Об утверждении Правил оказания государственной услуги «Выдача лицензии на импорт средств защиты растений (пестицидов)» Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.05.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтерді) импортына лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған «Өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтерді) импортына лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық, фитосанитариялық және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Сауда және интергация министрлігі КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Басқа 0. «Өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтерді) импортына лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 29 қыркүйегі № 299 бұйрығымен бекітілген «Өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтерді) импортына лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы «Өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) импортына лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы заң) 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) импортына лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) өсімдіктерді қорғау құралдары – өсімдіктерді қорғау мақсатында қолданылатын пестицидтер, биоагенттер, сондай-ақ техникалық және басқа да құралдар;
Тармақша 2
2) пестицидтер – зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге, карантиндік объектілер мен бөтен текті түрлерге, сақталатын ауыл шаруашылығы өнімінің зиянкестеріне қарсы күресу үшін, сондай-ақ тұқымдарды дәрілеу, егінді жинау алдында құрғатып алу, жапырақтарды түсіру және өсімдіктердің өсуін реттеу үшін пайдаланылатын химиялық және (немесе) биологиялық препараттар (инсектицидтер, родентицидтер, фунгицидтер, гербицидтер, өнуге қарсы құралдар және өсімдіктердің өсуін реттеушілер, дефиолианттар, десиканттар);
Тармақша 3
3) «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және өзге де қызметтерге қол жеткізудің «бірыңғай терезесін» білдіретін ақпараттық жүйе;
Тармақша 4
4) «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) – төлемдерді электрондық нысанда көрсетілетін өтеулі қызметтер көрсету шеңберінде жүргізу туралы ақпарат беру процестерін автоматтандыратын ақпараттандыру объектісі;
Тармақша 5
5) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.
Тармақ 3
3. «Тарифтік емес реттеу шаралары туралы» Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 30 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелуге және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетуге рұқсат беру тәртібі белгіленген тауарлардың тізбесіне енгізілген өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) импорты «Үшінші елдермен саудада тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын тауарлардың бірыңғай тізбесіне енгізілген тауарлардың экспортына және (немесе) импортына лицензиялар және рұқсаттар беру қағидаларын бекіту туралы» Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2023 жылғы 24 қарашадағы № 125 шешімімен бекітілген Үшінші елдермен саудада тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын тауарлардың бірыңғай тізбесіне енгізілген тауарлардың экспортына және (немесе) импортына лицензиялар және рұқсаттар беру қағидаларына (бұдан әрі – Лицензиялар және рұқсаттар беру қағидалары) № 1 қосымшаға сәйкес ресімделген лицензия болған кезде жүзеге асырылады.
Тарау 2. 2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
Тармақ 4
4. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Тармақ 5
5. «Өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтерді) импортына лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген.
Тармақ 6
6. Лицензияны алу үшін жеке немесе заңды тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге портал арқылы Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды жолдайды. Жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметін бастағаны туралы, пестицидтерді өндіруге (формуляциялауға), пестицидтерді өткізуге, пестицидтерді аэрозольдік немесе фумигациялық тәсілдермен қолдануға лицензияның бар-жоғы туралы, салық органында есепке қойылғаны туралы, жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгені туралы (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайда) мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады. Ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды көрсетілетін қызметті алушылардан талап етуге жол берілмейді. Портал мен ақпараттық жүйелердің ақпараттық өзара іс-қимылы «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 7
7. Мемлекеттік қызмет көрсетудің жалпы мерзімі құжаттар тіркелген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күнін құрайды.
Тармақ 8
8. Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұранымның қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама көрсетіледі. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе жұмыскері Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттар келіп түскен күні оларды тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдайды, ол жауапты жұмыскерді тағайындайды. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру одан кейінгі жақын жұмыс күні жүзеге асырылады.
