Об утверждении перечня гарантированного объема бесплатной медицинской помощи и признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан Қолданыста
Басқа 0
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген
көлемінің тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 196-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2020 жылғы 1 тамыздан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
Басқа 0. Тегін медициналық көмектің кепілдік
берілген көлемінің тізбесі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2020 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілген
Тегін медициналық көмектің кепілдік
берілген көлемінің тізбесі
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне мыналар кіреді:
Тармақ 1
1. Уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жедел медициналық көмек.
Тармақ 2
2. Медициналық авиация тартылатын жедел медициналық көмек:
Тармақша 1
1) пациент орналасқан жердегі медициналық ұйымда медициналық бұйымдардың және (немесе) тиісті біліктілігі бар мамандардың болмауына байланысты медициналық көмек көрсету мүмкін болмаған кезде;
Тармақша 2
2) медициналық көмек көрсетудің екінші және үшінші деңгейлеріндегі мамандарды межелі жерге жеткізу қажет болған кезде;
Тармақша 3
3) пациент орналасқан жерде медициналық көмек көрсету мүмкін болмаған және тиімсіз болған кезде науқасты медициналық көмек көрсетудің екінші және үшінші деңгейлеріндегі медициналық ұйымдарға тасымалдау үшін;
Тармақша 4
4) кейіннен транспланттау үшін ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) және (немесе) тіндерді (тіндердің бөліктерін) тиісті медициналық ұйымға тасымалдау үшін көрсетіледі.
Тармақ 3
3. Медициналық-санитариялық алғашқы көмек (бұдан әрі – МСАК), оның ішінде:
Тармақша 1
1) кең таралған ауруларды диагностикалау, емдеу және басқару;
Тармақша 2
2) халықтың нысаналы топтарын (балаларды, ересектерді) профилактикалық қарап-тексеру;
Тармақша 3
3) аурулар тәуекелінің мінез-құлықтық факторларын ерте анықтау мен мониторингтеу және анықталған тәуекел факторларын төмендету дағдыларына оқыту;
Тармақша 4
4) иммундау;
Тармақша 5
5) саламатты өмір салтын қалыптастыру және насихаттау;
Тармақша 6
6) ұрпақты болу денсаулығын сақтау жөніндегі іс-шаралар;
Тармақша 7
7) жүкті әйелдерді бақылау және босанғаннан кейінгі кезеңде босанған әйелдерді бақылау;
Тармақша 8
8) инфекциялық аурулар ошақтарындағы санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шаралар.
Тармақ 4
4. Уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен амбулаториялық жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек:
Тармақша 1
1) уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша аурулардың профилактикасы мен диагностикасы;
Тармақша 2
2) жарақаттанған, уланған кезде немесе басқа да кезек күттірмейтін жағдайларда көрсетілетін қызметтер, оның ішінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (бұдан әрі – МӘМС) жүйесіндегі көрсетілетін қызметтерді тұтынушылар болып табылмайтын адамдар үшін елдегі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына әкелетін аурулар кезінде және оларға күдік туындаған жағдайларда мобильді бригада көрсететін қызметтер;
Тармақша 3
3) уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша әлеуметтік мәні бар аурулар кезіндегі диагностика және емдеу;
Тармақша 4
Тармақша 5
5) онкологиялық ауруларды ерте анықтауға арналған скринингтік зерттеулер.
Тармақша 6
6) артериялық гипертонияны, жүректің ишемиялық ауруын, глаукоманы, қантты диабетті, В және С вирустық гепатиттерін және басқа ауруларды ерте анықтау тұрғысынан уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша және тәртіппен скринингтік зерттеулер.
Тармақ 5
5. Әлеуметтік мәні бар аурулар кезінде стационарды алмастыратын жағдайлардағы мамандандырылған медициналық көмек, сондай-ақ елдегі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауын туындататын аурулар кезінде және оларға күдік туындаған жағдайларда үйде стационар көрсететін қызметтер.
