О некоторых вопросах Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкiметі актiлерiнiң жинағында жариялануға тиiс
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің кейбір мәселелері туралы
«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 20-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) туралы ереже;
Тармақша 2
2) Агенттіктің құрылымы;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Агенттіктің Ұлттық статистика бюросы болып қайта құрылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықты іске асыру бойынша өзге де шараларды қабылдасын.
Тармақ 4
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Қазақстан Республикасының
Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі туралы
ЕРЕЖЕ
Қазақстан Республикасы
Президентінің 2020 жылғы 5
қазандағы № 427 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасының
Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі туралы
ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттiгi (бұдан әрi – Агенттiк) Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн, стратегиялық жоспарлау, реформалар жүргізу салаларында және мемлекеттік статистика саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк орган болып табылады.
Тармақ 2
2. Агенттіктің ведомствосы бар: Ұлттық статистика бюросы және оның астанадағы, облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы аумақтық бөлімшелері.
Тармақ 3
3. Агенттік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Президент пен Үкіметтің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Агенттік мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және қазақ және орыс тілдерінде өз атауы бар мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
Тармақ 5
5. Агенттік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Тармақ 6
6. Агенттіктің, егер оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
Тармақ 7
7. Агенттік өз құзыретіндегі мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Агенттік төрағасының
бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. Агенттіктің құрылымы мен жалпы штат саны Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. Агенттіктің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, «Есіл» ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 55/6.
Тармақ 10
10. Осы Ереже Агенттіктің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. Агенттіктің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Агенттікке кәсіпкерлік субъектілерімен Агенттіктің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
Егер Агенттікке Қазақстан Республикасының заңдарымен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Тарау 2. 2-тарау. Агенттіктің мақсаттары мен өкілеттіктері
2-тарау. Агенттіктің мақсаттары мен өкілеттіктері
Тармақ 13
13. Мақсаттары:
Тармақша 1
1) стратегиялық жоспарлау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру;
Тармақша 2
2) мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге қатысу;
Тармақша 2-1
2-1) реттеушілік саясатты жетілдіруге қатысу;
Тармақша 3
3) елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын жетілдіруге бағытталған жүйелі (құрылымдық және институционалдық) реформаларды әзірлеу;
Тармақша 3-1
3-1) қоғамды хабардар ету және салаларды (аяларды) реформалау жөніндегі жүйелі шараларды әзірлеу мақсатында демографиялық өзгерістерді зерделеу;
Тармақша 4
4) мемлекеттік статистика саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және жетілдіру;
Тармақша 5
5) жүйелі (құрылымдық және институционалдық) реформалардың, оның ішінде мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының шеңберінде іске асырылу барысын мониторингтеу және бағалау;
Тармақша 6
6) статистикалық әдіснаманы қалыптастыру;
Тармақша 7
7) мемлекеттік статистика қағидаттарын сақтай отырып, статистикалық қызметті жүзеге асыру;
Тармақша 8
8) қоғамның, мемлекеттің және халықаралық қоғамдастықтың ресми статистикалық ақпаратқа қажеттілігін қанағаттандыру;
Тармақша 9
9) әкімшілік деректердің сапасын айқындау.
Тармақ 14
14. Өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) құқықтары:
стратегиялық жоспарлау, реттеушілік саясат, мемлекеттік статистикалық қызмет, институционалдық және әлеуметтік-экономикалық реформалар жүргізу салаларындағы мемлекеттік саясатты жетілдіру мәселелері жөнінде Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыныстар енгізу;
өзінің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша қажетті ақпаратты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметінен, Ұлттық Банкінен, орталық мемлекеттік органдарынан, жергілікті атқарушы органдардан, ұйымдардан, квазимемлекеттік сектор субъектілерінен, сондай-ақ лауазымды адамдардан сұрату және алу;
Қазақстан Республикасының заңнамасын қолдану практикасын талдау және қорыту, оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу, заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындауға қатысу, оларды Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізу;
халықаралық шарттар жасасу, келіссөздер жүргізу және өз құзыреті шегінде және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шет елдердің тиісті ведомстволарымен, халықаралық ұйымдармен және шетелдік заңды тұлғалармен келісімдерге қол қою;
отандық және шетелдік сарапшылар мен консультанттарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жұмысқа тарту;
жұмыста жасанды интеллект технологияларын пайдалану;
өз құзыреті шегінде консультативтік-кеңесші органдарды, оның ішінде кәсіптік біліктілікті дамыту жөніндегі мәселелерді үйлестіру мақсатында кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестерді, сондай-ақ ведомствоаралық жұмыс топтарын, сараптама комиссияларын құру;
респонденттерден бастапқы статистикалық деректерді өтеусіз негізде алу;
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жариялауға қойылатын талаптарды сақтай отырып, бастапқы, әкімшілік және дербес деректерді қоса алғанда, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың дерекқорларына қолжетімділік алу;
Агенттіктің, оның ведомствосының, ведомствоның аумақтық бөлімшелерінің және ведомстволық бағынысты ұйымның қызметіне қатысты мәселелер бойынша құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және бекіту;
Агенттікке, оның ведомствосына және ведомствоның аумақтық бөлімшелеріне жүктелген міндеттердің шешілуін қамтамасыз ететін ақпараттық жүйелерді құру және пайдалану;
Агенттік қызметінің негізгі бағыттары бойынша басқа мемлекеттік органдармен, ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
Агенттіктің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша мемлекеттік органдарға, жергілікті атқарушы органдарға және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне ұсынымдар жолдау;