Тармақ 9
9. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты жұмыскері құжаттарды тіркеген сәттен бастап 8 (сегіз) жұмыс сағаты ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Көрсетілетін қызметті алушы Тізбенің 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілген қызметті беруші бас тарту себебін көрсете отырып, өтінішті қабылдаудан бас тартады. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты жұмыскері ұсынылған құжаттарды және (немесе) мәліметтерді Лицензиялар және рұқсаттар беру қағидаларына сәйкес тексеруді жүзеге асырады. Тексеру қорытындылары бойынша мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) импортына лицензияны не осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша уәжді бас тартуды ресімдейді. Өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) импортына лицензия беруден бас тарту туралы шешім шығарған кезде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты жұмыскері көрсетілетін қызметті алушыға өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) импортына лицензия беруден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдалымның өткізілетін уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабардар етеді. Тыңдалым рәсімі Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 73-бабына сәйкес жүргізіледі. Тыңдалым туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі. Тыңдалым хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі. Тыңдалым нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) импортына лицензия беру туралы не өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) импортына лицензия беруден уәжді бас тарту туралы шешім қабылдайды. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің басшысының не оның міндетін атқарушы адамның ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
Тармақ 10
10. Лицензияның иелері лицензияның қолданылу мерзімі өткеннен кейін күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде көрсетілетін қызметті берушіге Лицензиялар және рұқсаттар беру қағидаларына № 3 қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауар экспортына және (немесе) импортына арналған лицензияның орындалғаны туралы анықтама береді.
Тармақ 11
11. Берілген лицензияларға, оның ішінде техникалық сипаттағы себептер бойынша өзгерістер енгізуге жол берілмейді.
Тармақ 12
12. Заңды тұлға ретінде тіркелген көрсетілетін қызметті алушының құрылтай құжаттарына өзгерістер енгізілген (ұйымдық-құқықтық нысанының, атауының не оның орналасқан жерінің өзгеруі) немесе жеке тұлға болып табылатын көрсетілетін қызметті алушының паспорттық деректері өзгерген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген өзгерістерді растайтын өтінішті және құжаттарды қоса бере отырып, берілген лицензияның қолданылуын тоқтату және жаңа лицензияны ресімдеу туралы сұраныммен көрсетілетін қызметті берушіге портал арқылы жүгінеді.
Тармақ 13
13. Тауарлардың экспортына және (немесе) импортына лицензиялар мен рұқсаттар беру қағидаларының 19-тармағына (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 7 қосымшаға қосымша) сәйкес көрсетілетін қызметті беруші мынадай жағдайларда лицензияны тоқтату немесе тоқтата тұру туралы шешім қабылдайды:
Тармақша 1
1) көрсетілетін қызметті алушының портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында берілген лицензияның қолданылуын тоқтату туралы сұраныммен жүгінуі;
Тармақша 2
2) заңды тұлға ретінде тіркелген көрсетілетін қызметті алушының құрылтай құжаттарына өзгерістер енгізу (ұйымдық-құқықтық нысанын, атауын не оның орналасқан жерін өзгерту) немесе жеке тұлға болып табылатын көрсетілетін қызметті алушының паспорттық деректерін өзгерту;
Тармақша 3
3) лицензия алу мақсатында көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарда дұрыс емес мәліметтердің анықталуы;
Тармақша 4
4) негізінде лицензия берілген бір немесе бірнеше құжаттың қолданылуын тоқтату немесе тоқтата тұру;
Тармақша 5
5) лицензия беруге негіз болған шартты (келісімшартты) орындау кезінде мүше мемлекеттің халықаралық міндеттемелерін бұзуы;
Тармақша 6
6) егер, қызмет түрі оған қатысты лицензиялау енгізілген тауар айналымына байланысты болса, мұндай лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асыруға арналған лицензияны кері қайтарып алу;
Тармақша 7
7) лицензия беру кезінде жол берілген, лицензия беруге алып келген, белгіленген тәртіп сақталған кезде беруге болмайтын бұзушылықтардың анықталуы;
Тармақша 8
8) лицензия иесінің халықаралық нормативтік құқықтық актілерде немесе осы Қағидаларда белгіленген лицензия беру шарттарын сақтамауы;
Тармақша 9
9) сот шешімінің болуы;
Тармақша 10
10) көрсетілетін қызметті алушының осы Қағидалардың 10-тармағын орындамауы.
