Об утверждении Правил истребования документов, касающихся обеспечения прав и законных интересов граждан Республики Казахстан, иностранных граждан и лиц без гражданства, через учреждения Министерства иностранных дел Республики Казахстан Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнің мекемелерi арқылы Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз етуге қатысты құжаттарды талап ету қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2016 жылғы 25 сәуірдегі № 240 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Консулдық жарғысының 67-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнің мекемелерi арқылы Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз етуге қатысты құжаттарды талап ету қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгінің мекемелерi арқылы Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз етуге қатысты құжаттарды талап ету Ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2002 жылғы 22 мамырдағы № 08-1/1 және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2002 жылғы 28 маусымдағы № 98 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1899 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2002 ж., № 29, 632 құжат) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаменті:
Тармақша 1
1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметті Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Құқық департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Әділет және Сыртқы істер министрліктері осы бірлескен бұйрықты мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет және Сыртқы істер министрліктерінің жетекшілік ететін орынбасарларына жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
Басқа 9. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнің мекемелерi арқылы Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз етуге қатысты құжаттарды талап ету қағидалары
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 20__ жылғы «__» ________ № ______________ және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 20__ жылғы «__» ________ № _______________ бірлескен бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнің мекемелерi арқылы Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз етуге қатысты құжаттарды талап ету қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнің мекемелерi арқылы Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз етуге қатысты құжаттарды талап ету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2016 жылғы 25 сәуірдегі № 240 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Консулдық жарғысының 67-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемелері мен Сыртқы iстер министрлiгi арқылы Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз етуге қатысты құжаттарды талап ету тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда құжаттарды талап ету деп (бұдан әрі – талап ету) Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз етуге қатысты құжаттарды сұрау салынған елдің мемлекеттік органдары мен ұйымдарынан тиісті құжаттарды алып, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесі және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаменті (бұдан әрі – Консулдық қызмет департаменті) арқылы жолдау үдерісі танылады.
Тармақ 3
3. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Қағидаларда қамтылғаннан өзгеше тәртіп белгіленсе, онда сол халықаралық шартта белгіленген тәртіп қолданылады.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасынан мынадай құжаттардың:
Тармақша 1
1) әскери билеттердің (шақыру учаскелеріне тіркеу туралы куәліктердің);
Тармақша 2
2) қызметтік куәліктердің;
Тармақша 3
3) неке қию туралы куәліктердің, егер неке бұзылған болса;
Тармақша 4
4) қайтыс болған адамдардың туу туралы куәліктерінің түпнұсқалары мен көшiрмелерi талап етуге жатпайды.
Тармақ 5
5. Қайтыс болуы туралы куәліктер қайтыс болғандардың туыстары, шет мемлекеттердің мемлекеттік органдары және ұйымдары ресми мақсаттарда (мұрагерлік іс ашу және басқа да әлеуметтік-құқықтық сипатқа ие мақсаттарда) талап етуі мүмкін.
Тармақ 6
6. Кәмелетке толмағандардың, сондай-ақ сотпен әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдардың талап ету жөніндегі өтініштерін олардың заңды өкілдері (ата-аналары, қамқоршылары, қорғаншылары) береді.
Тармақ 7
7. Құжатты Қазақстан Республикасынан талап ету үшін Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес консулдық алым алынады. Консулдық алым талап ету нәтижелеріне қарамастан алынады.
