О Правилах назначения и выплаты социальной и материальной помощи отдельным категориям граждан Күшін жойған
Басқа 0
Азаматтардың жекелеген категорияларына әлеуметтiк және материалдық көмек тағайындау мен төлеу жөнiндегi Ережесi туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 26.03.2004 № 39 қаулысымен.
«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II Заңының 31-бабының 1-тармағының 14) тармақшасына, «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 28 сәуiрдегi № 2247 Заң күшi бар Жарлығының 20-бабына, «Қазақстан Республикасында мүгедектердiң әлеуметтiк қорғалуы туралы» Қазақстан Республикасының 1991 жылғы 21 маусымдағы Заңының 44, 46-баптарына сәйкес, Ұзынкөл аудандық әкiмияты ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Азаматтардың жекелеген категорияларына әлеуметтiк және материалдық көмек тағайындау жөнiндегi 2003 жылға арналған Ережесi бекiтiлсiн (қосымша).
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкiмiнiң орынбасары Е.Т. Қуанышпаевқа жүктелсiн.
Басқа 3. Азаматтардың жекелеген категорияларына
әлеуметтiк және материалдық көмек тағайындау
және төлеу жөнiндегi
Ережесi
Аудан әкiмиятының 2003 жылғы
21 ақпандағы № 22 қаулысына
қосымша
Азаматтардың жекелеген категорияларына
әлеуметтiк және материалдық көмек тағайындау
және төлеу жөнiндегi
Ережесi
Тарау 1. 1. Жалпы ереже
1. Жалпы ереже
Тармақ 1
1. Осы Ереже Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерге, шоғырланған лагерлердiң, гетто және басқа ұстау орындарының кәмелеттiк жасқа толмаған бұрынғы тұтқындарына, «Ленинградты қорғағаны үшiн медалi, «Блокададағы Ленинградтың» тұрғыны белгiсi бар адамдарға, қаза тапқан Ұлы Отан соғысына қатысушылардың жесiрлерiне, Ұлы Отан соғысы кезiнде КСРО Қарулы Күштерi қатарында болған жалдамалы құрамның адамдары, 1, 2, 3-топтағы мүгедектерге әлеуметтiк және материалдық көмек тағайындау мен төлеу тәртiбiн реттейдi.
Тарау 2. 2. Әлеуметтiк және материалдық
көмек тағайындау тәртiбi
2. Әлеуметтiк және материалдық
көмек тағайындау тәртiбi
Тармақ 2
2. Әлеуметтiк көмекке Қазақстан Республикасының азаматтары, Ұзынкөл ауданы аумағында тұрақталған азаматтығы жоқ тұлғалар, ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерге және 1, 2, 3-топтағы мүгедектер құқылы.
Әлеуметтiк көмек өтiнiш үлгiсiнде болады.
Әлеуметтiк көмектi тағайындау туралы өтiнiш оны алуға құқықты тұлғамен, белгiленген үлгi бойынша, аудандық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау басқармасына берiледi.
Әлеуметтiк көмектi тағайындау туралы өтiнiш әлеуметтiк көмектi тағайындау бойынша комиссиясымен 10 күн мерзiмiнде қарастырылады.
Әлеуметтiк көмек себеп бойынша тағайындалмаған жағдайда, ол туралы өтiнiш берушiге жазбаша түрде хабарландырылады.
Әлеуметтiк көмектi есептеу өтiнiш берiлген айдан бастап жүргiзiледi.
Әлеуметтiк көмек оның алуына құқығы бар тұлғаларының отбасыларының табысына қарамастан көрсетiледi.
Өтiнiш берушi заңдарға сәйкес, құжаттар мен өтiнiште көрсетiлген мәлiметтердiң дұрыс және толық берiлуiне жауапты.
Берiлген мәлiметтердiң дұрыстығын растауға, өтiнiш қабылдаған тұлғалар жауап бередi.
Төлем жасалғаннан қандай да тәртiп бұзушылық немесе деректердiң жалғандығы анықталған жағдайда, заңсыз төленген ақша, заңдылықпен белгiленген тәртiп бойынша кiнәлi адамдардан өндiрiлiп алынады.
Тармақ 3
3. Материалдық көмек 1941-1945 жылдардағы ұлы Отан соғысы Жеңiсiнiң» 58-жылдығын мерекелеу күнi кезiнде аудан аумағында тұратын ұлы Отан соғысына қатысушыларға және мүгедектерге, шоғырланған лагерлердiң гетто және басқа мәжбүрлiк ұстау орындарының кәмелеттiк жасқа толмаған бұрынғы тұтқындарына, «Ленинградты қорғағаны үшiн» медалi, «Блокададағы Ленинградты тұрғыны» белгiсi бар адамдарға, қаза тапқан ұлы Отан соғысына қатысушылардың жесiрлерiне, ұлы Отан соғысы кезiнде КСРО Қарулы Күштерi қатарында болған жалдамалы құрамның адамдарына көрсетiлген тұлғалардың тiзiмiн құрған күнге тағайындалады.