Тармақ 14
14. Лицензияның қолданылуын тоқтату немесе тоқтата тұру Лицензиялар және рұқсаттар беру қағидаларына № 2 қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 15
15. Көрсетілетін қызметті алушыға лицензия беруден бас тарту Тізбенің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 16
16. Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректердің енгізілуін қамтамасыз етеді. Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректер мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде келіп түседі. Өсімдіктерді қорғау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторына жібереді. Уәкілетті орган Қағидалар өзгертілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпаратты өзектендіреді және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.
Тарау 3. 3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Тармақ 17
17. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті берушінің, уәкілетті орган басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі және осы Қағидалардың 18-тармағында көзделген мерзімдерде қаралуға тиіс. Шағым ҚР ӘРПК 91-бабы 4-тармағына сәйкес келіп түскен жағдайда, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалынған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді. Әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалынған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын қолайлы әкімшілік акт қабылдаса, әкімшілік әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағымды жібермеуге құқылы.
Тармақ 18
18. Көрсетілетін қызметті алушының шағымын Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес: көрсетілетін қызметті беруші, уәкілетті орган – тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде; мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауы тиіс.
Тармақ 19
19. Көрсетілетін қызметті берушінің, уәкілетті органның, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес:
Тармақша 1
1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;
Тармақша 2
2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады. Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.
Тармақ 20
20. Егер заңда өзгеше көзделмесе, ҚР ӘРПК 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.
Басқа 1. «Өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтерді) импортына лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
«Өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтерді) импортына лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 1-қосымша «Өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтерді) импортына лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі 1. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы ми­ни­стр­лі­гі­нің Аг­ро­өнер­к­ә­сіп­тік ке­шен­де­гі мем­ле­кет­тік ин­спек­ция ко­ми­те­ті (бұ­дан әрі – көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші) көр­се­те­ді. 2. Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту тә­сіл­де­рі «Элек­трон­дық үкі­мет­тің» www.​egov.​kz веб-пор­та­лы (бұ­дан әрі – пор­тал) ар­қы­лы. 3. Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту мер­зі­мі 5 (бес) жұ­мыс кү­ні. 4. Мем­ле­кет­тiк қыз­мет­тi көр­се­ту ны­са­ны Элек­трон­дық (іші­на­ра ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған). 5. Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі Өсім­дік­тер­ді қор­ғау құ­рал­да­ры­ның (пе­сти­цид­тер­дің) им­пор­ты­на ли­цен­зия не мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден уәжді бас тар­ту. 6 Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет көрсетілетін қызметті алушыларға ақылы негізде көрсетіледi. Мемлекеттiк қызмет көрсету кезiнде жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығына лицензия беру үшін көрсетілетін қызметті алушының орналасқан жері бойынша бюджетке Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 616-бабының 4-тармағына сәйкес 10 (он) айлық есептік көрсеткішті құрайтын лицензиялық алым төленеді. Лицензиялық алымды төлеу қолма-қол және қолма-қол емес нысанда екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы, сондай-ақ қолма-қол емес нысанда «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылады. 7. Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі 1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 8.00-ден 17.30-ға дейін; 2) порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www. gov. kz ресми интернет-ресурсында орналастырылған. 8. Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан та­лап еті­ле­тін құ­жат­тар мен мә­лі­мет­тер­дің тіз­бе­сі 1) көр­сетiлетiн қыз­мет­тi алушы­ның элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба­сы­мен ку­әлан­ды­ры­л­ған элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да осы Тіз­бе­ге қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша өсім­дік­тер­ді қор­ғау құ­рал­да­ры­ның (пе­сти­цид­тер­ді) им­пор­ты­на ли­цен­зия бе­ру­ге ар­нал­ған өтiнiш; 2) ЭҮТШ ар­қы­лы тө­леу жағ­дай­ла­рын қо­с­па­ған­да, же­ке­ле­ген қыз­мет түр­лерi­мен ай­на­лы­су құқы­ғы үшiн бюд­жет­ке ли­цен­зи­я­лық алым­ның тө­лен­ге­нін рас­тай­тын құ­жат­тың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі; 3) сырт­қы са­уда шар­ты­ның (ке­лі­сім­шар­ты­ның) элек­трон­дық кө­шір­ме­сі, оның қо­сым­ша­ла­ры және (неме­се) то­лық­ты­ру­ла­ры (бір рет­тік ли­цен­зи­я­лар­ға), ал сырт­қы са­уда шар­ты (ке­лі­сім­шар­ты) бол­ма­ған жағ­дай­да – та­рап­тар­дың ни­е­тін рас­тай­тын өзге құ­жат­тың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі; 4) көр­сетiлетiн қыз­мет­тi алушы­ның «Та­у­ар­лар экс­пор­ты мен им­пор­тын ли­цен­зи­я­лау жө­нін­де­гі қыз­мет­ке қой­ы­ла­тын бі­лік­ті­лік та­лап­та­ры мен олар­ға сәй­кест­ікті рас­тай­тын құ­жат­тар тіз­бе­сін, ли­цен­зи­я­ны және (неме­се) ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша­ны алу­ға ар­нал­ған өті­ніш­тер­дің ны­сан­да­рын, ли­цен­зия және (неме­се) ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша­ның ны­сан­да­рын бе­кі­ту ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ұлт­тық эко­но­ми­ка ми­ни­стрі­нің 2015 жы­л­ғы 30 қаң­тар­да­ғы № 67 бұй­ры­ғы­мен (Нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де № 11074 бо­лып тір­кел­ген) (бұ­дан әрі – № 67 