О повышении базовой ставки земельного налога на не используемые земли сельскохозяйственного назначения Күшін жойған
Басқа 0
Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы
жерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру туралы
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Кодексінің 509-бабы 5-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы
23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының
13) тармақшасына сәйкес, Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Алматы қаласында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге жер салығының базалық мөлшерлемелері 10 (он) есеге арттырылсын.
Тармақ 2
2. VІ сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХІІІ сессиясының «Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық ставкасын және бірыңғай жер салығының мөлшерлемесін жоғарылату туралы» 2017 жылғы 17 ақпандағы № 72 шешімінің (Алматы қаласы Әділет департаментінде 2017 жылғы 14 наурыздағы № 1350 тіркелген, 2017 жылғы 18 наурыздағы «Алматы ақшамы» № 34 және «Вечерний Алматы» газеттерінде № 33 санымен жарияланды) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Алматы қаласы Мәслихатының аппараты осы шешімді уәкілетті органда мемлекеттік тіркеуді, кейіннен ресми мерзімді баспа басылымдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.