О состоянии работы акимов городов и районов области по подготовке к проведению противопаводковых мероприятий Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.02.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Су тасқынына қарсы шараларды өткізуге дайындық жөніндегі облыс қалалары 📌 Ескерту. Күші жойылды Шығыс Қазақстан облысы әкімиятының 2004 жылғы 9 наурыздағы № 379 қаулысымен. Шығыс Қазақстан гидрометеорология орталығының мәліметтері бойынша жазық жерлерде қардағы судың қоры нормадан Зайсан ауданында 26 пайыз, Зырянда 113 пайыз, Катонқарағайда 35 пайыз, Көкпекті ауданында 71 пайыз, Күршімде 185 пайыз (Теректі селосының ауданында), Үржар ауданында 282, Шемонаиха ауданында 22 пайыз артық. Қара Ертіс, Қалжыр, Бұқтырма, Тұрғысын, Күршім өзендері мен оларға құятын бұлақтардың су ағынын қалыптастыратын аймағында қардағы судың қоры нормадан 10-30 пайыз кем, Үлбі мен Уба өзендерінде нормадан 30 пайыз кем. Солай бола тұрса да, қардың қарқынды еруі өзендердегі су деңгейінің күрт көтерілуін туғызуы ықтимал. Шара қолданбаған жағдайда, елді мекендер, кәсіпорындар мен әлеуметтік және мәдени-тұрмыстық белгідегі объектілер, жолдар, көпірлер, тау-кен кәсіпорындарының қалдық сақтайтын қоймалары, жасанды және шағын су қоймаларының қауіпті жағдайда қалуы мүмкін. "Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 5-шілдедегі Заңының 5 және 13 - баптарын орындау және көктемгі су тасқыны мен қар көшкінінен халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, облыс экономикасына келетін зиянды азайту мақсатында Шығыс Қазақстан облысының әкімияты ҚАУЛЫ  ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Су тасқынына қарсы 2003 жылға арналған іс-шаралар жоспары бекітілсін (қосымша).
Тармақ 2
2. Шығыс Қазақстан гидрометеорология орталығы (В.П. Кондратьев), "Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесінің Шығыс Қазақстан облыстық пайдалану басқармасы (М.А. Момбаев), Шығыс Қазақстан облыстық энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және көлік басқармасы (Н.Т. Уранхаев), "Шығыссушар" республикалық мемлекеттік кәсіпорны (С.С. Салимов), Шығыс Қазақстан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы (И.И. Савин), Шығыс Қазақстан облыстық автомобиль жолдары басқармасы (М.Т. Мынбаев) объектілер мен елді мекендер үшін қауіпті су тасқыны, сел және көшкін болуы ықтимал аймақтардағы жағдайды тұрақты түрде бақылауды ұйымдастыру ұсынылсын. Қалыптасқан жағдайды бағалау, оның дамуын болжау және алдын ала ескерту шараларын қолдану мақсатында облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасына апта сайын ахуалды баяндап тұрсын.
Тармақ 3
3. Қалалар мен аудандардың әкімдері:
Тармақша 1
1) су тасқынының жағдайы туралы ақпарат алудың айқын схемасын белгілеп, облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармаға 2003 жылғы 25-наурызға дейін тапсырсын;
Тармақша 2
2) су тасқыны кезеңінде жағдайға жедел басшылық жасау жөніндегі төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі ведомствоаралық комиссияның төрағасы-әкім орынбасарының басшылық етуімен жұмыс топтарын құрсын, олардың персоналды құрамын, тұрақты мекендейтін орнын белгілесін, кезекші көлік бекітсін;
Тармақша 3
3) төтенше жағдайлардың алдын алу және жоюға көзделген қалалық және аудандық бюджеттердің қаражаттары есебінен әрбір ауданда жанар-жағармай материалдарының қорларын жасасын;
Тармақша 4
4) қардың қарқынды еруі және қауіпті су тасқыны басталысымен  әкімдердің аппараттарында тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылсын, күн сайын облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармаға ақпарат беріліп тұрсын;
Тармақша 5
5) төтенше жағдайлардың алдын алу мен жоюға көзделген қалалық және аудандық бюджеттердің қаражаттары есебінен жағалауларды бекіту және бөгетшені үю жұмыстарын орындау, балласт, инертті және кен емес материалдар, темірбетон құрылмаларын және басқа материалдар олар қажет болатын жерлерге дер кезінде жеткізіліп, қорлар жасау жөнінде шаралар қабылдасын, қазбалар, көлік және тиеу техникасы дайындалсын;
Тармақша 6
6) 2003 жылғы 10 сәуірге дейін ықшам жүзу құралдары мен құтқарушылардың ұтқыр топтары әзірленсін;
Тармақша 7
7) әрбір селолық округте орын алуы мүмкін төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою үшін шаруа қожалықтарының базасында ұтқыр механикаландырылған топтар құрсын.
