Об утверждении правил определения и перечня видов высокотехнологичной медицинской помощи, а также критерии, согласно которым виды высокотехнологичной медицинской помощи переходят в перечень услуг специализированной медицинской помощи Қолданыста
Басқа 0
Жоғары технологиялық медициналық көмек түрлерін
айқындау тәртібін және олардың тізбесін, сондай-ақ жоғары технологиялық медициналық көмек түрлерінің мамандандырылған медициналық көмектің көрсетілетін қызметтері тізбесіне өту өлшемшарттарын бекіту туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнiң 124-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Мыналар:
Тармақша 1
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Жоғары технологиялық медициналық көмек түрлерін айқындау қағидалары, сондай-ақ жоғары технологиялық медициналық көмек түрлерінің мамандандырылған медициналық көмектің көрсетілетін қызметтерінің тізбесіне өту өлшемшарттары;
Тармақша 2
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жоғары технологиялық медициналық көмек түрлерінің тізбесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Жоғары технологиялық медициналық көмек түрлерін айқындау қағидалары, сондай-ақ жоғары технологиялық медициналық көмек түрлерінің мамандандырылған медициналық көмектің көрсетілетін қызметтерінің тізбесіне өту өлшемшарттары
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2020 жылғы 16 қазаны
№ ҚР ДСМ-134/2020
бұйрығына 1-қосымша
Жоғары технологиялық медициналық көмек түрлерін айқындау қағидалары, сондай-ақ жоғары технологиялық медициналық көмек түрлерінің мамандандырылған медициналық көмектің көрсетілетін қызметтерінің тізбесіне өту өлшемшарттары
Тармақ 1
1. Осы Жоғары технологиялық медициналық көмек түрлерін айқындау қағидалары, сондай-ақ жоғары технологиялық медициналық көмек түрлерінің мамандандырылған медициналық көмектің көрсетілетін қызметтерінің тізбесіне өту өлшемшарттары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 124-бабының 4-тармағына сәйкес (бұдан әрі – Кодекс) әзірленді және жоғары технологиялық медициналық көмек (бұдан әрі – ЖТМК) түрлерін, сондай-ақ ЖТМК түрлерінің мамандандырылған медициналық көмектің (бұдан әрі – ММК) көрсетілетін қызметтерінің тізбесіне өту өлшемшарттарын айқындау тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. ЖТМК түрлері осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес өлшемшарттар бойынша айқындалады.
Өлшемшарттың әрқайсысына салмақтық коэффициент, өлшемшарт шкаласы, мәні мен балл беріледі.
ЖТМК тізбесіне 7-10 балл жинаған технологиялар енгізіледі.
Тармақ 3
3. ЖТМК түрлерін ММК қызметтерінің тізбесіне өту өлшемшарттары өзіне мыналарды қамтиды:
технологиялардың республикалық деңгейден өңірлік деңгейге трансферт деңгейі (облыстық және қалалық маңызы бар, оның ішінде жекеменшік клиникалар) географиялық тұрғыдан қағидаты (солтүстік, оңтүстік, шығыс, батыс және орталық өңірлер) бойынша 5 (бес) және одан көп өңірлерде 75 %-дан жоғары;
шығын сыйымдылығы – Кодекстің 124-бабының 4-тармағына сәйкес айқындалатын жоғары технологиялық медициналық көмек түрлерінің тізбесіне кіретін барлық қызметтердің орташа арифметикалық құнынан төмен қызмет құны;
сирек - 100 000 адамға шаққанда жылына 1 реттен артық емес қызмет көрсету;
қайтыс болу жағдайлары мен асқынулардың үлес салмағы орташа жылдық 10 % мәннен төмен.
Тармақ 4
4. Өлшемшарттар жиынтықта қаралады, бұл ретте 4 өлшемшартқа сәйкес келетін технологиялар алып тасталады.
