Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану в городе Талдыкорган Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.05.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Талдықорған қаласында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібін және мөлшерін айқындау туралы «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» 2002 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Талдықорған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1.Талдықорған қаласында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алудың келесі тәртібі айқындалсын:
Тармақша 1
1) мүгедектер қатарындағы кемтар балалардың жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алуды (бұдан әрі – оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу) «Талдықорған қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесімен жүргізіледі;
Тармақша 2
2) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу жеке оқыту жоспары бойынша мүгедектер қатарындағы кемтар балалардың ата-анасының біреуіне немесе өзге де заңды өкілдеріне отбасының табысына қарамастан беріледі;
Тармақша 3
3) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу жеке оқыту жоспары бойынша мүгедектер қатарындағы кемтар балалардың ата-анасының біреуіне немесе өзге де заңды өкілдері өтініш берген айдан бастап тоқсан сайын төленеді;
Тармақша 4
4) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алуды тоқтатуға әкеп соққан мән-жайлар туындаған кезде (он сегіз жасқа толуы, қайтыс болуы, мүгедектігінің алынып тасталуы, Талдықорған қаласының шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кетуі) төлемдер тиісті мән-жайлар болған айдан кейінгі айдан бастап тоқтатылады;
Тармақша 5
5) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу барысында туындаған барлық даулар мен келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шешіледі.
Тармақ 2
2. Талдықорған қаласында мүгедектер қатарындағы кемтар балалардың жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу оқу жылына тоқсан сайын 8 (сегіз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айқындалсын.
Тармақ 3
3. Талдықорған қалалық мәслихатының «Талдықорған қаласында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» 2016 жылғы 20 мамырдағы № 25 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3889 тіркелген, 2016 жылдың 23 маусымында «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Талдықорған қалалық мәслихатының «Әлеуметтік қорғау, заңдылықты сақтау, азаматтардың құқықтары және қоршаған ортаны қорғау мәселесі жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.