Тармақ 4
4. Бородулиха, Зырян және Шемонаиха аудандарының әкімдері мұзбөгеттер пайда болады деп күтілетін орындарда және Уба мен Бұқтырма өзендері арқылы өтетін көпірлер маңында жару тәсілімен алдын ала мұзды босату жұмыстарын жүргізсін, бұл шараларды жергілікті атқарушы органның табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және басқа күтпеген шығыстарға көзделген резервінен қаржыландыруды жүзеге асырсын.
Тармақ 5
5. Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасының бастығы (Г.В Темный) апаттан құтқару қызметтері құрамаларының міндеттерді орындауға әзірлігін қамтамасыз етсін және оларды қатты су тасқыны аудандарына жедел жеткізудің әдістерін пысықтасын. Су тасқынына қарсы күрес үшін Азаматтық қорғаныстың инженерлік құрылымдарын қатыстыру жоспарында облыстың тасқын су қаупі туатын аудандарында пайдалану үшін ¤скемен, Зырян, Семей қалаларында резервтер көзделсін.
Тармақ 6
6. "Шығыссушар" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (С.С. Салимов), Шығыс Қазақстан Ертіс бассейнді су шаруашылығы бірлестігі басқармасының ( В.Н. Коржова), "KEGOC" ашық акционерлік қоғамының "Шығыс аймақаралық энергетика жүйесі" филиалының (В.С. Недовесов), "Шығыс Қазақстан аймақтық энергетика компаниясы" жабық акционерлік қоғамының (И.К. Чонков) басшылары, қалалар мен аудандардың әкімдері:
Тармақша 1
1) 2003 жылғы 30 наурызға дейін су қоймаларын, оның ішінде иесіз су қоймаларын зерттеу;
Тармақша 2
2) 2003 жылғы 10-сәуірге дейін су өткізетін, су төгетін қорғаныс және басқа құрылғылардың, электр берілістері желілерінің бағандары мен трансформаторлық қосалқы станциялардың сенімділігін комиссиямен тексеріп, тексеру актілерін облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармаға 2003 жылғы 10 сәуірге дейін тапсыру;
Тармақша 3
3) 2003 жылғы 25 сәуірге дейін облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармаға 2001 жылы өткізілген түгендеу мен төлқұжаттаудың нәтижелерін ескере отырып, су қоймаларын, қалдықтар қоймаларын, су айдындарын, тасқын суды қабылдауға және өткізуге арналған жинақтаушы тоғандарды бекіту мен әзірлеу жұмыстарын аяқтап, хабарлау ұсынылсын.
Тармақ 7
7. Шығыс Қазақстан облыстық автомобиль жолдары басқармасы (М.Т Мынбаев), "Қазақстан темір жолы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Инфрақұрылым" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Семей бөлімшесі Защита кіші бөлімшесінің (А.В. Степура), "Қазақстан темір жолы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Инфрақұрылым" тасымалдау филиалының Семей бөлімшесінің (А.Б. Аптикасымов) басшылары, Шығыс Қазақстан облыстық энергетика, тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық және көлік басқармасы (Н.Т. Уранхаев), қалалар мен аудандардың әкімдері 2003 жылғы 10 сәуірге дейінгі мерзімде автомобиль және темір жолдары мен инженерлік құрылғыларды тасқын сулардың және мұздардың ықпалынан қорғау, тазалау жұмыстарын орындау ұсынылсын, осы себептерден жолдардағы қозғалыстың үзілуіне жол берілмесін.
Тармақ 8
8. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы (Андағұлов К.Б.) зардап шеккен тұрғындарға алғашқы медициналық көмек көрсету үшін қалалар мен аудан орталықтарында дәрі-дәрмектер қорын жасасын.
