Об утверждении норм образования и накопления коммунальных отходов, тарифов на сбор, вывоз и захоронение твердых бытовых отходов по Тюлькубасскому району Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.06.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Түлкібас ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын және тұрмыстық қатты қалдықтарын жинау, әкету және көму тарифтерін бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 1) және 2) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Энергетика министрiнiң 2014 жылғы 25 қарашадағы №145 «Коммуналдық қалдықтардың түзiлу және жинақталу нормаларын есептеудiң үлгiлiк қағидаларын бекiту туралы» (нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде №10030 болып тiркелген) бұйрығына және Қазақстан Республикасы Энергетика министрiнiң 2016 жылғы 1 қыркүйектегi №404 «Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтi есептеу әдiстемесiн бекiту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №14285 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Түлкібас аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Түлкібас ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзiлу және жинақталу нормалары осы шешiмнің 1 қосымшасына сәйкес бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Түлкібас ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарын жинау, әкету және көму тарифтері осы шешiмнің 2 қосымшасына сәйкес бекiтiлсiн.
Тармақ 3
3. «Түлкібас аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы шешімнің «Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Түлкібас аудандық мәслихатының интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Түлкібас аудандық мәслихатының аппарат басшысына жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Басқа 8. Түлкібас ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
Түлкібас аудандық мәслихатының 2020 жылғы ___ қыркүйектегі №______ шешіміне 1-қосымша Түлкібас ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары № Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер Есептік бірлік Коммуналдық қалдықтардың орташа жылдық жинақталу нормасы, текше метр 1 Жайлы және жайлы емес үйлер 1 тұрғын 1,86 1,94 2 Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар 1 орын 1,28 3 Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері 1 орын 0,62 4 Балабақшалар, бөбекжайлар 1 орын 0,35 5 Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктері, байланыс бөлімшелері 1 қызметкер 0,21 6 Емханалар 1 келіп кету 0,018 7 Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері 1 төсек-орын 0,73 8 Мектептер және өзге де оқу орындары 1 оқушы 0,029 9 Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері 1 отыратын орын 0,99 10 Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы 1 отыратын орын 0,06 11 Мұражайлар, көрмелер Жалпы алаңы 1м2 0,003 12 Стадиондар, спорт алаңдары Жоба бойынша 1 орын 0,09 13 Спорт, би және ойын залдары Жалпы алаңы 1м2 - 14 Азық-түлік, өнеркәсіптік тауар дүкендері, супермаркеттер сауда алаңы 1м2 0,98 15 Машиналардан сату сауда орнының 1м2 - 16 Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер Сауда алаңы 1м2 0,21 17 Азық-түлік тауарларының көтерме базалары, қоймалары Жалпы алаңы 1м2 - 18 Өнеркәсіптік тауарлардың көтерме базалары, қоймалары Жалпы алаңы 1м2 -- 19 Тұрмыстық қызмет көрсету үйі: халыққа қызмет көрсету Жалпы алаңы 1м2 0,02 20 Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар Жалпы алаңы 1м2 - 21 Жағажайлар Жалпы алаңы 1м2 - 22 Дәріханалар Сауда алаңы 1м2 0,33 23 Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС, гараждар 1 машина- орын 1,90 24 Автомобиль шеберханалары 1 жұмысшы 1,7 25 Гараж кооперативтері 1 гаражға - 26 Шаштараздар, косметикалық салондар 1 жұмыс орны 1,56 27 Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі Жалпы алаңы 1 м2 0,1 28 Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары Жалпы алаңы 1м2 0,23 29 Жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау) және сол сияқтылар 1 жұмыс орны - 30 Моншалар, сауналар Жалпы алаңы 1 м2 0,06 31 Ауданның аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды ұйымдар 1000 қатысушы - 32 Бау-бақша кооперативтері 1 учаске -
Басқа 9. Түлкібас ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету және көму тарифтері
Түлкібас аудандық мәслихатының 2020 жылғы «____» қыркүйектегі №____ шешіміне 2 – қосымша Түлкібас ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету және көму тарифтері № р/с Атауы Есептік бірлік Қызметтің құны (тенге) 1 Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, әкету және көму тарифі 1.1. Жайлы үйлер 1 тұрғын/1 айда 100 1.2. Жайлы емес үйлер 1 тұрғын/1 айда 100 1.3. Жеке кәсіпкерлік субъектілер және заңды тұлғалар 1 м3 700 2. Қатты тұрмыстық қалдықтарды көму тарифі 2.1. Жеке тұлғалар үшін 1 м3 100 2.2. Жеке кәсіпкерлік субъектілер және заңды тұлғалар үшін 1 м3 250