Об утверждении Правил по сбору, обработке, хранению, передаче электронных информационных ресурсов для осуществления аналитики данных в целях реализации функций государственными органами Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.04.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Функцияларды мемлекеттік органдардың іске асыруы мақсатында деректерді талдауды жүзеге асыру үшін электрондық ақпараттық ресурстарды жинау, өңдеу, сақтау, беру жөніндегі қағидаларды бекіту туралы «Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 63-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Функцияларды мемлекеттік органдардың іске асыруы мақсатында деректерді талдауды жүзеге асыру үшін электрондық ақпараттық ресурстарды жинау, өңдеу, сақтау, беру жөніндегі қағидалар бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Цифрландыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 8. Функцияларды мемлекеттік органдардың іске асыруы мақсатында деректерді талдауды жүзеге асыру үшін электрондық ақпараттық ресурстарды жинау, өңдеу, сақтау, беру жөніндегі қағидалар
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 21 қазаны № 394/НҚ бұрығымен бекітілген Функцияларды мемлекеттік органдардың іске асыруы мақсатында деректерді талдауды жүзеге асыру үшін электрондық ақпараттық ресурстарды жинау, өңдеу, сақтау, беру жөніндегі қағидалар
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы функцияларды мемлекеттік органдардың іске асыруы мақсатында деректерді талдауды жүзеге асыру үшін электрондық ақпараттық ресурстарды жинау, өңдеу, сақтау, беру жөніндегі қағидалар (бұдан әрі - Қағидалар) 2015 жылғы 24 қарашадағы «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-бабының 63-3) тармақшасына сәйкес әзірленді және функцияларды мемлекеттік органдардың іске асыруы мақсатында деректерді талдауды жүзеге асыру үшін электрондық ақпараттық ресурстарды жинау, өңдеу, сақтау, беру жөніндегі тәртіпті айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидалардың күші:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен оның құрылымына кіретін ұйымдардың функцияларды мемлекеттік органдардың іске асыруы мақсатында деректерді талдауды жүзеге асыру үшін электрондық ақпараттық ресурстарды жинау, өңдеу, сақтау, беру жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыруы кезінде туындайтын қатынастарға;
Тармақша 2
2) мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарға;
Тармақша 3
3) тергеу және анықтау деректерін құрайтын нақты құбылыстар, процестер және адамдар туралы ақпаратты қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарға;
Тармақша 4
4) таратылуы шектелген құпия ақпаратқа қолданылмайды.
Тармақ 3
3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар мен қысқартулар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) – ақпараттандыру және «электрондық үкiмет» саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Тармақша 2
2) ақпараттық жүйе (бұдан әрі – АЖ) – ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы белгілі бір технологиялық әрекеттерді іске асыратын және нақты функционалдық міндеттерді шешуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып ретке келтірілген жиынтығы;
Тармақша 3
3) ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызмет (АК-қызмет) – осы көрсетілетін қызметтердің жұмыс істеуі өзі арқылы қамтамасыз етілетін байланыс қызметтерін қоса алғанда, есептеу ресурстарын мүліктік жалдау (жалға беру) және (немесе) орналастыру, бағдарламалық қамтылымды, бағдарламалық өнімдерді, сервистік бағдарламалық өнімдерді және техникалық құралдарды пайдалануға беру жөніндегі көрсетілетін қызмет немесе көрсетілетін қызметтердің жиынтығы;
Тармақша 4
4) алу, өзгерту және жүктеу (бұдан әрі – ETL) – мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесінің деректер базасынан деректерді алу, оларды өзгерту және бірыңғай деректер қоймасына жүктеу процесі;
Тармақша 5
5) бірыңғай деректер қоймасы (бұдан әрі – БДҚ) – бұл деректерге қол жеткізудің арнайы құралдары бар құрылымдалмаған және құрылымдалған түрде сақталатын үлкен көлемді деректер қоймасы;
Тармақша 6
