О реорганизации и переименовании отдельных государственных учреждений по охране биоресурсов Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.05.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің биоресурстарды қорғау жөніндегi жекелеген мемлекеттiк мекемелерiн қайта ұйымдастыру және қайта атау туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң "Балқаш биоресурстарды қорғау жөніндегi аймақтық мекемесi" мемлекеттiк мекемесi Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің "Балқаш-Алакөл балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу жөнiндегi бассейндiк басқармасы" және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнің "Зайсан-Ертiс балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу жөнiндегi бассейндiк басқармасы" мемлекеттiк мекемелерiне бөлу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң "Солтүстiк Каспий биоресурстарды қорғау жөнiндегi аймақтық мекемесi" мемлекеттiк мекемесi Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгінің "Орал-Каспий облысаралық балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу жөніндегi бассейндiк басқармасы" мемлекеттiк мекемесi болып қайта аталсын.
Тармақ 3
3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.06.01. N 604 қаулысымен.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен осы қаулыны iске асыру жөнiндегi қажеттi шараларды қабылдасын.
Тармақ 5
5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.