Об утверждении Правил оказания социальной помощи: на лечение в стационаре, обследование в медицинских учреждениях малообеспеченным гражданам, инвалидам и пенсионерам, малообеспеченным семьям для аренды дачного участка на летний сезон, приобретение семенного материала и проезда на дачные участки и малообеспеченным гражданам, инвалидам и пенсионерам Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.01.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аз қамтылған азаматтар, мүгедектер және зейнеткерлер стационарда емделуі, медициналық мекемелерде тексерілуі үшiн; жазғы маусымда саябақ учаскесін жалға алғанына төлеу үшін және тұқым алу мен саябақ учаскелеріне көлікпен жүру үшін аз қамтылған отбасыларына, аз қамтылған азаматтарға, мүгедектерге және зейнеткерлерге әлеуметтік көмек көрсету ережелерін бекіту туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 21.12.2004 № 866 қаулысымен. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы» Заңының 31-бабы 14-тармағына сәйкес Рудный қаласының әкiмияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: Ескерту. Қаулының кіріспеге сөз басындағы өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы Рудный қалалық әкімиятының 29.05.2003 № 332 қаулысымен.
Тармақ 1
1. Жергiлiктi (қалалық) бюджеттiң қаражаттары есебiнен әлеуметтiк көмек көрсетудiң мына ережелерi бекiтiлсiн: Аз қамтылған азаматтар, мүгедектер және зейнеткерлер стационарда емделуі, медициналық мекемелерде тексерілуі үшiн (1 қосымша); Жазғы маусымда саябақ учаскесін жалға алғанына төлеу үшін және тұқым алу мен саябақ учаскелеріне көлікпен жүру үшін аз қамтылған отбасыларына (2 қосымша). Аз қамтылған азаматтарға, мүгедектерге және зейнеткерлерге (3 қосымша).
Тармақ 2
2. Қаулы 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енедi.
Басқа 3. Аз қамтылған азаматтар, мүгедектер және зейнеткерлер стационарда емделуi, медициналық мекемелерде тексерiлуi үшiн әлеуметтiк көмек көрсету ережелерi
Рудный қаласы әкiмиятының 2003 жылғы 28 қаңтардағы № 22 қаулысына 1-қосымша Аз қамтылған азаматтар, мүгедектер және зейнеткерлер стационарда емделуi, медициналық мекемелерде тексерiлуi үшiн әлеуметтiк көмек көрсету ережелерi
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Аз қамтылған азаматтар, мүгедектер және зейнеткерлер стационарда емделуi, медициналық мекемелерде тексерiлуi үшiн әлеуметтiк көмектi (бұдан әрi әлеуметтiк көмек) қалалық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау басқармасы көрсетедi.
Тармақ 2
2. Әлеуметтiк көмек көрсету туралы немесе одан бас тарту туралы шешiм атаулы әлеуметтiк көмек көрсету жөнiндегi комиссияның (бұдан әрi Комиссия) мәжiлiсiне енгiзiледi, оның құрамы қала әкiмiнiң шешiмiмен бекiтiледi. Комиссияның шешiмi ашық дауыспен қабылданады және оған Комиссия мүшелерiнiң жалпы санының көбiсi дауыс берсе, ол қабылданған болып саналады. Комиссия мәжiлiсiнiң хаттамасына Комиссияның барлық мүшелерi қол қояды. Комиссия мәжiлiсiне оның құрамынан 2/3 кем емес қатысса, ол құқылы болып саналады.
Тармақ 3
3. Әлеуметтiк көмек стационарда емделуге немесе медициналық мекемелерде тексерiлуге мұқтаж, стационарда ем алған аз қамтылған азаматтарға, мүгедектерге және зейнеткерлерге тағайындалады және төленедi.
Тармақ 4
4. Стационарда емделуге немесе медициналық мекемеде тексерiлуге қажеттiлiгi жөнiнде медициналық мекеменiң қорытындысы болған жағдайда әлеуметтiк көмек тағайындалады.
Тармақ 5
5. Әлеуметтiк көмектi көрсету жөнiндегi комиссия шешiмi материалдық тұрмыстық жағдайды тексеру актiсiнiң негiзiнде шығарылады.
