О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам статистического учета Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне статистикалық есеп мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының мына заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Тармақ 1
1. "Банкроттық туралы" 1997 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 1-2, 7-құжат; N 13-14, 205-құжат; 1998 ж., N 14, 198-құжат; N 17-18, 225-құжат; 2000 ж., N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 8, 52-құжат; N 17-18, 240-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат):
Тармақша 1
1) 70-бап мынадай мазмұндағы 1-3) тармақшамен толықтырылсын:
"1-3) уәкілетті орган оны тағайындаған күннен бастап бір апта мерзімде статистика жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесіне заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы сот шешімінің көшірмесін табыс етеді;";
Тармақша 2
2) 87-баптың 2-тармағының үшінші бөлігі "уәкілетті органға" деген сөздерден кейін ", статистика жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесіне" деген сөздермен толықтырылсын;
Тармақша 3
3) 94-баптың 4-тармағы ", сондай-ақ сот шешімінің көшірмесін статистика жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесіне жібереді." деген сөздермен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. "Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы" 1997 жылғы 19 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 12, 182-құжат; 1998 ж., N 17-18, 225-құжат; 1999 ж., N 21, 778-құжат; N 23, 931-құжат; 2001 ж., N 4, 23-құжат; N 8, 52-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 15, 150-құжат):
10-баптың 2-тармағы алып тасталсын.
Тармақ 3
3. "Шаруа (фермер) қожалығы туралы" 1998 жылғы 31 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., N 2-3, 26-құжат; 2001 ж., N 24, 338-құжат; 2003 ж., N 1-2, 6-құжат):
18-баптың 1-тармағының 4) тармақшасындағы "және статистикалық есептерді" деген сөздер "есептілікті" деген сөзбен ауыстырылсын.