Об утверждении Правил выдачи лицензии для занятия деятельностью в сфере ветеринарии Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.05.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға арналған лицензия беру қағидаларын бекіту туралы «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына және «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға арналған лицензия беру қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық, фитосанитариялық және тамақ қауіпсіздігі департаменті:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Басқа 0. Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға арналған лицензия беру қағидалары
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 2 қазаны № 302 бұйрығымен бекітілген Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға арналған лицензия беру қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға арналған лицензия беру қағидалары «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) 10-бабы 1) тармақшасына және «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Рұқсаттар және хабарламалар туралы заң) 12-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) ветеринария саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – ведомствоның аумақтық бөлімшелері) – тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде (облыс, республикалық маңызы бар қала, астана) орналасқан аумақтық бөлімшелер;
Тармақша 2
2) ветеринария саласындағы уәкілетті органның ведомствосы – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті;
Тармақша 3
3) лицензия – жеке немесе заңды тұлғаға қауіптіліктің жоғары деңгейіне байланысты лицензияланатын қызмет түрін не лицензияланатын қызмет түрінің кіші түрін жүзеге асыруға лицензиар беретін бірінші санаттағы рұқсат;
Тармақша 4
4) лицензияланатын қызмет түрінің кіші түрі – бір лицензия аясында тиісті лицензияланатын қызмет түрін нақтылау;
Тармақша 5
5) «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе;
Тармақша 6
6) «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) – өтеулі қызметтер көрсету шеңберінде электрондық нысанда көрсетілетін төлемдерді жүргізу туралы ақпарат беру процестерін автоматтандыратын ақпараттық жүйе;
Тармақша 7
7) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.
Тармақ 3
3. Ветеринария саласында лицензиялауға мынадай қызмет түрлері жатады:
Тармақша 1
1) ветеринариялық мақсаттағы препараттарды өндіру жөніндегі қызмет;
Тармақша 2
2) жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттарға ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу жөніндегі қызмет.
Тарау 2. 2-тарау. Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға арналған лицензия беру тәртібі
2-тарау. Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға арналған лицензия беру тәртібі
Тармақ 4
4. «Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға арналған лицензия беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет):
Тармақша 1
1) ветеринариялық мақсаттағы препараттарды өндіру жөніндегі қызметпен айналысуға лицензия беруді – ветеринария саласындағы уәкілетті органның ведомствосы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші);
Тармақша 2
2) жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатқа ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу жөніндегі қызметпен айналысуға лицензия беруді – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Тармақ 5
5. «Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға арналған лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке немесе заңды тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) портал арқылы көрсетілетін қызметті берушіге Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды жолдайды. Көрсетілетін қызметті алушы барлық құжаттарды портал арқылы тапсырған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұранымның қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама көрсетіледі. Жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы, ветеринариялық-санитариялық қорытынды туралы, лицензия туралы, бюджетке лицензиялық алымның төленгені (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайда) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады. Портал мен ақпараттық жүйелердің ақпараттық өзара іс-қимылы «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 6
6. Көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің жұмыскері Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды келіп түскен күні қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады және оларды жауапты жұмыскерді тағайындалатын көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жібереді. Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Тармақ 7
7. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты жұмыскері Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты жұмыскері құжаттар тіркелген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 7-1/69 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10898 болып тіркелген) бекітілген Ветеринария саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптары және олардың сәйкестіктігін растайтын құжаттардың тізбесіне (бұдан әрі – біліктілік талаптары) сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы қорытынды алу үшін портал арқылы ведомствоның тиісті аумақтық бөлімшесіне сұраным жібереді.
Тармақ 8
8. Ведомствоның аумақтық бөлімшесінің жұмыскері және (немесе) көрсетілетін қызметті берушінің жұмыскері сұраным келіп түскен сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сәйкестігіне рұқсат беру бақылауын жүзеге асырады, оның нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сәйкестігі немесе сәйкессіздігі туралы еркін нысанда қорытынды жасайды. Көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы қорытындыға ведомствоның аумақтық бөлімшесінің жұмыскері және (немесе) көрсетілетін қызметті берушінің жұмыскері және көрсетілетін қызметті алушы қол қояды және ведомствоның аумақтық бөлімшесі басшысының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында портал арқылы көрсетілетін қызметті берушіге ұсынады.
