Об утверждении Положения по Центральной комиссии по биоэтике Қолданыста
Басқа 0
Биоэтика жөніндегі орталық комиссия туралы ережені бекіту туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 228-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Осы бұйрыққа биоэтика жөніндегі орталық комиссия туралы ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Биоэтика жөніндегі орталық комиссия туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 5 сәуірдегі № ҚР ДСМ-20 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18480 болып тіркелген, 2019 жылғы 16 сәуірде Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі А. Ғиниятқа жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Биоэтика жөніндегі орталық комиссия туралы ереже
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2020 жылғы 23 қазаны
№ ҚР ДСМ-151/2020
Бұйрықпен
бекітілді
Биоэтика жөніндегі орталық комиссия туралы ереже
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Биоэтика жөніндегі орталық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) туралы ереже «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 228-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және Комиссияның мәртебесі мен өкілеттігін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) биомедициналық зерттеу – мақсаты адамның өмірі, денсаулығы, аурулар, оларды диагностикалау, емдеу немесе олардың профилактикасы, сондай-ақ өмір процестерімен, аурулармен және денсаулықпен байланысты генетикалық және экологиялық факторлар туралы жаңа білімді ғылыми әдістермен алу болып табылатын зерттеу;
Тармақша 2
2) биоэтика - өмір туралы ғылымның жаңа жетістіктерін қолданудың моральдық, әлеуметтік, құқықтық аспектілерін талдау мақсатында биомедициналық және гуманитарлық ғылымдарды біріктіретін пәнаралық ғылыми бағыт;
Тармақша 3
3) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау, медицина және фармацевтика ғылымы, медициналық және фармацевтикалық білім беру, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы, медициналық қызметтер (көмек) көрсетудің сапасы саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Тармақша 4
4) интервенциялық зерттеу – зерттеу субъектісі ретіндегі адам қатысатын, зерттеуші-дәрігер клиникалық зерттеулер жүргізу тәртібіне сәйкес келетін интервенциялық клиникалық зерттеу хаттамасы негізінде зерттеу субъектісіне арнайы араласуды тағайындайтын зерттеу;
Тармақша 5
5) интервенциялық емес клиникалық зерттеу - дәрілік затты немесе медициналық бұйымды мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін жүргізілетін және медициналық практика шеңберінде тағайындалатын зерттеу;
Тармақша 6
6) өтініш беруші - тәуелсіз биоэтикалық сараптама жүргізуге өтінім берген жеке және заңды тұлғалар;
Тармақша 7
7) клиникалық зерттеу – аурулардың профилактикасы, оларды диагностикалау мен емдеу құралдарының, әдістері мен технологияларының қауіпсіздігі мен тиімділігін анықтау немесе растау үшін адамды субъект ретінде қатыстыра отырып жүргізілетін зерттеу.
Тармақ 3
3. Комиссия биомедициналық зерттеулерге қатысушылардың қауіпсіздігін және құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында биомедициналық зерттеулер жүргізуге байланысты құжаттарға оларды жоспарлау кезеңінде, орындау барысында және аяқталғаннан кейін биоэтикалық сараптама жүргізетін уәкілетті органның жанындағы тәуелсіз сараптама органы болып табылады.
Тармақ 4
4. Комиссияның жұмыс органын уәкілетті орган айқындайды.
Тармақ 5
5. Комиссия өз жұмысында Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Кодекстің 10-бабының 9) тармақшасына сәйкес тиісті фармацевтикалық практиканың стандарттарын, Кодекстің 227-бабының 10-тармағына сәйкес Биомедициналық зерттеулер жүргізу қағидаларын және зерттеу орталықтарына қойылатын талаптарын, Кодекстің 227-бабының 11-тармағына сәйкес диагностиканың, емдеудің және медициналық оңалтудың жаңа әдістерін қолдану, 238-бабының 6-тармағын дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға клиникалық зерттеулер, тірі организмнен тыс (in vitro) диагностика үшін медициналық бұйымдарға клиникалық-зертханалық сынаулар жүргізу тәртібін және клиникалық базаларға қойылатын талаптарын және осы Ережені басшылыққа алады.
