Об утверждении Государственного списка памятников истории и культуры местного значения города Астаны Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Астана қаласының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 18) тармақшасына, «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» 2019 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Астана қаласының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Мыналардың:
Тармақша 1
1) «Астана қаласының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 3 маусымдағы № 27-492қ қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 633 болып тіркелген, 2010 жылғы 1 шілдедегі «Астана ақшамы», «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған);
Тармақша 2
2) «Астана қаласының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 3 маусымдағы № 27-492қ қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 8 қаңтардағы № 105-8 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1155 болып тіркелген, 2018 жылғы 27 қаңтарда «Астана ақшамы» газетінде, 2018 жылғы 25 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. «Нұр-Сұлтан қаласының Мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Нұр-Сұлтан қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін жіберуді;
Тармақша 3
3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 4
4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде аумақтық әділет органына осы тармақтың 2), 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Астана қаласының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімі
Астана қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 6 қазандағы № 508-2075 қаулысына қосымша Астана қаласының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімі Р/с № Ескерткіштің атауы Ескерткіштің түрі Ескерткіштің орналасқан жері 1 2 3 4 1. Көпес И.С. Силиннің үйі, ХІХ-ХХ ғасырдың басы Қала құрылысы және сәулет Кенесары көшесі, № 35 2. Ерекше міндет бөлімі отрядтары құрылған үй, 1914 жыл Қала құрылысы және сәулет Ж. Омаров көшесі, № 57 3. Теміржолшылар сарайы, 1954 жыл Қала құрылысы және сәулет І. Есенберлин көшесі, № 10 4. 5. Сәкен Сейфуллин ескерткіші, 1972 жыл Монументтік өнер құрылыстары Жеңіс даңғылы, № 62 6. Ұлы Отан соғысына қатысқан жауынгерлерге ескерткіші,  1995 жыл Монументтік өнер құрылыстары Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Қазақ ұлттық өнер университеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ауданы, Жеңіс даңғылы 7. Константин және Елена шіркеуі, 1854-1900 жылдар Қала құрылысы және сәулет Республика даңғылы,  № 12 8. Қалалық басқарма ғимараты,  ХІХ ғасырдың соңы Қала құрылысы және сәулет Желтоқсан көшесі, № 11 9. Гимназия, ХІХ ғасырдың соңы Қала құрылысы және сәулет Желтоқсан көшесі, № 13 10. Көпес Д.В. Егоровтың үйі  ХІХ-ХХ ғасырдың басы Қала құрылысы және сәулет М. Әуезов көшесі, № 5а 11. Көпес үйі, 1846 жыл Қала құрылысы және сәулет М. Әуезов көшесі, № 20 12. Дәрігер Ф.И. Благовещенскийдің үйі, ХХ ғасырдың басы Қала құрылысы және сәулет М. Әуезов көшесі, № 20а 13. Жасыл мешіттің дуалы, 1895 жыл Қала құрылысы және сәулет Абай даңғылы, № 83 14. Көпес С.А. Кубриннің ауруханасы,  1880 жыл Қала құрылысы және сәулет Ә. Жангелдин көшесі, № 40 15. Көпес В.М. Кубриннің  үйі және жапсаржайы, 1910 жыл Қала құрылысы және сәулет Кенесары көшесі, № 41 16. Көпес М.К. Кубриннің сауда үйі, 1905 жыл Қала құрылысы және сәулет Кенесары көшесі, № 37 17. П.Г. Моисеевтің үйі,  1914 жыл Қала құрылысы және сәулет Ә. Мәмбетов көшесі, № 40 18. «Октябрь» кинотеатрының  ғимараты, ХХ ғасырдың басы Қала құрылысы және сәулет Абай даңғылы, № 29 19. Пионерлер үйі,  ХХ ғасырдың 1960 жылдары Қала құрылысы және сәулет Бейбітшілік көшесі, № 6 20. «Есіл» қонақ үйінің ғимараты, 1958-1960 жылдар Қала құрылысы және сәулет Бейбітшілік көшесі, № 8 21. Астана қаласы  әкімдігінің бұрынғы ғимараты, 1958 жыл Қала құрылысы және сәулет Ж. Омаров көшесі, № 60 22. Мемлекеттік Қауіпсіздік комитетінің ғимараты, 1950 жыл Қала құрылысы және сәулет Т. Бигелдинов көшесі,  № 74/1 23. Мұсылман жастарына арналған  Б. Қосшығұловтың мектебі,  ХІХ-ХХ ғасырдың басы Қала құрылысы және сәулет Абай даңғылы, № 24 24. «Астана-Бәйтерек» монументалдық құрылысы, 2002 жыл Монументтік өнер құрылыстары Нұржол бульвары, № 14 25. Кенесары хан ескерткіші, 2001 жыл Монументтік өнер құрылыстары Есіл өзенінің жағалауы 26. А.С. Пушкин ескерткіші, 1999 жыл Монументтік өнер құрылыстары Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің ауданы 27. С. Сейфуллин ескерткіші,  1994 жыл Монументтік өнер құрылыстары С. Сейфуллин және  М. Әуезов  көшелерінің қиылысы 28. «Астана» мүсіні, 2002 жыл Қала құрылысы және сәулет Ж. Тәшенов көшесіндегі шағынгүлбақ 29. Метеостанция ғимараты, 1914-1916 жылдар Қала құрылысы және сәулет Жамбыл көшесі, № 11 30. «Космос» және «Баспа» мозаикалық паннолар, 1972 жыл Қала құрылысы және сәулет Бейбітшілік көшесі, № 25 31. Саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешені, 2007 жыл Ансамбльдер мен кешендер Ақмола облысы, Целиноград ауданы,  Ақмол ауылы 32. «Қараөткел» мұсылман зираты, 1609-1962 жылдар Киелі объектілер «Жастар» шағын ауданы 33. Бозоқ ІІ қыстауы, XVIII-XIX ғасырлар Археология Бұзықты көлінің шығыс жағалауы 34. Қозыкөш І қыстауы, XVIII-XIX ғасырлар Археология Ильинка тұрғын алабынан батысқа қарай 4 шақырым жерде 35. Қозыкөш ІІ қыстауы, XVIII-XIX ғасырлар Археология Ильинка тұрғын алабынан батысқа қарай 4 шақырым жерде 36. Қозыкөш ІІІ қыстауы, XVIII-XIX ғасырлар Археология Ильинка тұрғын алабынан батысқа қарай 4 шақырым жерде 37. Қозыкөш ІV қыстауы, XVIII-XIX ғасырлар Археология Ильинка тұрғын алабынан батысқа қарай 4 шақырым жерде 38. Қозыкөш V қыстауы, XVIII-XIX ғасырлар Археология Ильинка тұрғын алабынан батысқа қарай 4 шақырым жерде 39. Бұрынғы мұсылман мектебінің екінші ғимараты, ХІХ ғасырдың басы Қала құрылысы және сәулет Отырар көшесі, № 1/2 40. «Әзірет Сұлтан» мешіті, 2012 жыл Киелі объектілер Тәуелсіздік даңғылы, № 48 41. «Әбу Насыр әл-Фараби» мешіті, 2005 жыл Киелі объектілер Қабанбай батыр даңғылы, № 36 42. Бейбітшілік және Келісім сарайы, 2006 жыл Қала құрылысы және сәулет Тәуелсіздік даңғылы, № 57 43. Қазақстан Республикасының Бас мешіті, 2022 жыл Қала құрылысы және сәулет Мәңгілік Ел даңғылы, № 65