Об определении случаев ввоза на территорию Республики Казахстан лекарственных средств и медицинских изделий в качестве гуманитарной помощи, не прошедших государственную регистрацию в Республике Казахстан Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.08.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеуден өтпеген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды гуманитарлық көмек ретінде Қазақстан Республикасының аумағына әкелу жағдайларын айқындау туралы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексі 6-бабының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеуден өтпеген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды гуманитарлық көмек ретінде Қазақстан Республикасының аумағына әкелудің мынадай жағдайлары айқындалсын:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының аумағында халықтың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын aлу және салдарын жою;
Тармақша 2
2) төтенше жағдай енгізу кезеңі;
Тармақша 3
3) аса қауіпті инфекциялық және паразиттік аурулардың профилактикасы және оларды емдеу;
Тармақша 4
4) орфандық (сирек кездесетін) ауруларды емдеу.
Тармақ 2
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
Тармақша 1
1) «Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеуден өтпеген дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы гуманитарлық көмек ретінде Қазақстан Республикасының аумағына әкелу жағдайларын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2298 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 4, 48-құжат);
Тармақша 2
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 6 маусымдағы № 380 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2019 ж., № 20, 173-құжат).
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.