Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Щербактинского района Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.11.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Шарбақты ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» № 504 қаулысына сәйкес, Шарбақты аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Шарбақты ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қоса ұсынылған Қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Шарбақты аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Шарбақты аудандық мәслихатының әлеуметтік-экономикалық дамыту және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5. Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Шарбақты ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары
Шарбақты аудандық мәслихатының 2020 жылғы 29 қыркүйектегі № 266/81 шешімімен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Шарбақты ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары Осы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 2–3-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Ардагерлер туралы» Заңына (бұдан әрі – Заң), Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» № 504 қаулысына (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) сәйкес әзірленді және әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Шарбақты ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді.
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:
Тармақша 1
1) «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының Павлодар облысы бойынша (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, жылжымайтын мүлікке құқықтарды оның орналасқан жері бойынша мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;
Тармақша 2
2) арнайы комиссия – өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Шарбақты ауданы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия; 3) ең төмен күнкөрiс деңгейi –«Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Павлодар облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттiк мекемесi есептейтiн, мөлшерi бойынша ең төмен тұтыну себетiнiң құнына тең, бiр адамға қажеттi ең төмен ақшалай кiрiс;
Тармақша 4
4) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;
Тармақша 5
5) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;
Тармақша 6
6) өмірлік қиын жағдай – азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;
Тармақша 7
7) уәкілетті орган – «Шарбақты ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 8
8) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін Шарбақты ауданының ауылдық округтері әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;
Тармақша 9
9) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері. 2.Осы Қағидаларда әлеуметтік көмек ретінде жергілікті атқарушы органмен (бұдан әрі – ЖАО) мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ мереке күндерге ақшалай нысанда көрсететін көмек түсініледі.
Тармақ 3
3. Әлеуметтік көмекті төлеу уәкілетті органмен екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының тиісті түрлеріне лицензиялары бар ұйымдар арқылы алушының банктік шотына ақшалай қаражатты аудару жолымен көрсетіледі.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 10-бабының 2) тармақшасында, 11- бабының 2) тармақшасында, 12- бабының 2) тармақшасында, 13- бабының 2) тармақшасында, 17- бабында көзделген әлеуметтік қолдау шалалары осы Қағидаларда белгіленген тәртіпте көрсетіледі.
Тармақ 5
5. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, тоқсан сайын) көрсетіледі.
Тармақ 6
6. Әлеуметтік көмек көрсету үшін мерекелік күндерінің тізбесі:
Тармақша 1
1) 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні;
Тармақша 2
2) 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесі;
Тармақша 3
3) 7 мамыр – Отан қорғаушы күні;
Тармақша 4
4) 9 мамыр – Жеңіс күні;
Тармақша 5
5) 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституция күні;
Тармақша 6
6) 16 желтоқсан –Тәуелсіздік күні.
Тарау 2. 2-тарау. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі
2-тарау. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі
Тармақ 7
7. Әлеуметтік көмек азаматтардың келесі санаттарына көрсетіледі:
Тармақша 1
