О проведении в области государственного технического осмотра транспортных средств Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.01.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыста көлік құралдарына мемлекеттік техникалық байқау өткізу туралы Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 21.11.2003 № 254 қаулысымен. Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" , "Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 тамыздағы N 1206 "Қазақстан Республикасында көлік құралдарына мемлекеттік техникалық байқау жүргізуді жетілдіру жөніндегі шаралары туралы" Қаулысын орындау жолында және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, техникалық құралдарды мемлекеттік байқаудан өткізуді ұйымдастыруды жетілдіре түсу мақсатында облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Облыста автокөлік құралдары мен олардың тіркемелеріне мемлекеттік техникалық байқау өткізу 2003 жылғы 1 қаңтардан 30 қазан аралығында жүргізілсін.
Тармақ 2
2. Автокөлік құралдарын техникалық байқау алдында оның техникалық жағдайын болжап-білуге қажетті материалдық-техникалық базасы бар заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерді айқындау үшін комиссия (жалғанды) құрылсын.
Тармақ 3
3. Комиссияның жұмысшы органы болып көлік құралдарының техникалық жағдайын диагностикалауға қатысатын заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерден өтініш жинауды ұйымдастыратын Батыс Қазақстан облыстық ІІБ-ның жол полициясы басқармасы (Сұлтанбаев) белгіленсін.
Тармақ 4
4. Батыс Қазақстан облыстық ІІБ-ның жол полициясы басқармасы (Сұлтанбаев) облыс тұрғындары арасында көлік құралдарын мемлекеттік техникалық қараудан өткізу туралы түсінік жұмыстарын, соның ішінде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы кеңінен жүргізсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.П. Качалоға жүктелсін.
Басқа 6. Техникалық қарау алдында автокөлік құралдарының техникалық жағдайын диагностикалауды өткізу үшін тиісінше материалдық-техникалық базасы бар заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерді анықтау комиссиясының құрамы
Облыс әкімдігінің 2003 жылғы 24 қаңтардағы N 28 қаулысымен бекітілді Техникалық қарау алдында автокөлік құралдарының техникалық жағдайын диагностикалауды өткізу үшін тиісінше материалдық-техникалық базасы бар заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерді анықтау комиссиясының құрамы
Тармақ 1. Комиссия мүшелері:
1. Талғат Сариұлы Қарасаев - облыс әкімі аппаратының жылу энергетика кешені бас инспекторы, комиссия төрағасы Комиссия мүшелері:
Тармақ 2
2. Малик Ермуханбетұлы Дәулетияров - көлік бақылау комитеті басқармасының бастығы
Тармақ 3
3. Мұрат Асхатұлы Оразбаев - табиғи монополияны реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі департаменттің бөлім бастығы
Тармақ 4
4. Серік Замирұлы Сатқанов - жол полициясы облыстық басқармасының бөлім бастығы
Тармақ 5
5. Ольга Михайловна Филимонов - Батыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік қадағалау және стандарттау басқармасының бас маманы