Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размера родительской платы Күшін жойған
Басқа 0
Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2-тармағына және «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6 бабының 4 тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Түркістан қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері бекітілсін.
Тармақ 2
2. Түркістан қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 6 қарашадағы №1860 «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4256 тіркелген, 2017 жылғы 9 қарашада «Түркістан» газетінде және 2018 жылғы 8 қаңтарда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. «Түркістан қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы қаулының «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіТүркістан облысының Әділет департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Түркістан қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары М.Базарқұловқа жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 8. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері
Түркістан қаласы
әкімдігінің 2020 жылғы
_______ №___қаулысына
қосымша
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері
№
Мектепке дейінгі мекемелердегі орын саны (бюджеттік қаражат есебінен)
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы ата-аналардың бір айға ақы төлеу мөлшері (теңге)
Бір тәрбиеленушілерге бір айға жұмсалатын шығындардың орташа құны (теңге)
Мемлекеттік
Мемлекеттік
Мемлекеттік
1.
17000
1 жастан- 3 жасқадейін - 8756 теңге
3 жастан- 6 жасқадейін - 9570 теңге
82131теңге