Об утверждении Правил использования электронных идентификаторов (навигационных пломб) Күшін жойған
Басқа 0
Электрондық сәйкестендіргіштерді (навигациялық пломбаларды) пайдалану қағидаларын бекіту туралы
«Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 45-бабы 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Электрондық сәйкестендіргіштерді (навигациялық пломбаларды) пайдалану қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Электрондық сәйкестендіргіштерді (навигациялық пломбаларды) пайдалану қағидалары
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2020 жылғы 8 қазаны
№ 971 Бұйрықпен
бекітілген
Электрондық сәйкестендіргіштерді (навигациялық пломбаларды) пайдалану қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Электрондық сәйкестендіргіштерді (навигациялық пломбаларды) пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 45-бабы 6-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік кірістер органдарының автокөлік құралдарына электрондық сәйкестендіргіштерді (навигациялық пломбаларды) пайдалану тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидалардың шеңберінде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) жүк жөнелтуші – оның атынан жүкті жөнелту ресімделетін жеке немесе заңды тұлға;
Тармақша 2
2) жүк алушы – жүкті шарттың негізінде алуға уәкілетті жеке немесе заңды тұлға;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі – Комитет) – өз құзыреті шегінде салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз етуді, Қазақстан Республикасында кедендік реттеуді, Қазақстан Республикасының заңнамасында осы органның қарауына жатқызылған әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу және ашу жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді орындайтын мемлекеттік орган;
Тармақша 4
4) «Маршрутты бақылау» ақпараттық жүйесі – Қазақстан Республикасының аумағы бойынша өтетін жүктер мен көлік құралдарына бақылау жүзеге асырылатын халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалау ақпараттық жүйесі операторының ақпараттық жүйесі;
Тармақша 5
5) мемлекеттік кірістер органы – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық бөлімшесі.
Тармақша 6
6) тасымалдаушы – жеңіл автокөліктерді қоспағанда, меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздермен жүктерді тасымалдау бойынша кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын автокөлік құралдарына ие жеке немесе заңды тұлға;
Тармақша 7
7) халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалау ақпараттық жүйесінің ұлттық операторы (бұдан әрі – Оператор) – «Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тұлға.
Тармақша 8
8) электрондық сәйкестендіргіш (навигациялық пломба) – автокөлік құралының қозғалыс маршруты, сондай-ақ халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалау ақпараттық жүйесіне құрылғының сақталуы (ашылуы) туралы ақпаратты беруді қамтамасыз ететін құрылғы.
Тарау 2. 2-тарау. Электрондық сәйкестендіргіштерді (навигациялық пломбаларды) пайдалану тәртібі
2-тарау. Электрондық сәйкестендіргіштерді (навигациялық пломбаларды) пайдалану тәртібі
Тармақ 3
3. Еуразиялық экономикалық одаққа (бұдан әрі – ЕАЭО) мүше мемлекеттерден Қазақстан Республикасына немесе ЕАЭО-ға мүше бір мемлекеттен Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекетке халықаралық автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының ЕАЭО мүше мемлекеттерімен Мемлекеттік шекарасында (бұдан әрі – мемлекеттік шекара) автокөлік құралдарының жүк бөліктеріне электрондық сәйкестендіргіштермен (навигациялық пломбалармен) аумақтық мемлекеттік кірістер органдары пломба салады.
Тармақ 4
4. Автокөлік құралы Қазақстан Республикасының аумағына мемлекеттік шекарадағы автомобиль өткізу пунктіне кірген кезде, аумақтық мемлекеттік кірістер органының лауазымды тұлғасы (бұдан әрі – лауазымды тұлға) тасымалдаушыдан тасымалданатын жүк, жүру маршруты туралы мәліметтері бар тауар-көлік жүкқұжаттарын (CMR, ТКЖ) сұрайды және «Маршрутты бақылау» ақпараттық жүйесіне мынадай ақпаратты енгізеді:
Тармақша 1
1) автокөлік құралының мемлекеттік тіркеу нөмірінің белгісін, тіркелу елін;
Тармақша 2
2) пломба салынған объектінің (объектілердің) түрі (автокөлік құралы, тіркеме, жартылай тіркеме);
Тармақша 3
3) тауар-көлік жүкқұжатының нөмірі мен күні (CMR, ТКЖ);
Тармақша 4
4) ЕАЭО Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасына сәйкес тауарлардың кодтары;
Тармақша 5
5) тасымалдаушының атауы, тасымалдаушы тіркелген ел;
Тармақша 6
6) автокөлік құралы жүргізушісінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), телефон нөмірі;
Тармақша 7
7) ерекше белгілері (жүктерді жеткізудің болжамды мерзімі).
