СЭҚ ТН 2404 кодына кіретін, құрамында тұтатпай түтінді жұтуға арналған өнімдер (мысалы, сұйықтықтар, гельдер) бар бір түтіктегі таңбаланбаған бір реттік электрондық темекінің (disposable e-cigarettes) және ұқсас бір реттік жеке электр буландырғыш құрылғыларының қалдықтарын, сондай-ақ құрамында бар өнімді пайдаланғаннан немесе батареясының қуаты таусылғаннан кейін (қайта толтыруға немесе қайта қуаттауға арналмаған) кәдеге жаратылатын жеткізу жүйесін айналымға қатысушылар 2023 жылғы 30 маусымға дейін өткізуі тиіс.
Тарау 3. 3-тарау. Айналымға қатысушыларға қойылатын талаптар
3-тарау. Айналымға қатысушыларға қойылатын талаптар
Тармақ 5
5. Өндірушілерге қойылатын талаптар:
Тармақша 1
1) ЭЦҚ болуы;
Тармақша 2
2) темекі өнімдерінің қаптамасына сәйкестендіру құралдарын енгізуді қамтамасыз ететін жабдықтың болуы;
Тармақша 3
3) таңбалау кодтарын алу, таңбалау кодтарын пайдалану туралы мәліметтерді беру бөлігінде, сондай-ақ сәйкестендіру құралдарын енгізу, жарамсыз ету (болған жағдайда) және агрегациялау туралы ақпаратты, сондай-ақ ЭЦҚ қойылған ТТҚ АЖ таңбаланған темекі өнімдерінің айналымы туралы мәліметтерді кейін ТТҚ АЖ-ға жібере отырып, темекі өнімдерінің тұтыну және топтық қаптамаларына сәйкестендіру құралдарын енгізу туралы мәліметтерді Операторға автоматты түрде беруді қамтамасыз ететін АБК байланыс арналары бойынша ТТҚ АЖ-ға қосулы болуы; Бұл ретте таңбалауды енгізген мерзімге дейін Оператор айналымға қатысушылардан ТТҚ АЖ-мен ақпараттық өзара іс-қимылға дайындығы туралы электрондық хабарлама алған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кеш емес мерзімде айналымға қатысушылардың АБК-мен ТТҚ АЖ ақпараттық өзара іс-қимылын тестілеуді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
Тармақша 4
4) ТБС-ға қол жеткізуді (ТБС-ға қол жеткізу үшін логин мен парольді Оператор айналымға қатысушының ТТҚ АЖ-да тіркелу нәтижелері бойынша айналымға қатысушыдан орнатуға және ТБС-ға қол жеткізуді алуға арналған электронды хабарлама келіп түскен күннен бастап күнтізбелік 2 (екі) күн ішінде ұсынады) қамтамасыз ету; Бұл ретте Оператор өндірушілер мен Оператор арасында жасалған шарттарға сәйкес ТБС өндірушілерін жарақтандыруды, оның ішінде оларға қызмет көрсетуді және техникалық қолдауды өтеусіз негізде қамтамасыз етеді;
Тармақша 5
Тармақ 6
6. Импорттаушыларға қойылатын талаптар:
Тармақша 1
1) ЭЦҚ болуы;
Тармақша 2
2) ТБС-ға қол жеткізуді (ТБС-ға қол жеткізу үшін логин мен парольді Оператор айналымға қатысушының ТТҚ АЖ-да тіркелу нәтижелері бойынша айналымға қатысушыдан Оператордың инфрақұрылымында орнатылған ТБС-ға қашықтықтан қол жеткізуді беруге арналған электронды хабарлама келіп түскен күннен бастап күнтізбелік 2 (екі) күн ішінде ұсынады) қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) таңбалау кодтарын алу, таңбалау кодтарын пайдалану туралы мәліметтерді беру бөлігінде, сондай-ақ сәйкестендіру құралдарын енгізу, жарамсыз ету (болған жағдайда) және агрегациялау туралы ақпаратты, сондай-ақ ЭЦҚ қойылған ТТҚ АЖ таңбаланған темекі өнімдерінің айналымы туралы мәліметтерді кейін ТТҚ АЖ-ға жібере отырып, темекі өнімдерінің тұтыну және топтық қаптамаларына сәйкестендіру құралдарын енгізу туралы мәліметтерді Операторға автоматты түрде беруді қамтамасыз ететін байланыс арналары бойынша ТТҚ АЖ-ға, АБК-ге қосылуды (мүмкіндік болған жағдайда) қамтамасыз етеді;
Тармақша 4
4) ЭЦҚ куәландырылған, ТТҚ АЖ-да таңбаланған темекі өнімдерін айналымға енгізу, айналымы және (немесе) айналымнан шығару туралы мәліметтерді қалыптастыру және беруге мүмкіндігі бар АБК-нің болуын қамтамасыз етеді.
Тармақ 7
7. Көтерме сауданы жүзеге асыратын айналымға қатысушыға қойылатын талаптар: 1 ЭЦҚ болуы;
Тармақша 2
2) ЭЦҚ қойылған ТТҚ АЖ-да таңбаланған темекі өнімдерінің айналымы және (немесе) оларды айналымнан шығару туралы мәліметтерді қалыптастыру және беру мүмкіндігі бар АБК-нің болуы.
Тармақ 8
8. Бөлшек сауданы жүзеге асыратын айналымға қатысушыға қойылатын талаптар:
Тармақша 1
1) ЭЦҚ болуы;
Тармақша 2
2) деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машинасының болуы;
Тармақша 3
3) көрсетілген сканерлеу құралдары болған жағдайда, бақылау-касса машинасымен қосылған темекі өнімдерін сәйкестендіру құралдарын сканерлеу және тану құралдарының болуы;
Тармақша 4
4) әрбір өткізілген бірлік бойынша бақылау-касса машинасын пайдалана отырып таңбаланған темекі өнімдерін айналымнан шығару туралы мәліметтерді беру бойынша фискалдық деректер операторымен жасалған шарттың болуы.
Тармақ 8-1
8-1. АБК ТТҚ АЖ-ға байланыс арналары бойынша қосулы болмаған және (немесе) ТТҚ АЖ-мен интеграция болмаған кезде, айналымға қатысушы мәліметтерді ТТҚ АЖ жеке кабинеті арқылы ұсынады.
Тармақ 9
9. Таңбаланған темекі өнімдерін өндіру және (немесе) олардың айналымы жөніндегі қызметті жүзеге асырған күннен бастап өндірушілер мен импорттаушылар:
Тармақша 1
1) өзін тіркеуді, сондай-ақ темекі өнімдерін айналымға енгізумен және (немесе) олардың айналымымен байланысты қызметті жүзеге асыру қажеттілігі туындаған күннен бастап, осы Қағидаларда көзделген талаптарға сәйкес ТТҚ АЖ-да сәйкестендіру құралдарымен таңбалануға жататын темекі өнімдерін тіркеуді жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) Операторға ТТҚ АЖ-да тіркелген күннен бастап күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн ішінде, ТБС-ға қол жеткізуді алуға (өндірушілер үшін) немесе Оператордың инфрақұрылымында орнатылған ТБС-ға қашықтықтан қол жеткізуді (импорттаушылар үшін) беруге арналған электронды хабарламаны жолдайды. Бұл ретте Оператор көрсетілген хабарлама келіп түскен күннен бастап күнтізбелік 2 (екі) күн ішінде ТБС-ға қол жеткізуді ұсынады;
Тармақша 3
3) ТТҚ АЖ-да тіркелген күннен бастап күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн ішінде, таңбалау кодтарын алу және таңбалау кодтарын пайдалану туралы мәліметтерді жіберу бөлігінде ТТҚ АЖ-мен ақпараттық өзара іс-қимылға АБК-нің дайын болуын қамтамасыз етеді және Оператордың интернет-ресурсында жарияланған электрондық өзара іс-қимыл интерфейстерінің сипаттамасына сәйкес Операторға осындай ақпараттық өзара іс-қимылды тестілеуден өтуге электрондық хабарлама жібереді;
Тармақша 4
4) Оператордың интернет-ресурсында жарияланған электрондық өзара іс-қимыл интерфейсіне қойылатын талаптарға сәйкес осындай ақпараттық өзара іс-қимылға АБК дайын болған күннен бастап күнтізбелік 2 (екі) ай ішінде ТТҚ АЖ-мен АБК ақпараттық өзара іс-қимыл тестілеуінен өтеді;
Тармақша 5
5) нақты уақыт режимінде осы Қағидаларда көзделген талаптарға сәйкес темекі өнімдерін таңбалау, сондай-ақ айналымға енгізу, олардың айналымы және айналымнан шығару туралы мәліметтерді ТТҚ АЖ-ға енгізеді.