Тарау 2. 2 тарау. Комиссияның міндеттері, функциялары және ұйымдастыру қызметі
2 тарау. Комиссияның міндеттері, функциялары және ұйымдастыру қызметі
Тармақ 1. 1. Параграф Комиссияның міндеттері
1. Параграф Комиссияның міндеттері
Тармақ 6
6. Комиссияның міндеттері:
Тармақша 1
1) қазіргі заманғы денсаулық сақтауды дамыту және инновациялық медициналық технологияларды енгізу тұрғысынан биоэтика мәселелері бойынша талдау және мамандар мен халыққа хабарлау;
Тармақша 2
2) шетелде өндірілген дәрілік заттарға, медициналық бұйымдарға интервенциялық клиникалық зерттеулер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан екі және одан көп зерттеу орталықтарында жүргізілетін дәрілік заттарға, медициналық бұйымдарға интервенциялық және интервенциялық емес клиникалық зерттеулер жүргізуге қорытындылар беру;
Тармақша 3
3) жүргізуге Биоэтика жөніндегі орталық комиссияның қорытындысы және уәкілетті органның рұқсаты берілген биомедициналық зерттеулер барысына биоэтикалық мониторингті жүзеге асыру;
Тармақша 4
4) биоэтика жөніндегі жергілікті комиссиялардың (бұдан әрі – БЖК) қызметін үйлестіру және олардың қызметінің комиссия бекіткен стандарттарға сәйкестігін бағалау;
Тармақша 5
5) биоэтика мәселелері бойынша құжаттарды әзірлеуге қатысу;
Тармақша 6
Тармақ 2. 2. Параграф Комиссияның функциялары
2. Параграф Комиссияның функциялары
Тармақ 7
7. Өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру үшін Комиссия мынадай функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) материалдарға тәуелсіз биоэтикалық сараптама, интервенциялық клиникалық зерттеу жүргізген жағдайда:
екі және одан да көп зерттеу орталықтарында интервенциялық клиникалық зерттеу жүргізу (зерттеудің бірыңғай хаттамасы бойынша);
Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде өндірілген дәрілік заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдарға интервенциялық клиникалық зерттеу жүргізу.
Тармақша 2
2) екі және одан да көп зерттеу орталықтарында интервенциялық емес клиникалық зерттеу материалдарына биоэтикалық сараптама жүргізу (зерттеудің бірыңғай хаттамасы бойынша);
Тармақша 3
3) диагностиканың, емдеудің, профилактиканың және медициналық оңалтудың жаңа әдістерін енгізуді қоса алғанда, қазіргі заманғы денсаулық сақтаудың өзекті мәселелеріне талдау жүргізу;
Тармақша 4
4) Кодекстің 228-бабы 3-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген стандарттарды бекіту;
Тармақша 5
5) БЖК-ның биоэтикалық комиссиялар қызметінің стандарттарына сәйкестігін сертификаттауды жүзеге асыру;
Тармақша 6
6) әдістемелік көмекті жүзеге асыру, ЖКБ-ға зерттеулер мәселелері бойынша консультация беру, олардың қызметі туралы ақпаратты жинау және талдау, биоэтикалық комиссиялар қызметінің стандарттарына сәйкестік сертификатын беру);
Тармақша 7
7) ғылыми зерттеулердің биоэтикасы мәселелері бойынша ұлттық және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
Тармақша 8
8) мамандандырылған медициналық журналдарда комиссия қызметі туралы материалдарды жариялау;
Тармақша 9
9) денсаулық сақтау жүйесінің мамандары үшін зерттеулерді бағалау мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу;
Тармақша 10
10) кеңестер, конференциялар, симпозиумдар өткізу;
Тармақша 11
11) мәселелерді түсіндіру үшін сарапшылар мен консультанттарды, оның ішінде әртүрлі салалардағы мамандар болып табылатын тәуелсіз сарапшыларды тарту;
Тармақша 12
12) мүдделі тұлғалардың сұрау салуы бойынша түсіндіру және консультация беру;
Тармақша 13
13) уәкілетті органды, ЖКБ-ны, зерттеушілерді қабылданған шешімдер туралы жазбаша түрде хабардар ету;
Тармақша 14
14) зерттеу орталықтарының биобанктер құруға өтініштеріне сараптама жүргізу, биобанктер құруға қорытындылар беру, 5 жылда бір рет биобанктер қызметіне сыртқы мониторингті жүзеге асыру.
