Об утверждении схемы пастбищеоборотов по Алакольскому району на основании геоботанического обследования пастбищ Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.04.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде Алакөл ауданы бойынша жайылым айналымдарының схемасын бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына және «Жайылымдар туралы» 2017 жылғы 20 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңының 9-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Алакөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде Алакөл ауданы бойынша жайылым айналымдарының схемасы осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Қабаевқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4
Алакөл ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 1 қазаны № 272 қаулысына қосымша Жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде Алакөл ауданы бойынша жайылым айналымдарының схемасы