Тармақ 9
9. Көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы қорытынды алынған сәттен бастап көрсетілетін қызметті берушінің жауапты жұмыскері 1 (бір) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік лицензияны және (немесе) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік лицензияға қосымшаны ресімдейді. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты жұмыскері көрсетілетін қызметті алушыны лицензияға қосымшаны беруден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін лицензияны және (немесе) тыңдалым өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабардар етеді. Тыңдалым рәсімі Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 73-бабына сәйкес өткізіледі. Тыңдалым нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру туралы не осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту туралы шешім қабылдайды. Мемлекеттік лицензия және (немесе) мемлекеттік лицензияға қосымша немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанында портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі.
Тармақ 10
10. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаларды беру кезінде мемлекеттік қызмет көрсетудің жалпы мерзімі 5 (бес) жұмыс күнін құрайды.
Тармақ 11
11. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер Тізбенің 9-тармағында көрсетілген.
Тармақ 12
12. Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректердіі енгізілуін қамтамасыз етеді. Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректер мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде түседі.
Тарау 3. 3-тарау. Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға арналған лицензияны қайта ресімдеу тәртібі
3-тарау. Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға арналған лицензияны қайта ресімдеу тәртібі
Тармақ 13
13. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу:
Тармақша 1
1) жеке тұлғаның-лицензиаттың аты, әкесінің аты (бар болса), тегі өзгерген;
Тармақша 2
2) дара кәсіпкер-лицензиатты қайта тіркеген, оның атауы немесе заңды мекенжайы өзгерген;
Тармақша 3
3) біріктіру, қайта құру, заңды тұлға-лицензиатты басқа заңды тұлғаға қосу, бөліп шығару және бөлу нысандарында заңды тұлға-лицензиатты қайта ұйымдастырған;
Тармақша 4
4) заңды тұлға-лицензиаттың атауы және (немесе) орналасқан жері өзгерген (лицензияда мекенжай көрсетілген жағдайда) жағдайлрда жүзеге асырылады. Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңның 33-бабы 2-тармағына сәйкес рұқсат беру тәртібі енгізілген қызмет түрінің және (немесе) кіші түрінің атауы өзгерген жағдайда, лицензиаттың лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу туралы өтініш беруге құқығы бар. Егер дара кәсіпкер-лицензиаттың заңды мекенжайы, заңды тұлға–лицензиаттың орналасқан жерінің мекенжайы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес елді мекендер атауының, көшелер атауының өзгеруіне байланысты өзгерсе, осы Қағидалардың осы тармағы бірінші бөлігінің 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу жүзеге асырылмайды. Лицензиаттардың мекенжайларына мұндай өзгерістер мемлекеттік ақпараттық жүйелерді біріктіру арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 14
14. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды.
Тармақ 15
15. Заңды тұлға-лицензиат бөлініп шығу және бөліну нысандарында қайта ұйымдастырылған кезде лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу туралы өтініш қайта ұйымдастыру аяқталған сәттен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде беріледі. Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңның 34-бабының 4 және 5-тармақтарында көзделген негіздемелер бойынша қайта ресімдеуді қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде көрсетілетін қызметті беруші, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сәйкестігін тексермейді.
Тармақ 16
16. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты жұмыскері құжаттар берілген сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын және (немесе) дұрыс ресімделуін тексереді. Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттар ұсынылмаған немесе дұрыс ресімделмеген жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты жұмыскері осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша уәжді бас тартуды дайындайды. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты жұмыскері осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік лицензияны және (немесе) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік лицензияға қосымшаны қайта ресімдейді.
