Об утверждении коэффициента зонирования, учитывающего месторасположение объекта налогообложения в населенных пунктах Мойынкумского района Күшін жойған
Басқа 0
Мойынқұм ауданында салық салу объектісінің елді мекенде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициентін бекіту туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы кодексінің 529 бабының 6 тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына сәйкес, Мойынқұм ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес салық салу объектісінің елді мекенде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенті бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Мойынқұм ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға жіберуді;
Тармақша 3
3) Осы қаулының Мойынқұм ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 4
4) Осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Сәбит Орынбетұлы Төлегеновке жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді, 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
«КЕЛІСІЛДІ»
Мойынқұм ауданы бойынша
мемлекеттік кірістер
басқармасының басшысы
_____________Е.Сыбанбаев
«____»____________2020ж
Басқа 9. Мойынқұм ауданында салық салу объектісінің елді мекенде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенті
Мойынқұм ауданы әкімдігінің
2020 жылғы 15 қазандағы № 270
қаулысына қосымша
Мойынқұм ауданында салық салу объектісінің елді мекенде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенті
№
Ауылдық округтердің атауы
Елді мекендердің атауы
Коэффициент
1
Ақбақай
Ақбақай
1,40
2
Ақсүйек
Ақсүйек
1,65
3
Биназар
Биназар
1,65
4
Бірлік
Бірлік
2,45
5
Жамбыл
Жамбыл
1,65
6
Қарабөгет
Қарабөгет
1,60
Құмөзек
1,65
Сарыөзек
1,40
7
Кеңес
Айдарлы
1,65
8
Қызылотау
Күшаман
1,55
9
Қызылтал
Көкжелек
1,60
Назарбеков
1,55
10
Қылышбай
Қылышбай
1,65
11
Мирный
Мирный
1,45
12
Мойынқұм
Мойынқұм
2,45
13
Мынарал
Мынарал ауылы
1,65
Мынарал станциясы
1,55
Қашқантеңіз станциясы
1,10
14
Ұланбел
Ұланбел
1,65
15
Шығанақ
Бұрылбайтал ауылы
1,35
Бұрыбайтал станциясы
1,25
Шығанақ
1,55
16
Хантау
Хантау
1,25
Қияхты станциясы
1,40