Об объявлении моратория на проверки субъектов малого предпринимательства Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.02.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің тексеруге мораторий жариялау туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы әкімінің 20.12.2004 № 248 қаулысымен. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 27 желтоқсандағы № 1390 «Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің тексеруге мораторий жариялау туралы» қаулысын орындауда облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Атырау қаласы мен аудан әкімдері, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар, орталық атқарушы органдарының аймақтық бөлімшелері (келісім бойынша) 2003 жылғы 1 қаңтар – 1 қазан аралығында салық төлеушінің өтініші оларды жүргізу үшін негіз болатын салық тексерістерін, ыңғайласпа салық тексерістері мен хрономерраждық зерттеулерді, қылмыстық әрекеттер мен әкімшілік құқық бұзушылықтардың жолын кесу мақсатында заңнамаға сәйкес жүргізілетін тексерістерді, сондай-ақ, конституциялық құрылысты, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, Қазақстан Республикасының халықтың санитарлық-эпидемиологиялық әл-ауқаты туралы заңнамасы нормаларын бұзуға бағытталған іс-әрекеттерді болдырмау үшін жүргізілетін тексерістерді қоспағанда, шағын кәсіпкерлік субъектілерін тексеруді тоқтатсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының 1 тармағында көрсетілген мемлекеттік органдар мемлекеттік-құқықтық және әскери-жұмылдыру жұмысы бөліміне тоқсан сайын келесі айдың 5 жұлдызына осы қаулыны орындау барысы туралы ақпарат ұсынсын.
Тармақ 3
3. Атырау облысы экономика және кәсіпкерлікті қолдау бас басқармасы тоқсан сайын осы қаулының іске асырылыуна талдау жүргізіп, облыс әкімияты жанындағы шағын және орта бизнес мәселелері жөніндегі Комиссия мәжілісінің қарауына енгізсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау мемлекеттік-құқықтық және әскери-жұмылдыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі С. Енсегеновке жүктелсін.