Тармақ 9
9. Облыстың жергілікті атқару органының төтенше жағдайларды жоюға және басқа да күтпеген шығыстарға көзделген резервтегі қорынан облыс өзендеріндегі сең бууды жою жөніндегі жарылыс жұмыстарын атқару және осы мақсатта пайдаланатын авиация техникасына ақы төлеу үшін Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасына (Г.В. Темный) 2000000 (екі миллион) теңге бөлінсін.
Тармақ 10
10. "Қазақтелеком" ашық акционерлік қоғамының Шығыс Қазақстан облыстық телекоммуникациялар дирекциясының бас директорына (А.С. Дьяченко) тасқын су қаупі туатын аймақтағы телефондандырылған елді мекендермен тұрақты телефон байланысын ұйымдастыру ұсынылсын. Тасқын су кезеңі басталысымен аудан орталықтарымен тәулік бойы "кезекшілік қабылдау тәртібінде" тұрақты радиобайланысын қамтамасыз етсін.
Тармақ 11
11. Облыстық өртке қарсы мемлекеттік қызмет басқармасының бастығы (В.П. Коншу) тасқын су кезеңі басталысымен барлау, жарылыс және құтқару жұмыстарын жүргізу үшін тікұшақтарды әзірлікте ұстасын. 2003 жылғы 10-сәуірге дейін ықшам жүзу құралдары мен құтқарушылардың ұтқыр топтарын әзірлесін.
Тармақ 12
12. Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігінің Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық басқармасы бастығына (Ж.К. Құндызбаев) мал қорымдарына зерттеу жүргізіп, жұқпалы аурулардың бұрқ ете түсуін болдырмау мақсатында қажетті шаралар қабылдау үшін жергілікті атқарушы органдарға тиісті ақпарат беру ұсынылсын.
Тармақ 13
13. Су тасқынына қарсы шараларға жедел басшылық және осы қаулыны орындауға бақылау жасау Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі облыстық ведомствоаралық комиссияның төрағасы Н.С. Омаровқа, ол болмаған кезде оның орынбасары Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасының бастығы Г.В. Темныйға жүктелсін.
Тармақ 14
14. Облыстық әділет басқармасында 2002 жылғы 25-наурызда № 753 тіркелген "2002 жылғы көктем кезіндегі қызылсуға қарсы шаралар туралы" облыстық әкімияттың 2002-жылғы 19-наурыздағы № 106 қаулысы күшін жойды деп есептелсін.
Басқа 25. Су тасқынына қарсы 2003 жылға арналған іс-шаралар
Шығыс Қазақстан облысы әкімиятының 2003 жылғы 25 ақпандағы № 396 қаулысына қосымша Су тасқынына қарсы 2003 жылға арналған іс-шаралар ЖОСПАРЫ № р/с Шаралар Орындау мерзімі Орындаушы 1 2 3 4 1. Елді мекендер мен шаруашылық объектілерін су басуды болдырмау  мақсатында дер кезінде шаралар қабылдау үшін қалаларда, аудандарда қардың еруіне, өзендердің мұз құрсауынан босауына, мұз бөгеттері мен су басуға ұшырайтын жерлерде тұрақты қадағалауды ұйымдастыру Су тасқыны кезінде Қала мен аудандар әкімдері, ШҚ гидрометеорология орталығы, Шығыс Қазақстан облыстық автомобиль жолдары басқармасы, "Шығыссушар" республикалық мемлекеттік мекемесі 2. Су тасқынын апатсыз өткізу және тұрғындарды, малды, материалдық бағалылықтарды су басуы мүмкін аймақтардан көшіру жөнінде жан-жақты жоспарлар жасау 2003 жылғы 25 наурыз Қала, аудандар, селолық округтардың әкімдері, меншік нысандарына қарамастан  кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылары (келісімдері бойынша), ТЖ жөніндегі қалалық басқармалардың бастықтары, Шығыс Қазақстан  облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы 3. ТЖ алдын алу мен жою жөніндегі облыстық, қалалық және аудандық ведомствоаралық комиссияларға қар қалыңдығының және қар еруінің жағдайы туралы үзбей