Об утверждении коэффициентов зонирования, учитывающих месторасположение объекта налогообложения в населенных пунктах Бескарагайского района Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.11.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Бесқарағай ауданының елді мекендеріндегі салық салу объектілерінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициентін бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Кодексінің 529-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 12 қарашадағы № 475 «Аймаққа бөлу коэффициентін есептеу әдістемесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, Бесқарағай аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Бесқарағай ауданының елді мекендеріндегі салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициенті осы қаулыға қосымша бойынша бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы қаулының аумақтық әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулының мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Бесқарағай ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;
Тармақша 3
3) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Бесқарағай ауданы әкімінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Бесқарағай ауданы әкімінің орынбасары Б. Ж. Баталовқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» «Қазақстан Республикасы қаржы Министрлігінің мемлекткеттік кірістер Комитеті Шығыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінің Бесқарағай ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» республикалың мемлекеттік мекемесінің басшысы _________________ А. Сагатбеков 2020 жылғы «___»_________
Басқа 8. Бесқарағай ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері
Бесқарағай аудандық әкімдігінің 2020 жылғы 6 қазаны № 281 қаулысына қосымша Бесқарағай ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері № Елді мекендегі салық салу объектісінің орналасқан жері Аймаққа бөлу коэффиценті 1 Бесқарағай ауылы 1,88 2 Глуховка ауылы 1,5 3 Белокаменка ауылы 1,25 4 Бірлік ауылы 1,15 5 Стеклянка ауылы 1,15 6 Старая крепость ауылы 1,25 7 Жыланды ауылы 1,25 8 Беген ауылы 1,5 9 Беген орман шаруашылығы ауылы 1,25 10 Баскөл ауылы 1,35 11 Бөкебай ауылы 1,45 12 Қарағайлы ауылы 1,53 13 Ерназар ауылы 1,5 14 Қоянбай ауылы 1,47 15 Мороз орман шаруашылығы ауылы 1,1 16 Малая-Владимировка ауылы 1,72 17 Бозтал ауылы 1,43 18 Қарабас ауылы 1,65 19 Лесной ауылы 1,2 20 Өндріс ауылы 1,5 21 Кривинка ауылы 1,33 22 Жетіжар ауылы 1,35 23 Долон ауылы 1,6 24 Мостик ауылы 1,55 25 Бөдене ауылы 1,55 26 Черемушка ауылы 1,0 27 Канонерка ауылы 1,73 28 Қара-Мырза ауылы 1,45