Тармақ 10
10. Таңбаланған темекі өнімдерінің айналымы жөніндегі қызметті жүзеге асырған күннен бастап темекі өнімдерін көтерме сатуды жүзеге асыратын айналымға қатысушылар:
Тармақша 1
1) темекі өнімдерін өндірушілерден және (немесе) импорттаушылардан сатып алумен байланысты қызметті жүзеге асыру қажеттілігі немесе осындай өнімдердің айналымымен байланысты қызметті жүзеге асыру қажеттілігі туындаған күннен бастап осы Қағидаларда көзделген талаптарға сәйкес ТТҚ АЖ-да өзінің тіркелуін жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) ТТҚ АЖ-да тіркелген күннен бастап күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн ішінде Оператордың интернет-ресурсында жарияланған электрондық өзара іс-қимыл интерфейсіне қойылатын талаптарға сәйкес ТТҚ АЖ-мен ақпараттық өзара іс-қимылға АБК-нің дайын болуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 3
3) нақты уақыт режимінде осы Қағидаларда көзделген талаптарға сәйкес темекі өнімдерінің айналымы және (немесе) оларды айналымнан шығару туралы мәліметтерді ТТҚ АЖ-ға енгізеді.
Тармақ 11
11. Осындай қызмет жүзеге асырылған күннен бастап темекі өнімдерін бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын айналымға қатысушылар:
Тармақша 1
1) ТТҚ АЖ-да өзін тіркеуді жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) ТТҚ АЖ-да тіркелген күннен бастап күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн ішінде Оператордың интернет-ресурсында жарияланған электрондық өзара іс-қимыл интерфейсіне қойылатын талаптарға сәйкес ТТҚ АЖ-мен ақпараттық өзара іс-қимылға АБК-нің (болған кезде) дайын болуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 3
3) көрсетілген сканерлеу құралдары болған жағдайда, ТТҚ АЖ-да тіркелген күннен бастап күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн ішінде DataMatrix кодын оқу мүмкіндігіне сәйкестендіру құралдарын сканерлеу және тану құралдарын тексеруді жүргізеді;
Тармақша 4
4) осы Қағидалардың 55-тармағында көрсетілген айналымнан шығару туралы хабарлама негізінде осы Қағидалардың 57-тармағында көрсетілгендерден өзгеше себептер бойынша темекі өнімдерін айналымнан шығару туралы мәліметтерді ТТҚ АЖ-ға енгізеді.
Тарау 4. 4-тарау. Тауарларды таңбалау мен қадағалаудың ақпараттық жүйесінде айналымға қатысушыларды тіркеу
4-тарау. Тауарларды таңбалау мен қадағалаудың ақпараттық жүйесінде айналымға қатысушыларды тіркеу
Тармақ 12
12. Айналымға қатысушыларды ТТҚ АЖ-да тіркеуді және оларға жеке кабинетке қол жеткізуді Оператор бірінші басшының немесе жеке кәсіпкердің ЭЦҚ қойылған мынадай мәліметтерді ұсынуы:
Тармақша 1
1) ЖСН немесе БСН;
Тармақша 2
2) дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның атауы;
Тармақша 3
3) дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның бірінші басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);
Тармақша 4
4) айналымға қатысушының электрондық поштасының мекенжайы;
Тармақша 5
5) байланыс телефон нөмірі негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 13
13. Мынадай:
Тармақша 1
1) ЭЦҚ алу кезінде көрсетілген ЖСН немесе БСН ТТҚ АЖ-да тіркеу кезінде көрсетілген мәліметтерге сәйкес келмеген;
Тармақша 2
2) айналымға қатысушы ТТҚ АЖ-да тіркелген жағдайларда айналымға қатысушыны ТТҚ АЖ-да тіркеуден бас тартылады.
Тармақ 14
14.Айналымға қатысушыны ТТҚ АЖ-да тіркеу нәтижелері бойынша Оператор 24 сағат ішінде:
Тармақша 1
1) тіркеу туралы ақпаратты тіркеу кезінде көрсетілген электрондық пошта мекенжайына жібереді;
Тармақша 2
2) ТТҚ АЖ-не қатысушылар тізіліміне қосады;
Тармақша 3
3) ТТҚ АЖ-не қатысушылар тізіліміне енгізілгеннен кейін жеке кабинетке кіруге рұқсат береді.
Тармақ 15
15. ТТҚ АЖ функционалына қол жеткізу үшін айналымға қатысушы ЭЦҚ арқылы жеке кабинетте авторланады және қосымша мәліметтер ұсынады:
Тармақша 1
1) айналымға қатысушының типі (өндіруші, импорттаушы, көтерме және (немесе) бөлшек сауданы жүзеге асыратын айналымға қатысушы);
Тармақша 2
2) өндірістік алаңдар туралы мәліметтер (қатысушы типі үшін – өндіруші, импорттаушы). Айналымға қатысушы айналымға қатысушының атынан мәліметтерді ТТҚ АЖ-ға беруге және сұратуға құқығы бар уәкілетті тұлғалар туралы ақпаратты қосады. Мұндай құқық берілген уәкілетті тұлғалар ЭЦҚ арқылы жеке кабинетте авторланады.
Тарау 5. 5-тарау. Тауарларды таңбалау мен қадағалаудың ақпараттық жүйесінде темекі өнімдерін тіркеу
5-тарау. Тауарларды таңбалау мен қадағалаудың ақпараттық жүйесінде темекі өнімдерін тіркеу 16. ТТҚ АЖ-да темекі өнімдерін тіркеуді:
Тармақша 1
1) темекі өнімдерін өндірушілер – келісімшарттық өндіріс шеңберінде темекі өнімдерін өндірушінің тапсырысы бойынша үшінші тұлғалар өндіретін темекі өнімдерін қоса алғанда, Қазақстан Республикасының аумағында темекі өнімдерін өндірген жағдайда;
Тармақша 2
2) импорттаушы – Қазақстан Республикасының аумағына темекі өнімдерін әкелген жағдайда жүзеге асырады.
Тармақ 17
17. ТТҚ АЖ-да темекі өнімдерін тіркеу үшін өндіруші немесе импорттаушы ТТҚ АЖ-да кем дегенде мынадай мәліметтерді:
Тармақша 1
1) темекі өнімдерін тіркейтін өндіруші немесе импорттаушының ЖСН немесе БСН;
Тармақша 2
2) темекі өнімінің түрін;
Тармақша 3
3) тауар кодын (GTIN);
Тармақша 4
4) сауда атауын;
Тармақша 5
5) өндірген елді;
Тармақша 6
6) ЕАЭО СЭҚ ТН кодын;
Тармақша 7
7) темекі өнімдері қаптамасының типі;
Тармақша 8
8) тұтыну қаптамасындағы өнім бірлігінің саны;
Тармақша 9
9) тұтыну қаптамасындағы өнімнің өлшем бірлігін;
Тармақша 10
10) топтық қаптамадағы тұтыну қаптамасының санын (топтық қаптамалар үшін);
Тармақша 11
11) тауардың тұтынушылық сипаттамасын;
Тармақша 12
12) рұқсат беру қағаздары туралы мәліметтерді (болған кезде) көрсетеді.
Тармақ 18
18. Айналымға қатысушыға мынадай:
Тармақша 1
1) тауардың осындай кодымен (GTIN) темекі өнімдері ТТҚ АЖ-да тіркелген;
Тармақша 2
2) GS1 Kazakhstan ақпараттық ресурсының деректері бойынша тауар кодын (GTIN) айналымға қатысушы пайдалануға жатпаған;
Тармақша 3
3) GS1 ақпараттық ресурсының деректері бойынша тауардың коды (GTIN) жоқ болған жағдайларда темекі өнімдерін ТТҚ АЖ-да тіркеуден бас тартылады.
