О некоторых вопросах Агентства по защите и развитию конкуренции Республики Казахстан Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкіметі актілерінің
жинағында жариялануға тиіс
Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің кейбір мәселелері туралы
«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 20-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 8 қыркүйектегі № 407 Жарлығына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) туралы ереже;
Тармақша 2
2) Агенттіктің құрылымы;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
Тармақ 2
2. Агенттікке Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің тауар биржалары саласындағы қызметті мемлекеттік бақылауды және лицензиялауды жүзеге асыру жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері берілсін.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
Тармақ 4
4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Басқа 3. Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі туралы
ЕРЕЖЕ
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2020 жылғы 5 қазандағы
№ 428 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі туралы
ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін, бәсекелестiктi қорғау және монополистік қызметтi шектеу саласында басшылықты, мемлекеттік монополия саласына жатқызылған қызметті бақылау мен реттеуді, сондай-ақ тауар биржалары саласындағы қызметті мемлекеттік бақылауды және лицензиялауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.
Тармақ 2
2. Агенттіктің астанада, облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда аумақтық бөлімшелері болады.
Тармақ 3
3. Агенттік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Президент пен Үкіметтің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Агенттік мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі мен қазақ және орыс тілдерінде өз атауы бар мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
Тармақ 5
5. Агенттік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Тармақ 6
6. Агенттіктің, егер оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
Тармақ 7
7. Агенттік өз құзыретіндегі мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Агенттік төрағасының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. Агенттіктің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. Заңды тұлғаның орналасқан орны: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, «Есіл» ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, 1-кіреберіс.
Тармақ 10
10. Осы Ереже Агенттіктің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. Агенттіктің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Агенттікке кәсіпкерлік субъектілерімен Агенттіктің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
Егер Агенттікке Қазақстан Республикасының заңдарымен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Тарау 2. 2-тарау. Агенттіктің мақсаттары мен өкілеттіктері
2-тарау. Агенттіктің мақсаттары мен өкілеттіктері
Тармақ 13
13. Мақсаттары:
Тармақша 1
1) нарық субъектілерінің экономикалық тиімділігін және бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
Тармақша 2
2) адал бәсекелестікті дамытуға жәрдемдесу;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтардың алдын алу, оларды анықтау және тергеп-тексеру, жолын кесу;
Тармақша 4
4) экономикалық шоғырлануды реттеу;
Тармақша 5
5) бәсекелестікті шектейтін нарық субъектілерін монополиясыздандыру.
Тармақ 14
14. Өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) құқықтары:
Қазақстан Республикасының Президентіне тиісті тауар нарықтарында бәсекелестікті дамыту мәселелері бойынша ұсыныстар енгізу;
өз құзыреті шегінде орындау үшін міндетті нормативтік құқықтық актілерді қабылдау;
мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қажетті ақпаратты және материалдарды сұрату және алу;
тиісті тауар нарықтарын талдау негізінде аталған нарықтар үшін мәмілелерді жүзеге асыруға келісім қажет болатын активтер құны мен тауарлар өткізу көлемінің неғұрлым жоғары мөлшерлерін белгілеу;
Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды тергеп-тексеру жөніндегі процестік әрекеттер мен іс-шараларға қатысу;
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге құпияны құрайтын мәліметтерді жариялауға қойылатын талаптарды сақтай отырып, мемлекеттік органдардан, өзге ұйымдардың лауазымды адамдары мен жеке тұлғалардан Агенттікке жүктелген функцияларды жүзеге асыруға қажетті ақпаратты сұрату және алу;
сотқа жүгіну;
өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдарға олар қабылдаған, Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзатын актілердің күшін жою немесе өзгерту туралы ұсыныстар енгізу;
прокуратура органдарына Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасына қайшы келетін материалдар мен нормативтік құқықтық актілерді жолдау;
өзінің өкілеттіктері мен функцияларының бір бөлігін Агенттіктің аумақтық бөлімшелеріне беру;
Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Тармақша 2
2) міндеттері:
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде алынған, коммерциялық, қызметтік, заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты жария етпеу;
жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қабылдау және қарау;
өзінің интернет-ресурсында:
жекелеген тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйі және монополистік қызметті шектеу бойынша қабылданатын шаралар туралы жылдық есепті;
мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты қоспағанда, тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйін талдауларды;
Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды тергеп-тексеру нәтижелері туралы ақпаратты, Агенттіктің шешімдерін;
мемлекеттік монополия, арнаулы құқық субъектілерінің мемлекеттік тізілімін орналастыру;
мемлекеттік кәсіпорындарды, акцияларының (үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларды және олармен үлестес, өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын тұлғаларды құруға өтінішхаттарды қарау.