Тармақ 5
5. Лауазымды тұлға «Маршрутты бақылау» ақпараттық жүйесіне қажетті мәліметтерді енгізгеннен кейін автокөлік құралының жүк бөлігіне электрондық сәйкестендіргішті (навигациялық пломбаны) орнатады, Операторды автокөлік құралының жүру маршрутының басталғаны туралы хабарлайды және электрондық сәйкестендіргішті (навигациялық пломбаны) іске қосады.
Тармақ 6
6. Автокөлік құралы Қазақстан Республикасынан шыққан кезде лауазымды тұлға мемлекеттік шекарада электрондық сәйкестендіргіштің (навигациялық пломбаның) дұрыстығын, тұтастығын және (немесе) бүлінудің болуын айқындау мақсатында қарап тексеруді жүргізеді.
Жүргізілген қарап тексеруден кейін лауазымды тұлға Операторды автокөлік құралының жүру бағытының Қазақстан Республикасының аумағында аяқталғандығы туралы хабарлайды, электрондық сәйкестендіргішті (навигациялық пломбаны) сөндіреді және алады.
Тармақ 7
7. Электрондық сәйкестендіргішті (навигациялық пломбаны) алғаннан кейін лауазымды тұлға электрондық сәйкестендіргішті (навигациялық пломбаны) кейіннен басқа автокөлік құралына орнатқан кезде оның үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін қуаттауды қамтамасыз етеді.
Тармақ 8
8. Электрондық сәйкестендіргіштерді (навигациялық пломбаларды) пломбылау және алу бойынша есепті Оператор және аумақтық мемлекеттік кірістер органы жүргізеді. Есеп жөніндегі ақпаратты Оператор Комитетке апта сайын бейсенбі күні осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес жолдайды.
Тармақ 9
9. Тасымалдаушының өз міндеттерін орындауына немесе жүктерді одан әрі тасымалдауға авария, еңсерілмейтін күштің әсері не жүктерді жеткізуге кедергі келтіретін өзге де мән-жайлар салдарынан кедергі келтіретін мән-жайлар туындаған кезде тасымалдаушы немесе жүктерді тасымалдайтын адам жүктің және автокөлік құралының сақталуын қамтамасыз ету үшін барлық шараларды қабылдауға, жақын маңдағы мемлекеттік кірістер органына және Операторға осы мән-жайлар және жүктердің орналасқан жері туралы дереу хабарлауы керек.
Тармақ 10
10. Автокөлік құралы тұрған жерге келген кезде лауазымды тұлға осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес жүктерді одан әрі тасымалдауға кедергі келтіретін мән-жайлар туралы акт жасайды. Акт жасалғаннан кейін лауазымды тұлға электрондық сәйкестендіргішті (навигациялық пломбаны) алу туралы шешім қабылдайды және тұтастығы сақталып, бүліну болмаған жағдайда оны басқа автокөлік құралына орнатады.
Тармақ 11
11. Электрондық сәйкестендіргішті (навигациялық пломбаны) орнатқаннан кейін лауазымды тұлға осы Қағидалардың 4 және 5-тармақтарында көзделген іс-қимылдарды жүзеге асырады.
Тармақ 12
12. Оператор жүктерді тасымалдау кезінде туындаған мынадай мән-жайлар туралы аумағында мән-жайлар туындаған мемлекеттік кірістер органына және Комитетке тәулік бойғы режимде дереу хабарлауға міндетті:
Тармақша 1
1) автокөлік құралының жүру маршрутынан (республикалық маңызы бар автомагистральдан) 1 (бір) километрден астам қашықтықта ауытқуы;
Тармақша 2
2) электрондық сәйкестендіргіштің (навигациялық пломбаның) мүмкін ашылуы (жарамсыздығы) туралы немесе электрондық сәйкестендіргіштің (навигациялық пломбаның) батарея қуаты деңгейінің 10% - ға дейін және одан да төмен төмендеуі туралы электрондық сәйкестендіргіштен (навигациялық пломбадан) дабылдың түсуі;
Тармақша 3
3) электрондық сәйкестендіргішпен (навигациялық пломбамен) 2 (екі) сағаттан артық байланыстың болмауы;
Тармақша 4
4) автокөлік құралынан электрондық сәйкестендіргіш (навигациялық пломба) орнатылған жылжымалы құрамды ағыту;
Тармақша 5
5) жүру маршруты бойынша автокөлік құралының техникалық ақаулығының туындауы.
