О повышении базовых ставок земельного налога на не используемые земли сельскохозяйственного назначения Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.07.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру туралы Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Бәйтерек ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелері он есеге арттырылсын.
Тармақ 2
2. Зеленов аудандық маслихатының 2018 жылғы 29 мамырдағы № 21-6 «Зеленов ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін арттыру туралы» шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5232 тіркелген, 2018 жылы 15 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылсын.
Тармақ 3
3. Аудандық мәслихат аппаратының басшысы (Г.Терехов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.