бұй­рық) бел­гі­лен­ген бі­лік­ті­лік та­лап­та­ры­на сәй­кест­і­гін рас­тай­тын құ­жат­тар­дың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі. Же­ке тұл­ға­ның же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат ту­ра­лы, заң­ды тұл­ға­ны мем­ле­кет­тік тір­кеу (қай­та тір­кеу) ту­ра­лы, да­ра кә­сіп­кер­ді тір­кеу ту­ра­лы не да­ра кә­сіп­кер ре­т­ін­де қыз­ме­тін ба­с­та­ға­ны ту­ра­лы, пе­сти­цид­тер­ді өн­ді­ру­ге (фор­му­ля­ци­я­ла­у­ға), пе­сти­цид­тер­ді өт­кізу­ге, пе­сти­цид­тер­ді аэро­золь­дік неме­се фу­ми­га­ци­я­лық тә­сіл­дер­мен қол­да­ну­ға ли­цен­зи­я­ның бар-жо­ғы ту­ра­лы, са­лық ор­га­нын­да есеп­ке қой­ы­л­ға­ны ту­ра­лы, же­ке­ле­ген қыз­мет түр­лерi­мен ай­на­лы­су құқы­ғы үшiн бюд­жет­ке ли­цен­зи­я­лық алым­ның тө­лен­ге­ні ту­ра­лы (ЭҮТШ ар­қы­лы тө­лен­ген жағ­дай­да) мә­лі­мет­тер­ді көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші «элек­трон­дық үкі­мет­тің» шлю­зі ар­қы­лы мем­ле­кет­тік ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­ден ала­ды. 9. Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­да­ры­мен бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден уәжді бас тар­ту­ға негіз­дер 1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ли­цен­зия алу үшін ұсын­ған құ­жат­та­рын­да (мә­лі­мет­тер­де) то­лық емес неме­се дұ­рыс емес ақ­па­рат­тың бо­луы; 2) «Үшін­ші ел­дер­мен са­уда­да та­риф­тік емес рет­теу ша­ра­ла­ры қол­да­ны­ла­тын та­у­ар­лар­дың бі­рың­ғай тіз­бе­сіне ен­гі­зі­л­ген та­у­ар­лар­дың экс­пор­ты­на және (неме­се) им­пор­ты­на ли­цен­зи­я­лар және рұқ­сат­тар бе­ру қа­ғи­да­ла­рын бе­кі­ту ту­ра­лы» Еура­зи­я­лық эко­но­ми­ка­лық ко­мис­сия Ке­ңе­сі­нің 2023 жы­л­ғы 24 қа­ра­ша­да­ғы № 125 ше­ші­мі­мен бе­кі­ті­л­ген Үшін­ші ел­дер­мен са­уда­да та­риф­тік емес рет­теу ша­ра­ла­ры қол­да­ны­ла­тын та­у­ар­лар­дың экс­пор­ты­на және (неме­се) им­пор­ты­на ли­цен­зи­я­лар және рұқ­сат­тар бе­ру қа­ғи­да­ла­ры­ның 10, 11, 12 және 22-тар­мақ­та­рын­да көз­дел­ген та­лап­тар­дың сақ­тал­мауы; 3) ли­цен­зи­я­ны бе­ру­ге (рә­сім­де­у­ге) негіз бо­ла­тын бір неме­се бір­не­ше құ­жат­тың қол­да­ны­сы­ның тоқ­та­ты­луы неме­се тоқ­та­ты­ла тұ­руы; 4) іс­ке асы­ру үшін ли­цен­зи­я­сы сұ­ра­ты­ла­тын, шар­тты (ке­лі­сім­шар­тты) орын­дау сал­да­ры­нан бо­луы мүм­кін мү­ше мем­ле­кет­тер­дің ха­лы­қа­ра­лық мін­дет­те­ме­ле­рі­нің бұ­зы­луы; 5) им­порт­тың сан­дық шек­те­уле­рі ре­т­ін­де им­порт­тық кво­та­ның, ар­найы қор­ғау ша­ра­сы ре­т­ін­де им­порт­тық неме­се ар­найы қор­ғау ша­ра­сы ре­т­ін­де им­порт­тық неме­се ар­найы кво­та­ның, сон­дай-ақ та­риф­тік кво­та­ның та­у­сы­луы не олар­дың бол­мауы (кво­та­ла­на­тын та­у­ар­лар­ға ли­цен­зия ре­сім­дел­ген жағ­дай­да); 6) «Рұқ­сат­тар және ха­бар­ла­ма­лар ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 32-ба­бы 1-тар­ма­ғы­ның 1) тар­мақ­ша­сы­на сәй­кес көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы үшін қыз­мет тү­рі­мен ай­на­лы­су­ға Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы заң­да­ры­мен тый­ым са­лы­нуы; 7) ли­цен­зи­я­лық алым­ның ен­гі­зіл­ме­уі; 8) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның № 67 бұй­рық­пен бел­гі­лен­ген бі­лік­ті­лік та­лап­та­ры­на сәй­кес кел­ме­уі; 9) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты ли­цен­зи­я­ла­у­ға жа­та­тын қыз­мет­ті неме­се же­ке­ле­ген қыз­мет түр­ле­рін тоқ­та­та тұ­ру неме­се олар­ға тый­ым са­лу ту­ра­лы заң­ды кү­шіне ен­ген сот ше­ші­мі­нің (үкі­мі­нің) бо­луы; 10) сот орын­да­у­шы­сы­ның ұй­ға­ры­мы негі­зін­де сот­тың көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға-бо­рыш­кер­ге ли­цен­зия бе­ру­ге уа­қыт­ша тый­ым са­луы; 11) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы ли­цен­зия алу үшін ұсын­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­да қам­ты­л­ған де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) анық еме­сті­гі­нің анық­та­луы. 10. Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ерекше­лік­те­рін ес­ке­ре оты­рып, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да көр­се­ті­ле­тін өзге де та­лап­тар Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту тәр­ті­бі мен мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қа­шық­тық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де пор­тал­дың «же­ке ка­би­не­ті», сон­дай-ақ мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы: 1414, 8 800 080 77 ар­қы­лы алу мүм­кін­ді­гі бар. Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі анық­та­ма­лық қыз­мет­тер­дің бай­ла­ныс те­ле­фон­да­ры Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы ми­ни­стр­лі­гі­нің www.​gov.​kz ин­тер­нет-ре­сур­сын­да ор­на­ла­сты­ры­л­ған. Цифр­лық құ­жат­тар сер­ви­сі мо­биль­дік қо­сым­ша­да және пай­да­ла­ну­шы­лар­дың ақ­па­рат­тық жүй­е­ле­рін­де ав­тор­лан­ды­ры­л­ған субъ­ек­ті­лер үшін қол­же­тім­ді. Цифр­лық құ­жат­ты пай­да­ла­ну үшін мо­биль­дік қо­сым­ша­да және пай­да­ла­ну­шы­лар­дың ақ­па­рат­тық жүй­е­ле­рін­де қол­же­тім­ді әді­стер­мен ав­тор­лан­ды­ру­дан өте­ді, бұ­дан әрі «Цифр­лық құ­жат­тар» бө­лі­мін­де одан әрі пай­да­ла­ну үшін қа­жет­ті құ­жат­ты қа­рай­ды.
Басқа 1.1. Өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтерді) импортына лицензия беруге арналған өтініш
«Өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтерді) импортына лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне қосымша Нысан Өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтерді) импортына лицензия беруге арналған өтініш 1. Өті­ніш № 2. Қол­да­ны­лу ке­зе­ңі ________ ба­стап ________ дей­ін 3. Ли­цен­зи­я­ның ти­пі |ИМ­ПОРТ 4. ____ жы­л­ғы ____ № ___ ке­лі­сім­шарт 5. Өті­ніш бе­ру­ші 6. Са­ту­шы 7. Жі­бе­рі­ле­тін ел | 8. Са­ту­шы­ның елі 9. Ке­лі­сім­шарт ва­лю­та­сы 10. Құ­ны 11. Ста­ти­сти­ка­лық құ­ны 12. Шы­ға­ры­л­ған елі | 13. Са­ны 14. Өл­шем бір­лі­гі 15. Еура­зи­я­лық эко­но­ми­ка­лық одақ­тың сырт­қы эко­но­ми­ка­лық қыз­ме­ті­нің бі­рың­ғай та­у­ар но­мен­кла­ту­ра­сы бой­ын­ша та­у­ар­дың ко­ды және оның си­патта­ма­сы 16. Қо­сым­ша ақ­па­рат 17. Ли­цен­зия бе­ру үшін негіз 18. Өті­ніш бе­ру­ші­нің уәкі­лет­ті ада­мы
Басқа 1.2
Өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтерді) импортына лицензия беруге арналған өтінішке қосымша Нысан ____ жы­л­ғы ____ № ____ө­ті­ніш­ке қо­сым­ша р/с № Та­у­ар­дың си­патта­ма­сы са­ны өл­шем бір­лі­гі құ­ны р/с № Та­у­ар­дың си­патта­ма­сы са­ны өл­шем бір­лі­гі құ­ны р/с № Та­у­ар­дың си­патта­ма­сы са­ны өл­шем бір­лі­гі құ­ны р/с № Та­у­ар­дың си­патта­ма­сы са­ны өл­шем бір­лі­гі құ­ны р/с № Та­у­ар­дың си­патта­ма­сы са­ны өл­шем бір­лі­гі құ­ны р/с № Та­у­ар­дың си­патта­ма­сы са­ны өл­шем бір­лі­гі құ­ны р/с № Та­у­ар­дың си­патта­ма­сы са­ны өл­шем бір­лі­гі құ­ны р/с № Та­у­ар­дың си­патта­ма­сы са­ны өл­шем бір­лі­гі құ­ны Бар­лы­ғы ___ па­рақ, № па­рақ Өті­ніш бе­ру­ші­нің уәкі­лет­ті ада­мы
Басқа 2. Өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) импортына лицензия
«Өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтерді) импортына лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 2-қосымша Нысан Өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) импортына лицензия Уәкі­лет­ті ор­ган 1. Ли­цен­зия № 2. Қол­да­ны­лу ке­зе­ңі _________ ба­стап _________ дей­ін 3. Ли­цен­зи­я­ның ти­пі |ИМ­ПОРТ 4. ____ жы­л­ғы ____ № ___ ке­лі­сім­шарт 5. Өті­ніш бе­ру­ші | 6. Са­ту­шы 7. Жі­бе­рі­ле­тін ел| 8. Са­ту­шы­ның елі 9. Ке­лі­сім­шарт ва­лю­та­сы 10. Құ­ны 11. Ста­ти­сти­ка­лық құ­ны 12. Шы­ға­ры­л­ған елі| 13. Мөл­ше­рі 14. Өл­шем бір­лі­гі 15. Еура­зи­я­лық эко­но­ми­ка­лық одақ­тың сырт­қы эко­но­ми­ка­лық қыз­ме­ті­нің бі­рың­ғай та­у­ар но­мен­кла­ту­ра­сы бой­ын­ша та­у­ар­дың ко­ды және оның си­патта­ма­сы 16. Қо­сым­ша ақ­па­рат 17. Ли­цен­зия бе­ру үшін негіз­де­ме 18. Уәкі­лет­ті адам
Басқа 2.1
Өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) импортына лицензияға қосымша Нысан Уәкі­лет­ті ор­ган жы­л­ғы ____ № ____­ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша р/с № Та­у­ар­дың си­патта­ма­сы са­ны өл­шем бір­лі­гі құ­ны р/с № Та­у­ар­дың си­патта­ма­сы са­ны өл­шем бір­лі­гі құ­ны р/с № Та­у­ар­дың си­патта­ма­сы са­ны өл­шем бір­лі­гі құ­ны р/с № Та­у­ар­дың си­патта­ма­сы са­ны өл­шем бір­лі­гі құ­ны р/с № Та­у­ар­дың си­патта­ма­сы са­ны өл­шем бір­лі­гі құ­ны р/с № Та­у­ар­дың си­патта­ма­сы са­ны өл­шем бір­лі­гі құ­ны р/с № Та­у­ар­дың си­патта­ма­сы са­ны өл­шем бір­лі­гі құ­ны р/с № Та­у­ар­дың си­патта­ма­сы са­ны өл­шем бір­лі­гі құ­ны Бар­лы­ғы _______­па­рақ, № па­рақ Уәкі­лет­ті адам
Басқа 3
«Өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтерді) импортына лицензия беру» мемлекеттiк қызметін көрсету қағидаларына 3-қосымша нысан [Уәкілетті органның атауы] [Уәкілетті органның атауы] Мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту Берілген күні: [Берілген күні] [Көрсетілетін қызметті алушының атауы] Тіркеу орны: Облыс: [Облыс] Аудан: [Аудан] Қала\ елді мекен: [Қала\ елді мекен] [жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі] [ЖСН/БСН] Тіркеу күні [күні] Бас тарту себебі: [Бас тарту себебі] [Қол қоюшының лауазымы] [Қол қоюшының тегi, аты, әкесiнiң аты (болса), тегі] [Қол қоюшының лауазымы] [Қол қоюшының аты, әкесiнiң аты (бар болса), тегi]