Тармақ 6
6. Стационарлық жағдайда мамандандырылған медициналық көмек:
Тармақша 1
1) айналасындағыларға қауіп төндіретін инфекциялық немесе паразиттік аурулармен ауыратын науқастармен байланыста болған адамдарды, сондай-ақ бактерия тасымалдаушыларды, вирус тасымалдаушыларды және уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша айналасындағыларға қауіп төндіретін инфекциялық немесе паразиттік ауруға күдікті адамдарды оқшаулау кезінде;
Тармақша 2
2) инфекциялық, паразиттік ауруларды және уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша айналасындағыларға қауіп төндіретін ауруларды емдеу кезінде;
Тармақша 3
3) уәкілетті орган айқындаған тізбе бойынша МӘМС жүйесінде көрсетілетін қызметтерді тұтынушылар болып табылмайтын адамдар үшін шұғыл нысанда, оның ішінде тәулік бойы жұмыс істейтін стационардың қабылдау бөлімшесінде емдік-диагностикалық іс-шаралар жүргізу;
Тармақша 4
4) уәкілетті орган бекіткен аурулар тізбесі бойынша жоспарлы нысанда көрсетіледі.
Тармақ 7
7. Медициналық оңалту:
Тармақша 1
1) негізгі ауруды емдеу кезінде;
Тармақша 2
2) туберкулезбен ауыратын, психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар адамдарға.
Тармақ 8
8. Уәкілетті орган айқындайтын аурулар тізбесі бойынша паллиативтік медициналық көмек.
Тармақ 9
9. Қан препараттарымен және оның компоненттерімен қамтамасыз ету.
Тармақ 10
10. Амбулаториялық, стационарды алмастыратын және стационарлық жағдайларда мамандырылған медициналық көмек көрсету кезінде патологиялық-анатомиялық диагностика.
Тармақ 11
11. Қайтыс болғаннан кейінгі донорды ағзаларды (ағзаның бөліктерін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөліктерін) алуға дайындау, алу, консервациялау, дайындау, сақтау, ағзаларды (ағзаның бөліктерін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөліктерін) тасымалдау.
Тармақ 12
12. Уәкілетті орган айқындайтын аурулар тізбесі бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелге емделуге жіберу және (немесе) отандық медициналық ұйымдарда емдеу жүргізу үшін шетелдік мамандарды тарту.
Тармақ 13
13. ТМККК шеңберінде дәрілік заттармен, медициналық бұйымдармен, арнайы емдік өнімдермен, иммундық-биологиялық препараттармен:
Тармақша 1
1) денсаулық сақтау ұйымдарының дәрілік формулярларына сәйкес стационарлық және стационарды алмастыратын жағдайларда жедел көмек, сондай-ақ мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялы медициналық көмек;
Тармақша 2
2) оларға қарсы профилактикалық егу жүргізілетін аурулар тізбесіне сәйкес МСАК;
Тармақша 3
3) белгілі бір аурулары бар (күйдегі) Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікпен қамтамасыз ету үшін уәкілетті орган бекітетін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар тізбесіне сәйкес амбулаториялық жағдайларда МСАК және мамандандырылған медициналық көмек көрсету кезінде қамтамасыз ету іске асырылады.
Тармақ 14
14. Әлеуметтік мәні бар аурулар, оның ішінде туберкулезді, АИТВ инфекциясын, қатерлі ісіктерді, созылмалы вирустық гепатиттер мен бауыр циррозын, психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтарды (ауруларды), орфандық ауруларды, жүйке жүйесінің дегенеративті ауруларын, орталық жүйке жүйесінің миелинсіздендіруші ауруларын, эпилепсияны, алғашқы алты айда болған жіті миокард инфарктін, бір жылда болған инсульттерді қамтитын тізбені уәкілетті орган бекітеді.
Басқа 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің
күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2020 жылғы « »
№ қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
Тармақ 1
1. «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2136 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 59, 529-құжат).
Тармақ 2
2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2136 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 15 желтоқсандағы № 1363 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 5, 66-құжат).
Тармақ 3
3. «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2136 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 27 қаңтардағы № 29 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 3, 23-құжат).
Тармақ 4
4. «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2136 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 420 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2019 ж., № 21, 198-құжат).
Тармақ 5
5. «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды пилоттық режимде байқаудан өткізудің кейбір мәселелері және «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2136 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 3 қыркүйектегі № 655 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2019 ж., № 36-37, 336-құжат).