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұлттық санақтарды өткізу қажеттілігі туралы ұсыныс енгізу;
сотқа жүгіну;
байланыс операторларынан респонденттер жөнінде байланыс деректерін алу;
Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын байланыс операторларынан және (немесе) байланыс желілерін иеленушілерден абоненттер туралы иесі көрсетілмеген деректерді үшінші тұлғаларға бермей статистикалық қызметті жүзеге асыру үшін алу;
мемлекеттік статистика саласындағы өзінің өкілеттіктері мен функцияларының бір бөлігін ведомствоға беру;
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда, мемлекеттік статистика органдарына жататын мемлекеттік органдардан мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган қалыптастыратын ресми статистикалық ақпаратты түзу үшін қажетті бастапқы статистикалық және әкімшілік деректерді өтеусіз негізде алу;
сұрау салу негізінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен сыртқы сектор статистикасын қалыптастыру мақсатында жиналатын бастапқы статистикалық деректерді иесіздендірілген түрде өтеусіз негізде алу;
статистикалық қызметті жүзеге асыру кезінде тиісті уәкілетті мемлекеттік органдардан, ұйымдардан мемлекеттік тапсырыстарды және мемлекеттік-жекешелік әріптестікті жүзеге асыру кезінде қалыптастырылған деректерді, оның ішінде Жерді қашықтан зондтау деректерін өтеусіз негізде алу және пайдалану;
рұқсаттамалық және объектішілік режимнің белгіленген талаптарын сақтай отырып, әкімшілік дереккөздің аумағына және үй-жайларына кедергісіз кіру;
тексеру нәтижелеріне қоса тіркеу үшін әкімшілік деректерді, сондай-ақ қағаз және электрондық жеткізгіштердегі құжаттарды (мәліметтерді) не олардың көшірмелерін алу және қажет болған кезде оларды қашықтан бақылау жүргізуде пайдалану;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар және Қазақстан Республикасының заңымен қорғалатын өзге де құпия туралы заңнамасында көзделген талаптарды сақтай отырып, тексеру нысанасына сәйкес автоматтандырылған дерекқорларға (ақпараттық жүйелерге) қолжетімділік алу;
әкімшілік дереккөздерге қатысты мемлекеттік бақылауды жүргізуге деректерді бақылаушыларды, сондай-ақ мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарының өзге де мамандарын, консультанттары мен сарапшыларын тарту;
әкімшілік дереккөздерге қатысты мемлекеттік бақылауды жүргізу кезінде аудио-, фото- және бейнетүсiрiлiмді жүзеге асыру;
әкімшілік дереккөздің «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 12-1-бабында көзделген міндеттемелерді орындаудан бас тарту фактілерін бейнетүсірілімге тіркеп белгілеу;
әкімшілік дереккөздерге жатпайтын балама деректердің меншік иелерімен немесе иеленушілерімен балама деректерді ұсыну туралы келісімдер жасасу;
Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Тармақша 2
2) міндеттері:
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде алынған коммерциялық,
қызметтік, заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты жария етпеу;
жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарын Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қабылдау және қарау;
респонденттерді бастапқы статистикалық деректерді электрондық түрде ұсынуға қажетті статистикалық нысандармен және (немесе) бағдарламалық қамтылыммен өтеусіз негізде қамтамасыз ету;
ресми статистикалық ақпаратты түзу және статистикалық тіркелімдерді жаңарту үшін әкімшілік деректерді, балама деректерді пайдалану;
Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында Агенттік қызметінің бағыттары бойынша ақпаратты жариялауды және уақтылы жаңартуды қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы заңнамасына сәйкес электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді, ақпараттық-коммуникациялық желілерді құру және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету, оларға жеке және заңды тұлғалардың қол жеткізуін ұйымдастыру;
қағаз жеткізгіштердегі және электрондық түрдегі бастапқы статистикалық деректердің, әкімшілік деректердің және балама деректердің белгіленген мерзімдерде сақталуын қамтамасыз ету;
статистикалық жұмыстар жоспарын орындау үшін респонденттердің бастапқы статистикалық деректерді ұсыну графигін, әкімшілік деректерді ұсыну графигін және ресми статистикалық ақпаратты тарату графигін бекіту;
статистикалық жұмыстар жоспарында көзделген көлемде ресми статистикалық ақпаратты тарату графигіне сәйкес статистикалық жарияланымдарды қалыптастыруды және ресми статистикалық ақпаратты, ұлттық санақ қорытындылары туралы ақпаратты таратуды, сондай-ақ цифрлық карталарда көрінуін қамтамасыз ету;
мемлекеттік статистика органдарына жататын мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне сұрау салуы негізінде иесіздендірілген бастапқы статистикалық деректерді үшінші тұлғаларға берусіз тек статистикалық мақсаттарда пайдалану үшін ұсыну;
ақпараттық жүйеде техникалық ақаулардың пайда болғаны, сондай-ақ респонденттердің бастапқы статистикалық деректерді ұсыну мерзімін ұзарту және оны техникалық ақаулар жойылғаннан кейін келесі жұмыс күніне ауыстыру туралы хабарламаны ресми интернет-ресурста орналастыру;
интернет-ресурста және «электрондық үкімет» веб-порталының ашық деректер интернет-порталында орналастыру арқылы пайдаланушылардың сапалы ресми статистикалық ақпаратқа, оның ішінде машинамен оқылатын деректер форматында және статистикалық әдіснамаға бір мезгілде қол жеткізуге тең құқықтарын қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының заңнамасын, әкімшілік дереккөздердің құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау;
Заңның 12-1-бабында белгіленген тәртіп негізінде және оған қатаң сәйкестікте қашықтан бақылау және тексерулер жүргізу;
тексерулер жүргізу кезеңінде әкімшілік дереккөздің белгіленген жұмыс режиміне кедергі жасамау;
тексерулер жүргізу кезінде әкімшілік дереккөз басшысының немесе басшысы міндетін атқарушы адамның қатысуына, тексерулер нысанасына қатысты мәселелер бойынша түсіндірмелер беруіне кедергі жасамау;
әкімшілік дереккөзге тексерудің нысанасына жататын қажетті ақпаратты беру;
әкімшілік дереккөзге тексеру нәтижелері туралы қорытынды немесе қашықтан бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы қорытынды беру;
қашықтан бақылау және тексеру жүргізу нәтижесінде алынған құжаттар мен мәліметтердің сақталуын және құпиялылығын қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес берілген Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптардың бұзылуының алдын алу, анықтау және жолын кесу жөніндегі өкілеттіктерді уақтылы және толық көлемде орындау;
статистикалық әдіснама өзгерген жағдайда және жаңартылған, құжатпен расталған ақпарат негізінде статистикалық мақсаттар үшін жарияланған ресми статистикалық ақпаратты қайта қарау.