Тармақ 19
19. Темекі өнімдерін тіркеу нәтижелері бойынша Оператор 3 (үш) жұмыс күні ішінде ұсынылған мәліметтерді тауарлар тізіліміне енгізеді және айналымға қатысушыға ТТҚ АЖ-да тауарларды тіркеу туралы ақпаратты жолдайды.
Тарау 6. 6-тарау. Темекі өнімдерін сәйкестендіру құралының сипаттамасы
6-тарау. Темекі өнімдерін сәйкестендіру құралының сипаттамасы
Тармақ 20
20. Темекі өнімдерін сәйкестендіру құралы ЕСС-200 және АSCII кодтау қателерін түзету әдісін қолданумен темекі өнімдерінің тұтыну (ал ол болмаған кезде материалдық жеткізгіш) және топтық қаптамасына екі өлшемді матрицалық штрих код түрінде салынады.
Тармақ 21
21. Темекі өнімдерінің тұтыну қаптамасын сәйкестендіру құралында үш деректер тобын қамтитын таңбалау коды болады, оның ішінде алғашқы екі деректер тобы тұтыну қаптамасын сәйкестендіру кодын құрайды, бұл ретте: бірінші топ он төрт саннан тұрады және тұтыну қаптамасының тауар кодын (GTIN) қамтиды (бірінші сан 0 және қалған он үш сан – GTIN коды); екінші топ жеті символдан тұрады (цифр, латын әліпбиінің кіші және бас әріптері, сондай-ақ арнайы символдар) және тұтыну қаптамасының жеке сериялық нөмірін қамтиды; үшінші топ сегіз символдан тұрады (цифр, латын әліпбиінің кіші және бас әріптері, сондай-ақ арнайы символдар) және тексеру кодын қамтиды. Тұтыну қаптамасын сәйкестендіру құралы DataMatrix форматында екі өлшемді штрих код түрінде ұсынылады.
Тармақ 22
22. Темекі өнімдерінің топтық қаптамасын сәйкестендіру құралы үш деректер тобы қамтылған таңбалау кодын қамтиды, оның ішінде алғашқы екі деректер тобын топтық қаптаманы сәйкестендіру коды, сондай-ақ темекі өнімдерін өндірушінің қалауы бойынша енгізілетін қосымша деректер топтарының ерікті саны құрайды. Деректер топтары GS1 халықаралық стандарттарында көзделген мынадай атрибуттармен сәйкестендіріледі: деректердің бірінші тобы 01 қолдану кодымен сәйкестендіріледі және 14 (он төрт) цифрдан тұратын топтық қаптаманың тауар кодын (GTIN) қамтиды; деректердің екінші тобы 21 қолдану кодымен сәйкестендіріледі және жеті символдан тұратын топтық қаптаманың жеке сериялық нөмірін қамтиды; деректердің үшінші тобы 93 қолдану кодымен сәйкестендіріледі және сегіз символдан тұратын тексеру кодын қамтиды. Топтық қаптаманы сәйкестендіру құралы GS1-DataMatrix форматында екі өлшемді штрих код түрінде ұсынылады.
Тармақ 23
23. Көліктік қаптаманы сәйкестендіру кодын айналымға қатысушы GS1-128 халықаралық стандартына сәйкес келетін бір өлшемді штрих код немесе DataMatrix форматында екі өлшемді штрих код түрінде ұсынады. Көліктік қаптаманы сәйкестендіру кодының құрамын көліктік қаптамада темекі өнімдерін агрегациялауды жүзеге асыратын айналымға қатысушы айқындайды.
Тармақ 24
24. Штрих код форматындағы сәйкестендіру құралдары мынадай талаптарға жауап береді:
Тармақша 1
1) тұтыну және топтық қаптама үшін көлемі 0,254 миллиметрден кем емес модуль қолданылады;
Тармақша 2
2) 10 000-ның бірінен аз сәйкестендіру құралдарын іріктеу арқылы қолдан жасау ықтималдығы;
Тармақша 3
3) қателерді тану және түзету функциясы DataMatrix ECC200-ге қарағанда баламалы немесе жоғары.
Тармақ 25
25. ТТҚ АЖ темекі өнімдерінің қаптамасына салынған сәйкестендіру құралындағы таңбалау кодын қайта қалыптастыруға (генерациялауға) жол бермейді.
Тарау 7. 7-тарау. Сәйкестендіру құралдарын қалыптастыру тәртібі
7-тарау. Сәйкестендіру құралдарын қалыптастыру тәртібі
Тармақ 26
26. Темекі өнімдерін сәйкестендіру құралдарымен таңбалауды қамтамасыз ету үшін айналымға қатысушы Операторға ТТҚ АЖ арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша таңбалау кодтарын алуға сұрау салуды (бұдан әрі – сұрау салу) жолдайды. Таңбалау кодтарын беруден мынадай:
Тармақша 1
1) айналымға қатысушы ТТҚ АЖ-да тіркелмеген;
Тармақша 2
2) ұсынылған сәйкестендіру коды бұрын ТТҚ АЖ-да тіркелген;
Тармақша 3
3) тауар коды тауарлар тізілімінде тіркелмеген;
Тармақша 4
4) тауар коды «Темекі өнімдері» тауар тобына сәйкес келмеген жағдайларда бас тартылады.
Тармақ 27
27. ТТҚ АЖ-да сұрау салу тіркелген сәттен бастап 4 (төрт) сағат ішінде Оператор:
Тармақша 1
1) айналымға қатысушыдан алынған деректер негізінде криптографиялық қорғау алгоритмдерін қолдана отырып, сұрау салуда көрсетілген таңбалау кодтарының санын эмиссияны жүзеге асырады (генерациялайды);
Тармақша 2
2) сәйкестендіру құралдарының тізіліміне тиісті сәйкестендіру кодтарын қосады;
Тармақша 3
3) айналымға қатысушыға осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша таңбалаудың эмиссияланған кодтарының құрамы туралы мәліметтер береді.
Тармақ 28
28. Айналымға қатысушы таңбалау кодтарын алған күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күнінен кешіктірмей оларды сәйкестендіру құралдарына өзгертеді, оларды темекі өнімдерінің қаптамасына түсіруді қамтамасыз етеді және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауарларға салынған сәйкестендіру құралдарында қамтылған сәйкестендіру кодтары туралы ақпаратты ТТҚ АЖ-ға береді. Айналымға қатысушысы алған және осы Қағидаларда көзделген талаптарға сәйкес берілген таңбалау кодтарын енгізу туралы ақпаратқа енгізілмеген сәйкестендіру кодтарын қамтитын таңбалау кодтарының күші жойылады.
Тармақ 29
29. Таңбалау кодын ұсыну жөніндегі қызметке айналымға қатысушы темекі өнімдеріне тиісті таңбалау кодынан қайта құрылған сәйкестендіру құралдарын енгізу туралы мәліметтерді ТТҚ АЖ-ға енгізгенге дейін Оператормен жасалған шарт негізінде төлейді. Таңбалау кодын ұсыну жөніндегі қызмет осы Қағидаларда көзделген талаптарға сәйкес берілген темекі өнімдеріне сәйкестендіру құралдарын енгізу туралы ақпаратта қамтылған мәліметтерді ТТҚ АЖ-да тіркеу сәтінде Оператор көрсетті деп танылады.
Тармақ 30
30. Сәйкестендіру құралдарын енгізу туралы мәліметтерді тіркеуден мынадай:
Тармақша 1
1) сәйкестендіру құралдарын енгізу туралы ақпаратта көрсетілген сәйкестендіру кодтары ТТҚ АЖ сәйкестендіру құралдарының тізілімінде болмаған;
Тармақша 2
2) сәйкестендіру кодтары туралы мәліметтер осы Қағидалардың 28-тармағында көзделген талаптарды бұза отырып ұсынылған;
Тармақша 3
3) айналымға қатысушы енгізу туралы ақпаратты ТТҚ АЖ-ға беретін, сәйкестендіру құралдарында қайта құрылған, таңбалау кодтарының төленгенін растау болмаған жағдайларда бас тартылады.