6) дербес деректерді иесіздендіру – жасалуы нәтижесінде дербес деректердің дербес деректер субъектісіне тиесілігін айқындау мүмкін болмайтын іс-әрекеттер;
Тармақша 7
7) деректер базасы (бұдан әрі – ДБ) – деректерді сақтауға, өзгертуге және өңдеуге арналған ұйымдастырылған құрылым;
Тармақша 8
8) деректерді жеткізуші – Заңға сәйкес талдауды жүзеге асыру үшін деректер беру жөніндегі міндеттер жүктелген заңды тұлғалар;
Тармақша 9
9) деректерді талдау – шешім қабылдау үшін ақпарат пен қорытындылар алу мақсатында деректерді өңдеу процесі;
Тармақша 10
10) мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесінің деректер қоры (бұдан әрі – МО АЖ ДҚ) – мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесінің деректер жиынтығы;
Тармақша 11
11) міндет – мемлекеттік органдардың қызметін оңтайландыру үшін, сондай-ақ стратегиялық жоспарларды, мемлекеттік бағдарламалар мен даму жоспарларын іске асыру мақсатында талдауды және басқару шешімдерін талап ететін жағдай;
Тармақша 12
12) сұрау салу – іске асырылатын міндетті қоюды сипаттау, есептеу әдіснамасы, дерек-жүйелерден пайдаланылатын деректер туралы мәліметтер, деректерді жаңарту мерзімі, кестелердің атаулары және олардың сипаттамасы, күтілетін нәтижені анықтау бөлігінде ақпаратты қамтитын құжат;
Тармақша 13
13) талдауға тапсырыс беруші – мемлекеттік функцияларды іске асыру мақсатында қойылған міндеттер бойынша өңделген деректер қажет орталық атқарушы орган, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган, жергілікті атқарушы орган;
Тармақша 14
14) тарихи деректер – құрылған сәттен бастап деректер қорындағы деректер;
Тармақша 15
15) өзара іс-қимыл регламенті – өзара іс-қимылды қамтамасыз ету кезінде қатысушылардың жауапкершілігін, ақпараттық объектілер тізбесін, ақпаратты қабылдау және беру процестерімен байланысты өзара іс-қимылды ұйымдастыру кестелері мен тәсілдерін айқындау бөлігінде оператор мен деректер иесі арасындағы өзара іс-қимыл қағидаларын, тәртібі мен негізгі рәсімдерін белгілейтін құжат;
Тармақша 16
16) электрондық ақпараттық ресурстар – электрондық-цифрлық нысанда ұсынылған және электрондық жеткізгіште, интернет-ресурста және (немесе) ақпараттық жүйеде қамтылған ақпарат;
Тармақша 17
17) «электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы (бұдан әрі – оператор) – өзіне бекітіп берілген «электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының жұмыс істеуін қамтамасыз ету жүктелген, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлға;
Тармақша 18
18) ER-диаграмма – әртүрлі мәндер (деректер базасының кестелері) арасындағы байланыстарды көрсете отырып, деректер базасының құрылымын көрсететін сызба;
Тармақша 19
19) «Smart Data Ukimet» ақпараттық-талдамалық жүйесі – «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық платформасында орналастырылған және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қызметі бойынша талдамалық ақпарат беру мақсаттары үшін деректердің бірыңғай кеңістігін қалыптастыруға арналған ақпараттандыру объектісі.
Тармақ 4
4. Мемлекеттік органдардың функцияларын іске асыру мақсатында деректер талдауын жүзеге асыру үшін электрондық ақпараттық ресурстарды өңдеу, сақтау, беру кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету талаптары ескеріледі.
Тарау 2. 2-тарау. Электрондық ақпараттық ресурстарды жинау тәртібі
2-тарау. Электрондық ақпараттық ресурстарды жинау тәртібі
Тармақ 1. Параграф 1. Сұрау салуды бастау
Параграф 1. Сұрау салуды бастау
Тармақ 5
5. Мемлекеттік органдардың қызметін оңтайландыру үшін басқарушылық шешімдер қабылдау мақсатында талдауды талап ететін жағдайлар туындаған жағдайда, сондай-ақ стратегиялық жоспарларды, мемлекеттік бағдарламалар мен даму жоспарларын іске асыру мақсатында талдауға тапсырыс беруші уәкілетті органға деректерді талдауға сұрау жібереді.
Тармақ 6
6. Уәкілетті орган 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде талдауға тапсырыс берушіден алынған сұрауды қарайды және оң шешім болған жағдайда операторға орындау туралы тапсырма береді. Теріс шешім қабылданған жағдайда уәкілетті орган тапсырыс берушіге талдауды жүргізу мүмкін еместігі туралы дәлелді негіздеме жібереді.