бастапқы статистикалық немесе әкімшілік немесе балама деректерді қамтитын қағаз жеткізгіштерді электрондық жеткізгіштерге міндетті түрде көшіруді қамтамасыз ету;
ұлттық анықтамалық ақпараттың құрылымын, мазмұнын және олардың өзгерістерін келісу;
ұлттық тіркелімдерді қалыптастыруды және өзгертуді келісу;
техникалық-экономикалық ақпараттың ұлттық сыныптауыштарын келісу;
ұлттық анықтамалық ақпараттың элементтерін келісу.
Тармақ 15
15. Функциялары:
Тармақша 1
1) Агенттіктің құзыреті шегінде құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту;
Тармақша 1-1
1-1) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп қолданылатын дереккөздер және (немесе) Түйінді ұлттық индикаторлар картасы индикаторларының тиісті есеп-қисаптарының әдістемелерін бекіту;
Тармақша 1-2
1-2) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бекітетін Қазақстан Республикасының Ұлттық даму жоспарын, мемлекеттік органдардың, астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың даму жоспарларын әзірлеу, іске асыру, оларға мониторинг жүргізу және түзету әдістемесін келісу;
Тармақша 1-3
1-3) мемлекеттік органдардың қолдануы үшін метадеректерді қалыптастырудың үлгілік әдістемесін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 1-4
1-4) кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша реттеуші құралдарды және (немесе) кәсіпкерлік субъектілері орындауға міндетті талаптарды қалыптастыру шарттарына сәйкестігіне жүргізілген реттеушілік әсерді бағалау қағидаларын бекіту;
Тармақша 2
2) мемлекеттік жоспарлау, реттеушілік саясат және мемлекеттік басқару жүйелерін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімді және орта мерзімді жоспарларын әзірлеу, олардың іске асырылуын мониторингтеу және түзету;
Тармақша 4
4) жүйелі (құрылымдық және институционалдық) реформалардың, оның ішінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының шеңберіндегі іске асырылу барысына мониторинг және бағалау жүргізуді ұйымдастыру;
Тармақша 5
Тармақша 6
6) елдің әлеуметтік-экономикалық және институционалдық дамуына бағытталған салаларды (аяларды) және реттеушілік саясатты реформалау бойынша жүйелі шараларды әзірлеу;
Тармақша 7
7) елдің дамуына әсер ететін жүйелі қауіп-қатерлерді анықтау мақсатында әлеуметтік-экономикалық, реттеушілік және басқа да салаларға талдау жүргізу;
Тармақша 7-1
7-1) әсерге бағалау жүргізу, реттеушілік талаптар мәселелері бойынша қорытынды дайындау, сондай-ақ оларда жасанды интеллект технологияларын қолдану жөнінде әдіснамалық ұсынымдарды қалыптастыру;
Тармақша 7-2
7-2) жасанды интеллект технологияларын, ауқымды деректерді талдауды және ресми статистикалық ақпаратты тарату графигінде көзделмеген талдау ақпаратын қолдана отырып жүргізілген реттеушілік әсерді бағалау нәтижелері бойынша мемлекеттік органдарға қорытынды беру;
Тармақша 7-3
7-3) әкімшілік кедергілерді жою үшін бизнес-процестердің реинжинирингі және оларды оңтайландыру, мемлекет пен бизнестің өзара іс-қимылы жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
Тармақша 7-4
7-4) реттеуші интеллектінің ақпараттық платформасын, оның ішінде жасанды интеллект технологияларын қолдана отырып құру және дамыту бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және үйлестіру;
Тармақша 7-5
7-5) мемлекет пен қоғамды демографиялық даму туралы объективті ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасындағы демографиялық үрдістер туралы ұлттық баяндаманы дайындау және жыл сайын жариялау;
Тармақша 7-6
7-6) жаңа технологияларды пайдалана отырып, демографиялық процестерді талдау мен болжауды қамтамасыз ету және үйлестіру;
Тармақша 7-7
7-7) демографиялық процестерге талдау мен болжау жүргізу жөніндегі әдістемені әзірлеу және бекіту;
Тармақша 8
8) жүйелі (құрылымдық және институционалдық) реформаларды іске асырудың тиімділігін, мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектордың жұмыс сапасын арттыру бойынша ұсыныстар дайындау;
Тармақша 9
9) реформалар жөнінде ұлттық баяндаманы қалыптастыру;
Тармақша 10
10) мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту бойынша шараларды мониторингтеу, сондай-ақ тиісті ұсыныстарды тұжырымдау;
Тармақша 11
11) ведомствоаралық келіспеушіліктер туындаған жағдайда жүйелі (құрылымдық және институционалдық) реформаларды іске асыруға, мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын әзірлеу мен іске асыруға байланысты мәселелер бойынша сараптамалық қорытындылар беру;
Тармақша 12
12) мемлекеттік органдардың мемлекеттік басқару және мемлекеттік жоспарлау жүйелерін жетілдіруге бағытталған ұсыныстарын келісу;
Тармақша 13
13) елдің дамуын, оның ішінде демографиялық процестерді, халықаралық үрдістерді стратегиялық болжау және оларға талдау жүргізу, сондай-ақ тиісті ұсыныстарды әзірлей отырып, әлемдік тәжірибені зерделеу;
Тармақша 14
14) ведомстволық статистикалық байқаулар саласындағы жұмыстарды әдіснамалық сүйемелдеу;
Тармақша 14-1
14-1) кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіптер сыныптауышының, салалық біліктілік шеңберлерінің негізінде кәсіптік стандарттарды әзірлеу және (немесе) жаңарту;
Тармақша 14-2
14-2) Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қорытындысын ескере отырып, кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңеспен және кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша кәсіптік стандарттарды бекіту;
Тармақша 14-3
14-3) кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен салалық біліктілік шеңберлерін әзірлеу және (немесе) жаңарту;
Тармақша 14-4