Тарау 2. 2-тарау. Қазақстан Республикасынан құжаттарды талап ету тәртiбi
2-тарау. Қазақстан Республикасынан құжаттарды талап ету тәртiбi
Тармақ 8
8. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдарынан құжаттарды талап ету туралы сұрау салуды жолдау үшін Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалар Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесіне келесі құжаттарды:
Тармақша 1
1) еркін нысандағы өтінішті;
Тармақша 2
2) осы Қағидалардың қосымшасындағы нысан бойынша талап ету жөніндегі 3 дана сауалнаманы;
Тармақша 3
3) өтініш берушінің, заңды өкілдің немесе сенімді тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
Тармақша 4
4) құжаты талап етіліп отырған тұлғамен өтініш берушінің туыстық қатынасын дәлелдейтін құжаттың көшірмесін (қажет болған жағдайда);
Тармақша 5
5) заңды өкілдің немесе сенімді тұлғаның өкілеттігін растайтын құжаттың түпнұсқасын (құжатты талап етуге өкілеттігі бар тұлға болған жағдайда);
Тармақша 6
6) өтініш берушінің немесе заңды өкілдің, сенімді тұлғаның дербес деректерді жинауға, өңдеуге келісімін;
Тармақша 7
7) талап етілетін құжаттың көшірмесін (бар болған жағдайда);
Тармақша 8
8) консулдық алым төленгенін дәлелдейтін құжаттың түпнұсқасын тапсырады.
Тармақ 9
9. Егер:
Тармақша 1
1) құжаттарды талап ету мәселесімен құжаттарды алуға құқығы жоқ тұлға жүгінсе;
Тармақша 2
2) өтініш беруші сауалнамада қарастыруға қажетті мәліметті ұсынбаса;
Тармақша 3
3) өтініш беруші осы Қағидалардың 8-тармағында көзделген құжаттарды ұсынбаса, құжаттарды талап ету туралы сұрау салуды жолдаудан бас тартылады.
Тармақ 10
10. Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесі құжаттардың осы Қағидалардың 8-тармағына сәйкес келуін тексергеннен кейін сұрау салуды қоса берілетін құжаттармен бірге (2 дана сауалнама, консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі және осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген қалған құжаттар) Консулдық қызмет департаменті арқылы он бес күнтізбелік күн ішінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдарына жібереді.
Тармақ 11
11. Консулдық қызмет департаменті он бес күнтізбелік күн ішінде келіп түскен сұрау салуды қоса берілген құжаттармен бірге Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдарына жібереді.
Тармақ 12
12. Талап ету жөніндегі сұрау салуларды Қазақстан Республикасының мына мемлекеттік органдары мен ұйымдары:
Тармақша 1
1) азаматтық хал актілерді тіркеу туралы құжаттарды талап ету бойынша – азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімдері (тіркеуші органдар);
Тармақша 2
2) әлеуметтік-құқықтық сипаттағы құжаттарды талап ету бойынша: Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлiгiнiң құзыретіне кiретiн мәселелер бойынша – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлiгi; Қазақстан Республикасының мемлекеттік және арнайы мемлекеттiк архивтерінде, ақпарат пен құқықтық статистика орталықтарында мемлекеттік сақталуда жатқан құжаттар бойынша (еңбек өтілі, жалақы, зейнетақы, мемлекеттiк және ведомстволық марапаттар, негiзсiз қуғын-сүргiнге ұшырау фактiлері, азаматтарды депортациялау және олардың мүлiктерiнiң тәркiленуі, әскери қызметі, еңбек армиясына қатысы, сот актілері және анықтамалар туралы) – Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы немесе талап етілетін құжаттар сақталуында жатқан басқа мемлекеттік органдар мен ұйымдар;
Тармақша 3
3) бiлiм, ғылыми дәреже беру, ғылыми атақ беру және біліктілікті арттыру туралы құжаттарды талап ету бойынша – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі;
Тармақша 4
4) саяси оқиғалардың, әскери қимылдардың немесе табиғат апаттарының салдарынан байланыс үзiлген, оның iшiнде бұрынғы әскери тұтқындар мен еркiнен айырылғандар Қазақстан Республикасының аумағында және шет елдерде Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдiк азаматтардың, азаматтығы жоқ тұлғалардың жақын туыстарын iздестiру туралы мәліметтерге, сондай-ақ бұрынғы Кеңестiк Социалистiк Республикалар Одағы аумағында және одан тыс жерлерде әскери iс-қимыл кезеңдерiнде жерленген жауынгерлер мен азаматтық тұлғалардың қабiрлерiнiң сақталғандығы туралы анықтама жүргiзуге қатысты құжаттарды талап ету бойынша – Қазақстан Республикасының «Қызыл Ай Қоғамы» қоғамдық бірлестігі;
Тармақша 5
5) Емделуде болғаны, кәсiптік аурулары мен қайғылы оқиғалар туралы мәлiметтерге қатысты құжаттарды талап ету бойынша - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi мен Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі жүзеге асырады.
