О повышении базовых ставок земельного налога на земли сельскохозяйственного назначения, не используемые в соответствии с земельным законодательством Республики Казахстан в Курмангазинском районе Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.06.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Құрманғазы ауданында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру туралы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің 509-бабының 5-тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Құрманғазы ауданында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге көрсетілген Кодекстің 503-бабында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелері он есеге арттырылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың экономика, салық және бюджет саясаты жөніндегі тұрақты комиссиясына (төрағасы Р. Сұлтанияев) жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.