14-4) кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестермен келісу бойынша жыл сайынғы негізде кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға кәсіптер тізіліміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар енгізу;
Тармақша 14-5
14-5) кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестермен келісу бойынша жыл сайынғы негізде кәсіптік стандарттарды әзірлеу және (немесе) жаңарту жөнінде ұсыныстар әзірлеу және оларды кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға жіберу;
Тармақша 14-6
14-6) астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарымен келісу бойынша жыл сайынғы негізде ағымдағы және болашақ кезеңдерде кәсіптердің өзектілігін ескере отырып, еңбек нарығының кәсіптік біліктілікті танудағы қажеттілігін кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен қалыптастыру;
Тармақша 14-7
14-7) кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті орган бекіткен кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестер туралы үлгілік ереженің негізінде кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестер туралы ережелерді әзірлеу және бекіту;
Тармақша 15
15) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарынан және өзге де республикалық, халықаралық және шетелдік ұйымдардан алынатын ақпаратты және деректерді жүйелі түрде жинау, тексеру және сыныптау;
Тармақша 16
16) Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауларын іске асыру мақсатында қабылданатын жалпыұлттық іс-шаралар жоспарларын әзірлеуге және мониторингтеуге қатысу;
Тармақша 17
17) мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру;
Тармақша 17-1
17-1) ведомстволық статистикалық байқауларды жүргізу үшін статистикалық нысандарды және оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды келісу;
Тармақша 18
Тармақша 19
19) мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру кезінде орталық және жергілікті атқарушы органдар мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін үйлестіру;
Тармақша 20
20) құзыреті шегінде мемлекеттік статистика саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру және ынтымақтастық аясында шарттар жасасу;
Тармақша 21
21) статистикалық жұмыстар жоспары бекітілетін жылдың 1 шілдесіне дейінгі мерзімде мемлекеттік органдардың және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ұсыныстарын ескере отырып, сондай-ақ статистикалық қызметті талдау қорытындылары негізінде күнтізбелік үш жылға арналған статистикалық жұмыстар жоспарын, респонденттердің бастапқы статистикалық деректерді ұсыну графигін, әкімшілік деректерді ұсыну графигін және ресми статистикалық ақпаратты тарату графигін қалыптастыруды қамтамасыз ету;
Тармақша 22
22) статистикалық жұмыстар жоспарын бекіту;
Тармақша 22-1
22-1) мемлекеттік статистика органдарына жататын мемлекеттік органдардың және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің статистикалық қызметінің мемлекеттік органдардың статистикалық ақпаратты түзу процесін сипаттаудың үлгілік әдістемесінде бекітілген талаптарға сәйкестігіне талдау жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 23
23) статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды ұйымдастыру және жүргізу, соның ішінде бағаларды тіркеу;
Тармақша 24
24) бастапқы статистикалық деректерді және (немесе) алынған әкімшілік деректерді және (немесе) балама деректерді қорыту және талдау, техникалық тапсырмаларды әзірлеу және талдамалық ақпаратты қалыптастыру, сондай-ақ ресми статистикалық ақпаратты және (немесе) статистикалық ақпаратты тарату;
Тармақша 25
Тармақша 26
Тармақша 27
27) мынадай статистикалық тіркелімдерді жүргізу:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар, олардың оқшауланған бөлімшелері туралы ақпаратты қамтитын статистикалық бизнес-тіркелім;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының аумағында тұратын жеке тұлғалар туралы, сондай-ақ одан тыс жерлерде уақытша жүрген Қазақстан Республикасының азаматтары туралы ақпаратты қамтитын халықтың статистикалық тіркелімі;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылығы өнімін өндіретін субъектілер жөнінде ақпаратты қамтитын ауыл шаруашылығы статистикалық тіркелімі;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының барлық меншік нысанындағы тұрғын үйлері туралы ақпаратты қамтитын тұрғын үй қорының статистикалық тіркелімі;
Тармақша 27-1
27-1) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын ұлттық тіркелімдер тізбесін келісу;
Тармақша 28
28) республиканың және оның өңірлерінің әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы ақпараттық статистикалық дерекқорлардың жинақталуын, жүргізілуін және жаңартылуын қамтамасыз ету;
Тармақша 29
29) мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 30
30) мемлекеттік статистика органдарына жататын мемлекеттік органдардың және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің статистикалық қызметінің мемлекеттік органдардың статистикалық ақпаратты түзу процесін сипаттаудың үлгілік әдістемесінде бекітілген талаптарға сәйкестігіне талдау жүргізу, сондай-ақ талдау жүргізуге қажетті құжаттарды (ақпаратты) сұрату;
Тармақша 31
31) мемлекеттік статистика саласындағы ғылыми-зерттеу әзірлемелерін ұйымдастыру;
Тармақша 32
32) мемлекеттік органдарда қалыптастырылатын есептіліктің бірыңғай тізілімін әзірлеу;
Тармақша 32-1
32-1) әкімшілік деректер негізінде қалыптастырылатын әкімшілік көрсеткіштердің бірыңғай анықтамалығын әзірлеу;
Тармақша 33