Тармақ 7
7. Негізделген бас тарту болып табылады:
Тармақша 1
1) талдау жүргізу үшін цифрланған деректердің болмауы;
Тармақша 2
2) әлеуметтік/экономикалық әсерлердің болмауы;
Тармақша 3
3) құпия деректерге, мемлекеттік құпияны құрайтын мәліметтерге талдау жүргізу қажеттілігі;
Тармақша 4
4) талдау жүргізу үшін есептеу әдіснамасының болмауы;
Тармақша 5
5) талдау жүргізу үшін қажетті деректер базасының логикалық архитектурасының (деректер базасындағы өрістердің, кестелер мен байланыстардың сипаттамасы) болмауы.
Тармақ 8
8. Оператор тапсырма келіп түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде сұрау салуға сәйкес деректер талдауын іске асыру үшін БДҚ-да қажетті деректердің болуын анықтайды. Талдауды іске асыру үшін қажетті деректер болмаған жағдайда оператор уәкілетті органға МО АЖ ДҚ-ны БДҚ-ға қосу туралы сұрау жібереді.
Тармақ 9
9. БДҚ-да МО АЖ ДҚ болмаған жағдайда уәкілетті орган оператормен бірлесіп 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде деректерді жеткізушімен АЖ-да бар деректерге, МО АЖ ДҚ физикалық және логикалық құрылымына қатысты ақпаратты, қосу тәсілін, берілетін және иесіздендірілетін деректердің тізбесін, орындау мерзімдерін келіседі.
Тармақ 2. Параграф 2. Өзара іс-қимыл регламентін әзірлеу және бекіту
Параграф 2. Өзара іс-қимыл регламентін әзірлеу және бекіту
Тармақ 10
10. Оператор 10 (он) жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес деректерді жеткізушіге мемлекеттік органның бағдарламалық-телекоммуникациялық ортасы туралы жалпы мәліметтерді жинауға арналған сауалнаманы және техникалық құжаттаманы (ER-диаграмма, деректердің логикалық және физикалық моделі, деректер архитектурасы) ұсынуға сұрау салады.
Тармақ 11
11. Оператор 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде деректерді жеткізушімен бірлесіп МО АЖ-мен «Smart Data Ukimet» ақпараттық-талдау жүйесінің өзара іс-қимыл регламентін әзірлейді. Өзара іс-қимыл регламентін әзірлеу үшін деректерді жеткізуші операторға осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес деректер көздерін сипаттауға қойылатын талаптарға сәйкес техникалық ақпаратты береді.
Тармақ 12
12. Оператор 7 (жеті) жұмыс күні ішінде өзара іс-қимыл регламентін келіседі, бекітеді және жеткізушіге жолдайды.
Тармақ 13
13. Деректерді жеткізуші 5 (бес) жұмыс күні ішінде өзара іс-қимыл регламентін келіседі және бекітеді.
Тармақ 14
14. Өзара іс-қимыл регламентіне өзгерістер енгізу қажет болған жағдайда, деректерді жеткізуші қажетті өзгерістерді негіздей отырып, операторға ресми хат жібереді.
Тармақ 15
15. Оператор 10 (он) жұмыс күні ішінде өзара іс-қимыл регламентін келіседі, бекітеді және деректерді жеткізушіге жолдайды.
Тармақ 16
16. Деректерді жеткізуші 3 (үш) жұмыс күні ішінде енгізілген өзгерістермен өзара іс-қимыл регламентін келіседі және бекітеді.
Тармақ 3. Параграф 3. Деректерді иесіздендіру
Параграф 3. Деректерді иесіздендіру
Тармақ 17
17. 2013 жылғы 21 мамырдағы «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабына сәйкес деректерді жіберу кезінде Дербес деректерді жинау, өңдеу қағидаларында айқындалған тәртіппен оларды міндетті түрде иесіздендіру жүргізіледі.
Тармақ 18
18. Деректерді иесіздендіру мақсатында дербес деректерді иесіздендіру жөніндегі нұсқаулық және деректер сапасының заңдылығын, тұтастығын және сақталуын қамтамасыз ететін кері қалпына келтіру мүмкіндігінсіз бір жақты хештеу функциясы пайдаланылады.
