Об оказании социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива в Глубоковском районе Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.12.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Глубокое ауданында коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 - бабы 1 - тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18-бабының 5, 9 -тармақтарына сәйкес, Глубокое аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Глубокое ауданының ауылдық елдi мекендерінде тұратын және жұмыс істейтiн мемлекеттiк денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау (әрі қарай - әлеуметтік қолдау) көрсетіледі.
Тармақ 2
2. Әлеуметтік қолдау көрсетудің келесі мөлшері мен тәртібі бекітілсін:
Тармақша 1
1) әлеуметтік қолдау жылына бір рет бюджет қаражаты есебінен 11, 1966 айлық есептік көрсеткіш «Қазпошта» акционерлік қоғамының бөлімшесі және екінші деңгейдегі банктер арқылы көрсетіледі;
Тармақша 2
2) әлеуметтік қолдау тағайындауды мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мемлекеттік ұйымдарының бірінші басшылары бекіткен жиынтық тізімдер негізінде, алушылардан өтініштер талап етілмей, уәкілетті орган – «Глубокое ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің күші ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын ветеринария пункттерінің ветеринария мамандарына қолданылады.
Тармақ 4
4. Күші жойылды деп танылсын:
Тармақша 1
1) Глубокое аудандық мәслихатының 2018 жылғы 5 қыркүйектегі № 24/8-VI «Глубокое ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдардың мамандарына әлеуметтік қолдау көрсету туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-9-180 болып тіркелген, 2018 жылғы 1 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған);
Тармақша 2
2) Глубокое аудандық мәслихатының 2020 жылғы 27 наурыздағы № 39/8-VI «Глубокое аудандық мәслихатының 2018 жылғы 5 қыркүйектегі № 24/8-VI «Глубокое ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдардың мамандарына әлеуметтік қолдау көрсету туралы» шешімінің күшін уақытша тоқтату туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6850 болып тіркелген, 2020 жылғы 8 сәуірдегі Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған).
Тармақ 5
5. Осы шешім 2020 жылдың 1 қазанынан бастап қолданысқа енгізіледі.