33) мемлекеттік органдардың статистикалық ақпарат жасау процесін сипаттаудың үлгілік әдістемесін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 34
34) жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар бойынша әдістемені әзірлеу және бекіту;
Тармақша 35
35) ұлттық анықтамалық ақпараттың элементтерін әзірлеу және бекіту тәртібін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 36
36) жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар жүргізу үшін статистикалық нысандарды және оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту;
Тармақша 37
37) статистикалық байқаулар жүргізу кезінде бекітілген статистикалық нысандар бойынша анық бастапқы статистикалық деректерді ұсыну тәртібін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 37-1
37-1) жалпымемлекеттік және ведомстволық статистикалық байқаулар жүргізу үшін статистикалық нысандарды және оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 38
38) ғылыми әдістер мен тәсілдер, оның ішінде әдістемелер негізінде жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар бойынша статистикалық әдіснаманы әзірлеу және бекіту;
Тармақша 39
39) бағаларды тіркеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 40
40) әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды келісу;
Тармақша 40-1
40-1) ғылыми әдістер мен тәсілдер негізінде көрсеткіштерді есептеу әдістемелерін келісу;
Тармақша 41
41) шаруашылық бойынша есепке алу деректерінің анықтығын қамтамасыз ету;
Тармақша 42
42) алып тасталды - ҚР Президентінің 08.12.2025 № 1111 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен;
Тармақша 43
43) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган ресми дереккөздерден алған деректерді мониторингтеу, талдау және салыстыру;
Тармақша 44
44) салықтық құпияны құрайтын мәліметтерге қолжетімділігі бар лауазымды адамдардың тізбесін бекіту;
Тармақша 45
45) Қазақстан Республикасының заңнамасында салықтық құпия ретінде айқындалған, ұсынылатын мәліметтер тізбесін және оларды ұсыну тәртібін бекіту;
Тармақша 46
46) өз құзыреті шеңберінде реттелетін саладағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзатын, мемлекеттік органдар қабылдаған актілерді жою, өзгерту, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келтіру туралы ұсыныстар енгізу;
Тармақша 47
47) дерекқорды ғылыми және ғылыми-техникалық қызметте Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша сәйкестендірілмеген түрінде пайдалану үшін ұсыну тәртібін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 48
48) шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізу жөніндегі статистикалық әдіснаманы және тіркеу жазбаларын жүргізуді ұйымдастыру нысандарын бекіту;
Тармақша 49
49) әкімшілік деректерді өтеусіз негізде ұсыну тәртібін бекіту;
Тармақша 50
50) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік статистика саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асыру;
Тармақша 51
51) өз құзыреті шеңберінде Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша ұсыну енгізу және кассациялық наразылық келтіру туралы өтінішхат беру;
Тармақша 52
52) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асыратын органның (лауазымды адамның) әрекеттері (әрекетсіздігі) мен шешімдеріне шағымды өз құзыреті шеңберінде қарау;
Тармақша 53
53) Қазақстан Республикасы Құрылтайы комитеттерінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі бөлімдерінің, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының және өзге де мемлекеттік органдардың сұрау салуы бойынша ресми статистикалық ақпаратты тарату графигінде көзделмеген статистикалық ақпаратты ұсыну;
Тармақша 53-1
53-1) ресми статистикалық ақпаратты тарату графигінде көзделмеген және оны әзірлеуге қосымша шығындарды талап ететін статистикалық ақпаратты өтеулі негізде ұсыну тәртібін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 53-2
53-2) ресми статистикалық ақпаратты тарату графигінде көзделмеген және оны әзірлеуге қосымша шығындарды талап ететін талдамалық ақпаратты өтеулі негізде ұсыну тәртібін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 54
54) монополияға қарсы органның келісуімен мемлекеттік монополия субъектісі, ведомствоның ведомстволық бағынысты ұйымы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсететін қызметтердің) бағаларын белгілеу;
Тармақша 55
55) ұлттық санақтар жүргізу тәртібі мен мерзімдерін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 56
56) ұлттық санақ жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 57
57) пилоттық санақ жүргізу тәртібін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 58
58) санақ парақтарын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 59
59) ұлттық санақтарды жүргізу;
Тармақша 60
60) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ұлттық санақтарды жүргізу кезінде орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіру;
Тармақша 61
61) мемлекеттік органдармен ақпараттық жүйелерді интеграцияламай өзара іс-қимыл жасау туралы бірлескен актілерді әзірлеу және бекіту;
Тармақша 62
62) ұлттық санақ қорытындыларын қалыптастыру мен жариялауды қамтамасыз ету;
Тармақша 63
63) мемлекеттік статистика органдарының статистикалық әдіснаманы әзірлеу мен қалыптастыруға қатысу қағидаларын бекіту;
Тармақша 64
64) мемлекеттік статистика органдарына жататын мемлекеттік органдар және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірлеген ведомстволық статистикалық байқаулар бойынша статистикалық әдіснаманы келісу;
Тармақша 65