Тармақ 6
6. Қалалық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау басқармасы есептеудi жүргiзедi, әлеуметтiк көмек тағайындалған азаматтардың тiзiмiн қалыптастырады, қалалық қаржы басқармасына қаржыландыру үшiн ай сайын өтiнiш бередi.
Тарау 2. 2. Әлеуметтiк көмектi тағайындау тәртiбi
2. Әлеуметтiк көмектi тағайындау тәртiбi 7. Әлеуметтiк көмектi тағайындау туралы өтiнiштi оны алуға құқылы тұлға тиiстi құжаттарды қоса отырып бередi. 8. Өтiнiш берушi өтiнiш пен құжаттарда көрсетiлген мәлiметтердiң толық және шүбәсiз екендiгi үшiн заңдарға сәйкес жауапты.
Тарау 3. 3. Көрсетiлетiн құжаттардың тiзбесi
3. Көрсетiлетiн құжаттардың тiзбесi
Тармақ 9
9. Әлеуметтiк көмек тағайындау құқығын дәлелдейтiн құжаттар мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) стационарда емделуге немесе медициналық мекемеде тексерiлуге қажеттiлiгi жөнiнде медициналық мекеменiң қорытындысы, емдейтiн дәрiгерден стационарлық ем алғаны туралы анықтама;
Тармақша 2
2) жеке куәлiк, салық төлеушiнiң нөмiрi. 📌 Ескерту. 1-қосымша 9-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы Рудный қалалық әкімиятының 29.05.2003 № 332 қаулысымен.
Тарау 4. 4. Әлеуметтiк көмектiң көлемi
4. Әлеуметтiк көмектiң көлемi
Тармақ 10
10. Әлеуметтiк көмектiң көлемiн комиссия шешiмi белгiлейдi.
Тарау 5. 5. Әлеуметтiк көмектi төлеу
5. Әлеуметтiк көмектi төлеу
Тармақ 11
11. Әлеуметтiк көмектi төлеу заң белгiлеген тәртiпте конкурсты жеңген операцияның тиiстi түрлерiне Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң лицензиясы бар ұйымдар арқылы жергiлiктi (қалалық) бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
Басқа 20. Жазғы маусымда саябақ учаскесiн жалға алғанына төлеу үшiн және тұқым алу мен саябақ учаскелерiне көлiкпен жүру үшiн аз қамтылған отбасыларына Әлеуметтiк көмек көрсету ережелерi
Рудный қаласы әкiмиятының 2003 жылғы 28 қаңтардағы № 22 қаулысына 2-қосымша Жазғы маусымда саябақ учаскесiн жалға алғанына төлеу үшiн және тұқым алу мен саябақ учаскелерiне көлiкпен жүру үшiн аз қамтылған отбасыларына Әлеуметтiк көмек көрсету ережелерi
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Жазғы маусымда саябақ учаскесiн жалға алғанына төлеу үшiн және тұқым алу мен саябақ учаскелерiне көлiкпен жүру үшiн аз қамтылған отбасыларына әлеуметтiк көмектi (бұдан әрi әлеуметтiк көмек) қалалық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау басқармасын көрсетедi.
Тармақ 2
2. Әлеуметтiк көмек көрсету туралы немесе одан бас тарту туралы шешiм атаулы әлеуметтiк көмек көрсету жөнiндегi комиссияның (бұдан әрi Комиссия) мәжiлiсiне енгiзiледi, оның құрамы қала әкiмiнiң шешiмiмен бекiтiледi. Комиссияның шешiмi ашық дауыспен қабылданады және оған Комиссия мүшелерiнiң жалпы санының көбiсi дауыс берсе, ол қабылданған болып саналады. Комиссия мәжiлiсiнiң хаттамасына Комиссияның барлық мүшелерi қол қояды. Комиссия мәжiлiсiне оның құрамынан 2/3 кем емес қатысса, ол құқылы болып саналады.
Тармақ 3
3. Әлеуметтiк көмек отбасылар өздерiн қажеттi көкөнiстермен қамтамасыз ету мақсатында, тағайындалады және төленедi. Саябақ учаскелерiне көлiкпен жүргенi үшiн төлем саябақ маусымы кезеңiнде жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Әлеуметтiк көмек бақша қоғамының төрағасы және жалға берушi арасында саябақ учаскесiн жалға беру жөнiндегi шартты берген жағдайда тағайындалады.