Тармақ 19
19. Деректерді иесіздендіруді деректерді жеткізуші деректерді иесіздендіру рәсімін жүзеге асыру мүмкін болмаған кезде оператор жүргізеді. Деректерді иесіздендіру үшін оператор өзара іс-қимыл регламентіне сәйкес қажетті шараларды қабылдайды.
Тармақ 20
20. Тарихи дербес деректерді келісу, иесіздендіру және беру келесі түрде өтеді:
Тармақша 1
1) оператор деректерді жеткізушімен бірлесіп иесіздендіруге жататын деректердің тізбесін анықтайды және келіседі.
Тармақша 2
2) оператор деректерді жеткізушіге ДҚ түрлері бойынша кері қалпына келтіру мүмкіндігінсіз біржақты хэштеу үшін әзірленген алгоритмдерді (іс-қимылдар реттілігін) және дербес деректерді иесіздендіру жөніндегі нұсқаулықты ұсынады.
Тармақша 3
3) деректерді жеткізуші иесіздендіреді және операторға тарихи деректерді ұсынады;
Тармақша 4
4) егер деректерді жеткізуші деректерді иесіздендіруге мүмкіндігі болмаса, оператор ETL-құрал арқылы иесіздендіру рәсімін реттейді. Бұл ретте БДҚ-да деректер иесіздендірілген нысанда сақталады;
Тармақша 5
5) оператор тарихи деректердің дұрыстығын, деректерді иесіздендірудің дұрыстығын тексереді және оларды БДҚ-ға жүктейді.
Тармақ 4. Параграф 4. Тарихи деректерді жіберу, жүктеу және автоматты түрде реттелетін деректерді жаңартуды орнату
Параграф 4. Тарихи деректерді жіберу, жүктеу және автоматты түрде реттелетін деректерді жаңартуды орнату
Тармақ 21
21. Деректерді жеткізуші операторға тарихи деректерді физикалық тасығышта немесе өзге де келісілген тәсілмен береді. Оператор деректерді жеткізушіден тарихи деректерді алғаннан кейін ETL-құрал арқылы форматтар мен кодтауларды қосу, түрлендіру, олардың сапасын жақсарту мақсатында деректердегі қателер мен сәйкессіздіктерді анықтау және жою бойынша жұмыстарды жүргізеді.
Тармақ 22
22. Деректерді ДҚ-дан түсіру үшін деректерді жеткізуші өзара іс-қимыл регламентіне сәйкес желілік қолжетімділікті баптауды жүзеге асырады.
Тармақ 23
23. Деректер жеткізуші белгілі бір деректерді оқу үшін ДҚ-да пайдаланушының есептік жазбасын жасайды, белгілі бір порттар бойынша «Smart Data Ukimet» ақпараттық-талдау жүйесі серверіне арналған серверде қатынауды ашады.
Тармақ 24
24. Оператор ДҚ құрылымын және деректерді жеткізушіден берілген тарихи деректерді зерделейді, жаңартылған деректерді есептеу логикасын қалыптастырады, оларды иесіздендіру және жүктеу үшін ETL-процестерді жасайды және деректердің регламенттік жүктелуін тексереді.
Тарау 3. 3-тарау. Электрондық ақпараттық ресурстарды өңдеу тәртібі
3-тарау. Электрондық ақпараттық ресурстарды өңдеу тәртібі
Тармақ 25
25. Оператор талдауға тапсырыс беруші уәкілетті органға жіберген сұрауға сәйкес МО АЖ әртүрлі ДҚ-дан алынған және өзара біріктірілген деректерді ұсыну мерзімдері мен көлемін уәкілетті органмен келіседі.
Тармақ 26
26. Оператор 45 (қырық бес) жұмыс күні ішінде МО АЖ әртүрлі ДҚ-дан алынған және талдауға тапсырыс беруші уәкілетті органға жіберген сұрауға сәйкес өзара біріктірілген деректерді одан әрі талдау үшін ұсынады.
Тарау 4. 4-тарау. Электрондық ақпараттық ресурстарды сақтау тәртібі
4-тарау. Электрондық ақпараттық ресурстарды сақтау тәртібі
Тармақ 27
27. Жиналған деректер (егжей-тегжейлі деректер, өңделген деректер, талдамалық шешімдердің нәтижелері) оператордың БДҚ-да сақталуы және жаңартылуы тиіс.