Тарау 8. 8-тарау. Сәйкестендіру құралдарын салу тәртібі
8-тарау. Сәйкестендіру құралдарын салу тәртібі
Тармақ 31
31. Қазақстан Республикасының аумағында темекі өнімдерін өндірген жағдайда тұтыну және топтық қаптамаларға сәйкестендіру құралдарын енгізу осындай өнімдерді өндіру немесе сақтау орындарында, ал әкелген жағдайда – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын немесе ЕАЭО кедендік аумағын іс жүзінде кесіп өткенге дейін ішкі тұтыну немесе кері импорт үшін тауарлар шығарылғанға дейін немесе осы Қағаданың 3 тармағаның екінші бөліміне сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 32
32. СЭҚ ТН 2402209000, 2404110001 кодтары бойынша темекі өнімдерінің тұтыну қаптамасына сәйкестендіру құралдарын салу сәйкестендіру құралдарын тұтыну қаптамасынан бөлуге және басқа ақпаратпен жабуға жол бермейтін тікелей басып шығару әдісімен жүзеге асырылады. СЭҚ ТН 2402209000, 2404110001 кодтары бойынша сәйкестендіру құралдарын мөлдір орау пленкасына немесе қандай да бір сыртқы орау материалына салуға жол берілмейді. Бұл ретте сәйкестендіру құралы техникалық реттеу туралы заңнаманың талаптарына сәйкес тұтыну қаптамасына салынған ақпараттың тұтастығы бұзылмайтындай етіп орналастырылады. СЭҚ ТН 2402201000, 2402900000, 2402100000, 2403, 2404 (2404110001 басқа), 3824999208 кодтары бойынша сәйкестендіру құралдарын мөлдір орау пленкасының немесе қандай да бір сыртқы орау материалының үстінен материалдық жеткізгішке салуға жол беріледі. Сәйкестендіру құралдарын темекі өнімдерінің топтық қаптамасына салу материалдық жеткізгішке жүзеге асырылады.
Тарау 9. 9-тарау. Темекі өнімдерін агрегаттау тәртібі
9-тарау. Темекі өнімдерін агрегаттау тәртібі
Тармақ 33
33. Темекі өнімдерінің тұтыну қаптамасын топтық қаптамаға агрегаттағаннан кейін айналымның келесі қатысушысына агрегаттаған қаптаманы бергенге дейін айналымға қатысушы осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ТТҚ АЖ-да тұтыну қаптамаларын агрегаттау туралы ақпаратты ұсынады.
Тармақ 34
34. Тұтыну қаптамаларын топтық қаптамаға агрегаттау туралы ақпарат агрегатталған қаптаманы келесі айналымға қатысушыға бергенге дейін көліктік қаптамаға қаптаманы агрегаттау туралы ақпаратпен бір мезгілде беріледі.
Тармақ 35
35. Темекі өнімдерін қаптамаларын көліктік қаптамада агрегаттаудан кейін агрегатталған қаптаманы келесі айналымға қатысушыға бергенге дейін айналымға қатысушы осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ТТҚ АЖ-да қаптамаларды агрегаттау туралы ақпаратты ұсынады.
Тармақ 36
36. Айналымға қатысушы топтық немесе көліктік қаптамадағы темекі өнімдерінің бір бөлігінің айналымы немесе айналымнан шығарылуы туралы мәліметтерді ТТҚ АЖ-ға ұсынған жағдайда, ТТҚ АЖ-да қаптамадан алынған өнімдер бар неғұрлым жоғары деңгейдегі салынымның барлық қаптамаларын қайта қалыптастыру тіркеледі.
Тармақ 37
37. Топтық және (немесе) көліктік қаптамаларды басқа көліктік қаптамаларға қайта салған жағдайда, темекі өнімдерін агрегаттау туралы мәліметтерді ТТҚ АЖ-ға ұсыну осы Қағидалардың 33, 34 және 35-тармақтарында көзделген реттілікпен жүзеге асырылады.
Тармақ 38
38. Оператор осы тарауда көзделген көлік қаптамасын агрегаттау немесе құрамының өзгеруі туралы мәліметтерді алғаннан кейін олардың сәйкестендіру құралдарының тізілімінде көрсетілуін, сондай-ақ осы ақпаратқа айналымға қатысушылардың ТТҚ АЖ-да қол жетімділігін қамтамасыз етеді.
Тармақ 39
39. Айналымға қатысушы 1 (бір) есепті кезең (ай) шеңберінде тікелей басып шығару әдісін пайдалана отырып, өндірілген барлық темекі өнімдері бойынша тұтыну және топтық қаптамаларды агрегаттаудың орташа тиімділігін 99 пайыздан төмен емес қамтамасыз етеді. Бұл ретте сәйкестендіру коды туралы мәліметтердің топтық қаптаманың ішінде екі агрегатталған тұтыну қаптамасынан аспайтын және көліктік қаптаманың ішінде екі топтық қаптамадан аспайтын болуына жол беріледі. Бұл жағдайда агрегаттауды жүзеге асырған айналымға қатысушы агрегаттау күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде агрегаттау кезінде ТТҚ АЖ-ға берілмеген тұтыну қаптамасын сәйкестендіру кодтары немесе топтық қаптаманы сәйкестендіру кодтары туралы мәліметтерді ТТҚ АЖ-ға береді. Бұл ретте Оператор көрсетілген сәйкестендіру кодтары туралы мәліметтерді ТТҚ АЖ сәйкестендіру құралдарының тізіліміне уақытша қадағаланбайтыны туралы түрінде енгізеді.
Тармақ 40
40. Топтық қаптаманы немесе көліктік қаптаманы таратқаннан және айналымға қатысушы көрсетілген тұтынушылық қаптаманы немесе топтық қаптаманы көтерме немесе бөлшек сауданы жүзеге асыратын айналымға қатысушының сатуы (беруі) туралы мәліметтерді ТТҚ АЖ-ға бергеннен кейін Оператор тауар айналымының тиісті фактісінен өзге ТТҚ АЖ сәйкестендіру құралдары тізілімінде көрсетілген қаптаманы қадағалауды қалпына келтіру фактін көрсетеді.
Тарау 10. 10-тарау. Қазақстан Республикасының аумағында темекі өнімдерін айналымға енгізу кезінде тауарларды таңбалау мен қадағалаудың ақпараттық жүйесіне мәліметтерді ұсыну тәртібі
10-тарау. Қазақстан Республикасының аумағында темекі өнімдерін айналымға енгізу кезінде тауарларды таңбалау мен қадағалаудың ақпараттық жүйесіне мәліметтерді ұсыну тәртібі
Тармақ 41
41. Темекі өнімдерін:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының аумағында темекі өнімдерін өндіру кезінде – өндірушіден осындай адамға иеліктен шығару мақсатында немесе кейіннен өткізу үшін оларды тарату және (немесе) пайдалану үшін қолжетімді ететін жаңа меншік иесіне не өзге де тұлғаға бастапқы өтеулі немесе тауарды өтеусіз беру;
Тармақша 2
2) ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумағынан темекі өнімдерін әкелу кезінде – ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасына тауарларды әкелу туралы хабарламада импорттаушы мәлімдеген сәйкестендіру кодтарын растау туралы мәліметтерді ТТҚ АЖ-ға жіберу нәтижелері бойынша әкелінген тауарды есепке алу;
Тармақша 3
3) ЕАЭО мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумағынан темекі өнімдерін әкелу кезінде – ЕАЭО мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасына темекі өнімдерін әкелу туралы хабарламада ТТҚ АЖ-ға жіберу нәтижелері бойынша кеден органдарының көрсетілген өнімдерді ішкі тұтыну үшін шығаруы Қазақстан Республикасының аумағында айналымға енгізу болып табылады.
Тармақ 42
42. ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасына темекі өнімдерін әкелуді жүзеге асыратын айналымға қатысушылар осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасына темекі өнімдерін әкелу туралы хабарламаны қалыптастырады, оған ЭЦҚ-мен қол қояды және тіркеу нөмірін алу үшін ТТҚ АЖ-ға жібереді. Әкелінген тауарды есепке алу фактісі бойынша айналымға қатысушы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасына тауарларды әкелу туралы хабарламада бұрын өзі мәлімдеген сәйкестендіру кодтарын растау туралы мәліметтерді ТТҚ АЖ-ға жібереді.