Тармақ 15
15. Функциялары:
Тармақша 1
1) бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу саласында мемлекеттік саясатты іске асыру;
Тармақша 1-1
1-1) бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдау;
Тармақша 2
2) бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу саласындағы мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарды салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;
Тармақша 3
3) бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтасу;
Тармақша 3-1
3-1) Еуразиялық экономикалық одаққа қатысушы мемлекеттердің монополияға қарсы органдарымен халықаралық шарттарға сәйкес, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпке сәйкес хабарламаларды, ақпарат беру туралы сұрау салуларды жіберу, консультациялар жүргізу, тергеп-тексерулер туралы хабарлау жолымен өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асыру;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 5
5) мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдардың, мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйымдардың бәсекелестікті шектеуге және (немесе) жоюға бағытталған актілерінің, әрекеттерінің (әрекетсіздігінің) жолын кесу;
Тармақша 5-1
5-1) құқықтық актілерге оларда бәсекелестікті шектеуге немесе жоюға әкелетін немесе әкелуі мүмкiн ережелердің болуы тұрғысынан талдау жүргізу;
Тармақша 6
6) экономикалық шоғырлануға келісім алу туралы өтінішхаттарды қарау;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасында көзделген бұзушылықтарды қоспағанда, тиісті тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдаланудың алдын алу және оны жою;
Тармақша 8
8) бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу шеңберінде табиғи монополиялар және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің міндетті қызметтерді көрсету қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 8-1
8-1) бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу шеңберінде табиғи монополиялар және квазимемлекеттік сектор субъектілері көрсететін міндетті қызметтердің тізбесін бекіту;
Тармақша 9
9) нарық субъектілерінің бәсекелестікке қарсы келісімдерін және келісілген әрекеттерін, жосықсыз бәсекелестікті болғызбау және олардың жолын кесу;
Тармақша 10
10) бәсекелестікті қорғау, монополистік қызметті шектеу және тауар нарықтарының жұмыс істеуі саласындағы нормативтік құқықтық актілерді келісу;
Тармақша 10-1
10-1) Ұлттық әл-ауқат қорының (бұдан әрі – Қор) директорлар кеңесінің шешімімен бекітілетін Қордың және Қор ұйымдарының сатып алуды жүзеге асыру тәртібін келісу;
Тармақша 10-2
10-2) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекітетін инфрақұрылымдық алымдарды есептеу әдістемесін келісу;
Тармақша 11
11) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының нормаларын қолдану туралы ақпаратты тарату және адал бәсекелестікті насихаттау;
Тармақша 12
12) тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйін талдау;
Тармақша 13
13) конгломераттардың қызметін талдау және мониторингтеу;
Тармақша 13-1
13-1) конгломераттардың қызметіне талдау және мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту;
Тармақша 14
14) мыналарды:
тауар нарығындағы;
қаржылық көрсетілетін қызметтер нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізу әдістемесін – қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын
реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша бекіту;
Тармақша 15
15) қоғамдық маңызы бар нарықтарды талдау әдістемесін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 16
16) мемлекеттік кәсіпорындар және акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар құрылатын және (немесе) олар қосымша қызмет түрлерін жүзеге асыратын тауар нарықтарына зерттеп-қарау жүргізу әдістемесін, мемлекеттік кәсіпорындарға және акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі заңды тұлғаларға және олармен үлестес заңды тұлғаларға қатысты – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша әзірлеу және бекіту;
Тармақша 17
17) тауар нарықтарындағы экономикалық шоғырлануды бағалау әдістемесін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 18
18) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша қаржы нарықтарындағы экономикалық шоғырлануды бағалау әдістемесін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 19
19) үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектісі белгілеген монополиялық жоғары (төмен), монопсониялық төмен бағаны анықтау;
Тармақша 20
20) монополиялық жоғары (төмен) бағаны және монопсониялық төмен бағаны анықтау жөніндегі әдістемелерді әзірлеу және бекіту;
Тармақша 21
21) нарық субъектілерінің, мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдардың, мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйымдардың Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық фактілері бойынша Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде белгіленген тәртіппен тергеп-тексерулер жүргізу;
Тармақша 22
22) келісу комиссиясының ережесі мен регламентін бекіту;
Тармақша 23