Басқа 1-1. Жоғары технологиялық медициналық көмектің түрлерін айқындау өлшемшарттары
Жоғары технологиялық
медициналық көмек түрлерін
айқындау қағидалары, сондай-ақ
жоғары технологиялық
медициналық көмек түрлерінің
мамандандырылған
медициналық көмектің
көрсетілетін қызметтерінің
тізбесіне өту өлшемшарттарына
қосымша
Жоғары технологиялық медициналық көмектің түрлерін айқындау өлшемшарттары
№
Өлшемшарт
Салмақтық
коэффи
циент
Өлшемшарт шкаласы
Мәні
Өлшем
шарт баллы
1
Инновация
лық (жаңашыл
дық)
0,1
Технология әлемде 5 жылдан аз уақыт қолданылады
10
1
Технология әлемде 5-10 жылдан астам уақыт бойы қолданылады
7,5
0,75
Технология әлемде 10 жылдан астам уақыт бойы қолданылады
5
0,5
Технология әлемде 15 жылдан астам уақыт бойы қолданылады
2,5
0,25
2
Ресурс сыйымды
лығы
0,3
Технологияны пайдалану қымбат тұратын дәрілік заттарды медициналық бұйымдарды медициналық техниканы, айтарлықтай еңбек және уақыт шығынын қажет етеді
10
3
Технологияны пайдалану қымбат тұратын дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды, медициналық техниканы қажет етеді
7,5
2.25
Технологияны пайдалану айтарлықтай еңбек және уақыт шығынын қажет етеді
5
1,5
Технологияны пайдалану қымбат тұратын дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды, медициналық техниканы қажет етпейді, айтарлықтай еңбек және уақыт шығынын қажет етпейді
2,5
0,75
3
Бірегейлігі
0,1
Технологияның аналогтары және (немесе) Қазақстандағы балама емдеу әдістері жоқ
10
1
Технология тиімділігі жағынан Қазақстандағы аналогтардан және (немесе) емдеудің балама әдістерінен артық
7,5
0,75
Технология тиімділігі жағынан Қазақстандағы аналогтарға және (немесе) баламалы емдеу әдістеріне теңеледі
5
0,5
Технология тиімділігі жағынан Қазақстандағы аналогтардан және (немесе) баламалы емдеу әдістерінен төмен
2,5
0,25
4
Күрделілігі
0,5
Технология өте күрделі және ерекше дағдыларды талап етеді (мысалы, симультальды, біріктірілген немесе реконструктивтік операциялар). Қосымша тіндер мен ағзалардың ерекшеліктеріне бейімделген мамандандырылған жабдықты пайдалануды қажет ететін пациенттің анатомиялық - физиологиялық ерекшеліктері (неонатальды жастағы балаларда технологияны қолдану) ескеріледі. Мұндай операциялар асқыну қаупі жоғары және мұқият жоспарлауды қажет етеді.
10
5
Бірнеше кезеңдерді қамтитын және хирург пен медицина персоналының жоғары деңгейде дайындығын талап ететін орташа күрделіліктегі технологиялар. Операциялар біріктірілген немесе реконструктивті болуы мүмкін, бірақ күрделі анатомиялық немесе физиологиялық ерекшеліктері жоқ балалар мен ересек пациенттерде орындалады
7,5
3,75
Технологияның орындау қиындығы төмен (мысалы, жоспарланған) операциялар) және базалық хирургиялық жабдықты пайдаланыла отырып, стандартты жағдайларда жүргізіледі. Бұл операциялар әдетте бір сатылы және пациент үшін төмен қауіп деңгейіне ие
5
2,5
Күрделілікті қажет етпейтін технологиялар амбулаториялық негізде орындалатын өте қарапайым емшараларды қамтиды. Олар арнайы дайындықты қажет етпейді және ресурстардың ең аз мөлшерін пайдалана отырып, жылдам орындалуы мүмкін
2,5
1,25
Басқа 2. Жоғары технологиялық медициналық көмек түрлерінің тізбесі
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2020 жылғы 16 қазандағы
№ ҚР ДСМ-134/2020 бұйрығына
2-қосымша
Жоғары технологиялық медициналық көмек түрлерінің тізбесі
р/с
№
Жоғары технологиялық медициналық көмек коды
Жоғары технологиялық медициналық көмек түрінің атауы
Шұғыл емдеуге жатқызу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін жоғары технологиялық медициналық көмек түрлері
1
00.50
Жалпы жүйенің дефибрилляторын жанаспай бивентрикулярлық электрокардиостимуляторды импланттау (CRT-P)
2
35.84
Басқа айдарларда жіктелмейтін ірі тамырлардың транспозициясын толық қалпына келтіру
3
35.23
Митралдық қақпақшаны тіндік трансплантатпен ашық және басқаша ауыстыру
4
35.21
Қолқа қақпақшасын тіндік трансплантатпен ашық және басқаша ауыстыру
5
35.82
Өкпе веналарының аномалдық қосылысын толық қалпына келтіру
6
37.94
Автоматты кардиовертерді/дефибрилляторды импланттау