Тармақ 17
17. Заңды тұлға-лицензиатты бөліп шығару және бөлу нысандарында қайта ұйымдастырған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты жұмыскері көрсетілетін қызметті алушының осы Қағидалардың 7 және 8-тармақтарында көзделген тәртіппен біліктілік талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы қорытынды алу үшін ведомствоның тиісті аумақтық бөлімшесіне сұраным жібереді. Көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы қорытынды негізінде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты жұмыскері осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік лицензияны және (немесе) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік лицензияға қосымшаны қайта ресімдейді не осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша уәжді бас тартуды жібереді. Заңды тұлға-лицензиатты бөліп шығару немесе бөлу нысанында қайта ұйымдастыру кезінде лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде мемлекеттік қызмет көрсетудің жалпы мерзімі 5 (бес) жұмыс күнін құрайды.
Тармақ 17-1
17-1. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуден бас тарту туралы шешім шығарған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыны лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша позициясын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдалым өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабардар етеді және ҚР ӘРПК-нің 73-бабына сәйкес тыңдалым рәсімін өткізеді. Тыңдалым нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу туралы не мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Тармақ 18
18. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіздер Тізбенің 9-тармағында көрсетілген.
Тармақ 19
19. Егер лицензия және (немесе) лицензияға қосымша бұрын қағаз нысанында берілген болса, көрсетілетін қызметті алушы өтініш бойынша оларды электрондық форматқа ауыстырады және лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның электрондық нысанын алады.
Тарау 4. 4-тарау Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібі
4-тарау Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібі
Тармақ 20
20. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші, ветеринария саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі. ҚР ӘРПК-нің 91-бабы 4-тармағына сәйкес шағым келіп түскен жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші оны келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік органға және (немесе) лауазымды адамға) жібереді. 3 (үш) жұмыс күні ішінде қолайлы акт қабылданған, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік іс-әрекет жасалған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік органға және (немесе) лауазымды адамға) шағымды жібермейді.
Тармақ 21
21. Көрсетілетін қызметті алушының шағымын Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес: көрсетілетін қызметті беруші, уәкілетті орган тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде; мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауы тиіс.
Тармақ 22
22. Көрсетілетін қызметті берушінің, уәкілетті органның, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес:
Тармақша 1
1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;
Тармақша 2
2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда, он жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады. Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз тасығышта берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды. Егер заңда өзгеше көзделмесе, ҚР ӘРПК-нің 91-бабы 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.
Басқа 1. «Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға арналған лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға арналған лицензия беру қағидаларына 1-қосымша «Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға арналған лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға арналған лицензия беру 1 Көрсетілетін қызметті берушінің атауы 1) ветеринариялық мақсаттағы препараттарды өндіру жөніндегі қызметпен айналысуға арналған лицензия беру – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші); 2) жануарлардан алынатын өнім мен шикізатқа ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу жөніндегі қызметпен айналысуға арналған лицензия беру – облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші). 2 Мемлекеттік қызметті беру тәсілдері «электрондық үкіметтің» www. egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал). 3 Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі 1) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде, оның ішінде заңды тұлға-лицензиат бөлініп шығу және бөліну нысандарында қайта ұйымдастырылған жағдайда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде – 5 (бес) жұмыс күні; 2) заңды тұлға-лицензиат бөлініп шығу және бөліну нысандарында қайта ұйымдастырылған жағдайда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуді қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде – 3 (үш) жұмыс күні ішінде. 4 Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны Электрондық (ішінара автоматтандырылған) түрінде. 5 Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі Мемлекеттік лицензияны және (немесе) мемлекеттік лицензияға қосымшаны беру, мемлекеттік лицензияны және (немесе) мемлекеттік лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу не уәжді бас тарту. 6 Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушының орналасқан жері бойынша бюджетке ветеринария саласындағы жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым төленеді, ол Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 616-бабының 4-тармағына сәйкес: 1) лицензия беру үшін ̶ 6 (алты) айлық есептік көрсеткішті; 2) лицензияны қайта ресімдеу үшін - лицензия бергені үшін төленетін алым мөлшерлемесінің 10 (он) пайызын құрайды. Лицензиялық алымды төлеу қолма-қол нысанда және екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы, сондай-ақ «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы қолма-қол емес нысанда жүзеге асырылады. 