Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов по Урджарскому району Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.04.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Үржар ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 2-9 тармағына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 14-1 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 417 «Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18883 болып тіркелген) сәйкес Үржар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Үржар ауданы бойынша тұрғын үй сертификатының мөлшері қарыз сомасынан 10 %, алайда әлеуметтік көмек түрі ретінде 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден артық емес айқындалсын.
Тармақ 2
2. Үржар ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесі айқындалсын:
Тармақша 1
1) Үржар ауданы әкімдіктеріне бағынышты мемлекеттік мекемелерде және мемлекеттік кәсіпорындарда жұмыс істейтін: білім ұйымдарындағы педагогикалық қызметкерлер; денсаулық сақтау ұйымдарындағы медицина қызметкерлері; арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетумен айналысатын әлеуметтік қамсыздандыру ұйымдарының қызметкерлері; мәдениет және спорт ұйымдарындағы мамандандырылған қызметкерлер;
Тармақша 2
2) халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарының ішінен: мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар; «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар; толық емес отбасылар.
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.