О проведении мирных собраний в Макатском районе Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.02.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мақат ауданында бейбіт жиналыстарды өткізу туралы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы заңының 8-бабына сәйкес Мақат аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Мақат ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормасы, арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету, сондай-ақ пикеттеуді өткізуге жол берілмеген объектілердің іргелес аумақтарының шекаралары айқындалсын.
Тармақ 2
2. Аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 17-VІ «Мақат ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізуді қосымша реттеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3489 санымен тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 12 мамырда жарияланған) шешімінің күші жойылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың экономика мен бюджет, өнеркәсіп, кәсіпкерлікті дамыту және заңдылықты сақтау жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5. Мақат ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормаларын, арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету, сондай-ақ пикеттеуді өткізуге жол берілмеген объектілердің іргелес аумақтарының шекаралары
Мақат аудандық мәслихатының 2020 жылғы 30 қыркүйегі № 404-VI шешіміне қосымша Мақат ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормаларын, арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету, сондай-ақ пикеттеуді өткізуге жол берілмеген объектілердің іргелес аумақтарының шекаралары
Тармақ 1
1. Мақат ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету және олардың шекті толу нормалары: № р/с Арнайы орындар Арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету Шекті толу нормасы 1 Мақат кенті, А. Жұмашева көшесі, «Болашақ» шағын ауданының 5 үйінен бастап № 80/1 үйіне дейін 1) жасанды жарықтандыру; 2) электр энергиясын қосуға арналған нүкте; 3) 40 тұрақ орындары (1 кіру,1 шығу); 250 адамнан астам емес 2 Мақат кенті «Парасат» бөлімшесінде орналасқан «Жеңіс саябағы» 1) жасанды жарықтандыру; 2) электр энергиясын қосуға арналған нүкте; 3) 20 тұрақ орындары (1 кіру,1 шығу); 250 адамнан астам емес
Тармақ 2
2. Мақат ауданы әкімдігінің өкілі хабарламаны (пикеттеу, жиналыс және митинг нысанында бейбіт жиналыстар өткізу үшін) немесе өтінішті (демонстрация және шеру нысанында бейбіт жиналыстар өткізу үшін) оң қараған кезде бейбіт жиналысты ұйымдастырушымен бірлесіп, іс-шараны өткізу тәртібін келісу үшін бір күн ішінде арнайы өткізу орнына келесідей сұрақтармен барады:
Тармақша 1
1) бейбіт жиналыстарды өткізу орнының материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етілуімен танысу;
Тармақша 2
2) шеру және демонстрация маршрутымен танысу үшін.
Тармақ 3
3. Бейбіт жиналыс өткізілетін күні ұйымдастырушылар және оның қатысушылары Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңының (бұдан әрі - Заң) 5 және 6-баптарының талаптарын сақтауы қажет.
Тармақ 4
4. Заңның 9-бабының 5-тармағында көзделген объектілердің іргелес аумақтарынан кемінде 150 метр арақашықтық шекарамен айқындалсын.