65) ресми статистикалық ақпаратты тарату графигінде көзделмеген және респонденттердің бастапқы статистикалық деректерді ұсыну графигіне сәйкес респонденттер ұсынатын бастапқы статистикалық деректер негізінде әзірленген статистикалық ақпаратты өтеусіз негізде ұсыну қағидаларын бекіту;
Тармақша 65-1
65-1) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органға ұсынылатын деректер өнімінің меншік иесін немесе иеленушісін деректер өнімдерін берушілер тізіліміне енгізу тәртібін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 66
66) үй шаруашылықтарынан олардың кірістері мен шығыстары туралы қажетті бастапқы статистикалық деректерді өтеулі және өтеусіз негізде алу қағидаларын бекіту;
Тармақша 67
Тармақша 68
Тармақша 69
69) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес өтеулі қызметтер көрсету шарты бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар мен ұлттық санақтарды жүргізу кезінде интервьюерлердің саны мен олардың көрсетілетін қызметтерінің құнын есептеуді бекіту;
Тармақша 70
70) жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар мен ұлттық санақтарды жүргізу кезінде адамдарды интервьюер ретінде тарту қағидаларын әзірлеу және бекіту және олардың жұмысын ұйымдастыру;
Тармақша 71
71) байланыс операторларынан респонденттер бойынша байланыс деректерін алу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 72
72) статистикалық әдіснама өзгерген жағдайда және жаңартылған, құжатпен расталған ақпарат негізінде статистикалық мақсаттар үшін жарияланған ресми статистикалық ақпаратты қайта қарау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 73
73) Қазақстан Республикасының үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары туралы заңнамасына сәйкес тергеп-тексеру жүргізу мақсатында сыртқы сауда қызметі саласындағы уәкілетті органның сұрау салуы бойынша, сондай-ақ тергеп-тексеруді жүргізетін органның сұрау салуы бойынша сыртқы сауда қызметі саласындағы уәкілетті орган арқылы мәліметтер ұсыну;
Тармақша 74
74) сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органның сұрау салуы бойынша мәліметтерді Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасына сәйкес сыртқы сауда қызметін кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеуді қолдану мақсатында ұсыну;
Тармақша 75
75) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның ақпараттық-статистикалық жүйелерін, дерекқорлары мен олардың платформаларын, статистикалық тіркелімдерін, интернет-ресурстарын қалыптастыруды, сүйемелдеу мен жаңартуды қамтамасыз ету;
Тармақша 76
76) ресми статистикалық ақпаратты тарату графигінде көзделмеген статистикалық және талдамалық ақпаратты қалыптастыруды қамтамасыз ету;
Тармақша 77
77) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда ведомствоның ведомстволық бағынысты ұйымының даму жоспарын және оны орындау жөніндегі есепті қарау, келісу және бекіту;
Тармақша 78
78) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес салықтық әкімшілендіруді және (немесе) бақылауды жүзеге асыру үшін мемлекеттік кірістер органдарына шаруашылық бойынша есепке алу кітабында ескерілген әкімшілік деректерді ұсыну;
Тармақша 79
79) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 80
80) әкімшілік дереккөздерге қатысты мерзімдік тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 80-1
80-1) мемлекеттік бақылау нәтижелері туралы қорытындылардың нысандарын, әкімшілік дереккөздерге қатысты мемлекеттік статистика саласындағы тексерулерді тағайындау, тоқтата тұру, қайта бастау, тоқтату, ұзарту туралы актілердің нысандарын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 81
81) нормативтік құқықтық актілерге құқықтық мониторинг жүргізу;
Тармақша 82
82) өз құзыреті шегінде консультативтік-кеңесші органдардың, ведомствоаралық жұмыс топтарының, сараптама комиссияларының қызметін қамтамасыз ету;
Тармақша 82-1
82-1) статистикалық қызметте пайдалану үшін оңтайлы дереккөзді таңдау мақсатында статистикалық байқаулар деректерін басқа деректермен салыстыруды жүргізу;
Тармақша 82-2
82-2) әкімшілік деректердің сапасын бағалау тәртібін бекіту;
Тармақша 82-3
82-3) Агенттікке цифрлық трансформациялауды жүргізу;
Тармақша 82-4
82-4) мемлекеттік органдардың қызметіне салалық (ведомстволық) функционалдық шолу жүргізу жөніндегі әдістемеге сәйкес Агенттіктің қызметіне функционалдық талдау жүргізу;
Тармақша 82-5
82-5) деректерді басқару жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп, деректерді басқару жөніндегі талаптарды әзірлеу;
Тармақша 82-6
82-6) Заңның 8-бабы 4-тармағына сәйкес құпия болып табылмайтын мәліметтерді ұсыну;
Тармақша 82-7
82-7) Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын байланыс операторларының және (немесе) байланыс желілерін иеленушілердің абоненттер туралы иесі көрсетілмеген деректерді үшінші тұлғаларға бермей статистикалық қызметті жүзеге асыру үшін мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органға Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша ұсыну тәртібін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 83
83) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
Тарау 3. 3-тарау. Агенттік төрағасының мәртебесі, өкілеттіктері
3-тарау. Агенттік төрағасының мәртебесі, өкілеттіктері
Тармақ 16
16. Агенттікті басқаруды Агенттік төрағасы жүзеге асырады, ол Агенттікке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
Тармақ 17
17. Агенттік төрағасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
Тармақ 18
18. Агенттік төрағасының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын үш орынбасары болады.
