Об утверждении Правил использования средств резерва местных исполнительных органов Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.01.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жергілікті атқарушы органдары резервінің қаражатын пайдаланудың Ережесін бекіту туралы Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 16.02.2006 № 237 қаулысымен. Қазақстан Республикасының "Бюджет жүйесі туралы" 1999 жылғы 1 сәуірдегі № 357 - 1 Заңының 13- бабына және Казақстан Республиқасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасының Үкіметінің «Қазақстан Республикасының Үкіметі резервінің қаражатын пайдаланудың тәртібін бекіту туралы» 1999 жылғы 18 қыркүйектегі N 1408 қаулысына, Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің "Жергілікті атқарушы органдары резервін пайдаланудың Ережесін бекіту туралы" 2002 жылғы 1 тамыздағы № 148 қаулысына сәйес қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған жергілікті атқарушы органдары резервінің қаражатын пайдаланудың Ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қала әкімінің "Орал қаласы әкімі резервінің қаражатын пайдаланудың Ережесін бекіту туралы" 2000 жылғы 13 сәуірдегі № 403 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
Басқа 3. Жергілікті атқарушы органдары резервінің қаражатын пайдалану ЕРЕЖЕСІ
Қала әкімдігінің 2003 жылғы 23 қаңтар № 32 қаулысына қосымша Жергілікті атқарушы органдары резервінің қаражатын пайдалану ЕРЕЖЕСІ Осы ереже жергілікті атқарушы органдары резервінің қаражатын бөлудің және пайдаланудың тәртібін белгілейді.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ережеде мынадай уғымдар пайдаланылады: Жергілікті атқарушы органдарының резерві - тиісті қаржы жылына арналған Орал қаласының бюджетінде қаралған және қала әкімдігінің қаулысымен біржолғы көлденең шығыстарды қаржыландыру үшін бөлінген қаражат. Көлденең шығыстар - ағымдағы қаржы жылына арналған қала бюджетін қалыптастыру кезінде күні бұрын жоспарлау мүмкін емес және ағымдағы қаржы жылында кейінге қалдырмай қаржыландыруды талап ететін шығыстар. Қала бюжетінің міндеттемелерін өтеуге арналған жергілікті атқарушы органдары резервінің құрамындағы қаражат - қаланың жергілікті атқарушы органдары резервінің құрамында көзделетін және қала бюджетінің міндеттемелерін өтеу үшін қалалық бюджеттік бағарламалардың әкімшілеріне немесе сот шешімдері бойынша қаланың жергілікті атқарушы органдарына бөлінетін қаражат. Жергілікті атқарушы органдары резервінің қаражатын алушы - жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі.
Тармақ 2
2. Қаланың жергілікті атқарушы органдары резерв қаражаты есебінен қаржыландырылатын біржолғы сипаттағы көлденең шығыстарға мыналар жатады:
Тармақша 1
1). Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою, олардың қатарына мыналар енеді: төтенше жағдайлардан зардап шеккендерге материалдық көмек көрсету; зардап шеккендер үшін уақытша тұруға, тамақтандыруға орындар дайындау және ұстау; шұғыл қимыл жасайтын апаттық-құтқару және апаттық-қалпына келтіру бөлімшелерін техникалық құтқару; құралдарымен, жабдықтарымен және жарақтармен қосымша жарақтандыру; төтенше жағдайлар аймағына күштер мен құралдарды тасымалдануын қамтамасыз ету; қажетті жағдайда қосымша шығыстар тізімін қалалық төтенше жағдайлар жөніндегі ведомоствоаралық комиссия қарап жасайды және ол қала әкімдігінің қаулысымен бекітіледі.
Тармақша 2
2) Сот шешімдері бойынша атқарушы органдардың міндеттемелерін, сондай-ақ облыстық қаржы басқармасы алдындағы қалалық бюджеттің міндеттемелерін өтеу.
Тармақша 3
3) Қала әкімдігінің қаулысымен айқындалған басқа да болжанбаған шығыстар.
Тарау 2. 2. Қаланың жергілікті атқарушы органдары резервінің қаражатын бөлу және пайдаланудың тәртібі
2. Қаланың жергілікті атқарушы органдары резервінің қаражатын бөлу және пайдаланудың тәртібі
Тармақ 3
3. Жергілікті атқарушы органдардың резервінен қаражат бөлу қала әкімдігінің қаулысы негізінде заңдармен белгіленген тәртіппен жүргізілетін қаржыландыруды ашу арқылы, тиісті қаржы жылына арналған қалалық бюджеттің шығыстары құрамында осы мақсаттарға бекітілген мөлшер шегінде жүзеге асырылады, онда алушы, бөлінетін қаражаттың көлемі мен оларды пайдаланудың мақсаттары, сондай-ақ қаражат қайтарымды негізде бөлінген жағдайда, оларды берудің шарттары мен қайтарудың мерзімдері көрсетіледі.
Тармақ 4
4. Қаланың жергілікті атқарушы органдарының резерв қаражатының қатаң арнаулы мақсаты болады және осы Ережемен қала әкімдігінің резервтен қаражат бөлу туралы қаулысында қаралмаған мұқтаждарға пайдалануға болмайды.