1) Ұлы Отан соғысының ардагерлері: Ұлы Отан соғысына қатысушылар, атап айтқанда, Ұлы Отан соғысы кезеңінде, сондай-ақ бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағын (бұдан әрі – КСР Одағы) қорғау бойынша басқа да ұрыс операциялары кезiнде майдандағы армия мен флоттың құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтар мен мекемелерде қызмет өткерген әскери қызметшiлер, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын әрекет етушiлерi; Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектігі бар адамдар, атап айтқанда Ұлы Отан соғысы кезеңінде майданда, ұрыс қимылдары аудандарында, майдан маңындағы темiржол учаскелерінде, қорғаныс шептерiнің, әскери-теңiз базалары мен әуеайлақтардың құрылысжайларында жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген майдандағы армия мен флоттың әскери қызметшiлерi, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын әрекет етушiлерi, сондай-ақ жұмысшылар мен қызметшiлер;
Тармақша 2
2) басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері: бұрынғы КСР Одағының үкiметтік органдарының шешiмдерiне сәйкес басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшiлерi, бұрынғы КСР Одағы Iшкi iстер министрлiгiнiң басшы және қатардағы құрамының адамдары (әскери мамандар мен кеңесшiлердi қоса алғанда); оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде жiберiлген әскери мiндеттiлер; Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде осы елге жүк жеткiзу үшiн жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерi; бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмалармен ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшiлерi; Ауғанстандағы кеңестік әскери контингентке қызмет көрсеткен, жарақат, контузия алған немесе мертіккен не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлер; 1992 жылғы қыркүйектен бастап 2001 жылғыақпанға дейінгі кезеңде Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерін орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері; 2003 жылғы тамыздан бастап 2008 жылғы қазанға дейінгі кезеңде Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері; 1986 жылдан бастап 1991 жылғы дейінгі кезеңде Таулы Қарабахтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары;
Тармақша 3
3) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген адамдар, атап айтқанда: Ұлы Отан соғысы кезеңінде майдандағы армия құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық лауазымдар атқарған не сол кезеңдерде майдандағы армия бөлiмдерiнің әскери қызметшілеріне қалалардың қорғанысына қатысқаны үшін белгiленген жеңiлдiкті шарттармен зейнетақы тағайындау үшiн 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн еңбек сіңірген жылдарына есептеліп жазылған, сол қалаларда болған Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, бұрынғы КСР Одағының iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк әскерлерi мен органдарының еріктi жалдамалы құрамының адамдары; Ленинград қаласындағы қоршау кезеңінде қаланың кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және «Ленинградты қорғағаны үшiн» медалiмен немесе «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгiсiмен наградталған азаматтар; Екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезеңiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерьлердегі, геттолардағы және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарындағы кәмелетке толмаған тұтқындар; 1986 – 1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдар;
Тармақша 4
4) Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан жеңілдіктер бойынша мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген адамдар, атап айтқанда: бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн басқа кезеңдерде атқару кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттерде әскери қызметiн өткеру кезiнде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшiлер; Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедектік белгіленген адамдар және мүгедектігі ата-анасының бiрiнiң радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балалары;
Тармақша 5
5) еңбек ардагерлері: Социалистік Еңбек Ерлері, үш дәрежелі Еңбек Даңқы ордендерінің иегерлері; «Қазақстанның Еңбек Ері», «Халық қаhaрманы» атақтарына ие болған адамдар; Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар; 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдар;
Тармақша 6