Тармақ 13
13. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдары он бес күнтізбелік күн ішінде сұрау салуларды қарастыру нәтижелері бойынша Консулдық қызмет департаменті арқылы сұрау салған Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесіне талап етілген құжатты жібереді немесе сұрау салуды қанағаттандырудың мүмкін еместігінің себептері туралы не қосымша тексеру қажеттігі туралы жазбаша түрде хабардар етеді.
Тармақ 14
14. Консулдық қызмет департаменті он бес күнтізбелік күн ішінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдарынан келіп түскен жауапты қосымша құжаттарымен бірге Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесіне жолдайды.
Тармақ 15
15. Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесі Консулдық қызмет департаментінен жауапты алғаннан кейін он бес күнтізбелік күн ішінде өтініш берушіге талап етілген құжатты немесе сұрау салуды қанағаттандырудың мүмкін еместігінің себептері туралы не қосымша тексеру қажеттігі туралы жазбаша түрде хабардар етеді.
Тармақ 16
16. Талап ету мерзімі өтініш берушінің Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесіне құжаттарды тапсырған күнінен бастап есептеледі және төрт айдан аспайды. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдары қосымша тексеруді, сондай-ақ пошта арқылы құжаттарды жіберу ұзақ уақыт қажет ететін жағдайда, талап ету мерзімі күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімге ұзартылады және бұл туралы өтініш берушіге хабарланады.
Тарау 3. 3-тарау. Шет елдерден құжаттарды талап ету тәртiбi
3-тарау. Шет елдерден құжаттарды талап ету тәртiбi
Тармақ 17
17. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдары құжаттарды шет елдерден талап ету туралы сұрау салуды жолдау үшін Консулдық қызмет департаменті арқылы Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесіне келесі құжаттарды:
Тармақша 1
1) осы Қағидалардың қосымшасындағы нысан бойынша талап ету жөніндегі 3 дана сауалнаманы;
Тармақша 2
2) өтініш берушінің, заңды өкілдің немесе сенімді тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
Тармақша 3
3) құжаты талап етіліп отырған тұлғамен өтініш берушінің туыстық қатынасын дәлелдейтін құжаттың көшірмесін (қажет болған жағдайда);
Тармақша 4
4) заңды өкілдің немесе сенімді тұлғаның өкілеттігін растайтын құжаттың түпнұсқасын (құжатты талап етуге өкілеттігі бар тұлға болған жағдайда);
Тармақша 5
5) өтініш берушінің немесе заңды өкілдің, сенімді тұлғаның дербес деректерді жинауға, өңдеуге келісімін;
Тармақша 6
6) талап етілетін құжаттың көшірмесін (бар болған жағдайда) жолдайды.
Тармақ 18
18. Консулдық қызмет департаменті келіп түскен талап ету жөніндегі сұрау салуды он бес күнтізбелік күн ішінде тиісті Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесіне жолдайды.
Тармақ 19
19. Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесі Консулдық қызмет департаментінен сұрау салу келіп түскен күннен бастап он бес күнтізбелік күн ішінде құжаттарды талап ету мәселесі бойынша шет мемлекеттердің құзыретті органдарына жолданады және бұл туралы Консулдық қызмет департаментіне бес жұмыс күні ішінде хабарлайды.