23) банктік құпияны, сақтандыру құпиясын және бағалы қағаздар нарығындағы коммерциялық құпияны қоспағанда, мемлекеттік органдардан, оның ішінде мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органнан, мемлекеттік кірістер органдарынан, нарық субъектілерінен, сондай-ақ лауазымды адамдардан және өзге де жеке және заңды тұлғалардан Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өкілеттіктерді жүзеге асыруға қажетті ақпаратты, оның ішінде коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен сұрату және алу;
Тармақша 24
24) нарық субъектілерінің орындауы міндетті мынадай нұсқамалар шығару:
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің нормаларын бұзуды тоқтату және (немесе) оның салдарларын жою;
бастапқы жағдайды қалпына келтіру;
Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне қайшы келетін шарттарды бұзу немесе өзгерту;
экономикалық шоғырлануды реттеу кезінде мәмілелерді бұзу немесе жарамсыз деп тану арқылы олардың күшін жою қажеттілігі;
егер белгілі бір сатушылармен (өнім берушілермен) не сатып алушылармен шарт жасасудан негізсіз бас тарту немесе жалтару бұзушылық болып табылған жағдайда, өзге нарық субъектісімен шарт жасасу туралы;
Тармақша 25
25) мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдарға, мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйымдарға Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне қайшы келетін, өздері қабылдаған актілердің күшін жою немесе оларды өзгерту, бұзушылықтарды жою, сондай-ақ өздері жасасқан келісімдер мен мәмілелерді бұзу, күшін жою немесе өзгерту және бәсекелестікті қамтамасыз етуге бағытталған әрекеттер жасау туралы орындалуы міндетті нұсқамалар енгізу;
Тармақша 26
26) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау және әкімшілік жазалар қолдану, Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтар туралы істерді қарау бойынша сотқа қатысу;
Тармақша 27
27) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуына байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтар белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізу үшін құқық қорғау органдарына материалдар жіберу;
Тармақша 28
28) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Президентіне және Қазақстан Республикасының Премьер-Министріне жекелеген тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйі және монополистік қызметті шектеу бойынша қабылданатын шаралар туралы жылдық есепті жіберу;
Тармақша 29
29) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне мемлекеттік кәсіпорындарды, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларды және олармен үлестес заңды тұлғаларды бәсекелес ортаға беру жөнінде ұсыныстар және мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін жаңарту жөнінде ұсыныстар жіберу;
Тармақша 30
30) бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу саласында жүргiзілетiн мемлекеттік саясаттың ақпараттық ашықтығын қамтамасыз ету, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде өзінің интернет-ресурсында өз қызметі туралы мәлiметтердi орналастыру;
Тармақша 31
31) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен құқық қорғау органдарына жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу туралы жүгіну;
Тармақша 32
32) нарық субъектісінің, мемлекеттік, жергілікті атқарушы органның, мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйымның лауазымды адамына Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзуға алып келуі мүмкін әрекетті (әрекетсіздікті) жасауға жол бермеу туралы жазбаша нысанда алдын ала ескерту жіберу;
Тармақша 33
33) нарық субъектісінің, мемлекеттік, жергілікті атқарушы органның, мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйымның әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерінің болуы туралы хабарламаны нарық субъектілеріне, мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдарға, мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйымдарға жіберу;
Тармақша 34
34) монополияға қарсы орган қабылдаған бәсекелестікті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерге ресми түсіндірме беру;
Тармақша 35
35) нарық субъектілері келісімдерінің жобаларын Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі тұрғысынан қарау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 36
36) монополияға қарсы комплаенстің үлгілік сыртқы актілерін нарық субъектілері үшін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 37
37) монополияға қарсы комплаенстің ішкі актісін әзірлеу және енгізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту;
Тармақша 38
38) нарық субъектісі (нарық субъектілері) жіберетін монополияға қарсы комплаенстің сыртқы актісінің Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының нормаларына сәйкестігін анықтау;
Тармақша 39
39) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне қайшы келетін шарттарды бұзу, өзгерту және (немесе) мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы талап қоюларды сотқа беру;
Тармақша 40
40) мемлекеттік монополия, арнаулы құқық саласына жатқызылған қызметті бақылауды және реттеуді жүзеге асыру;
Тармақша 41
41) мемлекеттік монополия, арнаулы құқық субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлар бағасына сараптама жүргізу;
Тармақша 42
42) мемлекеттік монополия, арнаулы құқық субъектілерінің мемлекеттік тізілімін қалыптастыру және жүргізу;
Тармақша 43
43) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде белгіленген шектеулерді мемлекеттік монополия, арнаулы құқық субъектілерінің сақтауын бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 44