6) Заңның күші қолданылатын басқа да адамдар: Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасылары; бейбiт уақытта әскери қызметiн өткеру кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң отбасылары; Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жою кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасылары; Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан жеңілдіктер бойынша мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген адамның екiншi рет некеге тұрмаған жұбайы (зайыбы), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығу, жұмыста мертігу және басқа да себептер (құқыққа қайшы келетiндердi қоспағанда) салдарынан мүгедектігі бар адамдар деп танылған, Ұлы Отан соғысының қайтыс болған қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушiнің, «Ленинградты қорғағаны үшiн» медалiмен немесе «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгiсiмен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған жұбайы (зайыбы); 1988 – 1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдар;
Тармақша 7
7) зейнеткерлік жасқа толған, зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төмен мөлшерін немесе зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төмен мөлшерінен төмен алатын азаматтар; зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төмен мөлшерін немесе зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең аз мөлшерінен төмен алатын 80 жастағы және одан (асқан) көп жасқа толған азаматтар; сотпен немесе Қазақстан Республикасының «Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы» Заңымен белгіленген тәртіппен саяси қуғын-сүргіндер құрбаны немесе саяси қуғын-сүргіндерден зардап шеккен деп танылған азаматтар;
Тармақша 8
8) мүгедектігі бар адамдар, атап айтқанда: 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар; 1 топтағы мүгедектігі бар адамдар; 2 топтағы мүгедектігі бар адамдар; 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар; кірістерін есепке алмай, жоғары немесе орта арнайы (кәсіби) білім және білім берудің өзге де түрлерін алуға мүгедектігі бар адамды оңалтудың жеке бағдарламасының кәсіби бөлігінен көшірмесі бар және білім алушы мүгедектігі бар адамдар;
Тармақша 9
9) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарындағы көп балалы аналар (отбасылар);
Тармақша 10
10) жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, отбасының бір мүшесіне шаққандағы табысы облыс бойынша белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінен аспайтын аз қамтамасыз етілген отбасыларынан шыққан жоғары оқу орындарында оқитын студенттер;
Тармақша 11
11) аз қамтамасыз етілген азаматтар, атап айтқанда: пешпен жылытылатын жеке тұрғын үй қорында тұратын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар, өтініш берген мерзімде ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстары бар отбасылар; табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) немесе оның мүлкінезалал келтіруге байланысты өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтар, өтініш жасау мерзімі өмірлік қиын жағдай туындалған кезден бастап бір ай ішінде; бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтар; табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен, мектеп жасындағы балалары бар отбасылар; отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейіне 1,5 еселік ара қатынастан аспайтын жағдайда, бір айдан астам созылған дертке, жедел араласуды талап ететін дертке байланысты өмірлік қиын жағдайға тап болған, шұғыл немесе жоспарлы хирургиялық ота жасатқан азаматтар; жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен аспайтын, жасанды тамақтандырылатын 1 жасқа дейінгі емшектегі балалары бар отбасылар; отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен аспайтын, 12 аптаға дейін жүктілігі бойынша есепке қою үшін аудандық ауруханаға уақтылы жүгінген жүкті әйелдер;
Тармақша 12
12) әлеуметтік мәні бар аурулары бар азаматтар, атап айтқанда: онкологиялық аурумен ауыратын адамдар; адамның қорғаныс тапшылығының қоздырғышы ауруынан зардап шегетін тұлғалар; адамның қорғаныс тапшылығының қоздырғышы ауруынан зардап шегетін балалар; амбулаторлық емдеудегі туберкулез ауруынан зардап шегетін тұлғалар; «жүйелі қызыл жегі» ауруынан зардап шегетін тұлғалар»; «1 типті қант диабеті» ауруынан зардап шегетін тұлғаларға.
Тармақ 8
8. Уәкілетті орган табыс есебінсіз көмек көрсетеді:
Тармақша 1