Тармақ 5
5. Әлеуметтiк көмектi көрсету жөнiндегi комиссия шешiмi материалдық тұрмыстық жағдайды тексеру актiсiнiң негiзiнде шығарылады.
Тармақ 6
6. Қалалық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау басқармасы есептеудi жүргiзедi, әлеуметтiк көмек тағайындалған азаматтардың тiзiмiн қалыптастырады, қалалық қаржы басқармасына қаржыландыру үшiн өтiнiш бередi.
Тарау 2. 2. Әлеуметтiк көмектi тағайындау тәртiбi
2. Әлеуметтiк көмектi тағайындау тәртiбi
Тармақ 7
7. Әлеуметтiк көмектi тағайындау туралы белгiленген үлгiдегi өтiнiштi оны алуға құқылы тұлға тиiстi құжаттарды қоса отырып бередi.
Тармақ 8
8. Өтiнiш берушi өтiнiш пен құжаттарда көрсетiлген мәлiметтердi» толық және шүбәсiз екендiгi үшiн заңдарға сәйкес жауапты.
Тарау 3. 3. Қажеттi құжаттардың тiзбесi
3. Қажеттi құжаттардың тiзбесi
Тармақ 9
9. Әлеуметтiк көмек тағайындау құқығын дәлелдейтiн құжаттар мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) Саябақ учаскесiн жалдау туралы шарт; бақша қоғамы мүшесiнiң кiтапшасы;
Тармақша 2
2) Материалдық тұрмыстық жағдайды тексеру туралы акт.
Тармақ 10
10. Әлеуметтiк көмектi тағайындауға қажеттi құжаттар салыстыру үшiн түпнұсқада және көшiрмеде берiледi. Салыстырғаннан кейiн құжаттардың түпнұсқалары өтiнiш берушiге қайтарылады.
Тармақ 11
11. Құжаттардың болмауы әлеуметтiк көмектi тағайындаудан бас тартуға әкелiп соғады.
Тарау 4. 4. Әлеуметтiк көмектiң көлемi
4. Әлеуметтiк көмектiң көлемi
Тармақ 12
12. Әлеуметтiк көмектiң көлемiн комиссия белгiлейдi.
Тарау 5. 5. Әлеуметтiк көмектi төлеу
5. Әлеуметтiк көмектi төлеу
Тармақ 13
13. Аз қамтылған отбасыларға әлеуметтiк көмектi төлеу заң белгiлеген тәртiпте конкурсты жеңген операцияның тиiстi түрлерiне Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң лицензиясы бар ұйымдар арқылы жергiлiктi (қалалық) бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
Басқа 41. Аз қамтылған азаматтарға, мүгедектерге және зейнеткерлерге әлеуметтiк көмек көрсету ережелерi
Рудный қаласы әкiмиятының 2003 жылғы 28 қаңтардағы № 22 қаулысына 3 қосымша Аз қамтылған азаматтарға, мүгедектерге және зейнеткерлерге әлеуметтiк көмек көрсету ережелерi
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Аз қамтылған азаматтарға, мүгедектерге және зейнеткерлерге әлеуметтiк көмектi қалалық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау басқармасының кассасы қолма-қол ақша арқылы немесе азаматтардың жеке есеп шоттарына аудару жолымен төленедi.
Тармақ 2
2. Аз қамтылған азаматтарға, мүгедектерге және зейнеткерлерге материалдық көмек көрсету немесе одан бас тарту жөнiндегi шешiм атаулы әлеуметтiк көмек көрсету жөнiндегi комиссияның (бұдан әрi - Комиссия) мәжiлiсiне енгiзiледi, оның құрамы қала әкiмiнiң шешiмiмен бекiтiледi. Комиссияның шешiмi ашық дауыспен қабылданады және оған Комиссия мүшелерiнiң жалпы санының көбiсi дауыс берсе, ол қабылданған болып саналады. Комиссия мәжiлiсiнiң хаттамасына Комиссияның барлық мүшелерi қол қояды. Комиссия мәжiлiсiне оның құрамынан 2/3 кем емес қатысса, ол құқылы болып саналады.