Тармақ 19
19. Агенттік төрағасының өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) Агенттіктің қызметіне басшылық етуді, ведомствоның қызметін бақылау мен үйлестіруді жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Агенттік аппаратының басшысын және ведомство басшысының орынбасарларын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
Тармақша 3
3) Агенттік пен оның ведомствосының еңбек қатынастары мәселелері өзінің құзыретіне жатқызылған жұмыскерлеріне (қызметкерлеріне) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тәртіптік жазалар қолданады және көтермелеу мәселелерін шешеді;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының Президентіне Агенттіктің, ведомствоның, ведомствоның аумақтық бөлімшелерінің, ведомстволық бағынысты ұйымдардың жұмыскерлерін және өзге де адамдарды мемлекеттік наградалармен наградтау және оларға Қазақстан Республикасының құрметті атақтарын беру туралы ұсынулар енгізеді;
Тармақша 5
5) Агенттіктің құқықтық актілеріне қол қояды, қарамағындағы жұмыскерлерге нұсқаулар мен тапсырмалар береді, Агенттіктің құзыретіне жатқызылған мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру бойынша өзге де ұйымдастырушылық-өкімдік шараларды қабылдайды;
Тармақша 6
6) ведомство туралы ережені бекітеді;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен жалпы штат санының лимиті шегінде ведомствоның және оның аумақтық бөлімшелерінің құрылымын бекітеді;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен қарым-қатынаста Агенттіктің атынан өкілдік етеді;
Тармақша 9
9) Агенттіктің жанынан консультативтік-кеңесші органдар мен сараптама комиссияларын құрады;
Тармақша 10
10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Агенттік төрағасы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін атқаруды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.
Тармақ 20
20. Агенттік төрағасы өз орынбасарларының өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес айқындайды.
Тармақ 21
21. Агенттіктің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын аппарат басшысы басқарады.
Тарау 4. 4-тарау. Агенттіктің мүлкі
4-тарау. Агенттіктің мүлкі
Тармақ 22
22. Агенттік Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығымен оқшауланған мүлікке ие бола алады.
Агенттіктің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 23
23. Агенттікке бекітіп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.
Тармақ 24
24. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, Агенттік өзіне бекітіп берілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетінше иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге құқылы емес.
Тарау 5. 5-тарау. Агенттікті қайта ұйымдастыру және тарату
5-тарау. Агенттікті қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 25
25. Агенттікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
«Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ақпараттық-есептеу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
1. «Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Абай облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
2. «Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ақмола облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
3. «Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ақтөбе облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
4. «Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Алматы облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
5. «Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Атырау облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
6. «Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
7. «Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Жамбыл облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
8. «Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Жетісу облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
9. «Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Қарағанды облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
10. «Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Қостанай облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
11. «Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Қызылорда облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
12. «Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Маңғыстау облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
13. «Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Павлодар облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
14. «Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
15. «Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Түркістан облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
16. «Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ұлытау облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
17. «Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
18. «Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Астана қаласы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
19. «Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Алматы қаласы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
20. «Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Шымкент қаласы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Басқа 2
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2020 жылғы 5 қазандағы
№ 427 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Басшылық
Әдеп жөніндегі уәкіл
Төраға хатшылығы (Қызмет)
Ішкі аудит қызметі
Коммуникация қызметі
Жұмылдыру дайындығы, ақпараттық қауіпсіздік және мемлекеттік құпияларды қорғау қызметі
Адами ресурстарды басқару департаменті
Әкімшілік-құқықтық қамтамасыз ету департаменті
Стратегиялық жоспарлау және реформалар мониторингі департаменті
Институционалдық даму департаменті
Реттеушілік саясат және деректерді талдау департаменті
Макроэкономикалық саясат департаменті
Әлеуметтік сала департаменті
Экономика салалары департаменті
Басқа 2. Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін
ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2020 жылғы 5 қазандағы
№ 427 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін
ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесін одан әрі оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президенті-нің 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 29 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1999 ж., № 1, 2-құжат):
жоғарыда аталған Жарлыққа 1-қосымша:
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«
Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі, оның ведомствосы және ведомствоның аумақтық бөлімшелері
2862
».
Тармақ 2
Тармақ 3
3. Күші жойылды - ҚР Президентінің 03.01.2024 № 429 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
Тармақ 4
4. «Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 24, 173-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесінде:
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігін, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесін қоспағанда, операциялық бағалауға уәкілетті органдардың қызметін әдіснамалық үйлестіруді Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті жүзеге асырады.
Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігіне жыл сайынғы бағалау жүргізу жөніндегі жұмыстарды мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау жүйесін әдіснамалық дамытудың тәсілдерін айқындау, олардың тиімділігінің көрсеткіштерін айқындау, сондай-ақ ұлттық және ведомстволық статистиканың уақтылы және анық деректеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету бөлігінде үйлестіруді Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі жүзеге асырады.»;
43-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«43. Есептік ақпараты тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде қайта тексерілуге жататын мемлекеттік органдарды айқындау әдістемесін әзірлеу мен бекітуді Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісім бойынша Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігімен бірлесіп жүзеге асырады.»;
64-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«64. Нәтижелілікті бағалауды әдіснамалық, талдамалық және ұйымдастыру жағынан сүйемелдеуді Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті тиімділікті зерттеу, талдау және бағалау бойынша ведомстволық бағынысты ұйымды тарта отырып жүзеге асырады.
Нәтижелілікке жыл сайын бағалау жүргізу жөніндегі жұмыстарды нәтижелілікті бағалау жүйесін әдіснамалық дамытудың тәсілдерін айқындау, олардың тиімділігінің көрсеткіштерін айқындау, сондай-ақ ұлттық және ведомстволық статистиканың уақтылы және анық деректеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету бөлігінде үйлестіруді Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі жүзеге асырады.».