Тармақ 43
43. ЕАЭО мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасына темекі өнімдерін әкелуді жүзеге асыратын айналымға қатысушылар кеден органдары ішкі тұтыну үшін шығарғаннан кейін осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ЕАЭО мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасына темекі өнімдерін әкелу туралы хабарламаны қалыптастырады, оған ЭЦҚ-мен қол қояды және тіркеу нөмірін алу үшін ТТҚ АЖ-не жібереді.
Тармақ 44
44. Осы Қағидаларға 5 және 6-қосымшаларда көзделген темекі өнімдерін әкелу туралы хабарламалар осы тармақтың екінші бөлігінде айқындалған жағдайды қоспағанда, электрондық нысанда ресімделеді. Осы Қағидаларға 5 және 6-қосымшаларда көзделген темекі өнімдерін әкелу туралы хабарламалар Оператордың интернет-ресурсында ақпаратпен расталған ТТҚ АЖ-да техникалық қателіктер себебінен электрондық нысанда хабарламаларды ресімдеу мүмкін болмаған жағдайда қағаз жеткізгіште ресімделеді. Техникалық қателер жойылғаннан кейін бұрын қағаз жеткізгіште ресімделген Қазақстан Республикасына темекі өнімдерін әкелу туралы хабарламаларды импорттаушы ТТҚ АЖ-да техникалық қателер жойылған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде, бірақ тауар үшінші тұлғаға берілген күннен кешіктірмей ТТҚ АЖ-ға енгізуге тиіс.
Тарау 11. 11-тарау. Қазақстан Республикасының аумағында темекі өнімдерінің айналымы кезінде тауарларды таңбалау мен қадағалаудың ақпараттық жүйесіне мәліметтерді ұсыну тәртібі
11-тарау. Қазақстан Республикасының аумағында темекі өнімдерінің айналымы кезінде тауарларды таңбалау мен қадағалаудың ақпараттық жүйесіне мәліметтерді ұсыну тәртібі
Тармақ 45
45. «Таңбалауға жататын тауарлардың тізбесін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 27 қыркүйектегі № 343-НҚ бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35129 болып тіркелген) белгіленген сәйкестендіру құралдарымен темекі өнімдерін таңбалау енгізілген күннен кейін өндірілген және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген темекі өнімдерінің айналымына, олардың айналымы туралы мәліметтер ТТҚ АЖ-ға тіркелген жағдайда ғана жол беріледі.
Тармақ 46
46. Темекі өнімдерін жаңа меншік иесіне өтеулі немесе өтеусіз беру кезінде айналымға қатысушы осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қабылдау (беру) актісін қалыптастырады, оған ЭЦҚ-мен қол қояды және темекі өнімдерін өткізу күнінен кейінгі күннен кешіктірмей тіркеу нөмірін алу үшін ТТҚ АЖ-ға жібереді.
Тармақ 47
47. Оператор ТТҚ АЖ-да қабылдау (беру) актісін тіркеу нәтижелері бойынша нақты уақыт режимінде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараттық жүйелеріне осы қабылдау (беру) актісі бойынша мәліметтерді, оның ішінде берілетін тауардың саны және құны бойынша ақпаратты береді.
Тармақ 48
48. Темекі өнімдерін алуды Қабылдау/беру актісі тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Қабылдау/беру актісі бойынша айналымға қатысушы жүзеге асырады, оған ЭЦҚ қол қояды және ТТҚ АЖ-ға жіберіледі.
Тармақ 49
49. Айналымның екі қатысушыдан ЭЦҚ қойылған қабылдау/беру актісін алған кезде Оператор Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараттық жүйелеріне тауарларды қабылдау туралы мәліметтерді береді.
Тармақ 50
50. Темекі өнімдерін қабылдау кезінде алшақтықтар анықталған жағдайда, айналымға қатысушы анықтаған алшақтықтар туралы хабарлама қалыптастырады және бұрын жөнелтілген қабылдау (беру) актісіне тиісті өзгерістер енгізу үшін оны тиеп жөнелтуді жүзеге асырған айналымға қатысушыға жібереді немесе оны қабылдаудан бас тартады. Қабылдау (беру) актісін қабылдаудан бас тартқан жағдайда айналымға қатысушы жаңа қабылдау (беру) актісін жазады. Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген жағдайды қоспағанда, айналымға қатысушы ТТҚ АЖ-да тіркелген күннен кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде, бірақ жаңасын ресімдемей, алушы растаған сәтке дейін қабылдау (беру) актісін кері қайтарып ала алады.
Тармақ 51
51. Анықталған алшақтықтар туралы хабарлама мынадай мәліметтерді қамтиды:
Тармақша 1
1) өнім берушінің ЖСН немесе БСН;
Тармақша 2
2) алушының ЖСН немесе БСН;
Тармақша 3
3) қабылданған темекі өнімдерінің орамасындағы сәйкестендіру кодтарының тізімі;
Тармақша 4
4) қабылдау (беру) актісінде (болған кезде) мәліметтері жоқ темекі өнімдерінің орамасындағы сәйкестендіру кодтарының тізімі;
Тармақша 5
5) қабылдау (беру) актісінде бағасы және құны бойынша мәліметтер анық емес сәйкестендіру кодтары мен темекі өнімдерінің тізімі;
Тармақша 6
6) қабылдау (беру) актісінің деректемелері.
Тармақ 52
52. Қабылдау (беру) актісі Оператордың интернет-ресурсында ТТҚ АЖ-да техникалық қателер себебінен ТТҚ АЖ-де қабылдау (беру) актісін ресімдеудің мүмкін болмауы туралы ақпарат расталған кезде айналымға қатысушы қағаз жеткізгіште қабылдау (беру) актісін ресімдеген жағдайды қоспағанда, электрондық нысанда ресімделеді. Техникалық қателер жойылғаннан кейін бұрын қағаз жеткізгіште ресімделген қабылдау (беру) актісін өнім беруші ТТҚ АЖ-да техникалық қателер жойылған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күн ішінде, бірақ тауар үшінші тұлғаға берілген күннен кешіктірмей ТТҚ АЖ-ға енгізуге тиіс.
Тармақ 53
53. Жөнелтуші Қабылдау/беру актісін кері қайтарып алған жағдайда, Оператор ЭШФ АЖ-ға кері қайтарып алу туралы мәліметтерді береді.
Тармақ 54
54. ТТҚ АЖ-да таңбалау кодтарының меншік иесін ауыстыру ТТҚ АЖ-да Қабылдау/беру актісінен расталған мәліметтер негізінде жүзеге асырылады.
Тарау 12. 12-тарау. Темекі өнімдерін айналымнан шығару кезінде ТТҚ АЖ-ға мәліметтерді ұсыну тәртібі
12-тарау. Темекі өнімдерін айналымнан шығару кезінде ТТҚ АЖ-ға мәліметтерді ұсыну тәртібі
Тармақ 55
55. Темекі өнімдерін бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын айналымға қатысушы оларды ТТҚ АЖ-ға қабылдағаны туралы мәліметтер мынадай тәсілдердің бірі: 1) өзінде орнатылған бақылау-касса машинасымен ұштасқан, сатылатын өнімнің қаптамасына техникалық құралдармен басылған сәйкестендіру құралын сканерлеу және тану; осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша темекі өнімдерін айналымнан шығару туралы хабарламаны өткізу (сату) күнінен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмейтін мерзімде ТТҚ АЖ-ға ұсыну арқылы расталған жағдайда ғана оларды айналымнан шығаруды жүзеге асырады.
Тармақ 56
56. Фискалдық деректер операторы мынадай мәліметтерді қамтитын әрбір өткізілген тауар бірлігі бойынша ТТҚ АЖ-ға нақты уақыт режимінде мәліметтерді беруді жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) сатушының ЖСН немесе БСН;
Тармақша 2
2) бақылау-касса машинасының тіркеу нөмірі;
Тармақша 3
3) фискалдық құжаттың деректемелері (чектің нөмірі мен күні);
Тармақша 4
4) өткізу күні мен бағасы;
Тармақша 5
5) тауарға түсірілген сәйкестендіру құралындағы тауарды сәйкестендіру коды.
