О повышении базовых ставок земельного налога по Урджарскому району на не используемые земли сельскохозяйственного назначения Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.06.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Үржар ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру туралы Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексінің 509 бабының 5 тармағына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Үржар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Үржар ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексінің 503 бабында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелері он есеге арттырылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.