44) мемлекеттік монополия, арнаулы құқық субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын келісу;
Тармақша 44-1
44-1) тиісті мемлекеттік басқару саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган бекітетін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өндірумен технологиялық тұрғыдан байланысты қызмет түрлерінің тізбесін келісу;
Тармақша 44-2
44-2) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі мен көлемін, сондай-ақ осындай тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер сатып алынатын, Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары жүйесіне басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган бекітетін қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорындарының тізбесін келісу;
Тармақша 44-3
44-3) Қазақстан Республикасының мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктерінен және (немесе) Қазақстан Республикасының мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктері құрған, тауарларды өндіретін және (немесе) беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін ұйымдардан сатып алынатын, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерінің тізбесін келісу;
Тармақша 44-4
44-4) ұсынылатын (ұзартылатын) салықтық жеңілдікті келісу;
Тармақша 45
45) мемлекеттік монополия, арнаулы құқық субъектісі өндіретін және өткізетін тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге баға белгілеу қағидаларын бекіту;
Тармақша 46
46) бекітілген кестеге сәйкес жекелеген мемлекеттік монополия, арнаулы құқық субъектілерінің қызметіне талдау жүргізу және Қазақстан Республикасының Үкіметіне мемлекеттік монополия, арнаулы құқық саласына жатқызылған қызметті бәсекелес ортаға беру бойынша ұсыныстар жіберу;
Тармақша 47
47) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерін анықтау мақсатында тауар нарықтарындағы бағаларға мониторинг жүргізу тәртібін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 48
48) нарық субъектісінің, мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдардың, мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйымның әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерінің бар екені туралы хабарлама беру тәртібін бекіту;
Тармақша 49
49) келісу комиссиясының Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне және өзінің құрамына қатысты Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды тергеп-тексеру нәтижелері жөніндегі қорытындының жобасын қарау бойынша әрекет ету тәртібін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша әзірлеу және бекіту;
Тармақша 50
50) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерін анықтау мақсатында тауар нарықтарындағы бағаларды мониторингтеу;
Тармақша 51
51) тауарларды сатып алу мен сауда-саттықты өткізуді мониторингтеу;
Тармақша 52
52) өткізілген сатып алу туралы ақпараттың нысанын бекіту;
Тармақша 52-1
52-1) мынадай:
зияткерлік меншік объектілері болып табылатын тауарларды, көрсетілетін қызметтерді сатып алынатын тауарларға, көрсетілетін қызметтерге қатысты айрықша құқықтарға ие тұлғалардан сатып алған;
тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді ұлттық қауіпсіздік, сайлау комиссиялары органдарының қызметін қамтамасыз ететін ұйымдардан сатып алуды қоспағанда, мемлекеттік органның Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында белгіленген, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жүз пайызы мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардан, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерден және өзі оларға қатысты Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сәйкес басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындардан тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алған жағдайларда, шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден сатып алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде ұқсас тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өндіруді жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілерінің жоқ екендігі туралы монополияға қарсы органның қорытындысын беру;
Тармақша 52-2
52-2) көрмелер, семинарлар, конференциялар, кеңестер, форумдар, симпозиумдар, тренингтер материалдарын сатып алған, сондай-ақ аталған іс-шараларға қатысу үшін ақы төлеген жағдайларда, шартты тікелей жасасу арқылы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде тиісті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді бәсекелестік негізде сатып алудың өзге де мүмкіндігінің жоқ екендігі туралы монополияға қарсы органның қорытындысын беру;
Тармақша 52-3
52-3) ұқсас тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өндіруді жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілерінің жоқ екендігі туралы және тиісті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді бәсекелестік негізде сатып алудың өзге де мүмкіндігінің жоқ екендігі туралы монополияға қарсы органның қорытындысын беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 53
53) жекелеген тауар нарықтарында және (немесе) жекелеген нарық субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) мемлекеттік бағалық реттеуді енгізу;
Тармақша 54
