Об установлении повышенных на двадцать пять процентов окладов и тарифных ставок специалистам в области социального обеспечения, культуры являющимся гражданскими служащими и работающим в сельских населенных пунктах Кербулакского района, финансируемых из местного бюджета Күшін жойған
Басқа 0
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын Кербұлақ ауданының ауылдық елдi мекендерінде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандарына жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 139- бабы 9-тармағына сәйкес Кербұлақ аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын Кербұлақ аданының ауылдық елдi мекендерінде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандарға қызметтiң осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгіленсін.
Тармақ 2
2. Кербұлақ аудандық мәслихатының «Кербұлақ ауданының азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елдi мекендерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандарға, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгілеу туралы» 2019 жылғы 10 желтоқсандағы № 52-296 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5356 тіркелген, 2019 жылдың 26 желтоқсанында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың «Аудан экономикасы мен бюджеті, салық, кіші және орта кәсіпкерлікті қолдау, коммуналдық шаруашылық, көгалдандыру және халыққа қызмет көрсету жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.