1) мерекелік күндерге біржолғы әлеуметтік көмек: Халықаралық әйелдер күніне 7-тармақтың 9) тармақшасында көрсетілген санат үшін уәкілетті органның тізімі негізінде; Қазақстан халқының бірлігі мерекесіне7-тармақтың 5) тармақшасының, екінші, үшінші абзацтарында және 7) тармақшасының үшінші абзацында көрсетілген санаттар үшін уәкілетті ұйымның тізімі негізінде; Отан қорғаушы күніне 7-тарматың 2) тармақшасының жетінші, сегізінші абзацтарында және 6) тармақшасының үшінші абзацында көрсетілген санаттар үшін уәкілетті ұйымның тізімі негізінде; Жеңіс күніне 7-тармақтың 1) тармақшасында, 2) тармақшасының екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, тоғызыншы абзацтарында, 3), 4) тармақшаларында, 5) тармақшасының төртінші, бесінші абзацтарында және 6) тармақшасының екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы абзацтарында көрсетілген санаттар үшін уәкілетті ұйымның тізімі негізінде; Қазақстан Республикасының Конституция күніне 7-тармақтың 8) тармақшасының бесінші, алтыншы абзацтарында көрсетілген санаттар үшін уәкілетті органның тізімі негізінде; Тәуелсіздік күніне 7-тармақтың 7) тармақшасының бірінші, екінші абзацтарында, 8) тармақшасының екінші, үшінші, төртінші абзацтарында көрсетілген санаттар үшін уәкілетті ұйымның тізімі негізінде;
Тармақша 2
2) біржолғы әлеуметтік көмек: Үлгілік қағидаларының 13-тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып өтініш негізінде тұрғын үйді жөндеуге нақты шығындар бойынша 500 (бес жүз) айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК) 7-тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін; 7-тармақтың 1), 2) тармақшаларында, 3) тармақшасының бесінші абзацында, 5) тармақшасының төртінші, бесінші абзацтарында, 6) тармақшасының бесінші, алтыншы абзацтарында көрсетілген санат үшін қатты отын сатып алуға (жылыту маусымында) 10 (он) АЕК мөлшерінде уәкілетті органның тізімі негізінде; Үлгілік қағидаларының 13-тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып өтініш негізінде 7-тармақтың 2) тармақшасында, 3) тармақшасының бесінші абзацында көрсетілген санаттар үшін санаторий-курорттық емделуге 50 (елу) АЕК мөлшерінде; Үлгілік қағидаларының 13-тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып өтініш негізінде санаторий-курорттық емделугезаңды өкілдерінің еріп жүруіне 20 (жиырма) АЕК мөлшерінде 7-тармақтың 8) тармақшасының екінші абзацтарында көрсетілген санат үшін; Үлгілік қағидаларының 13-тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып өтініш негізінде санаторий-курорттық емделугезаңды өкілдерінің еріп жүруіне 50 (елу) АЕК мөлшерінде 7-тармақтың 8) тармақшасының үшінші абзацтарында көрсетілген санат үшін; Үлгілік қағидаларының 13-тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып өтініш негізінде 100 (жүз) АЕК мөлшерінде 7-тармақтың 11) тармақшасының үшінші абзацында көрсетілген санат үшін; Үлгілік қағидаларының 13-тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып өтініш негізінде 15 (он бес) АЕК мөлшерінде 7-тармақтың 11) тармақшасының төртінші абзацында көрсетілген санат үшін; Павлодар облысы әкімдігі, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Шарбақты аудандық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының ұсынған тізімі негізінде 15 (он бес) АЕК мөлшерінде 7-тармақтың 12) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген санат үшін; Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының «Павлодар облыстық ЖИТС-тың алдын алу және күресу жөніндегі орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының ұсынған тізімі негізінде 15 (он бес) АЕК мөлшерінде 7-тармақтың 12) тармақшасының үшінші абзацында көрсетілген санат үшін; Павлодар облысы әкімдігі, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Шарбақты аудандық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының ұсынған тізімі негізінде 15 (он бес) АЕК мөлшерінде 7-тармақтың 12) тармақшасының алтыншы абзацында көрсетілген санат үшін; Павлодар облысы әкімдігі, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Шарбақты аудандық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының ұсынған тізімі негізінде 10 (он) АЕК мөлшерінде 7-тармақтың 12) тармақшасының жетінші абзацында көрсетілген санат үшін;
Тармақша 3
3) тоқсан сайынғы әлеуметтік көмек: 7-тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген санат үшін сауықтыруға 25 (жиырма бес) АЕК мөлшерінде уәкілетті органның тізімі негізінде; 7-тармақтың 2) тармақшасында, 3) тармақшасының бесінші абзацында, 4) тармақшасының үшінші абзацында, 6) тармақшасының екінші, алтыншы абзацтарында көрсетілген санаттар үшінсауықтыруға 15 (он бес) АЕК мөлшерінде уәкілетті органның тізімі негізінде;
Тармақша 4