Тармақ 28
28. Деректерді жаңартуды оператор өзара іс-қимыл регламентіне сәйкес автоматты режимде жүзеге асырады.
Тарау 5. 5-тарау. Электрондық ақпараттық ресурстарды беру және талдауын жүзеге асыру тәртібі
5-тарау. Электрондық ақпараттық ресурстарды беру және талдауын жүзеге асыру тәртібі
Тармақ 29
29. Оператор талдауға тапсырыс берушінің сұралған деректердің сәйкестігін тексеру үшін дайындалған өңделген деректерге рұқсат береді.
Тармақ 30
30. Талдауға тапсырыс беруші 5 (бес) жұмыс күні ішінде операторға тексеру нәтижелері туралы ақпарат береді. Теріс нәтижелер, оның ішінде қажетті деректер болмаған және (немесе) жеткіліксіз болған жағдайда оператор осы Қағидалардың 25 және 26-тармақтарына сәйкес деректерді қайта өңдеуді жүзеге асырады.
Тармақ 31
31. Сұралатын деректердің сәйкестігін тексерудің оң нәтижелері талдауға тапсырыс беруші дербес немесе жеткізушіні өз қаражаты есебінен тарту арқылы жүзеге асыратын деректерге талдау жүргізуге ықпал етеді.
Басқа 1. Мемлекеттік органның бағдарламалық-телекоммуникациялық орта туралы жалпы мәліметтерді жинау үшін сауалнама
Функцияларды мемлекеттік органдардың іске асыруы мақсатында деректерді талдауды жүзеге асыру үшін электрондық ақпараттық ресурстарды жинау, өңдеу, сақтау, беру жөніндегі қағидаға 1-қосымша Мемлекеттік органның бағдарламалық-телекоммуникациялық орта туралы жалпы мәліметтерді жинау үшін сауалнама Кіріспе Құжат «Smart Data Ukimet» ақпараттық-талдау жүйесі» АК - қызметіне қосылу мүмкіндігін алдын ала зерттеу мақсатында бағдарламалық-телекоммуникациялық орта туралы жалпы мәліметтерді жинауға арналған сауалнама болып табылады. Тапсырыс берушінің жауапты тұлғаларының байланыстары Бұл бөлімде осы құжаттағы сұрақтарға жауаптарға талдау жүргізу кезінде нақтылайтын сұрақтар үшін жүгінуге болатын жауапты тұлғалардың байланыстары келтірілген. р.н. Қызметкердің А.Ж.Т. Лауазымы Байланыс ақпараты (тел., e-mail) Жауапкершілік облысы 1. 2. Мемлекеттік орган туралы ақпарат Мекеме атауы Сауалнаманы толтырушы жауапты тұлғаның А.Ж.Т. Жауапты тұлғаның лауазымы Жауапты тұлғаның байланыс телефоны Жауапты тұлғаның e-mail адресі Интернеттегі сайт адресі Енгізілген және пайдаланылатын ақпараттық жүйелер туралы мәліметтер. Әр жүйе бойынша сауалнаманы толтырыңыз: Атауы, енгізілген жылы? Қолданылатын деректор қоры басқару жүйесі (бұдан әрі – ДҚБЖ)? Мемлекеттік органдар бірыңғай көлік ортасы периметрінде ДҚБЖ орналасқан ба? ДҚБЖ қайда физикалық түрде орналасқан («Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ деректер орталығы, коммерциялық деректер орталығы, меншікті серверлік бөлмелер)? Тарих қай жылдан бастап жүргізіледі? Кестелердің шамамен саны? Пайдаланушылар саны? Жүйеде мемлекеттік немесе коммерциялық құпияны білдіретін деректер бар ма? Таза деректердің көлемі (жүйелік алаңдарды, индекстерді, партицияларды және т. б. қоспағанда)? Дискідегі қордың жалпы көлемі? Резервтік көшірме қалай? Деректер қаншалықты жиі жаңартылады, үнемі / сағат сайын / күн сайын/? Күні / айы / тоқсан / жылы деректердің шамамен өсуі қандай? Деректер манипуляциясының қандай түрлері (DML операторлары) ақпараттық жүйеге (АЖ) енгізілген): 1) деректер тек толтырылады (insert), яғни АЖ әрқашан деректерді енгізеді; 2) деректер