О проведении мирных собраний в Исатайском районе Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.07.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Исатай ауданында бейбіт жиналыстарды өткізу туралы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы заңының 8-бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Исатай ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормасы, арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету, сондай-ақ пикеттеуді өткізуге жол берілмеген объектілердің іргелес аумақтарының шекаралары айқындалсын.
Тармақ 2
2. Аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 1 сәуірдегі № 10-VІ «Исатай ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу орындарын белгілеу және тәртібін қосымша реттеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3474 болып тіркелген, 2016 жылғы 21 cәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау «Исатай аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесіне (М. Насихановқа) жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5. Исатай ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормаларын, арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету, сондай-ақ пикеттеуді өткізуге жол берілмеген объектілердің іргелес аумақтарының шекаралары
Исатай аудандық мәслихатының 2020 жылғы 30 қыркүйегі № 330-VI шешіміне қосымша Исатай ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормаларын, арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету, сондай-ақ пикеттеуді өткізуге жол берілмеген объектілердің іргелес аумақтарының шекаралары
Тармақ 1
1. Исатай ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету және олардың шекті толу нормалары: № р/с Арнайы орындар Арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету Шекті толу нормасы 1 Егемен Қазақстан көшесіндегі «Бәйтерек» алаңы 1) жасанды жарықтандыру; 2) электр энергиясын қосуға арналған нүкте; 3) 30 тұрақ орындары (1 кіру, 1 шығу); 200 адамнан астам емес 2 Жазғы стадионнан Егемен Қазақстан көшесі бойымен «Бәйтерек» алаңына дейін 1) жасанды жарықтандыру; 2) электр энергиясын қосуға арналған нүкте; 3) 40 тұрақ орындары (1 кіру, 1 шығу); 200 адамнан астам емес
Тармақ 2
2. Исатай ауданы әкімдігінің өкілі хабарламаны (пикеттеу, жиналыс және митинг нысанында бейбіт жиналыстар өткізу үшін) немесе өтінішті (демонстрация және шеру нысанында бейбіт жиналыстар өткізу үшін) оң қараған кезде бейбіт жиналысты ұйымдастырушымен бірлесіп, іс-шараны өткізу тәртібін келісу үшін бір күн ішінде арнайы өткізу орнына келесідей сұрақтармен барады:
Тармақша 1
1) бейбіт жиналыстарды өткізу орнының материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етілуімен танысу;
Тармақша 2
2) шеру және демонстрация маршрутымен танысу үшін.
Тармақ 3
3. Бейбіт жиналыс өткізілетін күні ұйымдастырушылар және оның қатысушылары Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңының (бұдан әрі - Заң) 5 және 6-баптарының талаптарын сақтауы қажет.
Тармақ 4
4. Заңның 9-бабының 5-тармағында көзделген объектілердің іргелес аумақтарынан кемінде 150 метр арақашықтық шекарамен айқындалсын.