7 Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі 1) көрсетілетін қызметті берушінің ̶ Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін. Өтініш демалыс (сенбі, жексенбі) және мереке күндерін қоспағанда кешкі сағат 17-00-ден кейін келіп түскен жағдайда, мемлекеттік қызмет келесі жұмыс күні көрсетіледі. 2) порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс (сенбі және жексенбі) және мереке күндері сағат 17-00-ден кейін келіп түскен жағдайда, өтінішті қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). 8 Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтер тізбесі Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін: 1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған, электрондық құжат нысанындағы осы Тізбеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған өтініші; көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанындағы осы Тізбеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша заңды тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған өтініші; 2) ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, ветеринария саласындағы қызметпен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі; 3) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 7-1/69 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10898 болып тіркелген) (бұдан әрі - Бұйрық) бекітілген Ветеринариялық мақсаттағы препараттарды өндіру бойынша ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесіне қосымшаға сәйкес ветеринариялық мақсаттағы препараттарды өндіру бойынша ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыруға арналған ақпаратты қамтитын мәліметтердің электрондық нысаны; Бұйрықпен бекітілген жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттарға ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу жөніндегі ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптарына және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесіне қосымшаға сәйкес жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатқа ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу бойынша ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыруға арналған ақпаратты қамтитын мәліметтердің электрондық нысаны. Заңды тұлға-лицензиатты бөліп шығару және бөлу нысандарында қайта ұйымдастыру жағдайларын қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін: 1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы қойылған, электрондық құжат нысанындағы осы Тізбеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге арналған өтініші; көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы қойылған, электрондық құжат нысанындағы осы Тізбеге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша заңды тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге арналған өтініші; 2) ЭҮТШ арқылы төлеуді қоспағанда, лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі (лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде талап етілмейді); 3) ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпаратты қамтитын құжаттардың электрондық көшірмелері. Заңды тұлға-лицензиат бөлініп шығу және бөліну нысандарында қайта ұйымдастырылған кезде, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін: 1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанындағы осы Тізбеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге арналған өтініші; көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанындағы осы Тізбеге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша заңды тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге арналған өтініші; 2) ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі (лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде талап етілмейді); 3) ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпаратты қамтитын құжаттардың электрондық көшірмелері; 4) заңды тұлға-лицензиатты бөліп шығару нысанында қайта ұйымдастыру кезінде бөлініп шыққан заңды тұлғаға лицензияны қайта ресімдеу жүргізілген заңды тұлғаның келісімі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ресімделген шешімнің электрондық көшірмесі; 5) Бұйрықпен бекітілген ветеринариялық мақсаттағы препараттарды өндіру бойынша ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесіне қосымшаға сәйкес ветеринариялық мақсаттағы препараттарды өндіру бойынша ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыруға арналған ақпаратты қамтитын мәліметтердің электрондық нысаны; Бұйрықпен бекітілген жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттарға ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу жөніндегі ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптарына және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесіне қосымшаға сәйкес жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатқа ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу бойынша ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыруға арналған ақпаратты қамтитын мәліметтердің электрондық нысаны. Жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкер ретінде тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы, ветеринариялық-санитариялық қорытынды туралы, лицензия туралы, бюджетке лицензиялық алымды төлеу туралы (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайда) мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші ЭҮТШ арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат алады. Ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды көрсетілетін қызметті алушылардан талап етуге жол берілмейді. 