Тармақ 5
5. «Мемлекеттік рәміздер және Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін кейбір мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, құқық қорғау органдарының, соттардың, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградаларының геральдикасы мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы
30 қыркүйектегі № 155 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 55, 783-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін кейбір мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, құқық қорғау органдарының, соттардың, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградаларының тізбесі мен сипаттамаларында:
«Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін кейбір мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, құқық қорғау органдарының, соттардың, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградаларының тізбесі» деген 1-бөлімінде:
«Төсбелгілер:» деген бөлім:
мынадай редакциядағы 14-кіші бөліммен толықтырылсын:
«14. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы:
«Статистика үздігі»;
«Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін кейбір мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, құқық қорғау органдарының, соттардың, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградаларының сипаттамалары (бұдан әрі – Сипаттамалар)» деген 2-бөлімі:
мынадай редакциядағы кіші бөліммен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының «Статистика үздігі» төсбелгісі (126-қосымша)
«Статистика үздігі» төсбелгісі жез қорытпасынан жасалады және біріне- бірі орнатылған әртүрлі түсті 2 (екі) бөліктен тұрады.
Жоғарғы планкасы тік төртбұрыш пішінді және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Туы түсті қатқыл жібек лентамен көмкерілген.
Төменгі жазықтығы диаметрі 32 мм дұрыс дөңгелек пішінді. Ортаңғы жазықтығы көк эмальмен боялған диаметрі 30 мм дұрыс дөңгелек пішінді. Жазықтық шеңберге жинақталған бірдей жеті фрагменттен жасалған. Фрагменттер жезден (сары түсті) ақ эмальда ою-өрнек түрінде жасалған.
Ортасында диаметрі 24 мм дұрыс дөңгелек пішіндес үшінші жазықтық орналасқан. Дөңгелектің ортасында композиция орналасқан, онда бейнесі күн сәулелері шашылған диаграмма түрінде стильденген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы эмблемасының фрагменті бар. Эмблеманың үсті – «Статистика үздігі» деген жазумен, төменгі жағы лавр бұтағымен көмкерілген.
Жоғарғы және төменгі бөліктері құрамдас бөліктерінің тұтастығын білдіретіндей шығыршықпен бір-біріне жалғанған.
Төбелгі киімге визорлы бекіткіші бар түйреуішпен бекітіледі.»;
Сипаттамаларға 126-қосымшамен толықтырылсын:
«
Сипаттамаларға
126-қосымша
«Статистика үздігі» төсбелгісі
»;
Осы Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін кейбір мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, құқық қорғау органдарының, соттардың, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградаларымен марапаттау (ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградаларынан айыру) қағи-далары:
«Статистика үздігі» төсбелгісі» деген кіші бөліммен және мынадай мазмұндағы 89-тармақпен толықтырылсын:
«Статистика үздігі» төсбелгісі»
89. «Статистика үздігі» төсбелгісімен статистика саласының қызметкерлері жұмысында ең жоғарғы нәтижелерге жеткені, қызметтік міндеттерін үлгілі атқарғаны, ерекше маңызды және күрделі тапсырманы орындағаны, статистика саласында заң жобалары мен заңға тәуелді актілерді әзірлеуге қатысқаны, практикада статистика қызметін жетілдіру бойынша теориялық білімдерін енгізгені және осы саладағы басқа да жетістіктері үшін наградталады.».
Тармақ 7
7. «Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы
29 желтоқсандағы № 150 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 70-71, 520-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімінде:
«1. Мемлекеттік саяси лауазымдар» деген тарауда:
«Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры» деген жолдан кейін
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының басшысы»;
«2. Мемлекеттік әкімшілік лауазымдар» деген тарауда:
«А» корпусында:
«1-санатта»:
«Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі, Президентінің Іс басқармасы, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі аппараттарының басшылары, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) басшысы»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі, Президентінің Іс басқармасы, Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі аппараттарының басшылары, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) басшысы»;
«2-санатта»:
«Орталық атқарушы органдар комитеттерінің төрағалары» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Орталық атқарушы органдар комитеттерінің төрағалары, Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы басшысының орынбасарлары»;
«2. Мемлекеттік әкімшілік лауазымдар» деген тарауда:
«Б» корпусы» деген бөлімде:
В санаттарының тобында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының аппараттары, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты), Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің аппараты, Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің аппараты, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының аппараты, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет), Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі»;
С санаттарының тобында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін органдар, орталық атқарушы органдар, Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық, орталық атқарушы органдардың ведомстволары, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері, Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы»;
«С-1 санатында»:
ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:
«1Орталық атқарушы органдардың ведомстволарын, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықты, Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросын қоспағанда.
Орталық атқарушы органның ведомствосында, егер республикалық бюджет қаражаты есебінен қамтылатын ведомство мен оның аумақтық бөлімшелерінің штат саны он мың бірліктен асатын болса, лауазымды енгізуге жол беріледі.».
Тармақ 8
8. «Азаматтардың «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне кіруінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 151 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 70-71, 521-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын арнайы біліктілік талаптарында:
«Жалпы ережелер» деген 1-тарауда:
3-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
1) орталық атқарушы органдардың жауапты хатшылары; Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі, Президентінің Іс басқармасы, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті, Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі аппараттарының басшылары, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) басшысы; жауапты хатшы лауазымы енгізілмеген орталық атқарушы органдар аппараттарының басшылары, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы;
2) орталық атқарушы органдар комитеттерінің төрағалары, Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы басшысының орынбасарлары;».