Тармақ 57
57. Бөлшек саудада өткізу кезінде ТТҚ АЖ-да темекі өнімдерін айналымынан шығару мынадай негіздердің бірі болған кезде:
Тармақша 1
1) Фискалдық деректер операторынан алынған, осы Қағидалардың 56-тармағында көрсетілген мәліметтердің негізінде;
Тармақша 2
2) осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша темекі өнімдерін бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын айналымның қатысушысы ТТҚ АЖ-ға ұсынған айналымнан шығару туралы хабарлама негізінде;
Тармақша 3
3) шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес микрокәсіпкерлік субъектілеріне жататын, темекі өнімдерін бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын айналымға қатысушы ТТҚ АЖ-ға ұсынған қабылдау (беру) актісін растау туралы мәліметтердің негізінде, айналымға қытысушының алынған темекі өнімдерінің айналымынан автоматты түрде шығуына келісуі туралы ТТҚ АЖ-да тиісті белгі болған және осы тармақтың 1) немесе 2) тармақшасында көрсетілген, айналымнан шығару туралы ақпарат ТТҚ АЖ-да болмаған кезде жүзеге асырылады.
Тармақ 57-1
57-1. Темекі өнімдерін бөлшек саудада сату болып табылмайтын негіздер бойынша айналымнан шығарған кезде осы өнімді айналымнан шығаруды жүзеге асыратын айналымға қатысушы осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша темекі өнімдерін айналымнан шығару туралы хабарламаны ТТҚ АЖ-ға ұсынады.
Тармақ 58
Тарау 13. 13-тарау. Темекі өнімдерін қайта айналымға енгізген кезде ТТҚ АЖ-ға мәліметтерді ұсыну тәртібі
13-тарау. Темекі өнімдерін қайта айналымға енгізген кезде ТТҚ АЖ-ға мәліметтерді ұсыну тәртібі
Тармақ 59
59. Темекі өнімдерін қайтарған кезде айналым қатысушы мұндай тауарларды одан әрі өткізу үшін айналымға қайта енгізуді орындайды.
Тармақ 60
60. Бөлшек саудада өткізу кезінде бұрын айналымнан шығарылған темекі өнімдерін айналымға қайта енгізу үшін айналымға қатысушы әрбір қалпына келтірілетін бірлік бойынша енгізуді жүзеге асырады. Бұл ретте фискалдық деректер операторы айналымға қатысушының мәліметтері негізінде ТТҚ АЖ-ға темекі өнімдерін айналымға қайта енгізу туралы ақпаратты нақты уақыт режимінде беруді жүзеге асырады.
Тармақ 61
61. Осы Қағидалардың 57-тармағында көрсетілгеннен өзгеше себептер бойынша бұрын айналымнан шығарылған темекі өнімдерін айналымға қайта енгізу үшін айналымға қатысушы Операторға осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауарларды айналымға қайта енгізу туралы ақпаратты жібереді.
Тармақ 62
62. Ақпарат операторға темекі өнімдерін айналымға қайта енгізу үшін негіздер туындаған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жіберіледі.
Тарау 14. 14-тарау. ТТҚ АЖ-дегі мәліметтерге өзгерістер енгізу тәртібі
14-тарау. ТТҚ АЖ-дегі мәліметтерге өзгерістер енгізу тәртібі
Тармақ 63
63. Осы Қағидалардың 4, 5, 10 және 11-тарауларында көзделген мәліметтер өзгерген жағдайда, айналымға қатысушы өзгерген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күн ішінде ТТҚ АЖ арқылы Операторға осы мәліметтердің өзгергені туралы ақпарат жібереді.
Тармақ 64
64. Операторға бұрын ұсынылған бөлшек саудада сату болып табылмайтын темекі өнімдерін айналымнан шығару туралы мәліметтерді жою немесе түзету үшін айналымға қатысушы Операторға деректемелерін көрсете отырып, бұрын жіберілген мәліметтердің күшін жою туралы ақпарат жібереді және қажет болған кезде жаңа мәліметтерді ұсынады.
Тармақ 65
65. Уәкілетті мемлекеттік орган мәліметтерді өзгерту туралы ақпаратты жіберген айналымға қатысушының қызметіне тексеру жүргізу кезеңінде айналымға қатысушы ТТҚ АЖ-ға бұрын жіберген темекі өнімдерін айналымға енгізу, айналымы және оны айналымнан шығару туралы мәліметтерге ТТҚ АЖ-де өзгерістер енгізуге жол берілмейді.
Тарау 15. 15-тарау. Айналымға қатысушылардың тауарларды таңбалау мен қадағалаудың ақпараттық жүйесіне ақпаратты беру тәртібі
15-тарау. Айналымға қатысушылардың тауарларды таңбалау мен қадағалаудың ақпараттық жүйесіне ақпаратты беру тәртібі
Тармақ 66
66. Айналымға қатысушылардың ТТҚ АЖ операторына ақпарат беруі деректерді берудің стандартты хаттамаларын және Оператор әзірлеген электрондық өзара іс-қимыл интерфейстерін пайдалана отырып не ТТҚ АЖ жеке кабинеті арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 67
67. Айналымға қатысушылар ТТҚ АЖ-ға жіберетін мәліметтерге айналымға қатысушының не айналымға қатысушының атынан уәкілетті тұлғаның мынадай: бұйрыққа сәйкес фискалдық құжаттардың құрамында электрондық нысанда айналымға қатысушылар беретін темекі өнімдерін бөлшек саудада өткізу туралы; айналымға қатысушының темекі өнімдерін өндіру орындарында орнатылған ТБС пайдалана отырып, электрондық нысанда беретін мәліметтерін беру жағдайларын қоспағанда, ЭЦҚ-мен қол қойылады.
Тармақ 68
68. Темекі өнімдерін айналымға енгізуді, айналымын және айналымнан шығаруды жүзеге асыру кезінде ТТҚ АЖ-да мәліметтерді ұсынуды айналымға қатысушы дәйекті түрде жүзеге асырады. Айналымға қатысушының топтық (көліктік) қаптама туралы мәліметтерді беруі ТТҚ АЖ деректері бойынша осы топтық (көліктік) қаптамадағы тұтынушылық (топтық) қаптамалар туралы мәліметтерді тең мәнді беру болып саналады.
Тармақ 69
69. ТТҚ АЖ-да қабылдаған барлық құжаттар мен мәліметтер ТТҚ АЖ-да көрсетілуі тиіс.
Тармақ 70
70. Оператор мынадай негіздердің бірі болған кезде:
Тармақша 1
1) ұсынылған ақпарат осы Қағидаларда көзделген дұрыс емес мәліметтерді қамтыған;
Тармақша 2
2) мәліметтерге ЭЦҚ-мен қол қойылмаған немесе айналымға қатысушының атынан оларға қол қою өкілеттігі жоқ тұлға қол қойған жағдайда айналымға қатысушылар ұсынатын мәліметтерді ТТҚ АЖ-де қабылдаудан бас тартады.
Тармақ 71
71. Айналымға қатысушы көрсетілген мәліметтерді қабылдау күні және ТТҚ АЖ-да мәліметтерді енгізу немесе оларды енгізуден бас тарту себептері туралы ақпаратты ТТҚ АЖ-да жеке кабинетінде көрсету арқылы ұсынылған мәліметтерді алғаны және олардың ТТҚ АЖ-ға енгізілгені не мәліметтерді қабылдаудан бас тарту туралы туралы хабардар етіледі.
Тармақ 72
72. Мәліметтерді қабылдау туралы ТТҚ АЖ жеке кабинетінде тіркелген күн ТТҚ АЖ-ға мәліметтерді ұсыну күні болып танылады. Айналымға қатысушының ТТҚ АЖ-да мәліметтерді ұсыну жөніндегі міндетті орындау фактісі мәліметтерді енгізу туралы ТТҚ АЖ-да жеке кабинетінде көрсетілетін ақпаратпен расталады.
Тармақ 73
73. ТТҚ АЖ-ға жіберілетін мәліметтердің толықтығы, дұрыстығы және уақтылығы үшін ақпаратты ұсынатын айналымға қатысушылар жауаптылықтаболады.