Тармақ 4
4. Материалдық көмек аудан аумағында үнемi тұратындарға тағайындалады:
Ұлы Отан соғысына қатысушыларға және мүгедектерге мерейтой иелерiне тағайындалады;
Ұлы Отан соғысына қатысушыларға және мүгедектерге»Қарттар күнiне» тағайындалады;
Ұлы Отан соғысына қатысушыларға және мүгедектерге мерзiмдi баспасөз жазылысына тағайындалады.
Ұзынкөл аудандық әкiмиятының қаулысы және селолық округтер әкiмдерiмен тұрақты мекен пункттерi аумағында ұсынылған тiзiмдер негiзiнде тiзiмдердi аудандық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау басқармасы құрады.
Тарау 3. 3. Әлеуметтiк және материалдық көмектi
алу үшiн қажеттi құжаттар тiзбесi
3. Әлеуметтiк және материалдық көмектi
алу үшiн қажеттi құжаттар тiзбесi
Тармақ 5
5. Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектер, шоғырланған лагерлердiң, гетто және басқа мәжбүрлiк ұстау орындарының кәмелеттiк жасқа толмаған бұрынғы тұтқындарына, «Ленинградты қорғағаны үшiн» медалi, «Блокададағы Ленинградты тұрғыны» белгiсi бар адамдарға,
Ұлы Отан соғысы кезiнде КСРО Қарулы Күштерi қатарында болған жалдамалы құрамның адамдарына:
Куәлiктер:
Ұлы Отан соғысына қатысушының немесе мүгедектiң;
шоғырланған лагерлердiң, гетто және басқа мәжбүрлiк ұстау орындарының кәмелеттiк жасқа толмаған бұрынғы тұтқындарына:
«Ленинградты қорғағаны үшiн» медалiне;
«Блокададағы Ленинградты тұрғыны» белгiсiне.
Тармақ 6
6. 1, 2, 3-топтағы мүгедектерге:
төлқұжат мекемесiнен негiзгi тұрғылықты жер жөнiнде анықтама.
Мүгедек тобын белгiлеу туралы дәрiгерлiк - әлеуметтiк сараптамалық комиссия анықтамасының көшiрмесi.
Әлеуметтiк және материалдық көмектiң тағайындау үшiн қажеттi құжаттар түпнұсқада немесе Заңмен белгiленген тәртiп бойынша куәландырылған көшiрме түрiнде ұсынылуы мүмкiн.
Тарау 4. 4. Әлеуметтiк және материалдық көмектi төлеу
4. Әлеуметтiк және материалдық көмектi төлеу
Тармақ 7
7. Әлеуметтiк және материалдық көмектi төлеу, 2003 жылға көзделген қаржы бөлу шегiнде, аудан бюджетi шығындарының есебiнен жүзеге асады.
Тармақ 8
8. Аудандық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау басқармасы комиссия шешiмiнiң негiзiнде әлеуметтiк көмек тағайындалған азаматтардың тiзiмдерiн дайындайды, есептеу жүргiзедi және ай сайын аудандық қаржы басқармасына қаржыландыруға тапсырыс ұсынады.
Әлеуметтiк көмектi төлеу Ұзынкөл аудандық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау басқармасы ұсынған тiзiмдерге сәйкес ашық акционерлiк қоғам «Қазақстан Халықтық Банкi» аудандық филиалы арқылы жүзеге асады.
Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерге арналған әлеуметтiк көмектi төлеу, алушының қайтқан күнiнен бастап төленбейдi.
Тармақ 9
9. Материалдық көмек 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы Жеңiсiнiң 58 жылдығын мерекелеу күнiне байланысты, Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектер, шоғырланған лагерлердiң гетто және басқа мәжбүрлiк ұстау орындарының кәмелеттiк жасқа толмаған бұрынғы тұтқындарына, «Ленинградты қорғағаны үшiн» медалi, «Блокададағы Ленинградты» тұрғыны белгiсi бар адамдарға, қаза тапқан Ұлы Отан соғысына қатысушылардың жесiрлерiне, Ұлы Отан соғысы кезiнде КСРО Қарулы Күштерi қатарында болған жалдамалы құрамның адамдарына төленедi.
Аудандық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау басқармасы құрастырған тiзiмдер негiзiнде аудандық қаржы басқармасына қаржыландыруға тапсырыс ұсынады.
Материалдық көмектi төлеу аудандық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау басқармасымен есепке алынған қолма-қол ақшаны есеп берушi адамдармен, құрастырылған тiзiмдемелерге сай, осы Ереженiң 9-тармағында көрсетiлген тұлғаларға салтанатты түрде ұсыну үшiн жүзеге асырылады.
Тарау 5. 5. Әлеуметтiк және материалдық
көмектiң төленуiне бақылау жасау
5. Әлеуметтiк және материалдық
көмектiң төленуiне бақылау жасау
Тармақ 10
10. Төленген сомаға бақылау жасау, ай сайын, ашық акционерлiк қоғам Қазақстан Халықтық Банкiнiң филиалы мен аудандық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау басқармасы арасындағы салыстыру актiсi негiзiнде жүзеге асырылады.
Тармақ 11
11. Аудандық қаржы басқармасы аудандық бюджет қаражатынан әлеуметтiк және материалдық көмектi төлеу шығыстарының дұрыстығын тексерулер арқылы бақылау жасайды.