Тармақ 3. 3. Параграф Ұйымдастыру қызметі
3. Параграф Ұйымдастыру қызметі
Тармақ 8
8. Комиссия құрамы уәкілетті органның шешімімен бекітіледі және мүшелері (9-дан (тоғыздан) кем емес) тақ саннан тұрады. Комиссия Төрағасы және Төраға орынбасары бірінші отырыста қарапайым көпшілік дауыспен ашық дауыс беру арқылы Комиссия мүшелерінің қатарынан сайланады. Төраға болмаған кезде, оның функцияларын Төрағаның орынбасары орындайды. Комиссия мүшелері Комиссия отырыстарына алмасу құқығынсыз қатысады. Комиссия хатшысы комиссия мүшесі болып табылмайды.
Тармақ 9
9. Комиссияның қызметін қамтамасыз ету үшін саны кемінде 2 адамнан құралған, басшы мен хатшыдан тұратын, Жұмыс органының базасында Комиссия хатшылығы қалыптастырылады. Хатшы Комиссия төрағасына тікелей есеп береді және отырыстың күн тәртібін дайындауға, отырыстардың хаттамаларын ресімдеуге, іс қағаздарын жүргізуге, комиссия құжаттарын сақтауға жауапты болып табылады.
Жұмыс органы Комиссия Хатшылығы мен Комиссия құжаттарын орналастыру үшін жеке үй-жай ұсынады, хатшылықты қажетті ұйымдастыру техникасымен қамтамасыз етеді, ұйымдастырушылық қолдау көрсетеді.
Тармақ 10
10. Комиссияның құрамы пәнаралық негізде қалыптастырылады және медициналық, гуманитарлық кәсіптердің, қоғамдық ұйымдардың өкілдерінен және құқық саласындағы мамандардан тұрады. Комиссия өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру үшін кіші комиссиялар мен жұмыс топтарын құрады.
Тармақ 11
11. Комиссияның отырыстары тоқсанына кемінде бір рет өткізіледі және оларға Комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан кезде заңды деп есептеледі.
Тармақ 12
12. Отырыстардың өткізілу күнін, уақытын, күн тәртібін Комиссия мүшелерінің ұсыныстарын ескере отырып, Комиссия төрағасы айқындайды.
Тармақ 13
13. Кворум болған жағдайда Комиссия ашық дауыс беру жолымен отырысқа қатысып отырған Комиссия мүшелері санының жай көпшілік даусымен шешім қабылдайды. Дауыстар тең болған жағдайда төрағалық етушінің дауысы шешуші болып табылады.
Тармақ 14
14. Комиссия мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
Тармақша 1
1) биомедициналық зерттеу жүргізуді мақұлдау туралы;
Тармақша 2
2) биомедициналық зерттеу жүргізуге өтінім материалдарын пысықтау қажеттілігі туралы;
Тармақша 3
3) биомедициналық зерттеу жүргізуден бас тарту туралы шешімдердің бірін қабылдайды.
Тармақ 15
15. Комиссия шешімдері хаттамамен ресімделеді, оған төраға және Комиссияның барлық мүшелері қол қояды.
Тармақ 16
16. Биоэтикалық сараптаманың нәтижелерімен келіспейтін өтініш берушінің апелляциясын өтініш берушінің өзінің қатысуымен және тәуелсіз сарапшыларды тарта отырып, комиссия қарайды.