9 Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік көрсетілетін қызметінен бас тарту үшін мыналар негіздер болып табылады 1) жеке немесе заңды тұлғалардың бұл санаттары үшін Қазақстан Республикасының заңдарында қызмет түрімен айналысуға тыйым салынуы; 2) лицензиялық алымның енгізілмеуі; 3) көрсетілетін қызметті алушының Бұйрықпен бекітілген ветеринария саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптарына және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесіне сәйкес келмеуі; 4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты лицензиялауға жататын қызметті немесе қызметтің жекелеген түрлерін тоқтата тұру немесе оған тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы; 5) сот орындаушысының ұсынымы негізінде көрсетілетін қызметті алушыға − борышкерге соттың лицензия беруге уақытша тыйым салуы; 6) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде құжаттардың ұсынылмауы немесе дұрыс ресімделмеуі мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіз болып табылады. Заңды тұлға-лицензиатты бөліп шығару және бөлу нысандарында қайта ұйымдастыру жағдайында мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға мыналар негіз болып табылады: 1) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге қажетті құжаттардың ұсынылмауы немесе дұрыс ресімделмеуі; 2) көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі; 3) егер лицензия және (немесе) лицензияға қосымша бұрын заңды тұлғалар-лицензиаттардың бөліну нәтижесінде жаңадан пайда болғандар қатарынан басқа заңды тұлғаға қайта ресімделсе. 10 Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қойылатын өзге де талаптар Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы «жеке кабинеті», сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар: 1414, 8 (7172) 701 998. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
Басқа 1.1. Жеке тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған өтініші
«Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға арналған лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне 1-қосымша Нысан Жеке тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған өтініші Кімге ___________________________________________________________ (лицензиардың толық атауы) кімнен ______________________________________________________________ (жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, жеке сәйкестендіру нөмірі) _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ (қызмет түрінің және (немесе) қызметтің кіші түрінің (лерінің) толық атауын көрсету керек) ________________________________________________________ жүзеге асыруға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруіңізді сұраймын. Жеке тұлғаның тұрғылықты жерінің мекенжайы _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ (почталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат нөмірі) Электрондық почтасы ____________________________________________ Телефоны _______________________________________________________ Факсы __________________________________________________________ Банктік шоты ____________________________________________________ (шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері) Қызметті немесе іс-қимылдарды (операцияларды) жүзеге асыратын объектінің мекенжайы _________________________________________________ _____________________________________________________________________ (почталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жай) нөмірі) Осымен: көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы; көрсетілетін қызметті алушыға қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға соттың тыйым салмағандығы; қоса беріліп отырған құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы; көрсетілетін қызметті алушының лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісетіндігі расталады. Жеке тұлға __________ ____________________ ______________________________ (электрондық цифрлық қолтаңбасы) (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) Толтырылған күні: 20___ жылғы «__» _______
Басқа 1.2. Заңды тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған өтініші
«Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға арналған лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне 2-қосымша Нысан Заңды тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған өтініші Кімге ___________________________________________________________ (лицензиардың толық атауы) кімнен _______________________________________________________________ (заңды тұлғаның (оның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, орналасқан жері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес- сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда – шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі) _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ (қызмет түрінің және (немесе) қызметтің кіші түрінің (лерінің) толық атауын көрсету керек) ________________________________________________________ жүзеге асыруға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруіңізді сұраймын. Заңды тұлғаның мекенжайы ________________________________________ (почталық индексі, елі (шетелдік заңды тұлға үшін), облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жай) нөмірі) Филиалдың немесе шетелдік заңды тұлғаның мекенжайы _____________________________________________________________________ (почталық индексі, елі (шетелдік заңды тұлға үшін), облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жай) нөмірі) Электрондық почтасы ____________________________________________ Телефондары ___________________________________________________ Факсы _________________________________________________________ Банктік шоты ___________________________________________________ (шот нөмірі, бактің атауы және орналасқан жері) Қызметті немесе іс-қимылдарды (операцияларды) жүзеге асыратын объектінің мекенжайы ________________________________________________ ____________________________________________________________________ (почталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жай) нөмірі) Осымен: көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы; көрсетілетін қызметті алушыға қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға соттың тыйым салмағандығы; қоса беріліп отырған құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы; көрсетілетін қызметті алушының лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісетіндігі расталады. Басшы _______________________________ ______________________________ (электрондық цифрлық қолтаңбасы) (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) Толтырылған күні: 20__ жылғы «__» ________________