Тармақ 74
74. Темекі өнімдерінің айналымын бақылауды қамтамасыз ету мақсатында Оператор:
Тармақша 1
1) айналымға қатысушылар туралы;
Тармақша 2
2) міндетті таңбалануға жататын темекі өнімдері туралы;
Тармақша 3
3) темекі өнімдеріне қажапсырылған сәйкестендіру құралдары туралы;
Тармақша 4
4) осы тауарларды тұтынушылар анықтаған міндетті таңбалау туралы талаптарды бұзушылықтар туралы;
Тармақша 5
5) айналымға қатысушыларға берілген сәйкестендіру кодтары туралы;
Тармақша 6
6) таңбаланған темекі өнімдерінің айналымы және оларды айналымнан шығару туралымәліметтердің ТТҚ АЖ-да болуын қамтамасыз етеді.
Тармақ 75
Тарау 16. 16-тарау. ТТҚ АЖ-да орналастырылған ақпаратқа қол жеткізу
16-тарау. ТТҚ АЖ-да орналастырылған ақпаратқа қол жеткізу
Тармақ 76
76. Оператор еркін пайдалану үшін «Интернет» желісінде мынадай:
Тармақша 1
1) сәйкестендіру құралын оқу;
Тармақша 2
2) ТТҚ АЖ-да сәйкестендіру құралында қамтылған ақпаратты беру;
Тармақша 3
3) ТТҚ АЖ-дан темекі өнімдерінің атауы, өндірілген елі, өндіруші немесе импорттаушы, ағымдағы (соңғы) иесі, мәртебесі (сәйкестендіру құралдары) туралы мәліметтерді қоса алғанда, тексерілетін темекі өнімдері туралы мәліметтерді алу, сондай-ақ осы ақпаратты электрондық құрылғы экранында көрсету;
Тармақша 4
4) мобильді қосымшаны пайдаланушылардың ТТҚ АЖ-ға таңбалау тәртібінің ықтимал бұзушылықтары туралы мәліметтерді жіберу мүмкіндіктерін қамтамасыз ететін тегін мобильді қосымшаны әзірлейді және орналастырады.
Тармақ 77
77. ТТҚ АЖ-да қамтылған тауарларды таңбалау және қадағалау процесінде қалыптастырылған ақпарат қолжетімділігі шектеулі ақпарат болып табылады және тек мынадай тұлғаларға:
Тармақша 1
1) тауар айналымына қатысушы жасаған тауармен жасалатын мәмілелер туралы ақпарат бөлігінде тауар айналымына қатысушыға;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы мемлекеттік органдарға жүктелген міндеттерді орындау және функцияларды жүзеге асыру мақсаттары үшін сұрау салуға уәкілетті мемлекеттік органдарға;
Тармақша 3
3) ТТҚ АЖ-да қамтылған тауарлардың сипаттамасы, оларды өндіруші немесе сатушы туралы ақпарат бөлігінде тұтынушыларға беріледі.
Басқа 1. Таңбалау кодтарын алуға сұрау салу
Темекі өнімдерін таңбалау және қадағалау қағидаларына 1-қосымша нысан Таңбалау кодтарын алуға сұрау салу Айналымға қатысушы туралы ақпарат: 1. Ұйымның ЖСН немесе БСН _______________________ 2. Ұйымның атауы ___________________________________ 3. Жалпы деректер: Өндірістік тапсырыс нөмірі ____________(міндетті емес) 4. Өндіріс деректерді: Өндірістің сәйкестендіргіші (Орналасқан жердің жаhандық нөмірі) ________ Өндіріс атауы ___________ (міндетті емес) Өндіріс мекенжайы ___________ (міндетті емес) Өндіруші ел _____________ Өндірістік желінің сәйкестендіргіші ____________ Осы тапсырыс бойынша өнім өндірудің басталу күні ___________ (міндетті емес) 5. Таңбалауға арналған өнімдер тізімі: № Тауардың коды 1 Таңбалау кодтарының саны Таңбалау кодтарының саны 2 Жеке сериялық нөмірлер массиві3 Қаптама түрі 4 1 2 3 4 5 6 ТТҚ АЖ-да құжатты тіркеу туралы мәліметтер: ТТҚ АЖ-дағы құжаттың сәйкестендіргіші ____________________________ ТТҚ АЖ-да құжатты тіркеу күні мен уақыты _________ __________ Ескертпе: 1 – бір сұрау салуда тауардың 10-нан артық коды көрсетілмеуі тиіс; 2 – дербес/ Оператормәнді қабылдай алады; 3 – егер жеке сериялық нөмерлерді генерациялау тәсілінің мәні «дербес» тең болған жағдайда көрсетіледі; 4 – тұтыншылық(темекі, қорап), топтық (темекі, блоктар) мәнді қабылдай алады. Аббревиатуралардың ашып жазылуы: ЖСН немесе БСН – жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі; ТТҚ АЖ – тауарларды таңбалау мен қадағалаудың ақпараттық жүйесі.
Басқа 2. Таңбалау кодтарының эмиссиясы туралы мәліметтер
Темекі өнімдерін таңбалау және қадағалау қағидаларына 2-қосымша нысан Таңбалау кодтарының эмиссиясы туралы мәліметтер Айналымға қатысушы туралы мәлімет: 1. Ұйымның ЖСН немесе БСН _______________________ 2. Ұйымның атауы ___________________________________ ___________________________________________________________ 3. Тапсырыс бойынша өндірістік алаңдар (коды) №: таңбалау код беріледі. № Тауар коды Таңбалау кодтарының массиві (сәйкестендіру коды + тексеру коды) 1 2 3 __ Ескертпе: Аббревиатуралардың ашып жазылуы: ЖСН немесе БСН – жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі.
Басқа 3. Сәйкестендіру құралдарын жапсыру туралы ақпарат
Темекі өнімдерін таңбалау және қадағалау қағидаларына 3-қосымша нысан Сәйкестендіру құралдарын жапсыру туралы ақпарат Айналымға қатысушы туралы ақпарат: 1. Ұйымның ЖСН немесе БСН ____________________________________ 2. Ұйымның атауы _______________________________________________ 3. Жалпы ақпарат: Өндірістік желінің сәйкестендіргіші _______________________________ Өндірістік тапсырыстың сәйкестендіргіші _____________(міндетті емес) Өнім брендінің атауы _________________(міндетті емес) ТТБФЖ енгізу туралы есептің сәйкестендіргіші ___________(міндетті емес) 4. Пайдаланылған таңбалау кодтарының тізімі: Пайдалану түрі * _________________________________________________ №** Таңбалау коды 1 2 ТТҚ АЖ-да құжатты тіркеу туралы мәліметтер: ТТҚАЖ-да құжаттың сәйкестендіргіші ____________________________ ТТҚ АЖ-да құжатты тіркеу күні мен уақыты _________ _________ Ескертпе: * – таңбалау коды өндірістік желіге берілді/өддірістік желі таңбалау коды принтерге жібереді/ таңбалау коды басып шығарылды/принтермен таңбалау коды расталған жоғалуы/ таңбалау коды жапсыру расталдымәндерін қабылдай алады; **– таңбалау коды саны 30 000 кодтан аспауы тиіс. Аббревиатуралардың ашып жазылуы: ЖСН немесе БСН – жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі; ТПБ АЖ – технологиялық процесті басқарудың автоматтандырылған жүйесі; ТТҚ АЖ – тауарларды таңбалау мен қадағалаудың ақпа
Басқа 4. Қаптаманы агрегирлеу туралы ақпарат
Темекі өнімдерін таңбалау және қадағалау қағидаларына 4-қосымша нысан Қаптаманы агрегирлеу туралы ақпарат 1. Айналымға қатысушы туралы мәлімет (Жалпы ақпарат): Ұйымның ЖСН немесе БСН _______________________ Ұйымның атауы ___________________________________ Өндірістік желінің сәйкестендіргіші ________________________ Өндірістік тапсырыстың сәйкестендіргіші ___________________(міндетті емес) 2. Агрегат деректері: Агрегирлеу түрі _______________ Агрегат деректері Агрегирленген ТК массиві № Агрегирлеу бірлігінің сәйкестендіру коды Қаптама сыйымдылығы Агрегирлеу бірлігіндегі нақты дана саны № Сәйкестендіру коды* 1 2 3 4 5 6 ТТҚ АЖ-да құжатты тіркеу туралы мәліметтер: ТТҚ АЖ-да құжаттың сәйкестендіргіші ____________________________ Құжатты ТТҚ АЖ-де тіркеу күні мен уақыты _________ __________ Ескертпе: * – ТК болған жағдайда сәйкестендіру кодының форматы 1) GS1 стандарты (мысалы, блоктар) қолданылады: 01+тауар номенклатурасы (GTIN)+21+сериялық нөмірі; 2) GS1стандарты қолданылмайды (қорап): (GTIN) тауар номенклатурасы + сериялық нөмірі. Аббревиатуралардың ашып жазылуы: ТК – таңбалау коды; ЖСН немесе БСН – жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі; ТТҚ АЖ – тауарларды таңбалау мен қадағалаудың ақ
Басқа 5. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасына тауарларды әкелу туралы 20__ «___»_________№_____хабарлама
Темекі өнімдерін таңбалау және қадағалау қағидаларына 5-қосымша нысан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасына тауарларды әкелу туралы 20__ «___»_________№_____хабарлама Жалпы ақпарат: 1. Алушының ЖСН немесе БСН _______________________ 2. Алушының атауы ___________________________________ 3. Жөнелтушінің сәйкестендіру нөмірі (немесе жөнелтушінің еліндегі ұқсас нөмірі)_______________ 4. Жөнелтушінің атауы ___________________________________ 5. Аумағынан тауарларды әкелу жүзеге асырылатын, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекет __________________ 6. Тауардың Еуразиялық экономикалық одақ техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкестігін растайтын құжат туралы мәліметтер (тіркеу күні және тіркеу нөмірі)_______________ 7. Акцизді төлеу туралы мәліметтер: Түбіртектің күні мен нөмірі ___________ ___________ Акциз сомасы _______________________ 8. Бастапқы құжаттың күні мен нөмірі – Әкелу туралы хабарлама *_________________ Тауарлар туралы ақпарат: № Тауардың/қаптаманың сәйкестендіру коды 1 2 Құжатқа ЭЦҚ-мен қол қойылған ____________________ Ескертпе: * - бұрын қағаз жеткізгіште жазып берілген Хабарлама бойынша мәліметтер енгізілген жағдайда көрсетіледі; Аббревиатуралардың ашып жазылуы: ЖСН немесе БСН – жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі; ЭЦҚ – электрондық цифрлық қолтаңба.
