Об утверждении Правил финансирования государственных учреждений за счет средств областного бюджета Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.01.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыстық бюджеттің қаражаттары есебінен мемлекеттік мекемелерді қаржыландыру Қағидасын бекіту жөнінде 📌 Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы әкімдігінің 2006.05.19 N 09/04 қаулысымен. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» №148-ІІ Заңының 27 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 шілдедегі «Мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер үшін бюджеттің атқарылуы және есептілік нысандарын жүргізу (мерзімдік және жылдық) жөніндегі қаржылық рәсімдердің ережесін бекіту туралы» №832 қаулысына сәйкес облыстық бюджеттің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Облыстық бюджеттің қаражаттары есебінен мемлекеттік мекемелерді қаржыландыру (қоса беріліп отырған) Қағидасы бекітілсін.
Тармақ 2
2. Облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен, мемлекеттік мекемелермен осы қаулының орындалуы қамтамасыз етілсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.Б.Өтешовке жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы 2003 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енеді.
Басқа 5. Облыстық бюджеттің қаражаттары есебінен мемлекеттік мекемелерді қаржыландыру ҚАҒИДАСЫ
«Облыстық бюджеттің қаражаттары есебінен мемлекеттік мекемелерді қаржыландыру Қағидасын бекіту жөнінде» Қарағанды облысы әкімиятының 2003 жылғы 23.01. №01/24 қаулысымен бекітілген Облыстық бюджеттің қаражаттары есебінен мемлекеттік мекемелерді қаржыландыру ҚАҒИДАСЫ
Тарау 1. 1. Жалпы ереже
1. Жалпы ереже
Тармақ 1
1. Осы Қағида облыстық бюджеттің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында әзірленді және облыстық бюджет есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің шығыстарын шоттарға төлеу мен қаржыландыру тәртібін қарастырады.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік мекемелерді қаржыландыру тиісті қаржы жылына облыстық бюджетте қарастырылған қаражаттар есебінен жүргізіледі.
Тарау 2. 2. Облыстық бюджеттің қаражаттары есебінен мемлекеттік мекемелерді қаржылындыру тәртібі
2. Облыстық бюджеттің қаражаттары есебінен мемлекеттік мекемелерді қаржылындыру тәртібі
Тармақ 3
3. Облыс әкімінің қаржы басқармасы ай сайын, әр айдың 10 күніне дейін бюджеттік бағдарлама әкімшілеріне облыстық бюджетке күтілетін ақшалардың түсуін ескеріп, облыстық бюджеттің міндеттемелері және атқарушы органдардың шешімдері бойынша паспорттар мен қаржыландырудың жиынтық жоспарына сәйкес келісім береді.
Тармақ 4
4. Облыстық бюджеттен қаражаттар шығындаудың келесі басымдық бағаттары анықталсын:
Тармақша 1
1) Жұмыс берушілердің еңбек ақысы және жарналары;
Тармақша 2
2) Тамақ және дәрі-дәрмектер;
Тармақша 3
3) Арнайы мемлекеттік жәрдемақылар;
Тармақша 4
4) Атаулы әлеуметтік көмек. Басқа шығындар (тауарларды сатып алу (жұмыс және қызмет), трансферттер және басқа да ағамдағы шығындыр) бірінші кезектілікке қаражаттар бөлгеннен кейін жүргізілсін.
Тармақ 5
5. Мемлекеттік сатып алу нәтижелері бойынша мемлекеттік мекеме қолданыстағы заңдылықтарға сәйкес рұқсат берілген шекте бір жылға,тоқсанға немесе басқа мерзімге тауарларды сатып алуға (жұмыс және қызмет) келісім жасайды.
Тармақ 6
6. Егер бір айрықшалықты орындау үшін болса, келісім шарттар бірнеше жеткізушілермен жасалады, бұл келісім шартттардың жалпы сомасы осы айрықшалық бойынша келісім жасауға рұқсат етілген шекте бюджеттік тағайындаулардың самасынан аспауы керек.
Тармақ 7
7. Тауаларды сатып алуға (жұмыс және қызмет) барлық азаматтық-құқықтық мәміле облытық бюджеттің орындалуын ескеру мақсатында Қаржы басқармасымен келісіледі және аумақтық қазынашылық органдарда тіркеуге жатады.
Тармақ 8
8. Сатып алынатын тауарлардың (жұмыс және қызмет) бағаларына мониторинг жүргізу және бюджет қаражаттарын тиімді пайдалану мақсатында мемлекеттік мекемелермен бағалық ұсыныстарды сұрау салу тәсілімен, бәр көзден алу тәсілімен жасасатын мемлекеттік сатып алудың келісім шарттары мемлекеттік сатып алу Басқармасымен келісуге тиісті.
Тарау 3. 3. Мемлекеттік мекемелердің шоттарын төлеуге қабылдап алу.
3. Мемлекеттік мекемелердің шоттарын төлеуге қабылдап алу.
Тармақ 9
9. Бюджет қаражаттарын тиімді пайдалану мақсатында төлемдерді жүргізуге бюджет ақшаларын бөлу бойынша шешім қабылдау үшін облыстың қаржы басқармасы облыстық бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің қаржылық рәсімдерін өткізу мониторингісін жүзеге асырады.
Тармақ 10
10. Бюджет шығындырының басымдық бағатының ішінарасындағы осы қаулыны іске асыру, бюджет қаражаттарын тиімді пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік мекеме облыстық қаржы басқармасына келісу үшін төлемге шоттарды (тапсырыс) тапсырады.
Тармақ 11
11. Алушылармен тапсырылған төлемге бюджет қаражаттарының шоттары негізінде облыстық қаржы басқармасы ҚБАБШ сәйкес бос қалдықтар шегінде төлемге рұқсат етілген шығындар айрықшалықтарының күнделікті Тізімдемесін қалыптастырады және төлемдерді жүргізу үшін оны Облыстық Қазынашылық басқармасына тапсырады.
Тармақ 12
12. Облыстық Қазынашылық басқармасы облыстың қаржы басқармасымен тапсырылған шығындыр айрықшалықтарының күнделікті Тізімдемесі негізінде төлемдер пакеттерін қалыптастырады және төлемдердің жүргізілуін жүзеге асырады.
Тармақ 13
13. Облыстық Қазынашылық басқармасы төлемдерді жүргізгеннен және шоттардың Бірыңғай стандарттық жоспарына облыстық ҚБАБШ көрініс тапқан жүргізілген операциялар туралы төлем жүйесі ақпараттын растағаннан кейін облыс Әкімнің қаржы басқармасына бюджеттін орындау бойынша бухгалтерлік есепті жүргізу үшін «Төлем тапсырмаларын орындау» Ф.5-02 және «Шоттардағы қалдықтар жөніндегі есеп» ф.5-34 тапсырады.
Тарау 4. 4. Облыстық бюджеттің қаражаттарын шығыстауға жауапкершілік
4. Облыстық бюджеттің қаражаттарын шығыстауға жауапкершілік
Тармақ 14
14. Мемлекеттік сатып алу келісім шарттарын ресімдеу, сондай-ақ осы негізде мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің нәтижелері бойынша жеткізуші анықталған келісім шарттар үшін жауапкершілік мемлекеттік мекеменің басшысына жүктеледі.
Тармақ 15
15. Облыстық бюджеттің тиімді, мақсатты пайдалануы және қаражаттарды меңгеру үшін жауапкершілік мемлекеттік мекемелердің басшылары-бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне жүктеледі.