54) жекелеген тауар нарықтарында және (немесе) жекелеген нарық субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) мемлекеттік бағалық реттеуді енгізу қағидаларын бекіту;
Тармақша 55
55) құқық қорғау органдарының сұрау салулары бойынша өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының мәселелері бойынша сараптамалар жүргізу және қорытындылар беру;
Тармақша 56
56) құқық қорғау органдарының сұрау салуы бойынша тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйі туралы талдамалық ақпаратты беру;
Тармақша 57
57) мыналардың:
экономикалық шоғырландыруды жүзеге асыру туралы өтінішхаттың;
мемлекеттік кәсіпорынды, акцияларының (үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаны және олармен үлестес тұлғаларды құру туралы өтінішхаттың;
әрекеттерде (әрекетсіздікте) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерінің болуы туралы хабарламаның нысандарын белгілеу және айқындау;
Тармақша 58
58) нұсқамаларды (өзiнiң немесе аумақтық бөлімшенің) қайта қарау, сондай-ақ монополияға қарсы органның аумақтық бөлімшелері қабылдаған нұсқамаларды тексеру;
Тармақша 59
59) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасында белгiленген жағдайларда нарық субъектiсiн мәжбүрлеп бөлу немесе оның құрамынан құрылымдық бөлiмшелерi базасында бiр немесе бiрнеше заңды тұлғаны бөлiп шығару туралы талап қоюмен сотқа жүгiну;
Тармақша 60
60) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда, нарық субъектілеріне мәмілелерді (әрекеттерді) жүзеге асыруға алдын ала келісім беру;
Тармақша 60-1
60-1) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда нарық субъектілерін, сондай-ақ жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуге, қайта тіркеуге келісім беру;
Тармақша 61
61) мемлекеттік кәсіпорындарды, акцияларының (үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларды және олармен үлестес тұлғаларды құруға келісім беру;
Тармақша 62
62) мемлекеттік кәсіпорындардың, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың және олармен үлестес, өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын тұлғалардың жүзеге асыратын қызмет түрлерін кеңейтуге және (немесе) өзгертуге келісім беру;
Тармақша 63
63) тауар биржаларының қызметі саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу;
Тармақша 64
64) тауар биржаларының қызметін реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерді келісу;
Тармақша 65
65) Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 66
66) тауар биржаларының қызметіне талдау және мониторинг жүргізу;
Тармақша 67
67) коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, тауар биржаларының қызметі және биржа саудасының мәселелері жөнінде ақпарат жариялау;
Тармақша 68
68) биржа саудасын дамыту және жетілдіру бойынша ұсыныстарды тұжырымдау;
Тармақша 69
69) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен тауар биржалары саласындағы қызметті лицензиялау;
Тармақша 69-1
69-1) Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасында көзделген жағдайларда тауар биржасы, биржалық брокер, тауар биржасының клирингтік орталығы лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру туралы шешім қабылдау, сондай-ақ лицензиядан айыру (кері қайтарып алу) туралы ақпаратты өзінің интернет-ресурсында жариялау;
Тармақша 70
70) өз қызметін тауар биржасында жүзеге асыратын және биржалық тауарлармен мәмілелер жасайтын тауар биржаларының, биржалық брокерлердің және тауар биржаларының клирингтік орталықтарының Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 70-1
70-1) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша, өз қызметін тауар биржасында жүзеге асыратын және биржалық тауарлармен мәмілелер жасайтын тауар биржасы, биржалық брокерлер және тауар биржаларының клирингтік орталықтары үшін қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды бекіту;
Тармақша 71
71) тауар биржалары саласындағы лицензиялардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу;
Тармақша 72
Тармақша 73
73) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен тауар биржалары саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қозғау және қарау, сондай-ақ әкімшілік жазаларды қолдану;
Тармақша 74
74) тауар биржасының монополияға қарсы органға есептерді ұсыну қағидаларын бекіту;
Тармақша 74-1
74-1) биржадағы сауда-саттыққа жосықсыз қатысушылардың тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту;
Тармақша 75
75) тауар биржаларында және электрондық сауда алаңдарында тиісінше өткізілген сауда-саттық барысында қалыптасқан, монополиялық жоғары (төмен) деп танылмайтын биржалық тауарлардың бағасын айқындау қағидаларын бекіту;
Тармақша 76
76) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасына сәйкестігі тұрғысынан қорытынды беру;
Тармақша 77
77) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасына сәйкестігі тұрғысынан қорытынды беру қағидаларын бекіту;
Тармақша 78
78) бәсекелестікке әсер етуге бағалау жүргізу қағидаларын бекіту;
Тармақша 79
79) негізгі қуатқа тең қол жеткізу қағидаларын бекіту;
Тармақша 80
80) мемлекеттік кәсіпорындардың, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың және олармен үлестес тұлғалардың қызметіне жүзеге асырылатын қызмет түрлерін құру, кеңейту және (немесе) өзгерту кезінде монополияға қарсы органның келісімін алу, сондай-ақ монополияға қарсы органның келісімі алынған сол қызмет түрлерін ғана жүзеге асыру тұрғысынан мониторинг жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 81