Тармақ 5
5. Қаланың жергілікті атқарушы органдарының резервінен қаражат бөлу туралы қала әкімдігі қаулысын дайындаған кезде мынадай шарттар ескеріледі:
Тармақша 1
1) қалалық бюджетте ағымдағы қаржы жылына арналған қаржының болмауы
Тармақша 2
2) Жергілікті атқарушы органдардың резерв қаржысына деген қажеттіліктің ағымдағы жылы туындауы және сот шешімдері арқылы атқарушы органдардың міндеттемесін өтеу жағдайын қоспағанда алушының өткен жылғы міндеттемелеріне байланысты емес жағдайлар.
Тармақ 6
6. Қаланың жергілікті атқарушы органдарының резервінен қаражат бөлу туралы қала әкімдігінің қаулысы бөлінген несие толық өтелгеннен кейін, жыл аяғында күшін жояды.
Тарау 3. 3. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және басқа да болжанбаған шығыстарға қаражат бөлу.
3. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және басқа да болжанбаған шығыстарға қаражат бөлу.
Тармақ 7
7. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайда қаланың жергілікті атқарушы органдарының резервінен қаржы бөлу туралы өтініштерді қала әкімдігі қарайды.
Тармақ 8
8. Негіздемелік материалдарды берудің тәртібін және олардың тізбесін төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі ведомствоаралық комиссия айқындайды.
Тармақ 9
9. Қаланың жергілікті атқарушы органдары резервінің қаржысы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға қала әкімі төтенше жағдайларды жоюға арналған қаражат бөлу туралы қаулысының жобасын заңдарда белгіленген тәртіппен облыс әкіміне енгізеді.
Тарау 4. 4. Соттардың шешімі бойынша жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін өтеуге қаражат бөлу
4. Соттардың шешімі бойынша жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін өтеуге қаражат бөлу
Тармақ 10
10. Сот шешімдері бойынша жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін өтеу соттың атқарушы құжаттары болған жағдайда қаланың жергілікті атқарушы органдарының резерві есебінен қамтамасыз етіледі.
Тармақ 11
11. Қалалық бюджеттің міндеттемелерін өтеуге жергілікті атқарушы органдардың резервінен қаражат бөлу туралы қала әкімдігі қаулысының жобасын заңдарда белгіленген тәртіппен қалалық қаржы бөлімі дайындайды.
Тармақ 12
12. Жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін өтеуге жергілікті атқарушы органдардың резервінен қаражат бөлу туралы қала әкімдігі қаулысының жобасын заңнамада белгіленген тәртіппен тиісті жергілікті атқарушы органы дайындайды.
Тарау 5. 5. Басқа болжанбаған шығыстарға қаржы бөлу
5. Басқа болжанбаған шығыстарға қаржы бөлу
Тармақ 13
13. Жергілікті атқарушы органдары резервінен болжанбаған шығыстарға қаржы бөлу үшін жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, қалалық қаржы бөліміне тиісті негіздемелермен және есептемелермен қаржы бөлу туралы өтініш тапсырады.
Тармақ 14
14. Қалалық қаржы бөлімі берілген өтініштің негізінде жергілікті атқарушы органдары резервінен қаржы бөлудің мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі туралы қорытынды береді.
Тармақ 15
15. Өтініштерді қарау кезінде ағымдағы қаржы жылында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және басқа да болжанбаған шығыстарға қаржыны тиімді бөлу мақсатында ағымдағы әр тоқсанда жергілікті атқарушы органдары резервінен болжанбаған шығыстарға арналып бөлінетін қаржы сомасы жергілікті бюджетте табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және басқа да болжанбаған шығыстарға арналып қаралған қаржының 25 % аспауы тиіс. Соның өзінде жергілікті атқарушы органдары резервінен осы мақсатқа қаржы бөлу туралы қала әкімдігінің қаулысы есепке алынады.
Тармақ 16
16. Жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің өтініші оңды шешім алған жағдайда басқа да болжанбаған шығыстарға қаржы бөлу туралы қала әкімдігі қаулысының жобасын жергілікті бюджеттік бағдарламалардың сол әкімшісі заңнамаларда белгіленген тәртіппен әзірлейді.
Тарау 6. 6. Бақылау және есептілік
6. Бақылау және есептілік
Тармақ 17
17. Жергілікті атқарушы органдары резервінен бөлінген қаражатты алушылар оның жұмсалуы жөнінде заңнамада белгіленген тәртіп бойынша есеп беруге тиіс.
Тармақ 18
18. Қалалық қаржы бөлімі қала әкіміне ай сайын жергілікті атқарушы органдары резерві қаражатының пайдаланылуы және қалдықтары туралы ақпарат береді.
Тармақ 19
19. Қалалық бюджеттің резервінен бөлінген қаражаттың мақсатсыз пайдаланылуы үшін алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында қаралған тәртіппен жауап береді.
Тармақ 20
20. Қалалық бюджеттің резервінен бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуына бақылау жасауды қалалық қаржы бөлімі жүзеге асырады.