«О повышении базовых ставок земельного налога на не используемые земли сельскохозяйственного назначения» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.11.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексінің 509 бабы 5-тармағына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Ордабасы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдалынылмайтын Ордабасы ауданының ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 503 бабында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелері он есеге арттырылсын.
Тармақ 2
2. Ордабасы аудандық мәслихатының 2019 жылғы 17 сәуірдегі №42/4 «Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемесін арттыру туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5018 тіркелген, 2019 жылғы 14 мамырда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. «Ордабасы ауданының мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы шешімді «Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы шешімді оны ресми жарияланғаннан кейін Ордабасы ауданының мәслихатының интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.