О внесении изменений и дополнений в некоторые приказы Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Мемлекеттік қызмет департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының мемлекеттік қызмет мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері
агенттігі төрағасының
2020 жылғы 22 қыркүйегі
№ 146 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
Тармақ 1
Тармақ 2
2. «Сынақ мерзімінен өтудің қағидалары мен шарттарын және тәлімгерлерді бекітудің тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 21 қазандағы № 21 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14448 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 12 желтоқсанда жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сынақ мерзімінен өтудің қағидалары мен шарттарын және тәлімгерлерді бекітудің тәртібінде:
2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) сынақтан өтуші – мемлекеттік әкімшілік қызметке алғаш рет қабылданатын немесе қызметті бағалаудың, сынақ мерзімінің, аттестаттау қорытындысының нәтижелері бойынша не жағымсыз себептермен мемлекеттік лауазымнан босатылғаннан кейін мемлекеттік әкімшілік қызметке қайтадан кірген адам.»;
6-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Сынақ мерзімі кезеңінде, оның ішінде оны ұзартқан кезде мемлекеттік әкімшілік қызметке алғаш рет кіретін сынақтан өтушілерге тәлімгерлер бекітіледі.».
Тармақ 3
3. «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерімен еңбек шартын жасау, ұзарту және бұзу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 2 қарашадағы № 37 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14479 болып тіркелген, 2016 жылғы 24 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған):
«А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерімен еңбек шартын жасау, ұзарту және бұзу қағидаларында:
9-2 тармақтың 3) тармақшасы алып тасталсын.
Басқа 1
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне
қосымша
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 4-қосымшасы
Нысан