4) ай сайынғы әлеуметтік көмек: Үлгілік қағидаларының 13-тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде 3 (үш) АЕК мөлшерінде, үш, төрт абзацтарының 7-тармағы 8) тармақшасында (өзіне-өзі күтім көрсете алмайтын және денсаулығының жай-күйіне байланысты үнемі көмек көрсетуге мұқтаж, өздерінің ата-аналарын (жұбайын) асырап-бағуға және оларға қамқорлық жасауға міндетті еңбекке жарамды кәмелетке толған балалары (жұбайы) жоқ немесе объективті себептер бойынша оларды тұрақты көмекпен және күтіммен қамтамасыз ете алмайтын жақын туыстары бар мүгедектігі бар адамдарға (қарттық жасына, бірінші, екінші топтағы мүгедектігінің, онкологиялық, психикалық ауруларының болуы, бас бостандығынан айыру орындарында отыруына немесе елден тыс жерге тұрақты тұруға кетуі немесе басқа елді мекенде тұруы) көрсетілген санат үшін; 7-тармақтың 8) тармақшасының екінші, үшінші абзацтарында көрсетілген санат үшін ауылдық жерлерде тұратын мүгедектігі бар адамдарға гемодиализ процедураларын алу үшін 10 (он) АЕК мөлшерінде уәкілетті ұйымның ұсынған тізім негізінде; 7-тармақтың 10) тармақшасында көрсетілген санат үшін оқу кезеңінде тұруға, тамақтануға және тұрғылықты жеріне жол жүруге 8 (сегіз) АЕК мөлшерінде; Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасы «Павлодар облыстық ЖИТС-тың алдын алу және күресу жөніндегі орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны ұсынатын тізім негізінде тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген ең төменгі күнкөріс екі еселеген мөлшерінде 7-тармақтың 12) тармақшасының төртінші абзацында көрсетілген санат үшін; Павлодар облысы әкімдігі, Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Павлодар облыстық фтизиопульмонология орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны ұсынған тізімі негізінде 7-тармақтың 12) тармақшасыныңбесінші абзацында көрсетілген санат үшін 15 (он бес) АЕК мөлшерінде;
Тармақ 9
9. Уәкілетті орган ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын табысы бар адамдарға көмек көрсетеді: Үлгілік қағидаларының 13-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларында көрсетілген құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде 7-тармақтың 10) тармақшасында көрсетілген санат үшін төленеді;
Тармақша 1
1)біржолғы әлеуметтік көмек: Үлгілік қағидаларының 13-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларында көрсетілген құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде 10 (он) АЕК мөлшерінде қатты отын сатып алуға (жылыту маусымында көрсетіледі) 7-тармақтың 11) тармақшасыныңекінші абзацындакөрсетілген санат үшін; Үлгілік қағидаларының 13-тармағының 1), 2) тармақшаларында көрсетілген құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде бір оқушыға «Мектепке жол» акциясы бойынша 20000 (жиырма мың) теңге мөлшерінде 7-тармақтың 11) тармақшасының бесінші абзацында көрсетілген санат үшін; Үлгілік қағидаларының 13-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларында көрсетілген құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде жедел араласу дертінен кейін емделуге немесе оңалтуға арналған 15 (он бес) АЕК мөлшерінде 7-тармақтың 11) тармақшасының алтыншы абзацында көрсетілген санат үшін; Үлгілік қағидаларының 13-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларында көрсетілген құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде 15 (он бес) АЕК мөлшерінде 7-тармақтың 11) тармақшасының сегізінші абзацында көрсетілген санат үшін.
Тармақша 2
2)ай сайынғы әлеуметтік көмек: Үлгілік қағидаларының 13-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларында көрсетілген құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде бала тамағын сатыпалуға 4 (төрт) АЕК мөлшерінде 7-тармақтың 11) тармақшасының сегізінші абзацында көрсетілген санат үшін.
Тармақ 10
10. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді. Өмірлік қиын жағдай туындалған кезде әлеуметтік көмектің шекті мөлшері 100 (жүз) АЕК құрайды.
Тармақ 11
11. Алушылардың жекелеген санаттары үшін мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшерін облыстық ЖАО келісімі бойынша бірыңғай мөлшерде белгіленеді.
Тарау 3. 3-тарау. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі
3-тарау. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі
Тармақ 12
12. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі Үлгілік қағидаларының 12-25-тармақтарына сәйкес айкыңдалды.
Тарау 4. 4-тарау. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздер
4-тарау. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздер
Тармақ 13
13. Әлеуметтiк көмек:
Тармақша 1
1) алушы қайтыс болған;
Тармақша 2
2) алушы Шарбақты ауданының шегiнен тыс тұрақты тұруға кеткен;
Тармақша 3
3) алушыны мемлекеттiк медициналық-әлеуметтiк мекемелерге тұруға жiберген;
Тармақша 4
4) алушы ұсынған мәлiметтердiң дәйексiздiгi анықталған жағдайларда тоқтатылады. Әлеуметтiк көмектi төлеу көрсетiлген жағдайлар туындаған айдан бастап тоқтатылады.