7
37.66
Имплантталатын қосалқы жүрек жүйесін енгізу
8
35.33
Аннулопластика
9
81.042
Эндотүзеткіштерді ішкі бекітумен кеуде және бел омыртқаларының спондилодезі, алдыңғы жету әдісі
10
39.72
Бас пен мойынның тамырларын эндоваскулярлық (жаппай) эмболиялау немесе окклюзиялау
11
00.65
Стенттерді бассүйекішілік артерияларға тері арқылы импланттау
12
02.93
Интракраниалдық нейростимулятордың электродын (электродтарын) импланттау немесе ауыстыру
13
03.7992
Негіздемелік стереотаксиялық жүйені қолданумен операция
14
03.7993
Стереотаксиялық жүйені қолданумен ми нейростимуляторын импланттау
15
81.073
Бел және сегізкөз омыртқаларының спондилодезі, бүйір көлденең жету әдісімен, дискіні протездеу
16
81.062
Эндотүзеткіштерді ішкі бекітуімен бел және сегізкөз омыртқаларының спондилодезі, алдыңғы жету әдісі
17
81.041
Ішкі транспедикулярлық жүйе мен кейдждердің бекітуімен кеуде және бел омыртқаларының спондилодезі, алдыңғы жету әдісі
18
81.53
Сан-жамбас буынының ауыстырылуын тексеру, нақтыланбаған
19
81.55
Тізе буынының ауыстырылуын тексеру, нақтыланбаған
20
50.52
Қайтыс болғаннан кейінгі донордан бауырды трансплантаттау
21
55.62
Қайтыс болғаннан кейінгі донордан бүйректі трансплантаттау
22
50.59
Бауырды басқа трансплантаттау
23
86.66
Теріні аллотрансплантаттау
24
52.53
Радикалдық субтоталдық панкреотомия
Жоспарлы емдеуге жатқызу кезіндегі тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін жоғары технологиялық медициналық көмек түрлері
1
92.321
Гамма-пышақ аппаратын қолдана отырып, орталық нерв жүйесі ауруларын емдеудің радиохирургиялық әдісі
2
92.201
Қуықасты безі обырының жоғары дозалы брахитерапиясы
3
92.202
Қуықасты безінде орналасқан обырдың интерстициалдық сәулелік терапиясы (брахитерапия)
4
92.203
Әйелдің жыныс жолдарының обыры кезіндегі жоғары дозалы брахитерапия
5
54.970.059
Гипертермиялық интраперитонеалды химиотерапия (HIPEC)
6
86.310.058
Электрохимиотерпия
7
92.330.001
Протондық терапия (1 сеанс)
Жоспарлы емдеуге жатқызу кезіндегі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін жоғары технологиялық медициналық көмектің түрлері
1
00.50
Жалпы жүйенің дефибрилляторын жанаспай бивентрикулярлық электрокардиостимуляторды импланттау (CRT-P)
2
00.51
Жалпы жүйенің бивентрикулярлық дефибрилляторын импланттау (CRT-D)
3
00.65
Стенттерді бассүйекішілік артерияларға тері арқылы импланттау
4
00.93
Трансплантаттау үшін кадаврдан ағзаларды және/немесе тіндерді алу
5
01.53
Эпилепсия кезінде мидың лобэктомиясы
6
02.93
Интракраниалдық нейростимулятордың электродын (электродтарын) импланттау немесе ауыстыру
7
03.7992
Негіздемелік стереотаксиялық жүйені қолданумен операция
8
03.7993
Стереотаксиялық жүйені қолданумен ми нейростимуляторын импланттау
9
03.93
Жұлын нейростимулятордың электродын (электродтарын) импланттау немесе ауыстыру
10
20.95
Электромагниттік есту аппаратын импланттау
11
33.5
Өкпені трансплантаттау
12
33.6
«Жүрек – өкпе» кешенін аралас трансплантаттау
13
35.05
Қолқа қақпақшасын эндоваскулярлық ауыстыру
14
35.11
Ауыстырмай қолқа қақпақшаның ашық вальвулопластикасы
15
35.12
Ауыстырмай митралдық қақпақшаның ашық вальвулопластикасы
16
35.121
Митралдық тесік стенозының баллондық вальвулопластикасы
17
35.14
Ауыстырмай үшжармалы қақпақшаның ашық вальвулопластикасы
18
35.21
Қолқа қақпақшасын тіндік трансплантатпен ашық және басқаша ауыстыру
19
35.23
Митралдық қақпақшаны тіндік трансплантатпен ашық және басқаша ауыстыру
20
35.33
Аннулопластика
21
35.55
Протездеу арқылы қарыншааралық қалқаншаның ақауын жабық әдіспен жою
22
35.82
Өкпе веналарының аномалдық қосылысын толық қалпына келтіру
23
35.83
Артериялық діңді толық қалпына келтіру
24
35.84
Басқа айдарларда жіктелмейтін ірі тамырлардың транспозициясын толық қалпына келтіру
25
35.91
Веналық ағудың жүрекшеаралық транспозициясы
26
35.9900
Интраоперациялық радиожиілік аблацияны пайдалана отырып жүрек қақпақшаларын протездеу
27
35.991
Митралдық тесікті клиптеу
28
36.1000
Интраоперациялық радиожиілік аблацияны пайдалана отырып қолқакоронарлық шунттау
29
36.16
Қос ішкі маммарлық-коронарлық шунттау