81) мемлекеттік кәсіпорындардың, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың және олармен үлестес тұлғалардың қызметіне жүзеге асырылатын қызмет түрлерін құру, кеңейту және (немесе) өзгерту кезінде монополияға қарсы органның келісімін алу, сондай-ақ монополияға қарсы органның келісімі алынған сол қызмет түрлерін ғана жүзеге асыру тұрғысынан мониторингті жүзеге асыру;
Тармақша 82
82) мемлекеттік органдар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша бастама жасалған, экономиканы қолдау, халықтың іскерлік белсенділігі мен жұмыспен қамтылуын ынталандыру үшін дағдарысқа қарсы іс-шаралар кешенін іске асыру жөніндегі қызметін қоспағанда, мемлекеттік қолдау шараларын көрсететін тұлғалардың қызметіне Қазақстан
Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 194-бабында көзделген талаптардың сақталуы тұрғысынан мониторингті жүзеге асыру;
Тармақша 82-1
82-1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен республикалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бизнес-жоспарды, республикалық мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын, республикалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық (аукциондық) құжаттамасын, оның ішінде оларға жекеше әріптестердің мемлекеттік функциялардың іске асырылуын қамтамасыз етуін көздейтін жобалар бойынша бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу саласына қатысты бөлігінде өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде келісу;
Тармақша 82-2
82-2) мемлекеттік органдар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша бастама жасалған экономиканы қолдау, халықтың іскерлік белсенділігі мен жұмыспен қамтылуын ынталандыру үшін дағдарысқа қарсы іс-шаралар кешенін іске асыру жөніндегі қызметін қоспағанда, мемлекеттік қолдау шараларын көрсететін тұлғалардың қызметіне Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 194-бабында көзделген талаптардың сақталуы тұрғысынан мониторинг жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 83
83) сенім білдірілген адамдардің тізілімін жүргізу;
Тармақша 83-1
83-1) конгломераттардың мемлекеттік тізілімін жүргізу;
Тармақша 84
84) сенім білдірілген адамдардің тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту;
Тармақша 84-1
84-1) өтініш берушілер көтеретін жүйелік проблемаларды талдау және анықтау;
Тармақша 84-2
84-2) мемлекеттік басқару жүйесін дамыту саласындағы уәкілетті орган бекітетін мемлекеттік органдар қызметіне салалық (ведомстволық) функционалдық шолу жүргізу жөніндегі әдістемеге сәйкес қызметке функционалдық талдау жүргізу;
Тармақша 84-3
84-3) цифрлық трансформацияны жүргізу;
Тармақша 84-4
84-4) мемлекеттік саясатты қалыптастыруға қатысу және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдау;
Тармақша 84-5
84-5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру саласында іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;
Тармақша 84-6
84-6) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың, деректерді басқару жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз ету;
Тармақша 84-7
84-7) әзірленген мемлекеттік құпиялардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, оның ішінде өзіне ведомостволық бағынысты ұйымдарда да қорғалуын қамтамасыз ету;
Тармақша 84-8
84-8) реттелетін салада мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту;
Тармақша 85
85) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
Тарау 3. 3-тарау. Агенттік төрағасының, Агенттік Басқармасының мәртебесі, өкілеттіктері
3-тарау. Агенттік төрағасының, Агенттік Басқармасының мәртебесі, өкілеттіктері
Тармақ 16
16. Агенттікті басқаруды төраға жүзеге асырады, ол Агенттікке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
Тармақ 17
17. Агенттік төрағасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
Тармақ 18
18. Агенттік төрағасының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын үш орынбасары, оның ішінде бір бірінші орынбасары болады.
Тармақ 19
19. Агенттік төрағасының өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) Агенттіктің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық етуді жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) Агенттіктің құқықтық актілеріне қол қояды, қарамағындағы жұмыскерлерге нұсқаулар мен тапсырмалар береді, Агенттіктің құзыретіне жатқызылған мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру бойынша өзге де ұйымдастырушылық-өкімдік шараларды қабылдайды;
Тармақша 3
3) Агенттіктің құрылымдық және аумақтық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
Тармақша 4
4) Агенттіктің аумақтық бөлімшелерінің құрылымын Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен жалпы штат саны шегінде бекітеді;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының Президентіне Агенттіктің, оның аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлерін мемлекеттік наградалармен наградтау туралы ұсынулар енгізеді;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен қарым-қатынаста Агенттік атынан өкілдік етеді;
Тармақша 7
7) өзінің құзыретіне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.
