Об утверждении мест размещения нестационарных торговых объектов на территории города Уральск Күшін жойған
Басқа 0
Орал қаласы аумағында стационарлық
емес сауда объектілерін орналастыру
орындарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңын басшылыққа алып, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Орал қаласы аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Орал қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Ж.Гумаров) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А.Кульбаевқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5. Орал қаласы аумағында стационарлық емес сауда объектілерін
орналастыру орындары
Орал қаласы әкімдігінің
2020 жылғы « » № қаулысына
қосымша
Орал қаласы аумағында стационарлық емес сауда объектілерін
орналастыру орындары
№
Елді мекен атауы
Сауда объектілерін орналастыру орындары
1
Зачаган кенті
«Балауса» шағын ауданы, Шоқан Уәлиханов және Сабыр Рахимов көшелерінің қиылысы
2
Зачаган кенті
«Балауса» шағын ауданы, Есет батыр және Кәрім Жәленов көшелерінің қиылысы
3
Деркөл кенті
«Көкжиек» шағын ауданы, Қарасай батыр және Лев Гумилев көшелерінің қиылысы
4
Деркөл кенті
«Көкжиек» шағын ауданы, Қайым Мұхамедханов және Малтақан би көшелерінің қиылысы
5
Деркөл кенті
«Сарыарқа» шағын ауданы, Отырар және Роза Бағланова көшелерінің қиылысы
6
Орал қаласы
«Жұлдыз» шағын ауданы, Хантәңірі және Ермек Серкебаев көшелерінің қиылысы
7
Орал қаласы
«Жұлдыз» шағын ауданы, Фариза Оңғарсынова және Сырдария көшелерінің қиылысы