Тармақ 3
3. Әлеуметтiк көмек мыналарға тағайындалады және төленедi:
Тармақша 1
1) отбасында жұмыс iстемейтiн мүшесi: зейнеткерлер, мүгедектер, кәмелетке толмаған балалар, еңбекке қабiлетсiз тұлғалар бар аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға); жалғызбасты және жалғыз тұратын зейнеткерлерге;
Тармақша 2
2) Қостанай қаласына орталық дәрiгерлер кеңесi комиссиясы көлiкпен баруы үшiн немесе Қазақстан Республикасының емдеу мекемелерiнде толық емделу үшiн көлiкпен бару үшiн стационарда емделiп жатқан туберкулезбен ауыратын тұлғаларға;
Тармақша 3
3) Тұрғылықты мекенi жоқ тұлғаларды әлеуметтiк бейiмдеу орталығында тұлғаларға әлеуметтiк бейiмделу орталығының бюджетiнде қарастырылмаған мақсаттарға;
Тармақша 4
4) Ескi үлгiдегi паспорттары бар, жеке куәлiгiн жоғалтқан немесе куәлiктi алғаш алатын, мерзiмi өткен жеке куәлiктердi айырбастау үшiн табысы аз азаматтарға; 📌 Ескерту. 3-қосымша 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы Рудный қалалық әкімиятының 29.05.2003 № 332 қаулысымен.
Тармақ 4
4. Қалалық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау басқармасын есептеудi жүргiзедi, әлеуметтiк көмек тағайындалған азаматтардың тiзiмiн қалыптастырады, қалалық қаржы басқармасына қаржыландыру үшiн ай сайын өтiнiш бередi.
Тармақ 5
5. Аз қамтылған азаматтарға, мүгедектерге және зейнеткерлерге әлеуметтiк көмек көрсету туралы Комиссияның шешiмi өтiнiш берушiнiң материалдық-тұрмыстық жағдайларын (туберкулезбен ауыратындардан басқа) тексеру актiсiнiң негiзiнде қабылданады.
Тарау 2. 2. Әлеуметтiк көмектi тағайындау тәртiбi
2. Әлеуметтiк көмектi тағайындау тәртiбi
Тармақ 6
6. Әлеуметтiк көмектi тағайындау туралы өтiнiштi, тиiстi құжаттарды қоса отырып кез келген тұлға бередi.
Тармақ 7
7. Өтiнiш берушi өтiнiш пен құжаттарда көрсетiлген мәлiметтердiң толық және шүбәсiз екендiгi үшiн заңдарға сәйкес жауапты.
Тарау 3. 3. Өтiнiш бергенде ұсынылатын құжаттардың тiзбесi
3. Өтiнiш бергенде ұсынылатын құжаттардың тiзбесi
Тармақ 8
8. Аз қамтылған азаматтарға, мүгедектерге және зейнеткерлерге әлеуметтiк көмек тағайындау құқығын дәлелдейтiн құжаттар мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) жеке куәлiк, салық төлеушiнiң нөмiрi;
Тармақша 2
2) еңбек кiтапшасы;
Тармақша 3
3) жұмыс iстейтiндер үшiн жалақы туралы анықтама;
Тармақша 4
4) туберкулезбен ауыратындар емдеу мекемесiнен алған анықтаманың қосымшасын мiндеттi түрде әкелуi керек. 📌 Ескерту. 3-қосымша 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы Рудный қалалық әкімиятының 2003 жылғы 29 мамырдағы № 332 қаулысымен.
Тармақ 9
9. Аз қамтылған азаматтарға, мүгедектерге және зейнеткерлерге әлеуметтiк көмектi тағайындауға қажеттi құжаттар түпнұсқада берiледi.
Тармақ 10
10. Құжаттардың болмауы әлеуметтiк көмектi тағайындаудан бас тартуға әкелiп соғады.
Тарау 4. 4. Әлеуметтiк көмектiң көлемi
4. Әлеуметтiк көмектiң көлемi
Тармақ 11
11. Әлеуметтiк көмектiң көлемi Комиссия шешiмiмен белгiленедi.
Тарау 5. 5. Әлеуметтiк көмектi төлеу
5. Әлеуметтiк көмектi төлеу
Тармақ 12
12. Аз қамтылған азаматтарға, мүгедектерге және зейнеткерлерге әлеуметтiк көмек төлеу заң белгiлеген тәртiпте конкурсты жеңген операцияның тиiстi түрлерiне Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң лицензиясы бар ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.