Басқа 6. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасына тауарларды әкелу туралы 20__ «___»_________ №_____хабарлама
Темекі өнімдерін таңбалау және қадағалау қағидаларына 6-қосымша нысан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасына тауарларды әкелу туралы 20__ «___»_________ №_____хабарлама Жалпы ақпарат: 1. Алушының ЖСН немесе БСН _______________________ 2. Алушының атауы ___________________________________ 3. Тауарларға арналған декларацияның деректемелері: Нөмірі және күні («А» бағаны) ______________ 4. Тауарларға арналған декларация бойынша шешім: Кеден органының қабылдаған күні мен уақыты _____________ шешім коды (кеден органы қабылдайтын шешімдердің жіктеуішіне сәйкес) ____ ________ 5. Тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкестігін растайтын құжат туралы мәліметтер (тіркелген күні және тіркеу нөмірі) _______________ 6. Бастапқы құжаттың күні мен нөмірі – Әкелу туралы хабарлама *____________________ Тауарлар туралы ақпарат: № Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының коды Тауарларға арналған декларациясындағы тауар нөмірі Темекі өнімдерін өндіру елі Тауардың/ қаптаманың сәйкестендіру коды 1 2 3 4 5 Құжатқа ЭЦҚ-мен қол қойылған ____________________ Ескертпе: * - бұрын қағаз жеткізгіште жазып берілген Хабарлама бойынша мәліметтер енгізілген жағдайда көрсетіледі; Аббревиатуралардың ашып жазылуы: ЖСН немесе БСН – жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі; ЭЦҚ – электрондық цифрлық қолтаңба.
Басқа 7. 20__ «___» _________ №_____ қабылдау (беру) актісі
Темекі өнімдерін таңбалау және қадағалау қағидаларына 7-қосымша нысан 20__ «___» _________ №_____ қабылдау (беру) актісі 1. Жалпы ақпарат: 1.1. Ұйым (дара кәсіпкер) - жөнелтуші 1.2. Жөнелтушінің ЖСН-і немесе БСН-і 1.3. Ұйым (дара кәсіпкер) - алушы 1.4. Алушының ЖСН-і немесе БСН-і 2. Бастапқы құжаттың күні мен нөмірі – қабылдау (беру) актісі* 20__ «___» _______ № _____ 3. Тауарлар туралы ақпарат: р/с № ЕА­ЭО СЭҚ ТН ко­ды Та­у­ар ко­ды (GTIN) Та­у­ар ата­уы Ора­ма тү­рі** Та­у­ар­дың/ора­ма­ның сәй­кестен­ді­ру ко­ды Тұ­ты­ну ора­ма­сы­ның са­ны Та­у­ар бір­лі­гі­нің ба­ға­сы Та­у­ар­дың ҚҚС-сыз құ­ны ҚҚС Та­у­ар­дың ҚҚС-пен жал­пы­құ­ны мөл­шер­ле­ме­сі Со­ма­сы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 Құжатқа ЭЦҚ-мен қол қойылған ___________________ Ескертпе: ЖСН немесе БСН - жеке сәйкестендіру нөмірі / бизнес-сәйкестендіру нөмірі; * - бұрын қағаз жеткізгіште жазып берілген қабылдау (беру) актісі бойынша мәліметтер енгізілген жағдайда көрсетіледі; ЕАЭО СЭҚ ТН – ЕАЭО сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы; GTIN – Global Trade Item Number; ҚҚС – қосылған құн салығы; **– тұтыну, топтық, көліктік мәндерді қабылдай алады; ЭЦҚ – электрондық цифрлық қолтаңба.
Басқа 8. Айналымнан шығару туралы хабарлама
Темекі өнімдерін таңбалау және қадағалау қағидаларына 8-қосымша нысан Айналымнан шығару туралы хабарлама Айналымға қатысушы туралы мәлімет: 1. Ұйымның ЖСН немесе БСН _______________________ 2. Ұйымның атауы ___________________________________________ Шығарылу себебі: ___________________________________________________________ 202__ жылғы ______________ № _______ құжат Шығарылып тасталған өнім туралы мәліметтер: № Тауардың/қаптаманың сәйкестендіру коды 1 2 Құжатқа ЭЦҚ- мен қол қойылған ____________________ ТТҚ АЖ-да құжатты тіркеу туралы мәліметтер: ТТҚ АЖ-да құжаттың сәйкестендіргіші ____________________________ ТТҚ АЖ-да құжатты тіркеу күні мен уақыты _________ __________ Ескертпе: Аббревиатуралардың ашып жазылуы: ЖСН немесе БСН – жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі; ТТҚ АЖ – тауарларды таңбалау мен қадағалаудың ақпараттық жүйесі; ЭЦҚ – электрондық цифрлық қолтаңба.
Басқа 9. Айналымға енгізу туралы хабарлама
Темекі өнімдерін таңбалау және қадағалау қағидаларына 9-қосымша нысан Айналымға енгізу туралы хабарлама Сатушы туралы мәлімет: 1. Ұйымның ЖСН немесе БСН _______________________ 2. Ұйымның атауы ___________________________________ 202__ жылғы __________________________________________________ № _______ негіздеме құжат. Айналымға енгізудің себебі ___________________ Айналымда қалпына келтірілетін тауарлар туралы мәліметтер: № Тауардың сәйкестендіру коды 1 2 Құжатқа ЭЦҚ- мен қол қойылған ____________________ ТТҚ АЖ-да құжатты тіркеу туралы мәліметтер: ТТҚ АЖ-дағы құжаттың сәйкестендіргіші ___________________________ ТТҚ АЖ-да құжатты тіркеу күні мен уақыты _________ __________ Ескертпе: Аббревиатуралардың ашып жазылуы: ЖСН немесе БСН – жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі; ТТҚ АЖ – тауарларды таңбалау мен қадағалаудың ақпараттық жүйесі; ЭЦҚ – электрондық цифрлық қолтаңба.