Тармақ 13
13. Аумағында мән-жай туындаған мемлекеттік кірістер органы 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 142-бабы 1-тармағының 15) және 18) тармақшаларына сәйкес тақырыптық тексеруді жүргізеді.
Тармақ 14
14. Тақырыптық тексеру аяқталған бойы мемлекеттік кірістер органы байланыс арналары арқылы Комитетке оны жүргізу нәтижелері туралы хабарлайды.
Тармақ 15
15. Мемлекеттік кірістер органы жүргізген тақырыптық тексерудің нәтижелері бойынша тасымалдаушының өз міндеттерін орындауына немесе жүктерді одан әрі тасымалдауға авария, еңсерілмейтін күштің әсері салдарынан кедергі келтіретін мән-жайлар не жүктерді жеткізуге кедергі келтіретін өзге де мән-жайлар расталған жағдайда, лауазымды тұлға басқа электрондық сәйкестендіргішті (навигациялық пломбаны) орната отырып, тауарды басқа автокөлік құралына қайта тиеу жолымен жүктің одан әрі жүру мүмкіндігі туралы Комитетке және Операторға хабарлайды.
Басқа 1. Электрондық сәйкестендіргіштерді (навигациялық пломбаларды) орнату және алу бойынша есеп
Электрондық сәйкестендіргіштерді (навигациялық пломбаларды) пайдалану қағидаларына
1-қосымша
нысан
Электрондық сәйкестендіргіштерді (навигациялық пломбаларды) орнату және алу бойынша есеп
№
Автокөлік құралының мемлекеттік тіркеу нөмірі
Тіркеменің мемлекеттік тіркеу нөмірі
Жүргізушінің тегі, аты, әкесінің аты
(ол болған кезде)
Электрондық сәйкестендіргіштің (навигациялық пломбаның) нөмірі
Электрондық сәйкестендіргіштің (навигациялық пломбаның) саны
Жөнелту пункті (автомобиль өткізу пункті)
Жеткізу пункті (автомобиль өткізу пункті)
Орнату күні
Алу күні
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
Басқа 2. Жүктерді одан әрі тасымалдауға кедергі келтіретін мән-жайлар туралы
Акт
Электрондық сәйкестендіргіштерді (навигациялық пломбаларды) пайдалану қағидаларына
2- қосымша
нысан
Жүктерді одан әрі тасымалдауға кедергі келтіретін мән-жайлар туралы
Акт
Мен, _________________________________________________________
мемлекеттік кірістер органы қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған
кезде) (бұдан әрі – Т.А.Ә., лауазымы)
___________________________ бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің
_______________________________ бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы
__________________________________________________________________,
жүргізуші______________________________________________ қатысуымен
жүргізушінің Т.А.Ә.
_________________________________дан ____________________________
жөнелтуші елді көрсету межелі елді көрсету
________________________________________________________________на
қала, ауыл, автомагистраль және өзге де мән-жайларды көрсету
_____________№_____________тауар-көлік жүкқұжатына (CMR) сәйкес
тауарды тасымалдайтын, ____________________________________ маркалы,
__________________________ мемлекеттік тіркеу нөмір белгісімен, тіркеме
нөмірі ___________________ болып табылатын автокөлік құралына қарап
тексеруді жүргіздім.
Қарап тексеру нәтижелері бойынша:
— автокөлік құралының қатысуымен жол-көлік оқиғасы;
— жүктерді одан әрі тасымалдауға кедергі келтіретін өзге де
мән-жайлар анықталды ____________________________________________.
себебін көрсету
____________________ _____________ ____________
Т.А.Ә. күні колы
____________________ _____________ ____________
Т.А.Ә. күні колы