Агенттіктің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін атқаруды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.
Тармақ 20
20. Агенттік төрағасы өз орынбасарларының өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес айқындайды.
Тармақ 21
21. Агенттіктің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын аппарат басшысы басқарады.
Тармақ 22
22. Агенттік төрағасы құратын Басқарма Агенттіктің алқалы басқару органы болып табылады.
Агенттіктің Басқармасы туралы ережені және оның құрамын Агенттіктің төрағасы бекітеді.
Агенттік Басқармасының өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) бәсекелестік саясатты қалыптастыру және дамыту саласындағы басымдықтарды айқындау;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды тергеп-тексеру нәтижелері жөніндегі қорытындыларды, экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхатты қарау нәтижелері жөніндегі қорытындыларды қарау нәтижелері бойынша шешімдер қабылдау;
Тармақша 3
3) жекелеген тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйі және монополистік қызметті шектеу бойынша қабылданатын шаралар туралы жыл сайынғы жылдық есепті мақұлдау;
Тармақша 4
4) Басқарманың жұмыс регламентін бекіту;
Тармақша 5
5) Басқарма туралы ережеге сәйкес Агенттіктің құзыретіне кіретін өзге де мәселелер жөніндегі шешімдерді қарау және қабылдау.
Тарау 4. 4-тарау. Агенттіктің мүлкі
4-тарау. Агенттіктің мүлкі
Тармақ 23
23. Агенттік Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығымен оқшауланған мүлікке ие бола алады.
Агенттіктің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 24
24. Агенттікке бекітіп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.
Тармақ 25
25. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, Агенттік, өзіне бекітіп берілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетінше иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге құқылы емес.
Тарау 5. 5-тарау. Агенттікті қайта ұйымдастыру және тарату
5-тарау. Агенттікті қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 26
26. Агенттікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
1. «Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Абай облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
2. «Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
3. «Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
4. «Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
5. «Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
6. «Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
7. «Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
8. «Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
9. «Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
10. «Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
11. «Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
12. «Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
13. «Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
14. «Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
15. «Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
16. «Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
17. «Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
18. «Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
19. «Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
20. «Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің «Бәсекелестіктің дамуын талдамалық зерттеу орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Басқа 2. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің
ҚҰРЫЛЫМЫ
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2020 жылғы 5 қазандағы
№ 428 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің
ҚҰРЫЛЫМЫ
Басшылық
Төрағаның хатшылығы (Департамент)
Бәсекелестікті стратегиялық дамыту департаменті
Отын-энергетика кешені департаменті
Агроөнеркәсіптік кешен департаменті
Көлік және байланыс департаменті
Қаржы нарықтары департаменті
Әлеуметтік сала департаменті
Биржалық бақылау департаменті
Экономикалық шоғырлану және мемлекеттік кәсіпорындарды бақылау департаменті
Тергеп-тексерулер департаменті
Халықаралық ынтымақтастық басқармасы
Әкімшілік-қаржы департаменті
Персоналды басқару департаменті
Бәсекелестікті құқықтық реттеу департаменті
Мемлекеттік құпиялар, жұмылдыру дайындығы және ақпараттық қауіпсіздік басқармасы
Ішкі аудит қызметі
Индустрия, мемлекеттік қолдау және сатып алу департаменті
Цифрландыру департаменті
Әдеп жөніндегі уәкіл
Басқа 3. Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2020 жылғы 5 қазандағы
№ 428 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесін одан әрі оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 29 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 1, 2-құжат):
жоғарыда аталған Жарлыққа 1-қосымша:
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«
Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі, соның ішінде оның аумақтық бөлімшелері
267
».
Тармақ 2
Тармақ 3
3. «Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 24, 173-құжат):
Қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізілетін орталық мемлекеттік органдардың тізбесі:
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі».