30
37.32
Жүрек аневризмасын тілу
31
37.35
Парциалдық вентрикулоэктомия
32
37.36
Жүрекшенің сол жақ құлақшасын кесу, деструкциялау және алып тастау
33
37.51
Жүректі трансплантаттау
34
37.66
Имплантталатын қосалқы жүрек жүйесін енгізу
35
37.76
Трансвеналық атриялық және/немесе вентрикулярлық электродты (электродтарды) ауыстыру
36
37.94
Автоматты кардиовертерді/дефибрилляторды импланттау
37
37.941
Автоматты кардиовертерді/дефибрилляторды, жалпы жүйені ауыстыру
38
37.96
Автоматты кардиовертердің/дефибриллятордың тек импульстарының генераторын импланттау
39
38.12
Бастың және мойынның басқа артерияларының эндартерэктомиясы
40
38.34
Анастомозбен қолқаның резекциясы
41
38.341
Қолқа доғасының үзігін түзету
42
39.28
Экстра-интракраниалдық васкулярлық шунттау
43
39.591
Қолқа-өкпе саңылауының пластикасы
44
39.72
Бас пен мойынның тамырларын эндоваскулярлық (жаппай) эмболиялау немесе окклюзиялау
45
39.73
Кеуде қолқасына протезді эндоваскулярлық имплантантаттау
46
39.731
Қолқаның коарктациясын стенттеу
47
41.01
Сүйек кемігінің мезенхималдық дің жасушаларын трансплантаттау
48
41.04
Аутологиялық гемопоэздік дің жасушаларын тазартусыз трансплантаттау
49
41.05
Аллогендік гемопоэздік дің жасушаларын тазартусыз трансплантаттау
50
41.06
Кіндік дің жасушаларын трансплантаттау
51
41.10
Феталдық дің жасушаларын трансплантаттау
52
50.52
Қайтыс болғаннан кейінгі донордан бауырды трансплантаттау
53
50.59
Бауырды басқа трансплантаттау
54
52.53
Радикалдық субтоталдық панкреотомия
55
52.80
Ұйқыбезін трансплантаттау, нақтыланбаған
56
55.5016
Тромбэктомиямен радикалдық нефрэктомия
57
55.62
Қайтыс болғаннан кейінгі донордан бүйректі трансплантаттау
58
56.7404
Блохин бойынша қосымша антирефлюксті механизмі бар политано-летбеттердің модификацияланған әдісі бойынша уретероцистонеостомия
59
63.8301
Обструкциялық азошәует кезіндегі микрохирургиялық инвагинациондық вазоэпидидимостомия
60
78.191
Кезеңдік түзетуді қажет ететін жамбас сүйектерінде сыртқы бекітуші құрылғыны пайдалану
61
81.041
Ішкі транспедикулярлық жүйе мен кейдждердің бекітуімен кеуде және бел омыртқаларының спондилодезі, алдыңғы жету әдісі
62
81.042
Эндотүзеткіштерді ішкі бекітумен кеуде және бел омыртқаларының спондилодезі, алдыңғы жету әдісі
63
81.062
Эндотүзеткіштерді ішкі бекітуімен бел және сегізкөз омыртқаларының спондилодезі, алдыңғы жету әдісі
64
81.073
Бел және сегізкөз омыртқаларының спондилодезі, бүйір көлденең жету әдісімен, дискіні протездеу
65
81.53
Сан-жамбас буынының ауыстырылуын тексеру, нақтыланбаған
66
81.55
Тізе буынының ауыстырылуын тексеру, нақтыланбаған
67
81.9610
Сүйек ісігі кезінде буындарды және/немесе сүйекті ауыстыру
68
86.66
Теріні аллотрансплантаттау
69
99.791
Қанның гемопоэздік дің жасушаларын дайындау
Басқа 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің
күші жойылған бұйрықтарының тізбесі
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2020 жылғы 16 қазаны
№ ҚР ДСМ-134/2020
бұйрығына 3-қосымша
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің
күші жойылған бұйрықтарының тізбесі
Тармақша 1
1) «Жоғары технологиялы медициналық қызметтердің түрлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 28 желтоқсандағы № 1112 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14630 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 12 қаңтарда жарияланған);
Тармақша 2
2) «Жоғары технологиялы медициналық қызметтердің түрлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 28 желтоқсандағы № 1112 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 14 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-42 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17962 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 19 желтоқсанда жарияланған);
Тармақша 3
3) «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 10 сәуірдегі № ҚР ДСМ-37/2020 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20381 болып тіркелген, Қазақстан Республикасыың Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2020 жылғы 15 сәуірде жарияланған).