толықтырылады (insert) және / немесе жаңартылады (update), яғни АЖ деректерді кірістіреді және жаңартады; 3) деректер толықтырылады (insert), жаңартылады (update) және жойылады (delete), яғни АЖ деректермен манипуляцияның барлық түрлері жүргізіледі. Ең төменгі жүктемені ДҚБЖ уақытша кезеңі бар ма (мысалы, сағат 02:00-ден 05:00)? Жүйені сүйемелдеумен кім айналысады? ДҚБЖ (SQL тілі және т. б.) құралдарымен деректер таңдауларын жасауға қабілетті мамандар бар ма? Деректер құрылымына әсер ететін жүйеге өзгерістер қаншалықты жиі енгізіледі? Бұл өзгерістер құжатталады ма? Бұл жүйені басқасына ауыстыруға қатысты жоспарлар бар ма (соның ішінде жаңа нұсқаға көшу)? Сауалнамаға қоса беру (міндетті түрде): 1) жүйенің қысқаша сипаттамасы-мақсаты, негізгі мәндердің атауы; 2) ДҚ ER-диаграммасы («мәні-байланыс» диаграммасы)»; 3) кестелердің, өрістердің тізімі, сипаттамасы бар ДҚ құрылымы; 4) жүйеге өзге де құжаттама (пайдаланушы нұсқаулығы, техникалық тапсырма, бағдарламаның сипаттамасы, білім базасы және т. б.))
Басқа 2
Функцияларды мемлекеттік органдардың іске асыруы мақсатында деректерді талдауды жүзеге асыру үшін электрондық ақпараттық ресурстарды жинау, өңдеу, сақтау, беру жөніндегі қағидаға 2-қосымша Деректер көздерін сипаттауға қойылатын талаптар 1. Деректер архитектурасы: - Деректердің тұжырымдамалық моделі – мемлекеттік органның пәндік саласын және жұмыс кезінде пайдаланылатын объектілерді көрсетеді. - Деректердің логикалық моделі – бұл деректердің сапасын, әдетте, пайдаланудың нақты контекстіне еңістікпен анықтайтын деректерге және бизнес-ережелерге қойылатын талаптарды егжей-тегжейлі ұсыну. Логикалық модель олардың атрибуттарының, сипаттамаларының және шектеулерінің мәндерін анықтау арқылы тұжырымдамалық модельді кеңейтеді, мәндердің құрамын және олардың арасындағы өзара байланысты нақтылайды. - Деректердің физикалық моделі – деректердің физикалық моделі қолданылатын қосымшалар технологиясының шектеулерін, өнімділікке қойылатын талаптарды және үлгілеу стандарттарын ескере отырып, деректерге егжей-тегжейлі талаптарды іске асырады. Бұл кезеңде жүйенің нақты мүмкіндіктерін ескере отырып, реляциялық деректер базасын жобалау жүргізіледі. Деректер объектілерінің сипаттамасы (data object definition) бизнес және техникалық өрістердің құрамы мен форматтарын, олардың міндетін, тексеру кестелеріне сілтемелерді анықтайды, валидация ережелерін (мысалы, толтыру міндеттілігін) сипаттайды. Деректер сапасына қойылатын талаптарды басқаруды, деректердің өзгеруін басқаруды, интеграцияны және көші-қонды қамтамасыз етеді. - Деректердің өмірлік цикл диаграммасы бизнес-процестер қадамдарында деректерді өзгерту/толықтыру/жаңарту кезеңдерін, оның ішінде деректердің мінез-құлқын айқындайды. Жазбалардың өмірлік циклін анықтауға, ережелерді белгілеуге мүмкіндік береді: кім және қандай оқиғалар/жағдайлар кезінде жазбаның мәртебесін және қандай ретпен өзгертеді. - Деректер интеграциясының диаграммасы – бұл ақпараттық жүйелер арасындағы деректердің интеграциялық ағындарын көрсететін деректер архитектурасының артефакты. Артефактінің құндылығы оның көмегімен деректер объектісінің пайда болу орнын және жүйелер арасында деректердің таралу жолдарын жедел анықтауға болады.