хабарлау. Қар көшкіні мен су тасқынының қаупі туралы дер кезінде ескертуін қамтамасыз ету Күн сайын ШҚ гидрометеорология орталығы, "Қазселденқорғау"-дың ШҚО филиалының пайдалану басқармасы мемлекеттік мекемесі 4. Қар көшкіні мен су басуы мүмкін жерлерде тұратын тұрғындарды құлақтандырудың сызбасын іс жүзінде пысықтау. Осы жұмысқа жауапты адамдар тағайындау, төтенше жағдайларды жою және сол жағдайға көмек көрсету үшін кәсіпорындар мен ұйымдарда апаттық-қалпына келтіру бригадаларын ұйымдастыру 2003 жылғы 25 наурыз Қала мен аудандар әкімдері, ШҚ гидрометеорология орталығы, "Қазселденқорғау"-дың ШҚО филиалының пайдалану басқармасы мемлекеттік мекемесі, ШҚО автомобиль жолдары басқармасы, "Шығыссушар" республикалық мемлекеттік мекемесі, ауыл шаруашылығы басқармасы, ТЖ жөніндегі қалалық басқармалар, Шығыс Қазақстан облыстық ТЖ жөніндегі басқармасы 5. Тасқын суды өткізу үшін автожолдардың, тұрғын үйлер мен құрылыстардың жанындағы кәріздік су ағызатын астауларды, автомобиль және темір жолдардағы су өткізетін инженерлік құрылғылардың тазартуын жүргізілу 2003 жылғы 10 сәуір Қала, аудандар, селолық округтердің әкімдері, ШҚО автомобиль жолдары басқармасы, Защита және Семей тасымалдау бөлімшелері, "Шығыссушар" республикалық мемлекеттік кәсіпорны, ШҚО энергетика, тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық және көлік басқармасы 6. Суландыру жүйелерін, су құрылғыларын, қалдық сақтағыштарды, жинағыш- резервуарларды су шайып кетуін болдырмау шаралары белгілеу, су қоймалары мен өзендер жағалауы бойынша бекініс жасау жұмыстарын жүргізуге ерекше назар аудару, бұл үшін  материалдардың қажетті мөлшерін дайындау, пайдаланатын орындарға жеткізу 2003 жылғы 25 наурыз Қала, аудан, селолық округтердің әкімдері, ТЖ мемлекеттік қадағалау және тау-кен қадағалау жөніндегі  облыстық Мемлекеттік инспекция, меншіктік нысандарына қарамастан шаруашылық объектілері мен ұйымдар (келісімдері бойынша), "Шығыссушар" республикалық мемлекеттік кәсіпорны 7. Облыс өзендерінде  сең буу мен су тасқыны өтетін жерлерді анықтау жөніндегі аэровизуальді зерттеулер жүргізу ¤зендерде мұз құрсауы ашылған кезде ШҚ гидрометеорология орталығы, "Қазселденқорғау"-дың ШҚ пайдалану басқармасы мемлекеттік кәсіпорны 8. Шұғыл қимылдау отрядтары, жүзу құралдары, құтқару жұмыстарында пайдалану үшін судан құтқару орталығының маневрлік тобын дайындыққа келтіру Су тасқыны кезеңінің басынан бастап Қала, аудан әкімдері, ШҚ облыстық ТЖ  басқармасы, ШҚО өртке қарсы Мемлекеттік қызметі 9. "Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі ҚМ, ІІМ және ІІБ әскери бөлімдерімен бірге оларды төтенше жағдайларды жоюға тарту жөніндегі бірлескен іс-әрекетті пысықтау 2003 жылғы 25 наурыз ШҚО ТЖ жөніндегі басқармасы, ҚМ, ІІМ және ІІБ әскери бөлімдері 10. Электр берілісі және байланыс желілеріне зерттеу жүргізу, қар көшкіні мен су тасқыны кезінде олардың сақталуы жөніндегі шараларды қабылдау 2003 жылғы 30 наурыз "КEGOC" ААҚ  аймақаралық энергетика жүйелерінің  Шығыс филиалы, "ШҚ аймақтық энергетика компаниясы" ЖАҚ, облыстық телекоммуникация- лар дирекциясы (келісімі бойынша) 11. Облыстың меншіктің барлық нысандарындағы кәсіпорындары мен ұйымдары сел және су тасқындарынан бүліншілікке ұшырайтын өнеркәсіптік, қалалық және басқа объектілердің түгендеуін жүргізу, сондай-ақ апаттан құтқару жұмыстары үшін материалдардың, жабдықтардың, арнайы