Тармақ 4
4. «Мемлекеттік рәміздер және Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін кейбір мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, құқық қорғау органдарының, соттардың, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградаларының геральдикасы мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 155 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 55, 783-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін кейбір мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, құқық қорғау органдарының, соттардың, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградаларының тізбесі мен сипаттамаларында:
«Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін кейбір мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, құқық қорғау органдарының, соттардың, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградаларының тізбесі» деген 1-бөлімде:
«Төсбелгілер:» деген бөлім
мынадай мазмұндағы 1-4-тармақпен толықтырылсын:
«1-4. Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі: «Монополияға қарсы қызметтің үздігі».»;
«Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін кейбір мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, құқық қорғау органдарының, соттардың, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградаларының сипаттамалары (бұдан әрі – Сипаттамалар)» деген 2-бөлімде:
мынадай мазмұндағы кіші бөліммен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төсбелгісі»
«Монополияға қарсы қызметтің үздігі» (127-қосымша)
«Монополияға қарсы қызметтің үздігі» төсбелгісі диаметрі 35 мм сегіз бұрышты пішінде болады және сары түсті металдан (латунь) жасалады.
Төсбелгінің беткі жағында шаңырақ пен қалықтаған қыран орналасқан және айналасында – «Монополияға қарсы қызметтің үздігі» деген жазу бар. Эмблема және мәтін – шығыңқы жылтырақ.
Төсбелгінің сыртқы жағында ортасында Қазақстан Республикасы шекарасының бейнесімен «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» деген жазу, жоғарғы және төменгі жағында ұлттық ою-өрнек орналасқан. Төсбелгінің сыртқы беті – күңгірт. Мәтін және ою-өрнек – шығыңқы жылтыр.
Төсбелгі құлақша мен шығыршық арқылы көгілдір түсті қатқыл лентамен тысталған тік бұрышты тағанға жалғанады.
Төсбелгі киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.»;
осы өзгерістер мен толықтыруларға қосымшаға сәйкес Сипаттамаларға 127-қосымшамен толықтырылсын;
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін кейбір мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, құқық қорғау органдарының, соттардың, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградаларымен марапаттау (ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградаларынан айыру) қағидаларында:
«3. Ведомстволық наградалармен марапаттау негіздері» деген бөлімде:
мынадай мазмұндағы кіші бөліммен толықтырылсын:
«Монополияға қарсы қызметтің үздігі» төсбелгісі».
90. «Монополияға қарсы қызметтің үздігі» төсбелгісімен монополияға қарсы органды басқарған Қазақстан Республикасының азаматтары, монополияға қарсы органда кемінде 5 жыл жұмыс істеген, республикадағы монополияға қарсы қызметті дамытуға зор үлес қосқан монополияға қарсы органның қызметкерлері лауазымдық міндеттерін үлгілі орындағаны, мінсіз мемлекеттік қызметі, ерекше маңызды және күрделі тапсырмаларды орындағаны, жемісті еңбек қызметі және жұмыстағы басқа да жетістіктері үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының монополияға қарсы қызметінің жүйесін дамытуға үлес қосқан шетелдік адамдар марапатталады.».
Тармақ 5
5. «Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 150 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 70-71, 520-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімінде:
«2. Мемлекеттік әкімшілік лауазымдар» деген тарауда:
«А» корпусы» деген бөлімнің 1-санатында:
«Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі, Президентінің Іс басқармасы, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі аппараттарының басшылары, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) басшысы» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі, Президентінің Іс басқармасы, Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі, Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі аппараттарының басшылары, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) басшысы»;
«Б» корпусы» деген бөлімде:
B санаттарының тобында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының аппараттары, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты), Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің аппараты, Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің аппараты, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының аппараты, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет), Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі, Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі»;
В-3 санатында:
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) басқармасының (қызметтің) басшысы» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет), Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігi басқармасының (қызметтің) басшысы»;
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) басқармасының (қызметтің) басшысы» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің баспасөз хатшысы»;
В-4 санатында:
«Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқарушысының, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағаларының көмекшісі, кеңесшісі» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқарушысының, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет), Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағаларының көмекшісі, кеңесшісі».
Тармақ 6
6. «Азаматтардың «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне кіруінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 151 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 70-71, 521-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын арнайы біліктілік талаптарында:
3-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) орталық атқарушы органдардың жауапты хатшылары; Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі, Президентінің Іс басқармасы, Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті, Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі, Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі аппараттарының басшылары, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) басшысы; жауапты хатшы лауазымы енгізілмеген орталық атқарушы органдар аппараттарының басшылары, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы;».
Басқа 4. «Монополияға қарсы қызметтің үздігі» төсбелгісі
Қазақстан Республикасы
Президентінің кейбір актілеріне
енгізілетін өзгерістер мен
толықтыруларға
қосымша
Сипаттамаларға 127-қосымша
«Монополияға қарсы қызметтің үздігі» төсбелгісі