Тармақ 20
20. Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесі шет мемлекеттердің құзыретті органдарынан жауаптың келіп түсу нәтижесі бойынша он бес күнтізбелік күн ішінде Консулдық қызмет департаменті арқылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдарына талап етілген құжатты қосымшасымен немесе сұрау салуды қанағаттандыру мүмкін еместігінің себебі көрсетілген немесе шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен сұрау салуды қарастыруға қосымша мерзімнің қажеттігі туралы жазбаша жауап жолдайды.
Тармақ 21
21. Консулдық қызмет департаменті Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінен келіп түскен жауапты қосымша құжаттарымен бірге он бес күнтізбелік күн ішінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдарына жолдайды.
Тармақ 22
22. Бұрынғы Кеңестік Социалистiк Республикалар Одағының шет елдердегі мекемелерiнде азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы куәліктерді бұрын алған Қазақстан Республикасы азаматтарының осындай қайталама куәліктерін Консулдық қызмет департаменті Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы мекемесі арқылы талап етеді.
Тармақ 23
23. Қазақстан Республикасымен дипломатиялық қатынастар орнатылмаған мемлекеттерден құжаттарды талап ету сол елдерді Қазақстан Республикасының аумағында өкілдік ететін шет мемлекеттердің мекемелері немесе Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің болу елінің аумағында орналасқан сол елдердің мекемелері арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 24
24. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта өзгеше көзделмесе, шет мемлекеттерден талап етіп алынған ресми құжаттарды заңдастыру немесе оларға апостиль қою Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнің мекемелерi арқылы Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз етуге қатысты құжаттарды талап ету қағидаларына қосымша Сұрақтар Жауаптар Құжаттары талап етілетін адамдарға қатысты көрсетілетін мәліметтер 1. Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) Ескертпе: мәліметтерді мемлекеттік немесе орыс және шетел тілінде көрсетіңіз; тегіңізді ауыстырған болсаңыз олардың бәрін көрсетіңіз 2. Туған күнi, айы, жылы және туған жерi Ескертпе: ауыл, қала, аудан, облыс, егер шет елде туылған жағдайда сол елдi көрсетіңіз 3. Жынысы 4. Азаматтығы Ескертпе: егер ауыстырған болсаңыз барлық бұрынғы азаматтықтарыңызды көрсетіңіз 5. Ұлты 6. Қандай құжат талап етіледі: Ескертпе: егер азаматтық хал актілерін тіркеу туралы құжат талап етілсе, оның нақты жерін және уақытын, сондай-ақ туу туралы құжат талап етілсе, ата-анасының аты-жөнін, әкесінің атын (бар болған жағдайда) көрсетіңіз; егер білім туралы құжат талап етілсе, оқу орынның атауын және мекенжайын, оқуға түсу және бітіру күнін, құжаттың нөмірін және сериясын көрсетіңіз; егер еңбек өтілі туралы құжат талап етілсе, мекеменің атауын, мекенжайын, жұмыс мерзімін және лауазымын көрсетіңіз; егер шет елде бекітілген зейнетақы туралы құжат талап етілсе, сол зейнетақы қашан, не үшін және қандай ұйым бекіткенін, сондай-ақ соңғы рет зейнетақыны қандай ұйым және қашан төлегені туралы мәліметті көрсетіңіз; кәсіпорынның, мекеменің және оқу орынның атауын мүмкіндігінше шет тілінде көрсетіңіз. 7. Құжатты талап етудің мақсаты 8. Тұрғылықты мекенжайы Басқа адамның құжаттары талап етілген жағдайда өтініш берушіге қатысты мәліметтер 9. Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) 10. Туған күнi, айы, жылы және туған жерi 11. Азаматтығы 12. Талап етілетін құжаттың иесіне туыстық қатынасы 13. Тұрғылықты мекенжайы Толтыру күні:______________ ________________________________ (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), қолы)