киімдердің, саймандардың, қаптардың қажетті қорын жасау 2003 жылғы 30 наурыз Меншіктің барлық нысандарындағы кәсіпорындар мен ұйымдар (келісімдері бойынша), облыс мекемелері, ШҚО автомобиль жолдары басқармасы, "Шығыссушар" республикалық мемлекеттік кәсіпорны 12. Су басуы және жолдардың бұзылуы ықтимал аймақтарда орналасқан елді мекендерде азық-түлік, дәрі- дәрмектер қорын жасау 2003 жылғы 30 наурыз Қалалар мен аудандардың және селолық округтердің әкімдері 13. ¤неркәсіптік қалдық сулардың қалалар мен кенттердің жабық су тартқыларына құйылуын болдырмау шаралары қабылдау 2003 жылғы 1 сәуір Қалалардың, аудандардың және селолық округтердің әкімдері, шаруашылық  нысандары (келісімдері бойынша) ШҚО энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және көлік басқармасы 14. Қалалар мен аудандарда 20 т. дизельді отын, 10 т. бензин, 1 т. мотор майы есебінен жанар-жағар майдың қажетті резервін жасау және бұл қорларды табиғи апаттар болған жағдайда ТЖ жөніндегі комиссияның өкімі бойынша пайдалану. облыстық резервте 30 тонна дизельдік отын, 16 тонна бензин болсын 2003 жылғы 10 сәуір Қалалар мен аудандардың әкімдері, ШҚ облыстық ТЖ жөніндегі басқармасы 15. Су тасқыны кезіне жарғыштар бригадаларын дайындау, оларды ТЖ жөніндегі комиссияның тапсырысы бойынша мұз құрсауы және қар көшкінін түсіру орындарында жұмыс жүргізу үшін жарғыш материалдармен қамтамасыз ету. Үлбі, Уба, Бұқтырма өзендеріндегі, темір жолдар мен  автомобиль жолдарындағы,  көпірлердің жанындағы,  Красный Яр селосындағы Уба өзенінің құйылысындағы мұзды босатуын, қар көшкіндерін түсіруін жүргізілу 2003 жылғы 30 наурыз "Шығысқазжарөнер- кәсіп" АҚ,  "Қазселденқорғау"-дың ШҚ пайдалану басқармасы мемлекеттік мекемесі, Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасы 16. Облыстың барлық қалалары мен аудандарында су тасқынына қарсы шаралардың әзірлігін тексеру. Тексеру нәтижелері туралы ТЖ алдын алу мен жою жөніндегі облыстық ведомствоаралық комиссияға баяндау 2003 жылғы 10 сәуір Жоспарға сәйкес  ТЖ жөніндегі облыстық комиссияның мүшелері 17. ¤ткен жылдардағы су тасқындары өтуінің  қолайсыз нәтижелерін  ескере отырып, Бұқтырма, Уба, Үлкен Бөкен, Талмен, Егінсу, Хамир, Үлбі өзендерінің  арналары бойында елді мекендерді судың басуын болдырмау жөнінде шараларды қабылдау 2003 жылғы 10 сәуір Күршім, Катонқарағай, Зырян, Шемонаиха, Көкпекті, Үржар, Жарма аудандарының, ¤скемен қаласының әкімдері 18. Қауіпті су тасқындары өтуі және қар көшкіндерінің жүруі кезінде қалалар мен аудандардың әкімияттарында,   меншіктің барлық нысандарындағы кәсіпорындар мен ұйымдарда, сондай-ақ жеке қауіпті учаскелерде тәулік бойы кезекшілік орнату және жағдай, қолданылып жатқан шаралар туралы ТЖ алдын алу мен жою жөніндегі ведомствоаралық комиссияға ("Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі арқылы) үзбей хабарлау Тасқын сулар жүрген кезеңде Қалалар мен аудандардың әкімдері, "Қазселденқорғау"-дың ШҚ облысындағы пайдалану  басқармасы, ШҚО энергетика, тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық және көлік басқармасы, ШҚ гидрометеорология орталығы, "Шығыссушар" республикалық мемлекеттік кәсіпорны, ШҚО автомобиль жолдары кәсіпорны, "KEGOC" ААҚ аймақаралық энергетика жүйелерінің Шығыс филиалы (келісімі бойынша) Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасының бастығы Г. Темный