Басқа 1.3. Жеке тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге арналған өтініші
«Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға арналған лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне 3-қосымша Нысан Жеке тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге арналған өтініші Кімге ____________________________________________________________ (лицензиардың толық атауы) кімнен _______________________________________________________________ (жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, жеке сәйкестендіру нөмірі) _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ (қызмет түрінің және (немесе) кіші түрі(лері)нің толық атауы) _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ жүзеге асыруға 20___ жылғы «___» _________ №__________ берілген _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ (лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның (лардың) нөмірі (лері), берілген күні, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны (ларды) берген лицензиардың атауы) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны (ларды) (керегінің астын сызу) __________________________________________________ _____________________________________________________________________ мынадай негіздер бойынша: 1) жеке тұлға-лицензиаттың атының, әкесінің атының (бар болса), тегінің өзгеруі ______________________________________________________________ 2) дара кәсіпкер-лицензиаттың қайта тіркелуі, атауының өзгеруі _____________________________________________________________________ 3) дара кәсіпкер-лицензиаттың қайта тіркелуі, заңды мекенжайының өзгеруі _______________________________________________________________ 4) қызмет түрі атауының өзгеруі ____________________________________ _____________________________________________________________________ 5) қызметтің кіші түрі атауының өзгеруі _____________________________ _____________________________________________________________________ (тиісті тор көзде Х көрсетіңіз) қайта ресімдеуді сұраймын. Жеке тұлғаның тұрғылықты жерінің мекенжайы _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ (почталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат нөмірі) Электрондық почтасы _____________________________________________ Телефондары ____________________________________________________ Факсы __________________________________________________________ Банктік шоты ____________________________________________________ (шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері) Қызметті немесе іс-қимылдарды (операцияларды) жүзеге асыратын объектінің мекенжайы _________________________________________________ (почталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жай) нөмірі) Осымен: көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы; көрсетілетін қызметті алушыға қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға соттың тыйым салмағандығы; қоса беріліп отырған құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы; көрсетілетін қызметті алушының лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісетіндігі расталады. Жеке тұлға _______________________________ ______________________________ (электрондық цифрлық қолтаңбасы) (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) Толтырылған күні: 20__ жылғы «___» ________
Басқа 1.4. Заңды тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге арналған өтініші
«Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға арналған лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне 4-қосымша Нысан Заңды тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге арналған өтініші Кімге ___________________________________________________________ (лицензиардың толық атауы) кімнен ______________________________________________________________ (заңды тұлғаның (оның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, орналасқан жері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес- сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда – шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі) ___________________________ _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ (қызмет түрінің және (немесе) кіші түрі(лері)нің толық атауы) жүзеге асыруға 20___ жылғы «___» _________ №__________ берілген _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ (лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның (лардың) нөмірі (лері), берілген күні, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны (ларды) берген лицензиардың атауы) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны (ларды) (керегінің астын сызу) мынадай негіздер бойынша: 1) заңды тұлға-лицензиаттың «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабында айқындалған тәртіпке сәйкес бірігу _______________________________________________________________ қайта құру ______________________________________________________ қосылу _________________________________________________________ бөліп шығару ___________________________________________________ бөліну жолымен қайта ұйымдастырылуы ____________________________; 2) заңды тұлға-лицензиат атауының өзгеруі __________________________ ________________________________________________________________ 3) заңды тұлға-лицензиаттың орналасқан жерінің өзгеруі _______________ ________________________________________________________________ 