Тармақ 14
14. Артық төленген сомалар ерiктi немесе Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгiленген тәртiппен қайтаруға жатады.
Тарау 5. 5-тарау. Қорытынды ереже
5-тарау. Қорытынды ереже
Тармақ 15
15. Әлеуметтiк көмек көрсету мониторингi мен есепке алуды уәкiлеттi орган «Е-Собес» автоматтандырылған ақпараттық жүйесiнiң дерекқорын пайдалана отырып жүргiзедi.
Басқа 61. Шарбақты аудандық мәслихатының кейбір күші жойылған шешімдерінің тізбесі
Шарбақты аудандық мәслихатының 2020 жылғы «29» қыркүйектегі № 266/81 шешіміне қосымша Шарбақты аудандық мәслихатының кейбір күші жойылған шешімдерінің тізбесі
Тармақ 1
1. Шарбақты аудандық мәслихатының 2014 жылғы 15 қаңтардағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Шарбақты ауданындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» № 106/37 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3696 болып тіркелген, 2014 жылғы 26 ақпанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
Тармақ 2
2. Шарбақты аудандық мәслихатының 2014 жылғы 18 сәуірдегі «Шарбақты аудандық мәслихатының 2014 жылғы 15 қаңтардағы № 106/37 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Шарбақты ауданындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне толықтырулар енгізу туралы» № 127/43 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3770 болып тіркелген, 2014 жылғы 06 мамырда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
Тармақ 3
3. Шарбақты аудандық мәслихатының 2014 жылғы 14 шілдедегі «Шарбақты аудандық мәслихатының 2014 жылғы 15 қаңтардағы № 106/37 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Шарбақты ауданындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» № 134/46 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3892 болып тіркелген, 2014 жылғы 31 шілдеде аудандық «Трибуна» № 31, «Маралды» № 31 газеттерінде жарияланған).
Тармақ 4
4. Шарбақты аудандық мәслихатының 2014 жылғы 24 қыркүйектегі «Шарбақты аудандық мәслихатының 2014 жылғы 15 қаңтардағы № 106/37 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Шарбақты ауданындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерту енгізу туралы» № 142/48 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4035 болып тіркелген, 2014 жылғы 06 қазанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
Тармақ 5
5. Шарбақты аудандық мәслихатының 2015 жылғы 22 маусымдағы «Шарбақты аудандық мәслихатының 2014 жылғы 15 қаңтардағы № 106/37 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Шарбақты ауданындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 217/61 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4570 болып тіркелген, 2015 жылғы 09 шілдеде аудандық «Трибуна» № 27, «Маралды» № 27 газеттерінде жарияланған).
Тармақ 6
6. Шарбақты аудандық мәслихатының 2016 жылғы 04 сәуірдегі «Шарбақты аудандық мәслихатының 2014 жылғы 15 қаңтардағы № 106/37 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Шарбақты ауданындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» № 6/2 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5081 болып тіркелген, 2016 жылғы 25 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
Тармақ 7
7. Шарбақты аудандық мәслихатының 2016 жылғы 22 маусымдағы «Шарбақты аудандық мәслихатының 2014 жылғы 15 қаңтардағы № 106/37 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Шарбақты ауданындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 18/6 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5167 болып тіркелген, 2016 жылғы 21 шілдеде аудандық «Трибуна» № 30, «Маралды» № 30 газеттерінде жарияланған).
Тармақ 8
8. Шарбақты аудандық мәслихатының 2017 жылғы 11 қыркүйектегі «Шарбақты аудандық мәслихатының 2014 жылғы 15 қаңтардағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Шарбақты ауданындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» № 106/37 шешіміне толықтыру енгізу туралы» № 87/25 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5627 болып тіркелген, 2017 жылғы 28 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған).
Тармақ 9
9. Шарбақты аудандық мәслихатының 2019 жылғы 17 мамырдағы «Шарбақты аудандық мәслихатының 2014 жылғы 15 қаңтардағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Шарбақты ауданындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» № 106/37 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 191/56 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6379 болып тіркелген, 2019 жылғы 30 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған).