Об определении специально отведенных мест для осуществления выездной торговли на территории Сарысуского района Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.12.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Сарысу ауданы аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды белгілеу туралы «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі Заңының 27-бабына, «Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы 2015 жылғы 25 наурыздағы №264 бұйрығының (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 25 мамырда №11148 болып тіркелді) 102 тармағына сәйкес, Сарысу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Сарысу ауданы аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін қосымшаға сәйкес арнайы бөлінген орындары белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Көкей Олжас Тұрғынұлына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді.
Басқа 4. Сарысу ауданы аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар
қаулысына қосымша Сарысу ауданы аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар № Қа­ла және ауыл­дық округ ата­уы Ор­на­лас­қан же­рі Жал­пы ау­ма­ғы (шар­шы метр) Ба­ғыт схе­ма­сы Са­уда қыз­ме­тін жү­зе­ге асы­ру ке­зе­ңі Жа­қын маң­да­ғы ин­фра­құ­ры­лым­ды есеп­ке ала оты­рып қыз­мет са­ла­сы 1 Жаңатас Мұқанов көшесі 360 м² Орталық базар жанындағы алаңша 5 жыл Ауыл-шаруашылық өнімдері 2 Байқадам Төле би көшесі 1222 м² «Айбала ана» наубайхана жанында 5 жыл Ауыл-шаруашылық өнімдері 3 Досбол Қ.Жұмаділов көшесі 220 м² Қ.Жұмаділов көшесі №11 үйдің алдында 5 жыл Ауыл-шаруашылық өнімдері 4 Тоғызкент Т.Әубакіров көшесі 1000 м² Дәрігерлік амбулатория жанында 5 жыл Ауыл-шаруашылық өнімдері 5 Жаңаталап Р.Сәтенұлы көшесі 500 м² «Құрметті азаматтар» аллеясына қарама-қарсы бетте 5 жыл Ауыл-шаруашылық өнімдері 6 Игілік Ж.Жұмабеков көшесі 200 м² «Мади» азық-түлік дүкенінің жанында 5 жыл Ауыл-шаруашылық өнімдері 7 Жайылма А.Әшімов көшесі 700 м² Казпочта ғимаратының жанында 5 жыл Ауыл-шаруашылық өнімдері 8 Қамқалы Сарыарқа көшесі 180 м² Сарыарқа көшесінің бойында 5 жыл Ауыл-шаруашылық өнімдері