4) қызмет түрі атауының өзгеруі ____________________________________ _____________________________________________________________________ 5) қызметтің кіші түрі атауының өзгеруі _____________________________ _____________________________________________________________________ (тиісті тор көзде Х қою қажет) қайта ресімдеуді сұраймын. Заңды тұлғаның мекенжайы _______________________________________ _____________________________________________________________________ (почталық индексі, елі (шетелдік заңды тұлға үшін), облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жай) нөмірі) Филиалдың немесе шетелдік заңды тұлғаның мекенжайы _____________________________________________________________________ (почталық индексі, елі (шетелдік заңды тұлға үшін), облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жай) нөмірі) Электрондық почтасы_____________________________________________ Телефондары ____________________________________________________ Факсы __________________________________________________________ Банктік шоты ____________________________________________________ (шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері) Қызметті немесе іс-қимылдарды (операцияларды) жүзеге асыратын объектінің мекенжайы _________________________________________________ _____________________________________________________________________ (почталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жай) нөмірі) Осымен: көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы; көрсетілетін қызметті алушыға қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға соттың тыйым салмағандығы; қоса беріліп отырған құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы; көрсетілетін қызметті алушының лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісетіндігі расталады. Басшы _______________________________ ______________________________ (электрондық цифрлық қолтаңбасы) (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) Толтырылған күні: 20__ жылғы «__» ______________________
Басқа 2. МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ
Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға арналған лицензия беру қағидаларына 2-қосымша Нысан МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ 20____ жылғы «___» _________ № __________ ___________________________________________________________________________ («Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес лицензияланатын қызмет түрінің атауы) _________________________________________ айналысуға__________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ берілді (заңды тұлғаның (оның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, мекенжайы, бизнес -сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда – шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке тұлғаның толық аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, жеке сәйкестендіру нөмірі) Ерекше шарттары ________________________________ («Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабына сәйкес) Ескерту: ____________________________________________________________ (иеліктен шығарылатындығы, рұқсаттың класы) Лицензиар ___________________________________________________________ (лицензиардың толық атауы) Басшы (уәкiлеттi тұлға) ____________________________________________ (аты, әкесiнiң аты (бар болса), тегі) Қолы ______________ (қағаз тасығыштағы лицензиялар үшін) Мөрдің орны (қағаз тасығыштағы лицензиялар үшін) Алғашқы берілген күні: _______ жылғы « » __________ Лицензияның қолданылу кезеңі: _______ жылғы « » ____________ Берілген орны ____________________________
Басқа 3. МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯҒА ҚОСЫМША
Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға арналған лицензия беру қағидаларына 3-қосымша Нысан МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯҒА ҚОСЫМША Лицензияның нөмірі ____________ Лицензияның берілген күні 20__ жылғы _________________ Лицензияланатын қызмет түрінің кіші түрі (лері)____________________ («Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес лицензияланатын қызметтің кіші түрінің атауы) Лицензиат ___________________________________________________ (заңды тұлғаның (оның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда – шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке тұлғаның толық аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, жеке сәйкестендіру нөмірі) Өндiрiстік база және/немесе объект_______________________________ (орналасқан жерi) Лицензияның қолданылуының ерекше шарттары___________________ («Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабына сәйкес) Лицензиар ___________________________________________________ (лицензияға қосымшаны берген органның толық атауы) Басшы (уәкiлеттi тұлға)______________________________________________ (аты, әкесiнiң аты (бар болса), тегі) Қолы ______________ (қағаз жеткізгіштегі қосымшалар үшін) Мөрдің орны (қағаз жеткізгіштегі қосымшалар үшін) Қосымшаның нөмірі ________________ Қолданылу мерзiмi _____ жылғы «____» _______________ Қосымшаның берілген күні 20___ жылғы « __» _____________ Берілген орны ________________________
Басқа 4. Уәжді бас тарту
Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға арналған лицензия беру қағидаларына 4-қосымша Нысан [Уәкілетті органның атауы ] [Уәкілетті органның атауы] Уәжді бас тарту Берілген күні: [берілген күні] [Көрсетілетін қызметті алушының атауы] Тіркеу орны: Облыс: [Облыс] Аудан: [Аудан] Қала\елді мекен: [қала\елді мекен] [жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі] [БСН / ЖСН] Мемлекеттік тіркеу күні [күні] Бас тарту себебі: [бас тарту себебі] [Қол қоюшының лауазымы] [Қол қоюшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі ] Қол қоюшының лауазымы [Қол қоюшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі]